"Алаш ұраны". Сөзі Жүсіпбек Аймауытов. Сазы Міржақып Дулатұлы. Орындаушы Қадышев Ғұмар Қайымұлы

  Рет қаралды 97

Батырлан Сағынтаев

Батырлан Сағынтаев

Күн бұрын

Алаш ұранының мәтіні "Абай» журналының 1918 жылғы (№ 7, 13-14-беттер) санында «Ғаскер өлеңі» деген атпен басылған. Авторы Жүсіпбек Аймауытов. Міржақып оған ән шығарған. Әнді жеткізуші Қадышев Ғұмар Ғабдылқайымұлы. Ғұмар 1910 жылы Торғайда дүниеге келген. Оның нағашысы Хайдар қажы Міржақыппен жақын араласқан сыйлас кісісі. Ғұмар әнді 1919 жылы Алаш әскерінен естіп, үйренген. Илья Жақанов Ғұмардан таспаға жазып алып, оны Бауыржан Жақанов нотаға түсірген. Бұл Ғұмар ақсақалдың 80-нен асқан шағы. Нотаны түпнұсқамен салыстырып, редакциядаған Алдаберген Мырзабеков. "Алаш ұраны" 2020 жылы шыққан "Тобыл-Торғай әуені" кітабында нотасымен жарияланды.
АЛАШ ҰРАНЫ
Арғы атам ер түрік,
Біз қазақ еліміз.
Самал тау, шалқар көл,
Сарыарқа жеріміз.
Сай сайлап, мал айдап
Сайрандап, иен жайлап,
Ерке өскен Арқаның
Еркесі серіміз.
Біз жүрген алаштың
Шын кемеңгеріміз!
Егессек ел бермес
Еңіреген еріміз.
Бұғаудан босаған,
Біз долы арыстан.
Долданса болмайтын,
Жаңа дәу періміз!
Ат мінсек, жел болып,
Суылдап шабамыз.
«Лап!» десек ерленіп,
Дуылдап жанамыз.
Алаштың ақ туын
Қолға алып, ақырып,
«Алаш!» деп шапқанда,
Жауға ойран саламыз!
Ер түрік ежелден
Оқ тескен етіміз!
Қаймығып еш жаудан,
Қайтпаған бетіміз.
Жаусын оқ, ақсын қан,
Шықсын жан, қорқу жоқ.
Алаштың жолында,
Жан қимақ - ниетіміз.
Біздерге сөз бе екен,
Жауыңның көп, азы!?
Өлсек хақ шаһитпіз
Өлтірсе біз қазы.
Жол болып жау шауып.
Сау қайтсақ боламыз,
Қазақтың шын ұлы,
Қаһарман сабазы!
Алаштың әруағы
Жебесін, қолдасын!
Ақсақал тілей гөр,
Сапарды оңдасын!
Жасаған жар болып,
Қазақтың еліне
Жасатсын, сақтасын
Алаштың ордасын!

Пікірлер
Міржақып Дулатұлының соңғы сөздері
1:56
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 210 М.
小丑教训坏蛋 #小丑 #天使 #shorts
00:49
好人小丑
Рет қаралды 54 МЛН
She made herself an ear of corn from his marmalade candies🌽🌽🌽
00:38
Valja & Maxim Family
Рет қаралды 18 МЛН
«Өмір жолы». Жүсіпбек Аймауытұлы
31:44
ҰЛТТЫ СҮЮ. Жүсіпбек Аймауытұлы
2:52
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 16 М.
Қорқынышты түс көрсеңіз, ешкімге айтпаңыз! | Серік Жұмабек
3:54
Таңшолпан бағдарламасы
Рет қаралды 11 М.
А Байтұрсыновтың өз дауысы
16:57
Dosmuhambetov mektebi
Рет қаралды 499 М.
小丑教训坏蛋 #小丑 #天使 #shorts
00:49
好人小丑
Рет қаралды 54 МЛН