Жалдамалы пәтерде тұратын жастар енді оны сатып алуға әрекеттене ала ма?

  Рет қаралды 337

Информбюро 31

Информбюро 31

23 күн бұрын

БІЗДІҢ KZbin АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Үкімет жастардың тиімді баспана алуына жағдай жасауы тиіс. Депутат Дәулет Мұқаев мегаполистердегі жалдамалы пәтер алған жастарға үйді сатып алу құқығын беру керек деп отыр. Өйткені мемлекеттің көмегімен арзан баспанада тұрып келгендердің дені қаржы жинап, өз пәтерлерін ала алмаған. Енді баспананы өткізу мерзімі аяқталса жас отбасылардың дені далада қалуы мүмкін. Сондықтан мәжілісмен жалдамалы пәтер алған жастардың өздері тұрып жатқан баспанасын сатып алуға мүмкіндік беру керек деген ойда.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
Бүгінгі шығарылымда:
Биыл Астана, Алматы мен Шымкент қалаларында жалдамалы пәтерде тұратын 10 мыңға жуық жас далада қалуы мүмкін. Бүгін мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев осылай деді. Сөзінше, осыдан 5 жыл бұрын жалдамалы пәтер алғандардың дені қаржы жинап, қоныс аударып үлгермеген. Басты себеп - елдегі қымбатшылық дейді мәжілісмен. Айтуынша, баспанаға қаржы жинауда күнкөріс мәселесі алға шыққан.
ДӘУЛЕТ МҰҚАЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты:
- Елде тиімді бағдарламаның жоқтығынан жастар баспана алу үшін шетел асып жұмыс істеуге мәжбүр. Келмей қалып қойып жатқаны қаншама?! Жастар көшеде қалмасын десек жастардың тиімді баспана алуына жағдай жасау және кемі 10%-дық бастапқы жарнамен өздері тұрып жатқан баспанасын сатып алуға мүмкіндік беру мәселелесін қарастыруды қайта сұраймын. Пайыздық мөлшерлемесі де 5 пайыздан аспауға тиіс.
Ал, бұл - 2019 жылы жаңадан пайдалануға берілген жалдамалы тұрғын үйге қоныстанған алматылық Тілеужан Ахметжан. Ол екі бөлмелі пәтер үшін айына 15 мың теңге төлеп келеді. Коммуналдық шығындарды қосқанда жалпы төлем құны 60 мың теңгеге жуықтайды екен. Енді, биыл келісімшарт мерзімі аяқталса, бұдан да қымбат пәтер жалдауға мәжбүр. Өйткені, ол өзінің жеке баспанасын ала алмаған. Себебі, жалдамалы пәтер алғаны үшін өзге мемлекеттік бағдарламалар мен үй кезегінде тұру мүмкіндігінен айырылған.
ТІЛЕУЖАН АХМЕТЖАН, Алматы қаласының тұрғыны:
- Қазіргі таңда біздің осы қаламызда ешқандай да мүмкіндік жоқ. Үйді аламыз деп, ақша жинаймыз деп бастағанымызбен үйдің бағасы күннен күнге өсуде. Біз кіргендегі бағамен қазіргі баға салыстырмалы түрде 2 есеге көп қымбаттап кетті. Ол кезде, алғашында біз баласыз кірсек, қазір 2 баламыз бар. Енді осы үйлерімізді атымызға қалдырып, сатып алу құқығын беруін сұраймыз.
Айта кетейік, жалдамалы пәтер алу мүмкіндігі Астана, Алматы мен Шымкентте ғана бар. Шартқа сәйкес, биыл осы үш қаладағы жастар 2019 жылы алған баспананы босатуы тиіс.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Пікірлер
Why You Should Always Help Others ❤️
00:40
Alan Chikin Chow
Рет қаралды 10 МЛН
La final estuvo difícil
00:34
Juan De Dios Pantoja
Рет қаралды 29 МЛН
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 5 СЕРИЯ
27:21
Inter Production
Рет қаралды 600 М.
Қазақстанға енді келген Бизнес! Аяқкиім жуу кәсібі.
19:38
ПУТИН МЕН ТОҚАЕВ ШЫН ДОС ПА? / Әлем тынысы
40:07
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 114 М.