АЛЛА АДАСТЫРМАСЫН! • ТЕҢДЕССІЗ ДҰҒА 6 - Малика Айтжанқызы | Айнұр Жарқынбекқызы | Айтолқын Ахмет

  Рет қаралды 218,442

My ustaz

My ustaz

Күн бұрын

Пікірлер: 884
@number1businesswoman100
@number1businesswoman100 8 ай бұрын
Малика ұстаз - нәзік те сабырлы және өте дана, Айнұр ұстаз - білімді, шебер болса, Айтолқын - жас та болса, ақылды, зейінді, ерке қыз, МашАллаһ🙏 Қазақтың пайдалы білімі бар қыздары аман болсын, тіл - көзден🤲🙏🤲❤️ Алла сіздерден разы, біздерге жұғысты болсын, әмин❗️
@ЖанарМаксут
@ЖанарМаксут 8 ай бұрын
Аллаһым, Айнұр ұстазымызға қос-қостан дені сау, салих ұл, қыздарды нәсіп етсін
@СандигулДуйсенова-г4ю
@СандигулДуйсенова-г4ю 8 ай бұрын
Амин!
@НұрбануШахикызы
@НұрбануШахикызы 8 ай бұрын
Әмин әмин
@АсемНуржанова-и5щ
@АсемНуржанова-и5щ 8 ай бұрын
Аминь
@ЖанарМаксут
@ЖанарМаксут 8 ай бұрын
Осы подкастты көрген соң Айнұр ұстазымызға дені сау, салихалы перзент сұрап, дұғама қосып жүретін болдым
@nazokaaaa3046
@nazokaaaa3046 8 ай бұрын
Әмин ❤
@nurlyakimkozha7011
@nurlyakimkozha7011 8 ай бұрын
Ассаламу алейкум 🌸 Мен жалпы Ислам туралы интернатта оқып жүргенде білдім. Кітапты жақсы көремін оқуды, көрші бөлмедегі қыздардың Иман негіздері, Сахабалар туралы және т.б. діни кітаптарын алып оқып, Алланың мейірімімен оқып біле бастадым. Намазға келгім келді. Бірақ мамам рұқсат бермеді. 10 сынып едім ол кезде. Содан бастап діни кітаптар көптеп оқыдым, уағыздар көп тыңдадым. КазНУ-да оқыдым, Нұр Мүбарак Университетіне барып тұратынбыз, Жұма намазға)) қатты сол жақта оқығым келетін. Дұғалар кітабынан дұғалар оқып жаттайтынмын, сомен дұға жасайтынын әр ұйқы алдында. Солай солай жүріп, оқу бітірдік, жұмыс дедік, сомен алыстап кеттім діннен, білімнен. 2019 ж тұрмысқа шықтым, 1 балам замерший болды, 2 жылдан соң Әмина деген қызымыз дүниеге келді, сосын тағы аяғым ауырлады, ол кезде қыс мезгілі еді, жүктілік арасы жақын, токсикоз қатты болды, қызым кішкентай. Сомен жүктіліктің 6 айына келгенде толғақ басталып жүрді. Айтолғақ екен деп мән бермедік. Сомен толғағым түске дин жиілеген сияқты болды. Толғақ есептеп жатып, қызымның жанында ұйықтап кетіппін. Содан үйге қайын әпкем келеді, есікті іліп алғам, ояна алмай жатырмын, есікті тоқылдатып ашпаған соң кетіп қалады. Мен тұра алмаймын, ояна алмаймын. Бір уақыт, коридормен енді ғана тәй тәй басқан кішкентай баланың қадамдары естілді. Бері қарай, біздің бөлмеге қарай жүріп келе жатыр. Ұл бала екенін сезіп тұрмын. Бөлмеге кірді, мен бірақ көре алмаймын, есікке теріс қарап ұйықтағанмын, ояна алмаймын, бұрылып қарай да алмаймын. Бала арт жағынан келіп бір қолын иығыма қойды жұбатқандай, бір қолын ішіме қойып қатты қысты, жүкті болғандықтан ішім қатттыыыыы ауырды, сол ауырғаннан мен өксіп, ауырсынып жылап жатырмын, ішім ауырып барады. Содан бала ішімді босатты да, жай құшақтап ұстады. Басын арт жағыма иық жағыма қойып құшақтады. Қоштасқандай болды😔 Содан өкісігімнен оянып кеттім, басым қатты ауырды. Содан толғақ қайта басталып роддомға алып кетті, толғақ тоқтататын дәрілер берді. Тек уақытша ертесі күнге дейін әсер етті. 2022 жыл 27 сәуір, сол күн Қадір түні еді. Күндіз ұлымды босандым, 27 апта, 760 грамм.... аппаратта жатты, кішкентай, қорғансыз, дәрменсіз.... 5 күн өтті, сүтімді сауып, 2-3 граммадап берді, ол асқазанына ауырлық қылып жатыр деп тоқтатты, 5 ші күні аузы мұрнынан қан кетті.... түнгі уақыт еді, дәрменсіз жатқан балаңа еш көмек бере алмайтын сорлы халде едім .....құшағыма да баса алмаймын..... тек аппараттың терезесін ашып қолын ғана сипадым, дәрігер баланы босат, қиналып кетті деді, қалай босатсын байғұс ана, қалай???? Қолын ұстасам, ұлым қолын тартып ала берді, қолын ұстасам көзін ашып қарады, бірақ алғашқы күндегідей жанар емес, суық жанар, өмірдің белгісі жоқ көзқарас, мама мені жібер дегендей қолын тартып ала берді, хотя дәрменсіз бала.... содан таңға дейін ұйықтамадым, өзімді дайындадым, қане неше жыл оқыған білімің қайда? Иманың қайда? Кішкентай бала шетінен не болатын еді, кәне білімің, кәне дұғаң жаттаған.....өзімді сөктім, мен Алладан алыстағаным сонша, Алладан сұрай алмай отырмын, не, қалай, нені сұраймын білмим....... Таңғы уақытта балама барайын деп жиналдым, маскамен кіру керек, маскамды кидім то шештім, орнымнан тұрдым отырдым, есік жаққа беттедім, бірақ есік жанындағы шкафтың есігін ашамын, бадам жаққа аяғым тартпайды.... қорқам баруға, барғым келіп тұр, содан бар күшімді жинап маскамды киіп енді орнымнан тұрғанда медсестра келді..... фамилиямды атап жүріңізші деді, коридорда кетіп бара жатып ол кісі күрсінді де Иа Алла деді. Ішім бірдеңе сезді, палатаға кірдім, балам жаққа бұрылып қарадым, аппарат өшіп тұр...... врач мен алдына отырғызып айтып бастады, балаң қиналып кетті........ары қарай естімедім, тек ең бірінші Иа Аллам шапағатшы болсыншы дедім, соған иманым, күшім жетті....айттың бірінші күні еді, жаназа оқылды....жерледік..... Бұл - Алланың маған Мейірімі, үлкен сабағы, көрсеткен шындығы, ескертуі еді. Ұлым маған нағыз өмірдің мысалын көрсетіп кетті, ештеңесіз өмірге келді, 5-6 тамшы ана сүтін ішіп, өзіне бұйырылған ризық-несібесін ішіп жеп, 5 күн жалған өмір сүріп, мына өмірден тек ақ кебінмен кетті, балама бір киім алуға да үлгермеген едім. Раббысынан келді, 5 күн өмір сүрді, ризығын алды, кебінмен кетті Раббысына..... Ал мен тәубеге келдім, намазға келдім, Аллаға оралдым..... Сәбиге деген сағынышпен қиын да болса тағы бір сәби дүниеге келді, Алла Айша деген қыз баласын нәсіп етіп қуантты... Аллаға мақтаулар мен мадақтар болсын, Әмина мен Айша деген қызымыз бар Алланың мейірімімен, ал ұлым Раббысымен, Алла қаласа шапағатшы болып Жәннат қақпасының алдынан бізді күтіп алар деген үміт жұбатады❤
@o9145
@o9145 8 ай бұрын
Оойй 😢😪синлимау аптен жылаттынау 😢акырна дейн арен окыдымгои козжастан 😢😢иа, улыныз жаннет ке жетелеуши болыпты, АЛЛА мейримдигои❤,жассынгои али коп улкыздар несип етсин Аллам, перзенттерин рахатын кориниз, еки дуние абадтыгын тилейм, сынакты дуниеде баска сыналманыз, АЛЛА балашаганды аман етсин панакында асырасын 🤲амийн уа Аллоху Акбар 🤲...Каракалпак елинен тилектес апаларын
@Ulmeken02
@Ulmeken02 8 ай бұрын
Анасын Алласына жақындатып кеткен кішкентай мықты бала❤❤❤❤️‍🩹❤️‍🩹❤️‍🩹
@ТілекшіЕсмуханова-ж5о
@ТілекшіЕсмуханова-ж5о 8 ай бұрын
😢
@ryskul.begaliyeva
@ryskul.begaliyeva 8 ай бұрын
Жаным,Алла жар болсын🤲 Аталатсаң аталат,боталатпа дейді ғой. Ана үшін ең ауыры өзінен шыққан баланың қайтуын көру ғой,СубханАллаһ
@nurlyakimkozha7011
@nurlyakimkozha7011 8 ай бұрын
​@user-vm3sj2eh4m Сізге де Алла разы болсын!
@MuhayyoKasimovna
@MuhayyoKasimovna 8 ай бұрын
Айнур ұстазды көріп қуанып кеттім❤ Аллахым Айнұр ұстазға салих хайырлы перзент берсінші, ұстаздарымызға жаннатул Фирдаусты нәсіп етсінші🌸
@АлияНауашова
@АлияНауашова 8 ай бұрын
Негып олай Аллахтын шешымы солайгоо Айша анамыздан артык емес Айнур
@АльбинаКисымова-у6ы
@АльбинаКисымова-у6ы 8 ай бұрын
@@АлияНауашова жәй жақсылық тілеп, дұға тілесе болмай ма? "Неге" дейтін сұрақ бола ма?!
@АлмагулСуйндик
@АлмагулСуйндик 8 ай бұрын
Әмиин
@nazokaaaa3046
@nazokaaaa3046 8 ай бұрын
Әмин ❤
@ГулдерайОмарова
@ГулдерайОмарова 8 ай бұрын
Әмин ❤
@РайханБайдуанова
@РайханБайдуанова 8 ай бұрын
Аллаһ Тағала қазақ халқына мейірімін төгіп, ер адамдарға Ерлан Ақатаевты берсе, әйел қауымына Айнұр Ұстазды берген екен! Аллаһу Акбар! Лә хаулә, уә лә қууатә иллә билләһ!
@АлияНауашова
@АлияНауашова 8 ай бұрын
Не ушын казак халкына Барша куллы алем мусылмандарына Алла мейырымын токсын Алланын миырымы барыне жетеды
@БалжанТорбаева-и3щ
@БалжанТорбаева-и3щ 8 ай бұрын
Осы сөзіңізбен келісем❤ Айнұр ұстаз😍 Ма ша Алла кісі ғой орны бөлек мен үшін❤
@ЕргазыАлдаберген1231
@ЕргазыАлдаберген1231 8 ай бұрын
Алла разы болсын ұстаздарға
@РайханБайдуанова
@РайханБайдуанова 8 ай бұрын
@@АлияНауашова Дұрыс айтасыз, қазақ тілді әлем мұсылмандарға, қазақ тілінде тәптіштеп беретін Ұстаздар берген Аллаға шүкір!
@ftvnbhnn
@ftvnbhnn 8 ай бұрын
Пайғамбарымыздың мирасқорларығой бұл ұстаздар❤
@gockybakybekova1062
@gockybakybekova1062 8 ай бұрын
Малика ұстаз үшін мен де дұға жасағанмын, бөпелі болғанын естігенде қатты қуандым, Альхамдуллилях!
@Ардак-д6т
@Ардак-д6т Ай бұрын
Айнұр ұстазды өмірімнің қиын сәттерінде танып бастадым рамазан айында Құран хатымына қатысып, дем берген едіңіз, Алла дұғаларыңызды қабыл етсін, сөзіне ісі сай, нық сөйлейтін, сыртқа суықтау көрінсе де жүрегі езіліп тұратын ұстаз, Алла біліміңізді арттыра берсін қоғамымыз сіздердей ұстаздардың арқасында жақсара түсуі намаздарына орамалдарына бекем қыздардың көбею беруін нәсіп етсін
@Бека-щ4щ
@Бека-щ4щ 8 ай бұрын
2013 жылы агам кредит алып бершы маган деп алдыма отыныш жасап келды.ал мен былем кредит харам.агам жыламсырап тур.алдын бырнеше рет сурап келгенде отказ жасаганмын.бул жолы уже мен жок деп айталмадым.бырак ышым жанып барады.жаксы ертен деп агамды шыгарып салдымда.жылап Аллахтан сурадым.сенын разылыгын ушын каншама рет отказ жасадым.бул жолы мены озын куткаршы дедым.сол дуганы айтып болганым сол еды агам звандап тур.все болды кредит алмаймыз таптым акша дейдыгой.СубханАлла деп айкайлап жыберыппын соо кезле😊❤
@gulnazymiskakova2098
@gulnazymiskakova2098 8 ай бұрын
Подкастты тыңдап отырып оқиғамды жазғым келді. Аллаһым өте мейірімді ғой мен дүниеге келмес бұрын қыз екенімді білген әкем екінші жанмен кездесе бастаған. Менің алдымда 2 әпкем бар. Әкемнің басқасы барын білген анам уксус ішіп өлмек болған. Ішінде менің үлкейіп қалған кезім екен. Алла маған жарық дүние сыйлады. Шүкір. Ес білгелі ылғи көлік, велосипед қағып кете беретін, күйіп қала беретін едім. Тілім шыққанда әкемді өзіме қаратып алған тек қана мақалдап сөйлейтін қыз болдым. 5 жасымда көлік қағып кетті. Анамның енді көзі көрмей келе жатқан кезі. Әлі есімде асфальттан көтеріп үйге әкем алып келгенде жылап отырған анамды құшақтап “анашым жыламаңызшы мен саумын бастысы сіздің көзіңіз көріп кетсе болды. Уайымдамаңызшы” дегенім есімде. Сол кезден көзі нашарлап анам глаукома (су қараңғы) боп қалды. Ешқашан көрмейтін болып. Жиі сезім болатын менде алдағы болатынды біліп отырып. 7 жасымда әкем семинарға кетер кезде бармаңызшы деп қатты ізінен қалмай қойдым. Ол кісі үлкен бастық болатын сол тұрған қаламызда. Басымнан сипап келемін ботам деп кетті. Бірақ сол кеткеннен мол кетті. Міне биыл 22 жыл. Әкемді өлтіріп кетті. Қылмысты ашуға жалдаған кісімізді де өлтіріп кетті. Анашым көзі соқыр 3 кішкентай қызбен жалғыз қалды. Үлкен қыз үй шаруасын жасаса, екінші қыз 7 класстан бастап пол жуып, ыдыс жуып ақша тауып бізді асырады. Мен қолөнермен айналысқанды жақсы көретінмін бисермен білезіктер тоқып мектепте қыздарға сатып, мамамызға дәрі-дәрмектер алып жүрдік. 13 жасымда анам туберкулезбен ауырып қалды. Осы кезде отбасымыздың шырқы бұзылды. Екі әпкем бір-бірімен төбелесуді шығарды. Күнде ұрыс-керістен шаршаған мен “Аллаһым мені мыналардың қасында қалдырмашы, анашымның қасында болғым келеді” деп сұрайтынмын(анам да әкемнің екіншісі пайда болғанын білгенде мұны көргенше екі көзім соқыр болса екен деп тілеген болатын) Алла дұғамды қабыл етті. 14 жасымда менде туберкулезбен ауырып ең ауыр түрімен 3 жыл ауруханада жаттым. Сол жатқанымда анамда рак барын анықтап, ол кісі мен әлі шықпаған кезімде 16 жасымда қаза тапты рактан. Анам туб.ауырмай тұрғанда үнемі айтушы едім “мама уайымдамаңыз мен сабақты жақсы оқып, ақша жинап, сізді Америкаға апарып көзіңізді емдетіп беремін. Тек жыламаңызшы” деуші едім…. Алла білуші анам шыдамады🥺 сол ауруханадан шығып, санаторияға түскенімде артынша үйге сұранып кеттім 11 сынып бітірген кезім еді… пойызбен қайтып бара жатып қазіргі отағасымды кездестірдім. Санаториядан шыққан соң туған қаламда таныстар арқылы жұмысқа орналасып, 3 ай жұмыс жасап Астанаға барамын деп шештім. Айлық алып, екінші әпкем екеуміз билет алып пересадкамен Қызылордаға жеттік. Жеткен соң екеуміз күтіп отырып уақытпен шатасып пойыздан қалып қойдық. Бөтен қала, жұмыс жоқ, бар ақшамызға билет алып қойған едік. Әпкем жылады қайтайықшы, Астана біздің не теңіміз? Кімге барамыз? Екеумізде жетім, сен әлі 18 толмадың деп. Әкем қайтқанда жаттап алған фатихаммен ықыласымды тоқтамай оқып тұрдым да, “жоқ! Қайтпаймыз. Билетті қайтар, қайтқан ақшаға ед.салып жұмыс іздейік. Осы жақтан ақша жинап Астанаға кетеміз” дедім. Дәл солай жасадық. Аллаһым берген батылдық шығар екеуміз кафеге жұмысқа тұрдық. Әпкем ыдыс жуды, мені пысығырақ деп официант қылды. 1 апта жұмыс жасап билетке ақшамыз жетті, тамаққа жетті деген кезде бірден кеттік билет алып Астанаға. Сол 1 аптада кафеде қонып табуреткаларды бір-біріне жақындатып үстінде ұйықтайтынбыз. Вокзалда қонғанда кез болды. Орындықта отырып ұйықтап. Астанаға келдім жұмыс жасауға. 17 жасар қызға ешкім жұмыс бермейтін. Бірақ еден жуушы болып орналастым, самсада саттым. Қай жер жұмыс ұсынса бәрін жасай беретінмін. Болашақ жарым Астанада екенімді біліп кездесуге шақырды. Үйленгісі келетінін айтты. Мен сонда жетім екенімді ескерттім. Ол маған бәрібір деп өз жағдайын айтты. Пәтер жалдап тұрамын. Жалғыз анам бар және ескі көлігім бар. Сен менің жарым болғаныңды қалаймын деді. Келістім. Бірден себебі бойынан нағыз еркекке тән мінез бен табандылықты байқадым. Әрі үстінен әрдайым менің анамның иісі шығатын. Әлі шығады. Ешқандай иіс су қолданбайды. Өзіндік хош иісі бар анамның иісі 🥹Алланың маған берген сыйы әкем мен анамның артынан мені жоқтатпаушы қамқоршым. Аллаға шүкір міне 11 жыл біргеміз. 3 баланың ата-анасы. Ең қызығы менің әр ер азаматтан көріп, осындай болса ғой шіркін деген барлық қасиет бір адамның бойынан табылғанына таңқалдым🥹 енем болса екен, бірге тұрсақ екен, күйеуіммен қыдырып кеткенде балаларды алып қалатын жақсы кісі болса екен деп тілеп едім. Алла тілегімді қабыл етті. Ең бастысы Алланы бірінші орынға қоятын отбасыға келін болып түстім🥹 енді Умра туралы естіп отырып отағасымды бір қуантқым келіп отыр. Өзім жұмыс жасамаймын, бірақ ниеттенсем Аллаһым беретініне сенемін ин ша Алла. Әлі 208 күн бар екен туған күніне🥹❤️ сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) ізінен ерген, сүннетімен өмір сүретін жарым аман болсын 🤲🏻🤲🏻🤲🏻 қанша күн болды барлық бөлімін тыңдап келемін подкасттың. Әрі қарай тыңдай беремін де Алла ғұмыр берсе. Тек Алладан сұрай беру керек екен. Сұрасаң барлығын береді екен… 🥹😍❤️ Алла разы болсын әрбір подкастқа қатысушыларға, тыңдаушыларға 🤲🏻🤲🏻🤲🏻
@ГульназираАбдуллаева
@ГульназираАбдуллаева 8 ай бұрын
Өміріңіз кино екен. Бақытты болыңыз
@ДанаБегманова-н4х
@ДанаБегманова-н4х 7 ай бұрын
Ата анаңның жандары жаннатта болсын! Имандары саламат болсын🤲 Мейірімі шексіз Алла тағала дегеніңе жеткізсін🤲 жарың екеуің бақытты, ғұмырлы болыңдар🤲
@AkbotaSeysenbaeva
@AkbotaSeysenbaeva 3 ай бұрын
Әрқашан тек мықты болыңыз, Аллахым енді жылатпасын сізді❤
@perizattabyldybaeva1763
@perizattabyldybaeva1763 Ай бұрын
Жаным ау, Алла ғұмырлы қылсын сіздерді, Алла жар болсын
@ГульнурМырзабайкызы
@ГульнурМырзабайкызы 5 күн бұрын
Алла жар болсын! Екі дүние бақытын тілеймін сізге🤲🤲🤲
@АрайлымСейдалиева
@АрайлымСейдалиева 4 ай бұрын
Мен Айнұр ұстазды бүгін көріп танып отырмын.Айнұр ұстазға алла салихалы перзент насіп етсінші деп сұраймын әр намазымда❤😊
@ШынарЖиренбаева-л6ф
@ШынарЖиренбаева-л6ф 8 ай бұрын
Малика ұстаз рақмет сізге осындай керемет подкаст үшін. Көріп бәр жылап алдым. Менде 4 жыл көтермей қатты қиналғам. Сол кезде бұрыңғы күйеуім және анасы бізде туатын айел керек ренжіме деп шығарып салған. Сол кезде қатты жылап қайғырып Алладан қанша сұрадым неге бермейді деп ренжіп( Алла кешірсінші). Содан 3 жылдан соң тұрмыс құрып 2023 жылы ұл баланы дүниеге алып келдім(Аллаға сансыз шүкір). Қазір ойласам Алла мен үшін хайырлысын нәсіп ету үшін маган бермеген екен. Бұрынғы күйеуім ашуланса қол жұмсауға дейін и өте ауыр сөздер айтатын( эко болмай калган кезде салып берген баланыда ұстай алмадын деп😢) хотя ол Бір Алланың қолыңда екенін түсінбей. Аллаға сансыз шүкір. Бәрі өз уакытымен екен. Біз асыға береміз. Алла асықпайды.
@Zhanat11
@Zhanat11 3 ай бұрын
😊й😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊
@БерденбекОркен
@БерденбекОркен 8 ай бұрын
Алла разы болсын! Мен 4 балама жукті кез еді . Медсестра болып жумыс истеймын...Левый берег дәріхана дан пациент ге дәрі алып келе жатып Нур мешіт ге кіріп дәрет алып дұға тілеп куранды иіскеп кайтадан автобус га отырып жумыс орынға келіп патронаж га кеттім.Автобусдан түсіп жасыл свет бен өтіп бара жатган да мені аяк астынан машина соғып кетті....сол кезде тек сол жак аяғым гана жарақат алып гипс койып берды.чудо болды төрт айлык баламда аман есен өзімде баска жерлерім аман есен калдым.Аллама шукир... дәріхана барган да жүрекім мешіт ге кір деген дей сезім болып кіргем.Дәрет алып дұға да болдым.сол дұгам мені де баламада аман есен алып калды деп ойлаймын.жумыс та бәрі менім балам түсіп калды деп ойлаған...Бәрі Алланың қалауымен гой
@danarezhimova5299
@danarezhimova5299 8 ай бұрын
Ассалаумалейкум. Оте катты унайды осы подкаст. Дугага катысты менде бир окинамызды айткым келеди. Екинши жолдасыммен турып жатканымызга 7 жыл болды былтыр. Бирак канша амал етсекте бала болмай журди. Бирак шукир биринши некемнен 2 кызымыз бар шукир деп журдик. Жолдасымда 2 кызды оз кызындай жаксы корип кеткен. Жолдасым 2 жыл ораза устап бастады Алланын калауымен. Ол ораза, садака дегеннен алыс болатын ойткени орыс жерде турган. Содан ораза туралы билип устай бастайды. Сосын закария дугасын корсеткем гой соныда окып журди. Сол оразада ол дуга еткен гой Алла саби насип етши деп. Ал мен бир куни Пайгамбардын омир баяны атты китапты окып бастадым. Сол жерден Пайгамбарымыз С.а.у.нын Амин деген атыда барын корем де катты калаймын менде де саби болса ул бала болса Амин деп есим коямын деп. Сосын дуга жасаймын гой. Алла тагала сен барин естуши, Алемдердин раббысысын Бизге егер хайырымен болса саби насип етши жане ул бала. Насип етсен мен Амин деген есим беремин Пайгамбарымыздын атына деп ниет етемин. Сосын 2 айдан сон аягым ауыр екенин билем гой. Содан бирден. жолдасыма айттым мен солай дуга еттим Аллага соз бердим егер ул болса солай деп. Ол бирден келисти. Аллага шукир декабрьда ул бала дуниеге келип есимин Амин Мухаммед деп атадык. Кужатта есимин Амин Ал азан шакырып Мухаммед деген ечимди косып. Алла дугаларды кабыл етеди. Тек сурау керекпиз екен🤲🤲🤲🤲
@ДасиСырымулы
@ДасиСырымулы 6 ай бұрын
Қуаныштымын, салихалы перзенттерден болсын
@ГульнараСарбаева-ч2ч
@ГульнараСарбаева-ч2ч 8 ай бұрын
Малика ұстаз Алла разы болсын . Мен былай дұға етемін. Таң намазынан кеиін. Я раббым әліміз жетпейтін күштерден, дүниелік және ақиреттік таршылықтан , дұшпандарды қуандыратын істерден, қиындыққа ұшырататын кедергіден құтылу үшін өзіңе сиынамын. Аллахым ақырғы сәтімде Ля иләһә илләаллах деп кетудмді нәсіп ет.қияметте ля иләһә илләаллах деп тірілуді нәсіп ет әмин
@Hanaiym-q2n
@Hanaiym-q2n 8 ай бұрын
Джазака Ллаһу хайран, керемет подкаст болды. Жақында, жасым 60қа келгенде Аллаһтың жәрдемімен умраға барып келдім, осы сәтті қанша уақыт бойы армандағанымды бір Аллаһ және өзім мен балаларым білді, сондықтан балалар ақылдасып осы сертификат алып берді, мен қашан сол жерге аяғым тиіп, мешітке кіргенше жүрегімде өте қатты қорқыныш болды, сондықтан кетер кезде,баратынымды санаулы адам ғана білді. Күйеуім қайтыс болған, балалар жұмыста болғандықтан өзіме бару керек болды, басында бір өзім қалай болады деп, бірақ мен жалғыз емес Аллаһпен бара жатырмын деп ойладым. Меккеде де, Мединада да біреу туралы ойлаған ойымның өзі орындалып жатқанын көргенде, қағбаның жанына миллиондаған адамның ішінде қағбаның жанында ұстап, көріп дұға тілектер айтып және сол жерден ер адамдарға тиіп кетпей,қайта шығуыңның өзі бір Аллаһтың қалауымен болатынын түсіндім. Мен ол умрадан өзіме көп сабақ алдым десем болады. Менің жанымды ауыртқан өкінішім, мен сондай Аллаһтың қасиетті еткен жеріне барып тұрып құр'анды арабша оқи алмауым, айналаңда барлығы кішкене баладан, еңкейген қартқа дейін, кітапты оқып отырғанда, өзіңнің өміріңді босқа өткізгеніңді түсінесің. Аллаһ маған да білімді ұстаз кездестіріп арабша үйреніп, құр'анға түсіп Аллаһтың разылығын алатындай пайдалы білім алып, салиқалы ізгі амалдармен, Аллаһтың разылығын алатындай құлшылық жасауыма, үлкен қажылыққа баруды нәсіп етсе екен деп тілеймін. Қартайғанда туған ұлым қазір 17де, Аллаһ осы ұлыма өздеріңдей адал, иманды жар болатын қызды кездестірсе екен әмин
@Елмира-и2ю
@Елмира-и2ю 8 ай бұрын
Әумин
@ЖанараШаяхметова-р4б
@ЖанараШаяхметова-р4б 6 ай бұрын
Менің де сіз сияқты 43 жасымда туған ұлым бар. Алла тілеуіңізді қабыл етіп сол ұлдың келіншегі табаныңызға алақанын тосар келін болсын!
@Hanaiym-q2n
@Hanaiym-q2n 6 ай бұрын
@@ЖанараШаяхметова-р4б әмин, айналайын Аллаһ маған тілеген тілектеріңді өзіңе еселеп қайтарсын, жаны, жүрегі таза адамдар ғана, бір-бірін танымаса да жақсы ниетте, жақсы тілекте болады 🤲💖
@ЖулдызКайрбаева-б7ч
@ЖулдызКайрбаева-б7ч 7 ай бұрын
Бир нарсеге қатты ұаймдаганда Малика устаздын подкасын корип жаным тыныштық табат😢
@АйгеримЖандоскызы-е7э
@АйгеримЖандоскызы-е7э 8 ай бұрын
Малика ұстаз әрбір подкасттарыңызды көріп, әр сабақтан өзімізге қажетті пайдалы ақпараттарды алып отырмыз. Әр подкастыңыздағы білімдер барлығымызға пайдалы, әрі хайырлы болсын❤
@Manat-n7c
@Manat-n7c 8 ай бұрын
Айнұр ұстаз сіз білімдісіз . Дұрыс айтасыз сол психологтан сұрап , солар менің жағдайымды шешіп беретіндей болғанмын .Алладан басқа кім шешеді . Алла тағала бəрін естуші көруші білуші .Алла жүректерімізді өзне ғана бой ұсындырсын .❤
@АлияНауашова
@АлияНауашова 8 ай бұрын
АЛЛАХТАН аскан былым иесы жок
@НуртасНуртас-п1щ
@НуртасНуртас-п1щ 8 ай бұрын
Айнұр ұстазды бұрын білмеген екенмін, осы подкаст арқылы біліп отырмын. Айнұр ұстаз сөйлеген сайын, сол кісі сөйлей берсе екен деп отырдым. Өзінің айтқан сөздеріне амалы бар , үлгі болар адам екені көрініп тұр
@banu_isa
@banu_isa 8 ай бұрын
Әссаламалейкум Малика ұстазым!❤ Өте керемет подскаст болды❤ Менің қабыл болған дұғамды айтпасам болмайдыау😁 Менің жұбайым сондай дөрекі еді көңіліме қатты тиеді, тіпті кейде б....п жіберетін еді, көп жылдардан бері жасап жүрген дұғам осы жақында қабыл болды, қазір Аллаға шүкір мінезі көркем болып келе жатыр. Сосын баламның құран жаттағанын қари болғанын қалаймын, сол бір уақытта Айнұр ұстаздың сторисінен БАЛАМ ҚАНДАЙ БОЛСЫН ДЕСЕҢ СОНДАЙ БОЛ ДЕГЕНДІ көріп маған сигнал келді мен өзім неге құран үйреніп құран жаттамаймын деп, сосын сізге құран оқуға жазылдым, сізді бітіріп Гүлсара ұстазға жазылдым мен үшін өте сыйлы жансыздар Алла разы болсын, қазіргі таңда балам ауылдағы мешітте құран жаттап жүр 1 параға жақындап қалды әльхамдулилла. Қүран жарыстардан жүлделі орындар алды Шүкір етем🤗❤️
@gulnuraktanova8158
@gulnuraktanova8158 8 ай бұрын
Малика ұстаз Айнұр Ұстазды тағы күтеміз сұхбатқа😍😍😍😍😍😍 ‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️
@ЖадыраСейдуалиева
@ЖадыраСейдуалиева 8 ай бұрын
Ее жаным Айнұр ұстаз бөлек кой өзі оригинал. Менің құранға деген махаббатым махаббатымды ашқан алтын ұстазым ғой ❤
@Дана-к5ы
@Дана-к5ы 8 ай бұрын
Келе жаткан Рамазан Айы Мүбәрәк болсын! Қыздарға хайырлы подкасть болсын Ин Ша Аллах!❤️🤲🏻
@АрдакАдырбаева-г4ч
@АрдакАдырбаева-г4ч 8 ай бұрын
Айтолқын сіңіліме сондай көңілім толып отыр,сондай ашық жарқын,жүрегі жас баланыкіндей таза екенін сезіндім,Алла отбасыңызға берекет берсін,керемет подкаст болды,тыңдай бергің келетін ❤
@GuliaGulia-bk8gu
@GuliaGulia-bk8gu 8 ай бұрын
Дұғаның қасиеті өте зор! Сөзсіз Алла ұлық!!! Құдай деген құр қалмас деп атам қазақ айтып кеткен ғой. Менің айтпағым менің ерекше балам бар. Мен бұрын үнемі адамдарға қиындығымды айтатын едім. Біреу түсінетін, біреулер түсінбейтін. Аллаға бет бұрып дұға еткеннен көп жеңілдік берілді. Ауыр жүк түскендей. Барлығын да Алла тапсырып дұға етіп жүрген сондай үлкен бақыт шіркін! Кейін түрлі жағдайлармен жолдасым екінші әйел алып кейіннен тіптен сол әйелге кетті. Ия ауыр болды. Қиналдым. Бірақ тек бір Аллаға жалбарындым. Мен жалғыз қалғандай себебі қайын жұртым түгел ана әйелге ауып кетті. Тіпті жақындарым алыстады. Араласып жүргендер жоқ. Мен бала шағаммен бүкіл проблемамен жалғыз қалғандай күй кештім. Бірақ мен қорықпадым. Себебі Аллаға деген сенімім мен дұғам құтқарды. Ғажаптар Алла берген жеңілдіктер өте көп болды. Бастысы ниет дұға әрекет деп адымдап жүре бердім. Кейде іштей Алла мен саған разымын дей беремін толассыз бақытты сезінемін. Алла сондай мейірімді! Я рас болды қайтем деген бала шаға оның үстіне денсаулығы жоқ бала бар әрі жалғызбастылық. Бірақ Алла ұлық Алла аса қамқор деп қайталап дұға етемін ғой. Сонда мен Алла арқасында күшті сезіндім. Шүкіршілік бір Аллаға болсын!!! Сансыз мадақ айтамын бір Аллаға!!!
@ЖазираЖунисова-х7м
@ЖазираЖунисова-х7м 8 ай бұрын
Маған ең алғаш исламнан білім берген Айнұр ұстаз! Алла нұрын төксін сізге Айнұр ұстаз! Айнұр ұстаздың "Құранмен саяхат"- жобасына қатысып,құранға деген махаббаты Алланың қалауымен құранмен таныстырған (тәпсір)... . Малика ұстаз бен Жұлдыз ұстаздың себебімен құранға түстім. АЛЛА разы болсын барлық Ұстаздарға!
@РозаХайруллина-з3о
@РозаХайруллина-з3о 8 ай бұрын
Айнур ұстаздың инста аккаунтын бересизбе.
@БактыгульТашимова-ш6е
@БактыгульТашимова-ш6е 8 ай бұрын
Менің де исламға келуіме себепші болған осы Айнұр ұстаз .Таңғы құран хатымға қатысып келдім.Алла разы болсын Айнұр ұстазға,АЛЛА тағала сәби сүйдірсін🤲
@ЖазираЖунисова-х7м
@ЖазираЖунисова-х7м 8 ай бұрын
@@РозаХайруллина-з3оАйнұр ұстаз қазір тек телеграммда отырады
@Айс-ъ5у
@Айс-ъ5у 8 ай бұрын
Айтолқын ханым мащаллах ауызы ашылса жүрегі көрінетін жан екен мащаллах Алла разы болсын керемет Умра турады айтқанда қосылып қуанып отырдым өзім барғандай болып❤❤❤жаным керемет 😍 ашық жан екен
@НазгульОташева
@НазгульОташева 8 ай бұрын
Текті халықтың текті қыздары сіздердей текті қыздарымыздың қатары көбейе түссін әумин әумин әумин 🤲🤲🤲
@MarhabatKuandyk
@MarhabatKuandyk 8 ай бұрын
Бұл подкасттар мен үшін Алланың берген нығметі…Алла разы болсын пайдалы дүниелермен бөлісіп жатқан ұстаздарға мың алғыс🥲Малика ұстазға екі мың алғыс🥰❤️
@ГаухарБайназарова-ж5с
@ГаухарБайназарова-ж5с 7 ай бұрын
Айнур устаз 3 кыз 2 ул насип етши Аллахым. Мен сияқты коп балалы ана болуды насип етши. Шын журектен тиледим.
@ДинаБуралкиева
@ДинаБуралкиева 8 ай бұрын
Жаратқан Айнұр ханымды салихалы ұрпақтың анасы болуды нәсіп етші🙏
@АрайлымКулыбек-и8п
@АрайлымКулыбек-и8п 7 ай бұрын
Малика ұстаз және Му ustaz-ға атсалысқан жандарға рақмет
@ДинараОразбаева-ц1к
@ДинараОразбаева-ц1к 8 ай бұрын
Подкасттардың барлығы ерекше, бірақ бұл подкаст мен үшін ең жүрекке жақын, құнды. Қайта қайта көруден жалықпадым. Айнур ұстаз Алла сізге разы болсын. Сізге қайырлы, салиқалы ұрпақ нәсіп етсін Аллам. Малика ұстазға рахмет, осындай подкаст жасап жатқаныңызға. Сіздерге Алланың нұры жаусын
@rumimyrzataeva8797
@rumimyrzataeva8797 8 ай бұрын
Ассаламу алайкум! Айнур устаздын казыргы мусулман кыздардын жиберетын кателыктерын ашык жане катты айтканына Аллах разы болсын.
@ГульжанЕрмаханова-д6б
@ГульжанЕрмаханова-д6б 8 ай бұрын
Алла Айнұр ұстазға хайырлы, берекелі егіз сәби нәсіп етсін.
@МаржанСултанова-ц6о
@МаржанСултанова-ц6о 8 ай бұрын
Айнұр ұстаздың әңгімесінен қатты өзімнен ұялдым, өте дұрыс айтады. Алла Екі дүниенің бақытын нәсіп етсін. Алла разылығы үшін жақсы көремін. Жәннатта бірге болуды нәсіп етсін. Маған керек тәлім мен тәрбиені жеткіздіғо, жаным ұстазым. Малика ұстаз тағыда Айнұр ұстазды шақырыңызшы, Сіздерге Алла разы болсын. 🥰🥰🥰
@JadiraPolatova
@JadiraPolatova 8 ай бұрын
Айнур Ұстаз да Ана болу бақыты бұйырсын🤲
@Manat-n7c
@Manat-n7c 8 ай бұрын
Əумин
@Aliya.n
@Aliya.n 8 ай бұрын
Әмин
@МеруертКартбаева-ф4о
@МеруертКартбаева-ф4о 8 ай бұрын
Аумин
@АйгулКалдибаева
@АйгулКалдибаева 8 ай бұрын
Әмин 🤲
@AliyaOngarbayeva
@AliyaOngarbayeva 8 ай бұрын
Әмин
@МадинаКазбеккызы-у2э
@МадинаКазбеккызы-у2э 7 ай бұрын
Алла разы болсын, ПОДКАСТ деген курстан айырмашылығы зор екен, тірідей тілдескен әсерлі пайдалы екен, 2019 ж Айнұр ұстаздан Балқия Балтабай арқылы танысып, арабша үйреніп, қаситті рамазанда құранға 5 уақыт намазға келгеніме себеп болған өте ыстық ұстазым🔥😘. Содан не керек 2020 ж сәбилі болып 2 секунд жиілікте толғақта Айнұр Жарқынбекқызына , Айнұр Тұрсынбаеваға, Жазира ұстазға тб жандарға, салиқалы ұрапақ сұрап дұғамнан тастамаған едім. Аллаһым баршамызды ана бақытына бөлесе екен деген тілегім бар 🤲.
@99li36
@99li36 8 ай бұрын
Я так благодарна Вам Малика за ваш канал.я так сильно хотела больше узнать о Всевышнем и хотела подруг с которыми мне было интерессно и нашла их в вашем канале .Сейчас я просто плачу от радости и каждый раз жду новые видео.потомучто я так становлюсь ближе к Аллаху..Рахмет.Алла раз болсын сизге и конак келиншектерге.
@КумисайКарабаева
@КумисайКарабаева 8 ай бұрын
Өте керемет подкаст
@Ардак-д6т
@Ардак-д6т Ай бұрын
Алла разы болсын, керемет подкаст, есіме түсіп отыр студент кезім, намаз оқып бастсғаныма көп болмаған, қыз жігіт болып сөйлесу болды,кездесу болды, бірақ соңы бар еді, сезетінмін, сондай бір кезде Аллаға дұға еттім тоқтамай маған өмірімде тұрақты қалатын, менің қорғаушым да қолдаушым да болатын, өзіңнен қорқатын, жүрегінде иманы бар, маған өмірлік жолдас кезіктірші деп, мен мынандай өткінші сезімнен шаршадым, маған ешқайда алаңдамай теңім етіп жаратқан жаныңа жолықтыршы дедім, тура бір аптадан кейін запрос келіп тұр вкға😊 танитын жігіт негізі достарым арқылы бірақ үш ұйқтасам түсіме кірмеген сөйлесеміз деп, сүйтіп танысып сөйлестік, үш төрт рет кездестік тек, сүйтіп тұрмысқа шықтым, қазір кейде айтып қоям сіз менің Алладан сұрап алған қабыл болған дұғамсыз деп❤
@АйгульУсипбаева-р8й
@АйгульУсипбаева-р8й 8 ай бұрын
Айнұр ұстазға Алла салиқалы ұрпақ берсін! Айтқан әр сөзі таза қазақша, орысша қоспай сөйлейтіні қатты ұнайды, ойын еркін,оңаай қарапайым тілмен жеткізеді. Орысша қосеай таза сөйлегені үшін рақмет
@неангименеангиме
@неангименеангиме 8 ай бұрын
Осы Айнур устазды неге шакырмайды деп жур едим.ютубтан сабактарын уагыздарын тындап журемин
@AidanaZhargakova
@AidanaZhargakova 8 ай бұрын
Айнұр ұстаз-көркем ұстаз😍😍😍 Айтолқын дана, ақылды😍😍😍
@МеруертБибашева
@МеруертБибашева 8 ай бұрын
Ұстаз мен қабыл болмаған дұғам жайлы айтқым келеді ,Айнұр ұстаз айтқандай,мен тұрмыс құрамын деп ниеттеніп, бір жігітпенен тілдесіп жүріп, бари жаксы келе жатып ,ұнатып ❤❤, міне жолықтырдым ау деп қатты қуанып жүргенімде , истихара оқып жүргем , неке қиылмады ,ол адам менен алыс кетті, мен қатты қиналып жылап. Кейін мен түсіндім ғо. Не себепті ол адам менен алыстағанын. Ол адам мен үшін қайрлы болмаған екен. Бұл да Алланың жауабы ❤❤❤. Аллаға сансыз шүкір. 🎉
@ДанаДанаа-у6б
@ДанаДанаа-у6б 8 ай бұрын
Қалаи билднз
@МеруертБибашева
@МеруертБибашева 8 ай бұрын
@@ДанаДанаа-у6б ол адамның көптеген маған ұнамайтын қырларын біле бастадым.
@АрайТельжанова
@АрайТельжанова 8 ай бұрын
Айнұр ұстазым қатты жақсы көремін Аллах разылығы үшін,Аллахым ұрпақ нәсіп етсе екен осы кісіге.
@РауанКуптилеуова
@РауанКуптилеуова 7 ай бұрын
Аллахым Айнур устазга кос костан ул кыздар насип етсирши. Менинде Айнур устаз, Малика устаздар сиякты куранды уйрететин устазым болса екен. Амин.
@Критик-з6ц
@Критик-з6ц 8 ай бұрын
Бір деммен отырып көрлім😢😢😢күшті жылауыққа толы подкаст болы. Рухани жылулық алдым. Рахмет Алла фирдаус жаннатын нәсіп етсін
@ВалентинаБаймуханбетова
@ВалентинаБаймуханбетова Ай бұрын
Аллаға сансыз шүкіршілік етемін! Өте пайдалы подкаст болды, үлкен рақмеет айтамын! Отбасыларыңызға бақ пен береке берсін! Ілім білімдеріңіз арта берсін!
@АйжанЖартыбаева-ч6ь
@АйжанЖартыбаева-ч6ь 8 ай бұрын
Ассаламу алейкум, Аллаһ осы амалдарыңызды хайырлы етсін! Малика ұстаздың өтінішімен, мен өзімнің дінге келуімді айтып өткім келеді, дін жайлы ақпарат алып, намаз жаттап жүретінмін, сұрақтарыма жауап іздеп, бес жыл бұрын қызымның дерті арқылы сыналдық, ауыр диагноз қойылды, елде емделді, ауруы асқынып, шет елде емделді, ауруханада жылдап жатқан кездер болды, бауыр етің балаңның қиналғаны, қолыңнан ештеңе келмеуі өте ауыр халде жүрдім. Адамның өте әлсіз жаратылыс екенін ұқтым, іздендім, кітаптар оқыдым, тек намаз оқу ғана емес, Аллаға иман келтірудің шарттарын оқып, дұға жасап жүрдім, қызым сол дерттен 7 жасында раббысына қайтты, дұғам неге қабыл болмады деп күпірлік жасамадым, қандай сынақ болса да, қандай тағдыр болса да Айнұр ұстаз айтқандай Аллаһтың мейіріміне үміт етіп, ақіретімізді ойлап, сынақтан көркем түрде өтетін сабыр сұрадым, қазір әр сәтімді әлхамдулиллах деп шүкіршілікпен, Аллаға разы болып өткізудемін. Әлхамдуллиллах! Аллаһқа деген махаббатымыз арта берсін, ілімміміз арта берсін, шайтанның азғыруынан сақтасын, өміріміз берекелі болсын, әмин.
@ГульжанЕрмаханова-д6б
@ГульжанЕрмаханова-д6б 8 ай бұрын
Айнұр ұстазды көргеніме қатты қуаныштымын. Алла разылығы үшін жақсы көремін ұстазды. Білімділігі, түсіндіру тәсілі өте ерекше. Алла ұстаздың тілеген дұға тілектерін қабыл етсін
@Perizat-x1n
@Perizat-x1n 8 ай бұрын
Машшалах керемет әнгіме болды. Біраз нәрсеге шүкірлік етім, мінезімді өзгертсем деген ой түйдім. Алла иманымызды күшитип, жүрегімізді құранмен толтырсын.
@МаржанМолдашова-п6е
@МаржанМолдашова-п6е 8 ай бұрын
Құран сабақ Молдашова ютуб қарап қойыңыздаршы
@АйнурМырзалиева-к6ш
@АйнурМырзалиева-к6ш 11 күн бұрын
Аллаһ разы болсын! Істеріңізге береке берсін! 🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍
@АлмагульТоребекова-п3м
@АлмагульТоребекова-п3м 8 ай бұрын
18 мың ғаламды жаратушы ием күнә мен қателігімді және балаларымның қателіктерін кешіре гөрші Алла ұлық Алла мейрімді бізді адастырма шатастырма аңсаған армандарымызды бере гөрші баларымды бақытты ете гөрші ӘМИН Әмин Әмин
@НЛКомпаниясы
@НЛКомпаниясы 8 ай бұрын
Қазақ әйелдер білімді болсын,имандылыққа бай,жүректері ашық,пайдалы болсын,Малика ұстаз керемет Подкас болды,Алла разы болсын 🤲
@AliKhan-tb7zc
@AliKhan-tb7zc 8 ай бұрын
Жаным Айнұр ұстазды Алла разылығы ушін қатты жақсы көремін❤
@БазарайСауранбаева
@БазарайСауранбаева 8 ай бұрын
Мен 3 баланың анасымын. 2 баламды өзім босанарда ешқандай таныс акушерка іздемей өзім барып босанғанмын. Ал 3 шісін босанарда ақша бар деп таныс жақсы босандырып алатын дәрігер іздеп жан жақтан солай тауып роддомға барғанда бала крупный деп эскстренно кесарева боладығой. Қазір ойланып отырсам мен үнемі Аллаға тәуекел деп жүретін едім паника деген менде болмайтын. Бырақ осы 3шімді босанарда иманып әлсіреп таныс іздегенім соңы осылай болды. Балаларым бастысы аман есен өзімде де бәрі жақсы шүкір қайтадан барлығын Аллаға тапсыруды үйрену керек.
@gulmaraliskak6242
@gulmaraliskak6242 8 ай бұрын
Айтолқын ханым сондай жүрегі таза, шынайы жан екен 🫂Ма ша Алла❤️Өте пайдалы,қызықты болды🤲🏻Айнұр ұстаз бен Айтолқын ханымға Алла разы болсын🤲🏻🤲🏻🤲🏻Теңдессіз дұға подкасты 🔝🫶🏻
@НазгулКалдыбек
@НазгулКалдыбек 8 ай бұрын
Осы подкаст ғұмыры ұзағынан болсыншы!!!Әр эфирін күтіп отырамыз керек жерін өзімізге алып!!!
@ГулнураИльясова
@ГулнураИльясова 8 ай бұрын
Апта сайын күтіп отырам асыға Алла разы болсын 🤲💞
@УлнараСарсенбаева
@УлнараСарсенбаева 8 ай бұрын
Аллах Айнур ұстазға хайырлы ұрпақ берсин.❤
@aigulegemberdieva1376
@aigulegemberdieva1376 8 ай бұрын
🤲🤲🤲
@Жумановануар-у3х
@Жумановануар-у3х 8 ай бұрын
Айнұр ұстазға ризамын, алғысым шексіз❤ дұғадамын 🤲
@happy-db1jd
@happy-db1jd 8 ай бұрын
Ассалямуалейкум Айнур ұстаз ❤ Рақмет шақырғандарыңызға, күтіп жүр едім осы ұстазды
@ГулнурТапишова
@ГулнурТапишова 8 ай бұрын
Раббымызға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын осындай ұстаздарды нәсіп еткен. Субхәналлах, Аллаһу акбар
@МаликаОрынбаева-ф9р
@МаликаОрынбаева-ф9р 8 ай бұрын
МашаАллах осы подкастта Айнур устазды таныдым и ари карай таныгым келеди ИншаАлла❤
@АлияНауашова
@АлияНауашова 8 ай бұрын
Мактауга лайык Аллаххх гана
@ЖанеркеАйяганова
@ЖанеркеАйяганова 8 ай бұрын
Айнұр ұстазз сүйікті ұстаз Рахмет сіздерге барлықтарыңызға❤❤❤
@АкмаралКадирова-ъ2с
@АкмаралКадирова-ъ2с 7 ай бұрын
МашаАллаһ, күшті подкаст болды. Айнұр ұстаздың басынан өткен секілді, менің де басымнан өткен. Менің де қызыма аяғым ауыр болғанда, ауыр диагноз қойылған еді, сонда мен де дәрігерлерге қарсы келіп, өзім аман есен босандым. Анализ барлығы идеальный болды, сонда менің де ішкі ойым, осы қызым туылсын, дәрігерлерге алып келемін, міне алып таста деген қыздарыңыз деп ойлайтынмын. Бірақ Аллаһтың қалауымен, қызым 1 жас 9 айында Раббысына қайтты. Сонда менде сабыр сақтағаным болдыма, қатты жыламадым. Себебі білдім, қызым қазыр ЖӘННАТТЫҚ, және оның қазыр еш жері ауырмайды. Себебі сол уақытқа дейін біз больницаға жиі жататын едік. Ал қазыр ойлайтыным, мүмкін Аллаһым қызымды қатты ары қарай қиналғанын қаламады, мүмкін мен үшін хайырлысы болды ма, Аллаһ біз үшін ненің жақсы екенін бізден жақсы біледі деймін де ары қарай сабыр сақтауға тырысамын. Әрине арасында сағынып жылап қаламын. Айнұр ұстаз айтқанда өзімді көз алдыма елестетіп кеттім. Қазыр өте қатты бала сүюді армандап жүрмін. Аллаһ дұғамды қабыл етсе екен 🤲🏻
@Gulzhainasarman
@Gulzhainasarman 8 ай бұрын
Өте тамаша! Айнұр ұстаз өте құнды дүниеге көз ашқан секілді, керек бер бер дей бермей әрекет ету керек жайлы, расыменде кейде өзімізге не ккерек екенін білмейм бер бер дей береміз, бірақ әрекетіміз жоқ!👍🏻
@gulnuraktanova8158
@gulnuraktanova8158 8 ай бұрын
Өте керемет 🥹🥹🥹🥹🥹 Айнұр Ұстазды көріп қуанып қалдым ☺️ Малика Ұстаз мықты мықты адамдарды сұхбатқа шақырып, керемет мазмұн жасап жатырсыз Алла ісіңізгее береке берсін😊
@АнсарымСакен
@АнсарымСакен 8 ай бұрын
Өте керемет туынды - “Теңдесіз дұға” подкасты! Аллах разы болсын! Айтолқын ханымның айтқаны менің де бір өмір жолыма ұқсас болды, жолдасыммен жаңа қосылған кез ол кісінің жалпы қанша табатынын білмеймін квартирасы бар жоғында білмедім 3 рет кездесіп үйлендік. Мен таршылық көрмей өскен қыз едім ата-анам тұңғышы күткен, бірге продукт алып жүріп жуылған сәбіз алғанмын ол кісі жуылмағаны арзан екен неге соны алмайсың деп шамалы түсінбеушіліктер болатын сондай мелочтарға. Күнде дұға ететінмін бір бірімізге шынайы сезімдеріміз ашылса екен деп, табысы артса екен деп. Қазір бәрі керемет бір - біріміз үшін жаралғанымызды Раббым жеткізіп қойды. “Помидор” дегеннен шығып кетті, сіздерге рахмет🤗🤗
@Айзира-ъ7я
@Айзира-ъ7я 8 ай бұрын
Әр подкасты бірінен-бірі өткен тамаша , ой саларлықтай😍Малика ұстаз, кәсібіңіз берекелі де баянды болсын🤲
@АйнурМенисова
@АйнурМенисова 8 ай бұрын
Сіздерге үлкен Рахмет ❤ Көрген сайын жылап отырмын Дәл қазір Алламның сынағы болып тұр 😢Соған сансыз шүкір 😢 мені жақсы көреді 😢😢😢😢😢сол үшін сынайды артынан екі жақсылық болады деп Сіздің айтқаныңыз есімде қатты қалыпты Аллам сізге берген бөпелер сияқты ❤ Осындай подкастты сіздің ойыңызға салған Аллаға сансыз шүкір ❤ Келе жатқан Қасиеттері рамазан айы құтты болсын 💐 өте қатты жақсы көремін 💖 Аллам осындай бізге таудай таудай ризық нығметтер бергеніңе шүкір Айнұр ұстаз бөпелі болсыншы ❤ инволид балаға байламай осындай сол балалардың анасына пайдасы тиетін адам етіп қойған Аллам Ұлы тәрбиелеуші. Мені Аллам инволид бала арқылы тәрбиелеп жатыр ❤❤❤❤❤
@ZhasminZholdasbai-k4d
@ZhasminZholdasbai-k4d 8 ай бұрын
Әссәләму ғалайкум уа рахматуллахи уа баракатух. Аллах разы болсын Ұстаздарымызға өте керемет пайдалы ақпараттар алдым Альхамдулиллях. Меніңде басымнан бір оқиға өткен.Баламдф кесерва мен дүниеге алып келгем болатын.Роддомнан шыққаннан кейін,қысты күні үйіміз өте қатты суық болды,бізде 1 күннің ішінде басқа бір үйге көшіп кеткен болатынбыз.Мен әлі жаспынғой,бәрін өзім істей аламын,үлгеремін бала қарац оп оңай деп,енем жаққа бармай өзім үлгеремін деген ойлар болып,өзім қалдым.Сол кезде 10 күннен кейін сүтім шықпай,балам тоймай емшегімдегі сүтім қатып қала берді.Жеңгелерім сүтін сығып жатыр,мен жылап жатырмын қиналып кеттім.Сомен температурам 40 градуска көтеріліп есімнен 5 минут сайын талып қала бергенмін.Жеңгелерімнен үйінде қалып,емдейді мені деп врачтарға бармай Алладан дұғамды сұрамай адамдарға сеніппін.Болмай кеткенсон врачка бардық,гневной мастит деп,шұғыл түрде операцияға алып кеткен болатын.Балам әлі 10 күндік ,менің мейірімме сүтіме мұқтажғой.Мен осы нәрседен өте қатты қиналған болатынмын.Сонымен врачтар көкірегіме дұрыс күтім жасамай,көкірегімнің барлық кожасын күйдіріп алып,кожамды алып тастаған болатын.1 ай бойы көкірегімде кожам жоқ ,кунде перевязка жасаған сайын өте қатты жабысып жаным қаттыға қиналатын.Сол кезде түсіндімгой мына Раббымыздың бізге берген әрбір мүшесінің теріге дейін берген ,Раббыма неге шүкіршілік айтпаймын деп.Сол кезде өте қаттыға сабақ болды,ауырғанымызды артқа қалдыра бермей,дер кезімізде барып емделу керек екенімізге.Сонымен 1 айдан кейін пересадка кожа болып,аяғымнан терімді алып,көкірегіме қойған болатын.Баламды сол кездеде 40 на өзім шығара алмадым,енем шығарды.Біз жәй ғана кейде Алла Тағала бізге мүмкіншіліктер беріп тұрса пайдалана алмаймызғой.Маған Раббым енемді беріп тұр еді,қарассын көмектессін деп,бірақмен тындамай өзім қараймын деп.Ақырында енем 3 ай бойы бааламды өзі қарады.Алла шүкір қәзір балам 2 жарым жаста.Әр бір қиындықтың астынан жеңілдігі болады дейдіғой,бізгеде Алла Тағала Туркияда ілім алуды нәсіп етіп ,қазір жолдасым баламмен оқудамын.Аллаға сансыз шүкір ,кейде ойлаймында,ілім жолына келуде оңай нәрсе емес,бірақ мені осы сынақтан өткізіп барып,келгенімді қалады мекен деп.Кәзір бала тәрбиесінде үйде отырмын,әрі Құран жаттап,дінімді үйреніп жатырмын.Әльхамдулиллях
@БАТЫР-н1у
@БАТЫР-н1у 7 ай бұрын
Керемет аналар, қазақтың домалақ аналары, саналы- бай- қуатты болыңыздар ❤
@АқсұлуӘділбек
@АқсұлуӘділбек 8 ай бұрын
Әр подкасты көрген сайын керемет әсер аламын, ма шаа алла😍.
@МеруертБибашева
@МеруертБибашева 8 ай бұрын
❤❤❤ма ша Аллаһ. Асыға күткен подкаст болд ғо. Кашан шығад деп ,100 рет караған. Әлі мен көріп болмпдым , көргенше асықпвн. Уакытым болмаса да қашып пысып барибир бас жағын тыңдап үлгердім ғо😉. Супер подкаст болғанвна сенимдимин. Толық тыңдап болған соң бұйрса өз әсеріммен бөлісермін. 🥰❤
@ТаңшолпанТөребайкызы
@ТаңшолпанТөребайкызы 8 ай бұрын
дұрыс айттыңыз Айнұр ұстаз ең бірінші орамалдағы қыздар өзімізді түзетуіміз керек.тамақ жасап жүріп Малика ұстаздың подскасын көретін болдым.Ең бірінші өзіме сын.Алла разы болсын ❤
@НаурызбайАкашев
@НаурызбайАкашев 8 ай бұрын
Мен өзім Әкесіз өскем 16 жасымнан дуға намазға келдім шукір сосын қатты дуға тілейтін едім отбасым болсын көөөп ағайынды қара шаңарақа келін болсын бахыттан басым айлайды шукір деп 7 жыл Ата Ене мен турдым бөлек шықтық улкен уйіміз болды барі мен дуға тілегендей болды жане мен жалғыз қыз едім бала жоқ Анам өзі турады сосын ол кісі қасыма алдым бырақ өсіп улкейіп отбасылы болғанда өз анаң мен бірге туру қыйын екен жылай алмайсын мамаң көреді балаларға урысып қалсаң анаң ренжійде сосын тусіне бастадым дуға тілегенде дурыс жане Аллах хайырлысын бер деген сөздың мағынасын
@faridazhaksymbet2807
@faridazhaksymbet2807 8 ай бұрын
Ассалаумағадейкум баршаңызға, МашАллах сіздердің арқаларыңызда көп нәрсе үйреніп біліп жатырмын🙏Осы уақытқа дейін дұрыс дұға тілей алмайтынмын сіздердің арқаларыңызда енді үйреніп жатырмын🙌🏻 3ші күн Малика ұстазды тындап жатырмын, өте керемет айтып түсіндіресіздер Алла разы болсын сіздерге🤗барлық тілеген дұғаларыңыз қабыл болсын🙌🏻
@АсемРахим-х5я
@АсемРахим-х5я 8 ай бұрын
Айнур устаз, Малика устаз сиздерди кездестирип, тындап жургеним ушин Аллах Тагалама ракмет😭 Айнур устаз менин ишимдеги ойдын барлыгын тура доп етип айтады ардайым. Алла тагала дендериниздин саулыгын берсин❤
@shokolive15
@shokolive15 8 ай бұрын
Осы подкастты тыңдауға қолым тимей жүр еді, бүгін уақыт бөліп тыңдайыншы дедім, сүйтсем Алла Тағала әр нәрсені өз уақытында, саған керек кезде жібереді екен ғой. Дәл бүгін тыңдау керек болған екен, ерте емес не кеш емес! Рахмет Малика ұстаз, Айнұр ұстаз, келген қонақ ханымға❤❤❤
@Мади-р9д
@Мади-р9д 2 ай бұрын
Осы подкаст ушын Аллах разы болсын
@music.kz_1116
@music.kz_1116 8 ай бұрын
МашАллах соңындағы дұғаларды Алла қабыл етсін Айнұр ұстаздың ынтасындай Алла бізге де ынта берсе екен Жоқтан бар еткен Аллаға сансыз шүкірлер болсын Екі дүниеде бақытты болуыңызды тілеймін Алла қаласа
@Жазира-я4х
@Жазира-я4х 8 ай бұрын
Келеси подкаст Гульмира мен Гулвира устаздармен болсыншы устаздардын Бари МашАлла
@МеруертБибашева
@МеруертБибашева 8 ай бұрын
🩷🩷🩷🩷🩷💚💚💚💚🎉🥺🥺🥺🥺. Ма ша Алла. Асыл пайғамбарымыз с.ғ.у. біздер үшін дұға жасап 🥹😭❤❤. Бізді көрмесе де калай жаксы көрген ,❤❤❤. Бізде ол кісіні солай жаксы көрсек екен❤. Әмин
@Aqyn_Balnur
@Aqyn_Balnur 8 ай бұрын
Екі минут бұрын салынды, қарап отырмын. Бір жерде көргендей сезім болып отырмын
@НұргүлНұртасқызы
@НұргүлНұртасқызы 8 ай бұрын
Дежавю болып отырған ғой сізде
@akerkeumbetova2709
@akerkeumbetova2709 5 ай бұрын
Ен асерли подкаст болды,оте пайдалы,Айнур устаз оте керемет жеткизди барын 👏Малика устазга аллах разы болсын осындай подкасттар ушин
@АзизаБақытнұр
@АзизаБақытнұр 2 ай бұрын
Айнұр ұстаздың сөз соңындағы дұғасы қатты әсер етті. Раббым 2 ұлыма салихалы иманды жар нәсіп етсін!!!❤
@АйнурМырзалиева-к6ш
@АйнурМырзалиева-к6ш Ай бұрын
Аллаһ разы болсын! Істеріңізге береке берсін!
@ИнабатТемирбек-г3л
@ИнабатТемирбек-г3л 8 ай бұрын
Ма ша Аллаһ сіздердің білімдеоінізді көріп өзімнен ұялып отырмын😢😢.Не деген бақыт не деген имандылық😢
@АкмаралСапарбаева-п3с
@АкмаралСапарбаева-п3с 8 ай бұрын
Мен жолда скорыйдың машинасын көрсем, босанатын әйелді алып бара жатқан болғай, сплихалы ұрпақты дүниеге әкелгей деп тілеймін
@МираЖантаева
@МираЖантаева 8 ай бұрын
Айнур,Малика ұстаздар сіздерге Алла разы болсын ! Әр шығарылымы көріп отырамын.Айнур ұстаз жақсы айттыңыз, жалпы қажылыққа барғандағы фото, видеоларын әлеуметтік желіге салғандарға өте қарсымын.
@ЖазираСенгирбаева
@ЖазираСенгирбаева 8 ай бұрын
МашааАлла керемет каждый раз күтемін осы подкасты
@LailaMomynova
@LailaMomynova 8 ай бұрын
Керемет. Аллам екі дүниенің жақсылығын берсін. Еліміздің құранға деген, Аллаға деген сенімді оятқан. Дұғаға деген жоқ, көзге көрінбейтін әлеммен сырласа алу. Мына құлына тәңірдің барлығын сезіне алдыру. Дұға етіңдер, менен сұраңдар беремін деген уәдесі бар екенін еске алдырған сіздерге алланың нұры жаусын.
@Akma1397
@Akma1397 3 ай бұрын
Ас-саляму ‘аляйкум ва рахмату-Ллахи ва баракяту Джазаки- Лляху хайран Аллаху акбар
@ЖанарСултанбековна-д2и
@ЖанарСултанбековна-д2и 8 ай бұрын
Салеметсізбе, мендеде Айнұр ұстаздың басынан өткен жағдай болды, 2020жылы 1скринингде ауыр диагноз анықталды, өмір сүрмейді,туылған күннің өзінде де өмір сүрмейді деді.Дәрігерді тыңдадық, 16аптада баланы алдырдық, 9ай күту керек па еді деген ой іштей қалды,ия Алланың сынады деп ойладық,бірақ мен сол жағдайды қабылдаман екенмін.Неге деген сұрақтар мен,Аллаға реніш сезімі болып😢,Алладан алыстап кеттім... 3жыл өтіп қайта ойланып өзіммен жұмыс істегендей болдым.Бірақ мен Алламен келіскендей болыппын,Аллахым бала берсен мен намаз оқимын деп😢 сол айтқаннан соң бала көтердім,бірақ мен өз уадемді орындамадым 😢😢😢 керісінше көтерген нен бастап қатты ашуланшақ,жылауық,ешкімді жақтырмайтын күйге түстім...Шүкіршілік айттым бірақ, тілімді кәлимаға келтірмеген сиақтымын. 15аптада баланың суы кетіп өзі түсіп қалды. Мен Алланың сынағын қабылдамағанымды түсіндім.Қазір 1ай болды 5уақыт намазға келдім.Қаттты намаз оқығым келді, енді іштей өкініш неге 6-7ай бұрын бастамадым деген өкініш болды. Мүмкін мені өзіне жақындату үшін болған сынақ болар, сіздердің әр подкасттарыңызды көріп жылаймын.қатты ойландыратын,өзім іштей сұрақтары ма жауап алғандай боламын.сіздер үлкен Алғыс ❤
@БахитНесипбаева
@БахитНесипбаева 8 ай бұрын
Иа,мен де Айнұр Ұстаз,Жазира Ұстаз, Малика Ұстаз үшін дұға жасайтынмын.Аллаға Шүкір,Жазира Ұстаз да Малика Ұстаз да нәресте сүйді.Алла сол ұрпақтарыңыз көз қуаныштарыңыз болсын.Айнұр Ұстазға қуанышты күнді нәсіп етсін деп тілеймін
@gulshatzhasuzak4710
@gulshatzhasuzak4710 8 ай бұрын
Айнур устаз оте билимди тындай бергин келеди, оте кунды билиммен болисип жатыр👍👍👍👍
@gulnazyermekbayeva7225
@gulnazyermekbayeva7225 Ай бұрын
Аллаһ разы болсын ұстаздарымызға Әмин
@БАТЫР-н1у
@БАТЫР-н1у 7 ай бұрын
Күшті айттыңыздар жақсы оқиға болғанда, Аллаға рахмет айтып, қуанышты көбейтуге болады деп ❤
@НұрбибіБелжанова
@НұрбибіБелжанова 8 ай бұрын
Алладан Айнұр ұстазға салихалы, қайырлы ұрпақ беруін сұраймын🤲
@MarzhanAbylkhanova
@MarzhanAbylkhanova 8 ай бұрын
Алла разы болсын сіздерден асыл ұстаздарымыз❤. Айнұр ұстаз менің өмірімдегі ең ұлы нығмет-орамалға келуімнің себепкері, мен сізді Алланың разылығы үшін жақсы көремін😘. Аллахым сізге салиқалы ұрпақ нәсіп етсін🤲
А я думаю что за звук такой знакомый? 😂😂😂
00:15
Денис Кукояка
Рет қаралды 2,2 МЛН
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 🙈⚽️
00:46
Celine Dept
Рет қаралды 109 МЛН
ТЫ В ДЕТСТВЕ КОГДА ВЫПАЛ ЗУБ😂#shorts
00:59
BATEK_OFFICIAL
Рет қаралды 4,4 МЛН
Ең мықты эфир!
1:12:08
Айнұр Тұрсынбаева / Айнур Турсынбаева
Рет қаралды 54 М.
А я думаю что за звук такой знакомый? 😂😂😂
00:15
Денис Кукояка
Рет қаралды 2,2 МЛН