«Алаш көсемі» комикс-альбомының презентациясы

  Рет қаралды 101

А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы

А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы

2 жыл бұрын

2021 жыл елімізде елеулі даталарға толы болды. Оның бірі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы болса, енді бірі Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы еді. Осыған орай 29 желтоқсан күні сағат 15.00-де кітапхананың ұйымдастыруымен қаламызда алғаш рет, дарынды балаларымыздың шығармашылығы аясында жарық көрген «Алаш көсемі» комикс-альбомының тұсаукесері өтті.
Комикс-альбомның авторы, Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің 7-сынып оқшысы Асыл Сұңғатқызы. Жоба жетекшісі республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің ШҚО бойынша тілшісі Мерей Қайнарұлы.
Комикс альбомда Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның өмір жолына қысқаша шолу жасалған. Ақпарат заманы болғандықтан, альбомның мәтіндері де ықшамдалып алынды. Кез-келген оқырман аз уақыттың ішінде комикс альбомды парақтап шығып, ұлт үшін құрбан болған Алаш ардақтысының өмір жолымен танысып шығуға мүмкіндік алады.
- Қолға қалам, қарындаш алмас бұрын, Алаш Орда туын тіктеген Әлихан Бөкейханның өмір жолымен, ел үшін еткен еңбегімен танысып шықтым. Әлбетте, өмірін ұлтына арнаған тұлғаның өмірбаянын, жүріп өткен жолын шағын альбом арқылы жеткізу мүмкін емес. Десе де, мынау заманда оқырманға қандай да ақпаратты шағындап, суретпен беру тиімді ме деп ойлаймын, - дейді жоба авторы Асыл Сұңғатқызы.
Жоба мақсаты - комикс жанры арқылы кейіпкерді оқырман қауымға басқа форматта таныстыру еді. Тырнақалды туындының алдағы уақытта жалғасы болары анық.

Пікірлер: 3
@Our.family
@Our.family 2 жыл бұрын
Привет из Казахстана добрый день замечательный канал от меня лайк и подписка желаю больше подписчиков в ваш канал дай бог процветание вашему каналу мне все так нравится на вашем канале очень уютно здесь у вас.
@user-vi8ts8id2b
@user-vi8ts8id2b 2 жыл бұрын
Керемет 👍👍👍🥰🥰🥰❤️❤️❤️
@bibigulshagiyeva1904
@bibigulshagiyeva1904 2 жыл бұрын
Биіктен көріне бер, Асыл! Үлкен жетістіктер тілейміз!
4 закона логики | Дмитрий Гусев
30:47
SciOne
Рет қаралды 1,4 МЛН
They're a tough bunch!! # Superman can't fly # Superman couple # Spider-Man
00:47
Когда стал самым умным
00:13
Double Bubble
Рет қаралды 16 МЛН
ТРИЗ: НАУКА ИЗОБРЕТАТЬ! Альтшуллер. Фильм о ТРИЗ
20:21
Алексей Щинников
Рет қаралды 115 М.
How to make 3d character in blender. Blender tips and tricks. easy way.
4:30
ayesha blender tutorial
Рет қаралды 25 М.
Необычные продукты в Норвегии. Дегустируем вкусняшки.
14:39
Жизнь в стране Троллей
Рет қаралды 884
Персидский язык? Сейчас объясню!
17:35
Энциклоп
Рет қаралды 1 МЛН
ТЕМА 2.  ПОСТРОЕНИЕ КУБА, ЦИЛИНДРА, ШАРА
28:34
Подготовительные курсы
Рет қаралды 233 М.