АЛАШ ҰРАНЫ!!! Қазақ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың жазған өлеңі!

  Рет қаралды 65,650

Айбек Салихов

Айбек Салихов

10 жыл бұрын

Қазақ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңі.
Бұл өлеңін ол Алаш орда үкіметі құрылуына байланысты қолдап жазды.
Өлең 1917 жылы жазылған.
Өмірбаяны
Сұлтанмахмұт Торайғыров (28.10.1893, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы -- 21.5.1920, Павлодар облысы Баянауыл ауданы) -- ақын, ағартушы.
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Айдабол бөлімінен шыққан. Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман молданың (1908) қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған.
1911 ж. жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. *1912 ж. Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады.
1916 жылдың күзіне дейін әуелі Катонқарағайда, кейін Зайсанда болады, орыс тілін үйренеді. 1916 - 17 жылдардың қысында Томскіде орысша оқиды. Өмірден көп қағажу көріп қажыған ақын арманына жетіп көңілі көтеріледі. “Шәкірт ойы” өлеңінде “Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды”, “Мұздаған елдің жүрегін жылытуды” армандайды. Осы тұста әлем әдебиетінің классикалық үлгілерімен, саяси кітаптармен танысты. 1917 жылғы ақпан айындағы төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, “Алаш ұранын” жариялады. Бірақ ауруы асқынып кеткендіктен оқуды да, жұмысты да тастап, 1918 жылы сәуірде еліне біржола оралады. Онда Колчак үстемдігінен кейін қайта жанданған совдеп жұмысына араласып, ел шаруаларының дау-шарларын әділ шешуге қатынасты.
АЛАШ ҰРАНЫ
Алаш туы астында,
Біз алаштың баласы.
Күніміз туып көгерді,
Сарыарқаның даласы.
Құрт аурудай жайлаған,
Құртпаққа бізді ойлаған,
Қанымызға тоймаған,
Қолымызды байлаған,
Ерімізді айдаған,
Елімізді лайлаған.
Жерімізді шимайлаған,
Өшті залым қарасы.
Жасасын, алаш, жасасын!
Алаш туы астында,
Қолдайтын алаш бабамыз.
"Туысқандық", "теңдік" деп,
Туын қолға ап шабамыз.
Берілгенде тілектер,
Жарылмай ма жүректер?!
Заң жасайтын орынға,
Жұртпен бірге барамыз!
Қатардан орын аламыз!
Жасасын, алаш, жасасын!
Алаш туы астында,
Куә болсын арымыз.
Көркейтуге алашты,
Құрбандық біздің жанымыз!
Былай тұрсын малымыз,
Алаш деген ел үшін
Сарыарқаның жері үшін,
Бостандық берген ер үшін,
Төгілсін біздің қанымыз!
Аялмасын жанымыз!
Жасасын, алаш, жасасын!
Алаш туы астында,
Өлсек бірге өлдік біз.
Не жақсылық, не қайғы,
Көрсек бірге көрдік біз!
Ішкі жанжал таласты,
Күншілдікпен қарасты,
Мына жерге көмдік біз!
Жасасын, алаш, жасасын!
Алаш туы астында,
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді ешкімнің алашты,
Қорлығына бермейміз!
Адамдықтың жолына,
Бастаған ерлер соңыңда,
Басқаға көңіл бөлмейміз,
Қандай шайтан келсе де,
Алдауына көнбейміз.
Өлер жерден кеттік біз,
Бұл заманға жеттік біз!
Жасайды алаш, өлмейміз!
Жасасын, алаш, жасасын!
1917 жыл

Пікірлер: 65
@banispro264
@banispro264 5 жыл бұрын
Сұлтанмахмұд Торайғұров алаш ұраны нағыз қазақ халқының ер азаматтарына арналған өлең жігіттер, қазақтың қайсар азаматтары!!!!!!!!!!
@qazaq-ordasy8564
@qazaq-ordasy8564 Жыл бұрын
Керемет
@toleugasinursilenov3964
@toleugasinursilenov3964 7 жыл бұрын
АЛАШ ЖАСАСЫН. АЛАШ ТУЫ КӘЗІРГІ КӨК БАЙРАҒЫМЫЗ. МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ СОНАУ 731 ЖЫЛЫ КҮЛТЕГІН ЕСКЕРТКІШІНДЕ ТАСҚА ОЙЫЛЫП ЖАЗЫЛҒАН. ЕГЕМЕНДІГІМІЗ ҰЗАҒЫНАН БОЛСЫН.
@ademishayakhmet2962
@ademishayakhmet2962 3 жыл бұрын
Жасасын, алаш, жасасын !
@kazcryptomen1159
@kazcryptomen1159 10 жыл бұрын
Қазақ елі жасасын!!!! Э халқым.... өзге елдің елдерің басқа шығармайық, бұл біздің жер, өз еліміз өз жерімізде игілік билік жасасын!!! Ата бабаларымыз быз үшін осы жерды сақтаған!!! Жіберіп алмайық, бір ұлтшыл болайық!!!
@MadlenNilda
@MadlenNilda 10 жыл бұрын
Керемет, сөз жоқ!
@alone0259
@alone0259 6 жыл бұрын
Дін деген - өтірікке нану деген, Көңілге енбес қиял алу деген. Қиямет күн ғарасат майданына Өлген адам тіріліп бару деген. Хор қызын жиырма бестен алу деген, Мәңгілік, өлмей-жітпей қалу деген, Өлмейтін, қартаймайтын жайға апарып, Пендесін басқа күйге салу деген. Дозақта күнәлілер жану деген, «Кәпірді» зор азапқа салу деген. Мұсылманнан басқаның бәрі иттей боп, Өшпес от, бітпес бейнетте қалу деген. Бұл - молданың өтірігіне сену деген, Жетегіне соқырдың еру деген. Алдамшының алдаған сөзіне еріп, Қолда барын сыпырып беру деген. Өлген адам тіріліп келу деген, Қартаймай, өлмей тірі жүру деген, Жақындық жоқ, ұйқы мен тамағы жоқ, Мәңгілік ұзақ өмір сүру деген; Жұмаққа қазақ қана кіру деген, Ол сырды қожа-молда білу деген - Ежелгі надандықтың кесірі ғой, Ғылымға бой ұсынбай іру деген. Миға кірмес өтірік сөз емес пе, Мұның бәрі - бос мылжың үру деген. Торайгыров
@kanatMaratuly167
@kanatMaratuly167 2 жыл бұрын
@@alone0259 жалған бұндай өлең жоқ... Дінсіз малгун жала жаппа
@user-lc7ln7si2k
@user-lc7ln7si2k 2 жыл бұрын
АЛАШ ҰРАНЫ Алаш туы астында, Біз алаштың баласы. Күніміз туып көгерді, Сарыарқаның даласы. Құрт аурудай жайлаған, Құртпаққа бізді ойлаған, Қанымызға тоймаған, Қолымызды байлаған, Ерімізді айдаған, Елімізді лайлаған. Жерімізді шимайлаған, Өшті залым қарасы. Жасасын, алаш, жасасын! Алаш туы астында, Қолдайтын алаш бабамыз. "Туысқандық", "теңдік" деп, Туын қолға ап шабамыз. Берілгенде тілектер, Жарылмай ма жүректер?! Заң жасайтын орынға, Жұртпен бірге барамыз! Қатардан орын аламыз! Жасасын, алаш, жасасын! Алаш туы астында, Куә болсын арымыз. Көркейтуге алашты, Құрбандық біздің жанымыз! Былай тұрсын малымыз, Алаш деген ел үшін Сарыарқаның жері үшін, Бостандық берген ер үшін, Төгілсін біздің қанымыз! Аялмасын жанымыз! Жасасын, алаш, жасасын! Алаш туы астында, Өлсек бірге өлдік біз. Не жақсылық, не қайғы, Көрсек бірге көрдік біз! Ішкі жанжал таласты, Күншілдікпен қарасты, Мына жерге көмдік біз! Жасасын, алаш, жасасын! Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз. Енді ешкімнің алашты, Қорлығына бермейміз! Адамдықтың жолына, Бастаған ерлер соңыңда, Басқаға көңіл бөлмейміз, Қандай шайтан келсе де, Алдауына көнбейміз. Өлер жерден кеттік біз, Бұл заманға жеттік біз! Жасайды алаш, өлмейміз! Жасасын, алаш, жасасын! 1917 жыл
@user-eu5uy7yt8v
@user-eu5uy7yt8v 4 жыл бұрын
Керемет акын
@user-zi3ow4vh6x
@user-zi3ow4vh6x Жыл бұрын
Недеген керемет өлен 😍😍
@kurmangazi27
@kurmangazi27 10 жыл бұрын
Ерініп отырған адамдарға жазып бердім орфографиялық қателері болса кешіріңдер!!! Алаш туы астында Біз алаштың баласы Күніміз туып көгерді Сарыарқаның даласы Құрт аурудай жайлаған Құртқа бізды ойлаған Қанымызға тоймаған Қолымызды байлаған Елімізді айдаған Елімізді майлаған Жерімізді шимайлаған Өшты залым арасы Жасасын Алаш Жасасын Алаш туы астында Қолдайтын алаш бабамыз Туысқандық теңдіктеп Туын қолға алып шабамыз Берілгенде тілектер Жарылмайма жүректер Заң жасайтын орынға Жұртпен бірге барамыз Қатардан орын аламыз Жасасын алаш Жасасын Алаш туы астында Куә болсын арымыз Көркейтуге алашты Құрбандық быздің жанымыз Бұлай тұрсын малымыз Алаш деген ел үшін Сарыарқаның жері үшін Бостандық берген ел үшін Төгілсін біздің қанымыз Аяламыз жанымыз Жасасын алаш жасасын Алаш туы астында Өлсек бірге өлдік біз Не жақсылық не қайғы Көрсек бірге көрдік біз Ішкі жанжал таласты Күншілдікпен Қарасты Мына жерге көмдік біз Жасасын алаш жасасын Алаш туы астында Күн сөнгенше сөнбейміз Енді ешкімнің Алашты Қорлығына бермейміз. Адамдықтың жолына бастаған ерлер соңына Басқаға көніл бөлмейміз Қандай шайтан келседе Алдауына көнбейміз Өлер жерден кеттік біз Бұл заманға жеттік біз Бұл заманға жеттік біз Жасайды алаш өлмейміз Жасасын алаш жасасын
@determinationsuccess8902
@determinationsuccess8902 9 жыл бұрын
Kop rakhmet!
@dagaplay7700
@dagaplay7700 7 жыл бұрын
Алаш туы астында, Біз алаштың баласы. Күніміз туып көгерді, Сарыарқаның даласы. Құрт аурудай жайлаған, Құртпаққа бізді ойлаған, Қанымызға тоймаған, Қолымызды байлаған, Ерімізді айдаған, Елімізді лайлаған. Жерімізді шимайлаған, Өшті залым қарасы. Жасасын, алаш, жасасын! Алаш туы астында, Қолдайтын алаш бабамыз. "Туысқандық", "теңдік" деп, Туын қолға ап шабамыз. Берілгенде тілектер, Жарылмай ма жүректер?! 2-оқушы. Заң жасайтын орынға, Жұртпен бірге барамыз! Қатардан орын аламыз! Жасасын, алаш, жасасын! Алаш туы астында, Куә болсын арымыз. Көркейтуге алашты, Құрбандық біздің жанымыз! Былай тұрсын малымыз, Алаш деген ел үшін Сарыарқаның жері үшін, Бостандық берген ер үшін, Төгілсін біздің қанымыз! Аялмасын жанымыз! Жасасын, алаш, жасасын! Алаш туы астында, Өлсек бірге өлдік біз. 3-оқушы. Не жақсылық, не қайғы, Көрсек бірге көрдік біз! Ішкі жанжал таласты, Күншілдікпен қарасты, Мына жерге көмдік біз! Жасасын, алаш, жасасын! Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз. Енді ешкімнің алашты, Қорлығына бермейміз! Адамдықтың жолына, Бастаған ерлер соңыңда, Басқаға көңіл бөлмейміз, Қандай шайтан келсе де, Алдауына көнбейміз. Өлер жерден кеттік біз, Бұл заманға жеттік біз! Жасайды алаш, өлмейміз! Жасасын, алаш, жасасын!
@alone0259
@alone0259 6 жыл бұрын
Дін деген - өтірікке нану деген, Көңілге енбес қиял алу деген. Қиямет күн ғарасат майданына Өлген адам тіріліп бару деген. Хор қызын жиырма бестен алу деген, Мәңгілік, өлмей-жітпей қалу деген, Өлмейтін, қартаймайтын жайға апарып, Пендесін басқа күйге салу деген. Дозақта күнәлілер жану деген, «Кәпірді» зор азапқа салу деген. Мұсылманнан басқаның бәрі иттей боп, Өшпес от, бітпес бейнетте қалу деген. Бұл - молданың өтірігіне сену деген, Жетегіне соқырдың еру деген. Алдамшының алдаған сөзіне еріп, Қолда барын сыпырып беру деген. Өлген адам тіріліп келу деген, Қартаймай, өлмей тірі жүру деген, Жақындық жоқ, ұйқы мен тамағы жоқ, Мәңгілік ұзақ өмір сүру деген; Жұмаққа қазақ қана кіру деген, Ол сырды қожа-молда білу деген - Ежелгі надандықтың кесірі ғой, Ғылымға бой ұсынбай іру деген. Миға кірмес өтірік сөз емес пе, Мұның бәрі - бос мылжың үру деген. Торайгыров
@underdog293
@underdog293 4 жыл бұрын
@@alone0259 исламга карсы болган ба сонда?
@nurs5463
@nurs5463 4 жыл бұрын
@@underdog293 өтірік айтады. Алаштың туын қараңыз Аллаһты тұр.
@user-dv9ot4gu3y
@user-dv9ot4gu3y 3 жыл бұрын
Керемет.
@atyraukazakhstan1708
@atyraukazakhstan1708 Жыл бұрын
Сақалы бар , мұрты жоқ , сайтандардан сақтасын !.
@ff_alix3510
@ff_alix3510 3 жыл бұрын
Керемеееееет 😍🥰
@user-vz7ce5xr2m
@user-vz7ce5xr2m 9 жыл бұрын
Керемет керемет
@pets99
@pets99 3 жыл бұрын
Жасасын қазақ елі
@user-jd4sd6ed1b
@user-jd4sd6ed1b Жыл бұрын
Ғаиса кім дегені шығармасы керемет ол кісі ғасаны кім екенін біліптур ал бул жалғандүне оны танымаиды 👍👍👍
@user-ol4st9br9h
@user-ol4st9br9h 8 жыл бұрын
Өте керемет !!!
@muratmirambek4762
@muratmirambek4762 3 жыл бұрын
Кушти👍👍👍👍👍
@sagyndykbitikov2337
@sagyndykbitikov2337 10 жыл бұрын
Іздегенім осы!
@user-cn8ms6sj4d
@user-cn8ms6sj4d 5 жыл бұрын
Жасасын Алаш
@aibarnurgali6213
@aibarnurgali6213 5 жыл бұрын
Осы оленнин mp3 форматын кайдан жуктесе болады? Керемет дауыс, керемет окылган, рухынды котерип жибереди!
@user-my1hd9ub6m
@user-my1hd9ub6m 3 жыл бұрын
отее керемет соз жок!!!👍👍👍
@serikbooolat2753
@serikbooolat2753 2 жыл бұрын
Топ
@ii.1378
@ii.1378 3 жыл бұрын
Алашымыз жасасын! Алашорда 1917 - 2021жж.
@user-pu5hc2um4p
@user-pu5hc2um4p 2 жыл бұрын
Бари атылып кетти гой. Казир коммунистер биликте
@Bruno..191
@Bruno..191 8 ай бұрын
​@@user-pu5hc2um4pБұрынғы коммунист, қазір мұсылман болып елді талан таражға салды.
@user-nq1db4pm3i
@user-nq1db4pm3i 3 жыл бұрын
Атылған жоқ Сұлтанмахмұт атамыз 1893 туып 1920 жылы қайтыс болған тура 100 жүз жыл болады екен Ақындардың Сұлтаны деген аты бар бір Шәкірт ойы деген өлеңі неге тұрады керемет жаттаған өлеңім мектепте жүргенде оқығаным күні бүгінге деиін ұмытылмайды Ұлы адам
@akmaralkanal5109
@akmaralkanal5109 7 жыл бұрын
Алаш ардақтысы - Сұлтанмахмұт!
@user-ir1jl4cf5e
@user-ir1jl4cf5e 3 жыл бұрын
Алаш азаматтары-- Алланың сүйікті құлдары.
@user-un6dn9qb3x
@user-un6dn9qb3x 6 жыл бұрын
Осы заманға жетті қазағым аллаға шүкір енді ауызбірлік татулықта бір-біріңді шұқыламаи демеу беріп көркеиік
@user-fp3jp2ec5r
@user-fp3jp2ec5r 4 жыл бұрын
👍👍
@user-qv8mh2vh2c
@user-qv8mh2vh2c 3 жыл бұрын
17 жасында жазған !!!
@user-fb9bb4ji3b
@user-fb9bb4ji3b 4 жыл бұрын
Өте рухты шығарма
@user-qs2my7rq2m
@user-qs2my7rq2m 6 жыл бұрын
Алла жар болсын алга
@user-uu2pw2hr3o
@user-uu2pw2hr3o 5 жыл бұрын
Алаш!
@user-ll9rm5pf9r
@user-ll9rm5pf9r 7 жыл бұрын
СӘЛЕМЕТСІЗДЕМЕ АТЫРАУ ХАЛЫҚ !!!! Сіздер алғашырет #1 қазақ ұлтық нақыштарығы кійімдер тігіпгіп шықтытық оған дійін қол жетімсіздік болып көп қазақ Апа-қарындастарым кійалмай реніш көп білдірді! Сол себепті менің апам есімі Райхан. Oл кісінің арманы бүгін орындалдып сіздерденің үлкен қолдау күтіп жатыр,ол кісінің арманы әр қазақ өзінің ұлтық нақыштағы болмыстағы киімде кейіп неге мақтанып жұрмеске, біздер батыстын киімің кіиіп өзіміздің ұлттық киімімізді ұмытып барамыз.Көптен бері армандаған киімді қазақ оюмен кійім тігіп кійіп алдым,адамдар маған танғалу үстінде қуаныштарында жасырмайды қандай керемет киім мағанда тігіп берші деп жатырған адамдар көп.Сонда маған ой келді бізде әлі сол батыр бабамыздан қалған рух бар,мені қолдап бата берген ата әжелер қуанып осындай балалар өсіп келе жатырғаны қандай тамаша деп бір марқайып алды.Кейде ренжіп шет елден келген киімдерді амал жоқтан киіп жатыр .Сонымен қатар ұлтық арнайы тіктірген кійімдер қымбатқа түсып жатады сол себепті арнайы.Қазақ ұлтық нақыштағы Алла қаласа тігіп шығамыз 1000дап 1000000дап тігіп шығамыз деген сенім бар Бәрі сіздердінің қолдарынызда қазақ ел әр адам бір кійім алса біз 17миллон кійім тігіп жығар едік.Бүкіл елді аузымызға қаратар едік міне қазақ деген біз боламыздеп жар салар едік.Қашанғы үкімет қалап оларды жамандап отыра береміз елімді келімсектер қаптап кетеді сол үшін тез оянып бәріміз бір бір кәсіп иесі болу керекпіз тез қимылдайық.Аметбек аға көп рахмет Алла оған күш қуат берсін сол ағам бізге себеп болды осы ашылайындеп жатырған дүкенге.Қазақ атамыз айтандай ештен кеш жақсы деп.Ақын ағам айт сөз бар еді мен досымнаң қорықпайын көп болса бір сатар,мен жауымнаң қорықпайын көп болса бір атар.мен қорқамын бәрінеде жақсылықта қуаналмайтын жамандықта қайғырмайтын адамдардан қорқамын деген сөзі есімде қалып қойыпты,сол себепті қазақ елім мені берге қуаныздаршы......Бауыржан Сұланбек сіздерді Атырау қалай Дина базарын да №1 бутикте кутемін мен сіздер жақсы көремін Қазақ елі!!! СӘЛЕМЕТСІЗДЕМЕ АТЫРАУ ХАЛЫҚ !!!! Сіздер алғашырет #1 қазақ ұлтық нақыштарығы кійімдер тігіпгіп шықтытық оған дійін қол жетімсіздік болып көп қазақ Апа-қарындастарым кійалмай реніш көп білдірді! Сол себепті менім апа есім Райхана ол кісінің арманы бүгін орындалдып сіздерденің үлкен қолдау күтіп жатыр,ол кісін арман әр қазақ өзінің ұлтық нақыштағы болмыстағы кійімде кейіп,мақтанып жұрмеске біздер батыстын кійін кійіп өз ұлтық оюды ұмытып барамыз.Көптен бері байқап жұрмын өзімде қазақ оюмен кійім тігіп кійіп алдым,адамдар маған танғалыу үстінде қуаныштарында жасырмайды қандай керекмет кійім мағанда тігіп берші деп жатырған адамдар көп.Сонда маған ой келді бізде әлі сол батыр бабамыздан қалған рух бар,мені қолдап бата берген ата әжелер қуанып осындай балалар өсіп келе жатырғаны қандай тамаша деп бір марқайып алды.Кійде ренжіп жет елден келген кійіндер амал жоқтан кіп жатырған айтады.Солмен қатар ұлтық арнайы тіктірген кійімдер қымбатқа түсып жатады сол себепті арнайы.Қазақ ұлтық нақыштағы Алла қалайас тігіп шығамыз 1000дап 1000000дап тігіп шығамыздеген сенім демез.Бәрі сіздердінің қолдарынызда қазақ ел әр адам бір кійім алса біз 17миллон кійім тігіп жығар едік.Бүкіл елді аузымызға қаратар едік міне қазақдеген біз боламыздеп жат салар едік.Қашанғы үкімет қалап оларды жамандап отыра береміз елімді келімсектер қап тап кетеді сол үшін тез ояанып бәріміз бір бір кәсіп ійесі болу керек тез қыймылдайық.Аметбек аға көп рахмет Алла оған күш қуат берсін сол ағам бізге себеп болды осы ашылайындеп жатырған дүкенге.Қазақ атамыз айтандай ештен кеш жақсы деп.Ақын ағам айт сөз бар еді мен досымнаң қорықпайын көп болса бір сатар,мен жауымнаң қорықпайын көп болса бір атар.мен қорқамын бәрінеде жақсылықта қуаналмайты жамандықта қайғырмайтын адамдардан қорқамын деген сөзі есімде қалып қойыпты,сол себепті қазақ елім мені берге қуаныздаршы......Бауыржан Сұланбек сіздерді Атырау қалай Дина базарын да №1 бутикте кутемін мен сіздер жақсы көремін Қазақ елі!!!
@user-qv8mh2vh2c
@user-qv8mh2vh2c 3 жыл бұрын
Ватсапы бар нөміріңізді жазыңызшы? Инстаграм бар ма сізде?
@user-gr1ce2jt2r
@user-gr1ce2jt2r Жыл бұрын
Ма бізде 6 сыныпта бізде 3 жолғо емаа
@user-jy3rd8lm3m
@user-jy3rd8lm3m 4 жыл бұрын
Аумин Аумин.Аллах акбар.Аллах аебар.
@user-dp4ty2rz3g
@user-dp4ty2rz3g 2 жыл бұрын
Дін туралы өлеңдері барма екен?
@user-fb4rc4nn5t
@user-fb4rc4nn5t 7 жыл бұрын
Алаш туы астында Қолдайтын бір Алламыз
@arabay9402
@arabay9402 3 жыл бұрын
Алаш деген адам болған деп үйреткен кезінде, осы шын ба? Кім қандай пікір айтады?
@larafobian2579
@larafobian2579 5 жыл бұрын
кімнің күйі?
@sulusulu48
@sulusulu48 8 жыл бұрын
не бари 27 жасында атылып кеткен ба.осы өлеңнен кейін атылып кеткен шығар. кандай оримдей жандар. осы Алаш зиялылары сиякты бизде бир болуымыз керек казиргы казактар. осы тарихымыз тұрған да биз мемлекеттыгымызды мангы сактауымыз керек.
@mpeg4kz334
@mpeg4kz334 3 жыл бұрын
Атылмады ауырып қайтыс болды
@user-ex5us5zo3s
@user-ex5us5zo3s 8 жыл бұрын
Заң жасайтын жүректер
@darik1783
@darik1783 8 жыл бұрын
оки алмайд
@serikbooolat2753
@serikbooolat2753 2 жыл бұрын
Керемет
@bibarysff7427
@bibarysff7427 3 жыл бұрын
Керемет! Сөзім жоқ!
@user-vu4zn6db6n
@user-vu4zn6db6n 7 жыл бұрын
Керемет керемет
@fedik6243
@fedik6243 3 жыл бұрын
Керемет
@user-rr1dk8mt1y
@user-rr1dk8mt1y 3 жыл бұрын
Керемет
@nazgulnisanbekova436
@nazgulnisanbekova436 5 жыл бұрын
Керемет
@ggghzcghism6621
@ggghzcghism6621 7 жыл бұрын
Керемет
@SpiceArtzz
@SpiceArtzz 8 жыл бұрын
Керемет! Сөзім жоқ!!
Omega Boy Past 3 #funny #viral #comedy
00:22
CRAZY GREAPA
Рет қаралды 37 МЛН
ИРИНА КАЙРАТОВНА - АЙДАХАР (БЕКА) [MV]
02:51
ГОСТ ENTERTAINMENT
Рет қаралды 1,2 МЛН
ГДЕ ЖЕ ЭЛИ???🐾🐾🐾
00:35
Chapitosiki
Рет қаралды 6 МЛН
ҚАЗАҚТЫ САТҚАН КІМДЕР? | СҰЛТАНХАН АҚҚҰЛЫ | 2-ШІ БӨЛІМ
43:19
AUEZKHAN YERASYL / ӘУЕЗХАН ЕРАСЫЛ
Рет қаралды 16 М.
«Қазақтар». Шежіре
28:56
Qazaqstan Qogam / Қазақстан Қоғам
Рет қаралды 130 М.
№1 “ӨМІР” туралы ең таңдаулы поэзия жинағы😍
20:13
Қайсар Берікұлы
Рет қаралды 179 М.
БАШКИРЫ - КТО они на САМОМ деле?
20:11
ОКАСЦА
Рет қаралды 657 М.
Omega Boy Past 3 #funny #viral #comedy
00:22
CRAZY GREAPA
Рет қаралды 37 МЛН