Алматы барахолкасы бизнес-мектепке айналды. Талғат Ысқақов. Кілемдердің патшасы

  Рет қаралды 24,283

DINARA SATZHAN / ДИНАРА САТЖАН

DINARA SATZHAN / ДИНАРА САТЖАН

Күн бұрын

#БалКарпет #ТалгатЫскаков #ДинараСатжан
Алматы барахолкасы кәсіпкер Талғат Ысқақов үшін бизнес-мектепке айналды.
Ол базарда сатуды, жаңа клиенттер мен жеткізушілерді табуды үйренді.
90-шы жылдары ауыл мұғалімі Алматыға ақша табу үшін Шымкенттегі жалғыз сиырын сатуға мәжбүр болды.
Бүгін ол - кілемдердің патшасы. Биыл оның «Бал Текстиль» фабрикасына 10 жыл толып отыр.
Ағасымен бірге кілем ісін бастап, күні бүгінге дейін бірге.
Зауытта 16 станок бар. Әрқайсысы шамамен 2 миллион еуро тұрады.
Шымкент кілемдерін тіпті IKEA да сатып алды. Германия мен Англияның бір жерінде едендері қазақтың кілемдерімен безендірілсе, біздікілер өздіміздікін, яғни отандық кілемдерді бағаламайды да.
Тұтынушылар бұл made in SHYMKENT екенін білмеуі үшін тіпті атауларды шетелдік атауға өзгертуге тура келді.
Мен зауыттың ауқымдылығына, сапасы мен тұрақталған жүйесіне өте риза болдым.
Ең керемет әрі қызықты пікір үшін Талғат аға кілем сыйлауға уәде берді.
00:00:00 Анонс
00:01:30 Кілем фабрикасы Шымкент қаласы
00:02:02 Бизнес басталуы
00:02:11 Талғат Ысқақов, Баян Ысқақов
00:02:30 Bal tekstil кілем фабрикасы
00:02:45 Көк базар
00:03:18 Полипропилен жіп шығару цехы
00:03:37 Жіп шығаратын аппарат
00:04:43 Полипропилен, гранулдар
00:05:49 Кілем жасайтын станок, 24 сағат жұмыс істейді
00:06:15 Станоктың бағасы 1.200.000 - 1.800.000 еуро
00:06:27 Трендтегі кілем, минимализм
00:06:49 Жылына 5 млн м2 кілем шығарамыз
00:07:09 Кілемнің құрамы
00:09:40 Кризис
00:10:13 Отбасын асырау үшін жалғыз сиырын сатты
00:10:49 қиын кезеңдер
00:12:48 Сатушы болып жұмыс жасадым
00:13:43 Барахолка
00:14:57 Алғашқы бизнес
00:16:34 500 адам фабрикада жұмыс жасайды
00:17:18 Гарантия
00:19:07 Балаларға арналған кілемдер
00:19:18 Мемлекеттік заказдар
00:19:43 Ақордадағы кілемдер
00:20:21 4-5 айда аяқтан көтерілдік
00:22:02 Кілем фабрикасын ашуды арман туралы
00:23:08 Әлемдік нарық
00:25:58 Алмазный диск
00:26:25 Кредиттер
00:27:28 Кілем атаулары
00:28:30 Кілем бағасы
00:29:50 Дефицит
00:31:44 Безотходное производство
00:33:10 Отандық өндіріс
00:33:18 Икеа
00:33:50 Нурсултан Абишұлы Назарбаев
00:34:07 Реклама
00:35:35 IKEA-мен жұмыс істеу
00:36:00 Біздің кілемдер Англияда, Германияда сатылды
00:38:06 Жуынатын бөлмедегі кілемдер
00:38:55 Қиыншылықтар
00:39:47 Бірінші мақсатымыз - Отандық өндірісті қалыптастыру
00:41:37 Потенциал
00:43:15 Кілем дизайнын дамыту
00:43:52 ұлттық өрнектер, оюлар
00:45:02 Ең сұранысқа ие кілем
00:46:29 дайын кілемдер
00:48:23 Ирандық сапа
00:50:00 кәсіпкерлерге кеңес

Пікірлер: 244
@Kazakhovedaliya
@Kazakhovedaliya 10 ай бұрын
Сұхбатқа рахмет! Жылаған кезде қосылып жыладым. Сәл іште сақтамай, сыртқа шығарып эмоциясын, босау керек Талғат ағаға. Ашық көңілді кісі екен, сөйлегені, таныстырғаны зауытпен - жылы достық лебіз сезіледі. Оңай емес, бірақ барлығы сәтті іске асты, соған шүкір. Үлкен жұмыс атқарылды, алдағы уақытта да бұдан да көп іс жасауға күш жинап, дамуға бұйырсын. Шымкенттің азаматшасы ретінде, аталмыш зауытты бұрыннан білемін. Алла ешкімді, әсіресе ер азаматтарымызды жылатпасын!
@DinaraSatzhan
@DinaraSatzhan 9 ай бұрын
Сәлеметсіз бе Алия. Біз сізді құттықтаймыз, кілем сіздікі! Бізге хабарласыңыз 87773048581 -Диана
@Kazakhovedaliya
@Kazakhovedaliya 8 ай бұрын
@@DinaraSatzhan уау, рахмет! Хабарласамын.
@user-zw4js8tw3r
@user-zw4js8tw3r 10 ай бұрын
Керемет сұхбат 👍 Өзім осы фабрикада төрт жылдан бері жұмыс жасаймын. Айлығымыз уақтылы, тамақ тегін, жол тегін, барлық жағдайымыз жасалған. Арасында мұқтаж отбасыларға көмектесіп тұрады. Өте қарапайым жан. Әр жұмысшыға көңіл бөліп амандасып, жағдайын сұрайды. Жастарға ақылын айтып, мотивация береді💪 Отандық өнімдеріміз өркендей берсін! 🤲 Осындай жаны жайсаң жомарт азаматтарымыз көп болсын! 🙏
@inakz9690
@inakz9690 10 ай бұрын
*КЕРЕМЕТ ШАРШАМАЙ ШАЛДЫҚПАЙ ЖҰМЫС ЖАСАЙ БЕРІҢІЗДЕР ❤ ОСЫНДАЙ ЕР АЗАМАТТАР КӨБИЕБЕРСІН 🤲🏻 ОТАНДЫҚ ӨНІМДІ ҚОЛДАЙЫҚ✊🏻✊🏻✊🏻*
@user-zw4js8tw3r
@user-zw4js8tw3r 10 ай бұрын
@@inakz9690 Рахмеет 😘
@inakz9690
@inakz9690 10 ай бұрын
@@user-zw4js8tw3r 🌼🌼🌼
@user-nx9hl2sk3e
@user-nx9hl2sk3e 10 ай бұрын
Қазақ десе өзіңе тиеді деген сөз бар! Қазағым, өз өндірісімізді қолдайық! Өз өнімдерімізді тұтынайық! 5 теңге болса да өз қазағымызға тисін пайдасы. Құдай қаласа жаңа үйіме тек осы фабриканың кілемдерін аламын бұйыртса🤲қолдайық! Байыса қазақ байысын. Бельгия, Туркия емес ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН деп тұрсын кілемдеріміз бұйыртса.
@user-id8hs5nn8y
@user-id8hs5nn8y 10 ай бұрын
Біз бір ауылдың тумасымыз. Менің де көріп отырып көңілім босады.Үй ішімен өте еңбекқор ,сауатты жақсы оқитын өз істеріне тиянақты жандар болатын.Үлкен әпкелері, ағаларының бәрі есепке жүйрік еді. Өткен ғасырдың елу- алпысыншы жылдары әкелері ауылымыздың электригі болған екен .Міне содан бері ауылымызда свет өшіп жанса көзің ашылғыр Жунісбек- ай деп жататын еді апа әжелеріміз!!Сол көптің тілегі қабыл болды деген осы Жасай бер Алла ұзақ ғұмыр берсін.Кілемнің патшасы ғана емес заманымыздың озық техникасын пайдаланып Қазақстанның атын әлемге танытатын жарық жұлдызы бола бергін!!! Ізгі тілекпен Сарыпбекова Гүлнар
@Ainuraa-sb9pl
@Ainuraa-sb9pl 10 ай бұрын
Мен енді кілемді сатып алатын кезде, міндетте түрде Шымкенттін BalTekstildin кілемі бар ма деп соны сатып аламын. Отандық өндірісті қолдаймын!
@user-vp1rl2hm7g
@user-vp1rl2hm7g 10 ай бұрын
😢👍
@mrxxxx1087
@mrxxxx1087 10 ай бұрын
👍👍👍👍
@user-ei5mz5mo2e
@user-ei5mz5mo2e 10 ай бұрын
Отанымыздың өнімдерін қолдайық, жалғыз қазағым, жарайсыз
@user-wo2qr3hq5y
@user-wo2qr3hq5y 10 ай бұрын
Қандай керемат бағдарлама болды,Динара Сізге рақмет: біраз Қазаққа ,маған жаңалық болды,шынымды айтсам білмеппін,бірақ біздің уйде осы кілемнен бар!!! Ал Кәсіпкерлерге сәттілік,несібелеріңіз мол болсын! Құрметті Қазақстандықтар,Отандық өнімді қолдайық!!! Жасай бер Жаңа Қазақстан!!!!!🎉
@user-cg6if3zf3p
@user-cg6if3zf3p 10 ай бұрын
Машаллах 🥰 мощный мотивациягой мынау бейнебаян! С удовольствием посмотрела этот ролик , знаю детей этих людей ! Потому что я Шымкентская ! Гордимся земляками!
@Dinara_Assylbekkyzy
@Dinara_Assylbekkyzy 10 ай бұрын
Талғат ағамыз секілді ел ағаларын көрсем , өзім жасағандай марқайып қалам! Нағыз, елге еңбек сіңірген АЗАМАТ! ҚАЗАҚ ӨНІМДЕРІН ҚОЛДАЙЫҚ, МАҚТАНЫП ТҰТЫНАЙЫҚ АҒАЙЫН!
@adilbektulegenov1420
@adilbektulegenov1420 10 ай бұрын
Бес жүз адамға жұмыс берген Талғат бірнеше асу дан өткен екенсің Алла разы болсын! Әліде талай биікті бағындыруды Алла нәсіп етсін. Істеріңе үлкен сәттілік!
@user-nt2vi3me9j
@user-nt2vi3me9j 10 ай бұрын
Тамаша сұхбат! Дұрыс айтады ағамыз мектеп балаларына экскурсия көбірек жасауту керек, арман мақсатты жетелейді.
@user-nj7hg3pz6t
@user-nj7hg3pz6t 9 ай бұрын
Два человека, трудоустроили 1000 людей , дали возможность ещё 1000 людям , помогли государству с экономикой , людям доступно стало , вывод дайте возможность предпринимателям. Производства Казахстана.
@user-vk7db9iv8z
@user-vk7db9iv8z 10 ай бұрын
Динара! Улкен рахмет вам за замечательное интервью.Просто преклоняюсь перед такими людьми, которые сделали себя сами и развивают отечественное производство.Браво братьям Ыскаковым и дальнейших успехов в таком благородном труде.Обязательно надо поддерживать таких бизнесменов из народа.❤
@greenalex2090
@greenalex2090 10 ай бұрын
Приятно было смотреть 💯 просто кайфовала от того что карапайым казак агай улкеенн жетистикке жеткен 😊
@77_.77.
@77_.77. 10 ай бұрын
Керемет өнеге, сухбат.Ағамызға зор денсаулық, зор нәтиже , егіліп жылағым келді, Алла ұлдарымыз ұлағатты болғай Амин.
@botaniyazbekova8478
@botaniyazbekova8478 10 ай бұрын
Үлкен ер адам көңілі босап отырғанда, шыдай алмай өзің де елжіреп кетеді екенсің! Динара ханым отандық бизнесті қолдап, кәсіпкерлерді таныстырып, енді бастайын деп жатқан адамдарға шабыт бергеніңіз үшін өзіңізге, командаңызға мың алғыс! Каналыңыздағы әрбір сұхбатты өткізіп алмай тыңдап, көруге тырысып жүремін! Еңбегіңіз бағалана берсін!
@user-fy7sf5st6y
@user-fy7sf5st6y 10 ай бұрын
Ассалаумағалейкум қазақ елі! Сәлеметсіз бе Динара ханым!өте керемет сұхбат болды!ағамыз жарады! Менде бір ой туындады, жаңа айтқан кілемнің атаулары жайлы, келісемін, біз оған әлі үйренген жоқпыз, алайда оған келеміз деп ойлаймын. Бірақ нарыққа қазақ атымен шығарса жаңағы кристаллды (ақмаржан) деп мысалғы, бізде әзірше тұра берсін кристалл деп, кейін шет елде біздің кілемнің сапасы жақсы болып, елдер мақтаған кезде өзіміз ақ жүгіре аламыз! Бұл тек менің ойым қатты сынаманыздар! Рахмет✊
@user-nj9iz3cu4j
@user-nj9iz3cu4j 10 ай бұрын
2019 жылы Атамекен кәсіпкерлік палатасында оқып жүргенде бізді осы Bal tekstil заводын көрсетуге бір топ студенттерді алып барған болатын , ішінің бәрін көрсетіп тіпті жібінде өзіміз осы жерде өндіреміз деп көрсеткен болатын . Бірақ компанияның басшысы кім , негізін қалаған кім туралы ешнарсе айтылмады , біз өзімізде сұрамаппыз. Бәріміз шет елдік бір түрүктің немесе өзбектің компаниясы шығар деп ойлап қайтқан едік . Қазір бейнебаянды көріп негізін қалаушы өзіміздің Шымкенттік ағамыз екенін көріп қуанып отырмын !
@zhamila.sarsenbai
@zhamila.sarsenbai 10 ай бұрын
Алла ісіңізге береке берсін❤ Менің үйімде тек БалТекстильдің кілемдері Аллаға шүкір🎉
@gulnazdoszhanova2067
@gulnazdoszhanova2067 10 ай бұрын
Керемет! әсерлі сұхбат❤ Қазақстан өндірісі жана берсін!Әр қазақтың төрінде ұлттық өніміміз жайылсын! Бірақ неге сұхбаттың қаралымы аз?😢 Көрсін әрбір Қазақстандық азамат!
@Kazakhovedaliya
@Kazakhovedaliya 10 ай бұрын
Динара ханым, сіз сұлусыз сөз жоқ, алайда кеуде тұсыңызды жабатын киім кисеңіз орынды болар еді. Ер адамның алдында ерсі көрініп тұр.
@kulpashsarieva4025
@kulpashsarieva4025 10 ай бұрын
Келісемін
@user-vp1rl2hm7g
@user-vp1rl2hm7g 10 ай бұрын
Мен де келісемін
@user-cg6ji3gq6o
@user-cg6ji3gq6o 10 ай бұрын
келісемін
@user-ww9if1vu8g
@user-ww9if1vu8g 10 ай бұрын
Еңбегініз ,елге жасаған жақсылығыңыз ұшан теңіз,тек биіктен көрініңіз,Бал текстильдн 10 жылдығы өте жоғары денгейде отті,Сіздердін қазақ еліне,жалпы кәсіпкерлерге фабрика ашқаныңыз оте тиімді болды,Рахмет👍
@user-zq1lg8gq6z
@user-zq1lg8gq6z 10 ай бұрын
Жаным ағам жылаған таза жүрегенізден айналдым 🙏 Ниетіңіз таза болғаң соң Сізге берілген нәсіп шығар сәттілік сізге Динара вам спасибо огромное как всегда на высоте ❤
@banu8408
@banu8408 10 ай бұрын
Әркім өз қалтасын ойлағанда, Сіз нағыз патриот екенсіз, рахмет! Қазақ өндірісіне қосқан еңбегіңіз тарихта қалады, Қазақстан өндірісі жасасын, дамысын, қашанғы шикізат сатамыз...Әркім өз саласында осы ағамыз сияқты ойлап дамытса қандай керемет болар еді.Еңбегіңіз берекелі болсын! Динара ханымға да рахмет, нағыз еңбек адаммен сұхбат, а то соңғы кезде ақша табу жеңіл, қиналмай армандасаң оңай бай боласың т.б. деген психологтар көбейіп, жастардың санасын улап, жалқаулыққа, шыдамсыздыққа әкелуде. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей!!!🎉🎉🎉
@aimy95maratovna45
@aimy95maratovna45 10 ай бұрын
Шымкентин жигиттери нагыз азаматтар.Керемет сухбат болды килм фабрикалары кушти гой❤❤❤
@user-qf8bq8co6v
@user-qf8bq8co6v 8 ай бұрын
Қазақша қалай керемет сөйлейді. Мұғалім болғаны, сауаттылығы көрініп тұр. Аға рақмет сұхбатыңызға. Ісіңіз тек алға баса берсін! Ұрпағыңыз Сізден де асып түсетін кәсіпкер, Азамат болсын!
@user-wo2nl8id5n
@user-wo2nl8id5n 10 ай бұрын
Талғат інім мені де жылаттың ғой.Ісіңе береке беріп,жұмысың алға бассын. Тамаша сұқбат.Динараға рахмет.Бір өтірігі жоқ керемет әңгіме болды
@ainur_yer
@ainur_yer 10 ай бұрын
Динара, жарайсыз! Өте қызық интервью! Посмотрела на одном дыхании! Какие приятные люди! Процветания бизнесу!
@user-qo8ll1bz3g
@user-qo8ll1bz3g 10 ай бұрын
Өте керемет сұхбат болды! 90 жылдар қиын болдығой, Көрдік қой,сондықтан қазір қиын дегендерге айтам 90 шы жылдағыдай болмас,дүкендер, бос, ақша жоқ,, адамдар əр түрлі тағдырға түстіғой, сынақтан өтті. Алла, соғыстан аман қылсын!!!!
@inakz9690
@inakz9690 10 ай бұрын
*КЕРЕМЕТ БАЙЫСА ҚАЗАҒЫМ БАЙЫСЫН 🤲🏻 ЕҢБЕК ЕТСЕҢ ЕРІНМЕЙ ТОЯДЫ ҚАРНЫҢ ТІЛЕНБЕЙ ДЕГЕН ОСЫ ҒОЙ.*
@user-xg7vl7qu5h
@user-xg7vl7qu5h 10 ай бұрын
Талғат мырза Сізге тағы бір осындай зауыт ашуға тілектеспін.
@user-db5wg8hf7v
@user-db5wg8hf7v 10 ай бұрын
Талғат аға еңбекқор, тиянақты, нағыз бизнесмен! Біз білетіндей жүрегінде Алланың берген мейірімділігі бар іскер кісі. Аллам сізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық берсін! Басқа мемлекеттер Қазақстанды елестеткенде әдемі кілемдері көз алдарына келетіндей брендке айналсын!🤲🏼Осы өндірісіңіз әлі ғасырлар бойы өмір сүретініне сенемін, себебі қызметшілеріңіздің барлығы сізден көрген тәрбиені үлгі тұтып,жақсылығыңызды ұмытпайды деп ойлаймын. Еңбектеріңізге береке тілеймін!Еліміздің әр шаңырағында кілемдеріңіз жарқырап жайылып тұра берсін, істеріңізге сәттілік тілеймін! Біз еліміздің өнімін қолдаймыз! Алла бұйыртса кілемдеріңіз өз елімізде, шетел нарықтарында жоғары дәрежелі сұранысқа ие болатынына кәміл сенеміз!🇰🇿
@user-gd6kv3lk2e
@user-gd6kv3lk2e 10 ай бұрын
Аға ісіңізде тек жақсылық болсын , отандық өнімдер көп болсын 🤲
@aliyachallen7107
@aliyachallen7107 5 ай бұрын
Это крутой герой! Отлично раскрылся, эти слезы много стоят. Для достижения успеха ,без жертв никак.
@user-fk8ln1ey1u
@user-fk8ln1ey1u 10 ай бұрын
Кандай мативацияға толы сұхбат!!! Осындай адамдар жерімізде коптеп шықса екен. Өте қарапайым, ауылдын иісі мүмкіп тұрған ағай.
@user-pf5in1zi3t
@user-pf5in1zi3t 10 ай бұрын
Қандай керемет азаматтар жүздерінен жылулықты байқадым аман болыңыздар өндірістріңіз әлемдік деңгейде болсын 🙏
@Chta-jq3
@Chta-jq3 3 ай бұрын
Керемет интервью 👍👍👍 Отандық өнімдерді қолдайық 🎉 осындай үлгі тұтар ағаларымыз барына шүкір 👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻
@suirikalibekkyzy7617
@suirikalibekkyzy7617 10 ай бұрын
Динара ханым осындай сухбаттар коп болса екен! Сиздергн рахмет! Аға сизге саттілік. Сіздерді көріп біз жастар мотивация аламыз.👍🏻
@user-do4lk4tq1s
@user-do4lk4tq1s 10 ай бұрын
Біздің қазақстанда да керемет кәсіпкерлер бар екен! Жарайсыз Динара ханым осындай керемет азаматтарлы елге таныстырып жатырсыз👍
@user-wv5yo1wt5r
@user-wv5yo1wt5r 10 ай бұрын
Динара жарайсыз кандай керемет жарайсыз нағыз ер азамат Талғат мырза енбегиниз өрлей берсин биикке, ондирисиниз табысты, Сатти болсын!!!
@Ainuraa-sb9pl
@Ainuraa-sb9pl 10 ай бұрын
1989 жылдары, 2 класс оқитын кезімізде біздің бастауыш класс жетекшіміз бізді Қаратау қаласындағы нан заводқа сосын аяқ киім заводтарына экскурсияға апарған, қалай нан шығарады, қалай аяқ киім шығаратынның көріндер деп. Сол кездерде басқа да заводтар болғанда апарар ма еді, Талғат ағамыздың айтып жатқаны өте дұрыс, мектептегі балаларды таныстыру керек.
@user-ng4gy7tc7c
@user-ng4gy7tc7c 10 ай бұрын
Талгатка ырза болып отырмын барлыгын еске тусирип ,бизнесин калай бастаганын айтып отыр.Бир ауылда остик.Талгат Шымкент килемдерин алемге таныта бер.Жарайсын👍Бизнесин орлей берсин!!.Исине Алла береке берсин.🤲
@user-sj6qg9rb2f
@user-sj6qg9rb2f 10 ай бұрын
Жан дүниесі қарапайым кісі екен, сұхбатыңызға рахмет!!!
@user-cg6ji3gq6o
@user-cg6ji3gq6o 10 ай бұрын
Қазақстандық кәсіпкерлерді қолдайық!!!
@user-dc6hz5bz7g
@user-dc6hz5bz7g 10 ай бұрын
Өз өндірісімізді қолдайық ағайын👍
@user-ys4pt3cq3s
@user-ys4pt3cq3s 10 ай бұрын
Динара жарайсын, казакша сухпат👍
@mikoshaabish
@mikoshaabish 10 ай бұрын
Бірге жыладым ғой! Керемет сұхбат!
@rahatnesipbekova7957
@rahatnesipbekova7957 10 ай бұрын
Динара Ханым, побольше таких интервью с казахстанскими производителями. Много таких производителей которых мы незнаем
@user-tg9qk8by5f
@user-tg9qk8by5f 10 ай бұрын
Иман жанды, халқына жанашыр азамат екенсіз аға, расымен рухтандырасыз💪🏽
@user-wd6yi1km2e
@user-wd6yi1km2e 10 ай бұрын
Керемет! Отандық өнімді қолдайық! Жарайсыз Талғат аға!
@user-uo6wr4ow1s
@user-uo6wr4ow1s 10 ай бұрын
Керемет конак 🎉. Озимиздин отандастарымызды колдайык
@darkhanaitzhanov4658
@darkhanaitzhanov4658 10 ай бұрын
Осындай Отандық кәсіптерді көбірек көрсетсеңіз жақсы болар еді! Аға ісіңіз биіктен көріне берсің, Алла Тағала Берекесін берсің! Динара ханым рақмет сізге ❤
@user-ye6qt6bv7d
@user-ye6qt6bv7d 10 ай бұрын
Нағыз үлгі тұтар кісі. Ісімен дәлелдеген нағыз бизнесмен 👏 Өндірісіңіз алға баса берсін, Американың нарығында төрінен көріне беріңіздер! Қазір оқу тренд болды ғой, бірақ оқи бермей осылай іске көшу керек сияқты, сізде біраз әрекет жасалғаны көрініп тұр, біздегі проблема оқи береміз да әрекетке көше алмай жүреміз 🤭 Динара ханым вообще молодец, қасымдағы 7 жаста қызым тыңдап отырып айтады - а что Динара Сатжан на казахском умеет разговаривать? 😅 я дедім 😊 қазақшаңыз әдемі, Отандық өнім деген жүрегіңізден айналайын ❤
@user-cg6ji3gq6o
@user-cg6ji3gq6o 10 ай бұрын
я кушти айттыңыз, оқудан іс-әрекетке көшу керек
@user-vl5jx3en8u
@user-vl5jx3en8u 10 ай бұрын
Аға мықты екенсіз. Өмір жасыңыз ұзақ болсын. Мықты мотиваторсыз🤲🤲🤲
@user-sj3oe3in2x
@user-sj3oe3in2x 10 ай бұрын
Кейбір кәсіпкерлер сияқты тек өзі байып кетеин деп емес, қанша жастарға жұмыс беріп отырған кәсіпкер. Жұмыс барысында БАЛ - ТЕКСТИЛЬДЕ жұмыс жасайтын қанша жанмен жолықтым , ешкім жаман пікір айтпайды бұл кісі жөнінде. Айлығын уақтылы беріп, мерекелерде өз жұмысшыларының аз болса да көңілдерін көтеердей іс- шаралар өткізіп қаржылай да көмек беріп тұрады екен. Ең бастысы жұмысы бар жан аштан өлмейтініне сенетін Шымдағы кәсіпорындардың бірі десе де болады !
@nuraaidaralieva4405
@nuraaidaralieva4405 10 ай бұрын
Кандай кушти коз тимесин 🙌🏻 Осындай агаларымыз бар болсын ! Биз де енди барып издеймиз осы компаниянын кылемдерин 👍👌🏻 Рахмет Динара вам 🌷
@karlayessimova4616
@karlayessimova4616 7 ай бұрын
Керемет өте жақсы кілемдер бүгін барып біз де алдық
@user-it4jz9wl9i
@user-it4jz9wl9i 10 ай бұрын
Мықты кісі екен! Еңбегіңізбен жүз жасаңыз👏🏼👏🏼👏🏼👏🏼
@user-id6ec4jb3i
@user-id6ec4jb3i 10 ай бұрын
Бұиырса қазағымыздың кілемін аламыз Қазақстанда заводтар фабрикалар ашыла берсін біз қолдаимыз бұиырса бәрі жақсы болат Алла қаласа
@user-mx9nl8ep2g
@user-mx9nl8ep2g 10 ай бұрын
керемет сұхбат Динара ханым рахмет сізге осы Талгат аға жакырынганызга, үлкен мотивация алдым, ортасында жылап да алдым Талгат ағамен бірге 😢 бизнесы биіктен көріне берсін дамып, өзіміз қазақтар патриот болып, Казахстанды дамытайык, арнап енді Талгат ағаның кілемін іздеп сатып аламын 🙏
@aimy95maratovna45
@aimy95maratovna45 10 ай бұрын
Ой,керемет нагыз мактан тутуга улги бола билген азаматтарымыз аман болып шаруаларын донгелетип журе бериндер❤
@user-cg6if3zf3p
@user-cg6if3zf3p 10 ай бұрын
Талгат ага жылаттынызгой барлыгымызды
@user-nu2ul9iq4n
@user-nu2ul9iq4n 10 ай бұрын
Машаллах, тил козден, бале жаладан аман болыныз.
@Asylymkrasotka
@Asylymkrasotka 10 ай бұрын
Патриот, нағыз елдің жанашыры, еліне деген, жеріне деген сезімі көрініп тұр видеодан. Спасибо Динара
@zhekaseka6160
@zhekaseka6160 10 ай бұрын
МашАлла агама Кудай куат берсин тек алга
@user-ou3vu4jv9s
@user-ou3vu4jv9s 10 ай бұрын
Осындай кисилерден интервю алу керек онкеи шошақай жынды кобелектерден емес. Керемет интервью маған катты ұнады Рахметь🎉❤
@Chta-jq3
@Chta-jq3 3 ай бұрын
Қазақша қалай жақсы жағымды сөйлейді 👏🏻 Динара қазақша сұхбат көбірік түсірсеніз, керемет болар еді !
@user-uu9mv8iq4f
@user-uu9mv8iq4f 8 ай бұрын
Динара, сізге тәнтімін. Қазақшаңыз жақсарыпты👏👏👏
@user-fu8yk2bi1x
@user-fu8yk2bi1x 10 ай бұрын
ОТЕ КЕРЕМЕТ СУХБАТ! Халыкка пайдасын тигизетин, улги алатын нагыз азамат! Ага бизнесениз дами берсин, осе берсин! Динара ханым сизге улкен рахмет !😍😍😍👍👍👍
@inakz9690
@inakz9690 10 ай бұрын
*ӨТЕ ДҰРЫС АЙТАДЫ МЕКТЕПТЕН БАСТАУ КЕРЕК ДЕГЕН СӨЗІ ҚАТТЫ ҰНАДЫ 👍🏻👍🏻👍🏻*
@misstb1783
@misstb1783 10 ай бұрын
Елімізде үлкен өндірістер көбейіп жатқаны қуантады 😍😍👍🏻
@user-oj4kg3zp1w
@user-oj4kg3zp1w 10 ай бұрын
Керемет Талғат мырза мықтысыз еңбегіңіз жана берсін
@user-cg6ji3gq6o
@user-cg6ji3gq6o 10 ай бұрын
Керемет сұқбат болды, мықты мотиватор!!!
@user-gs4lk4wu9l
@user-gs4lk4wu9l 10 ай бұрын
Татулык,ауызбиршылык-бар жерде Береке бар , дегендей.Екы бауырдын татулыгы жастарымызга улеге болсын иншаллах.
@user-oc3hl3xo7w
@user-oc3hl3xo7w 10 ай бұрын
Журеги жумсак, мейиримди жан екен. Оз елимизде шыгарылып жаткан онимдермен колданайык.
@user-it4jz9wl9i
@user-it4jz9wl9i 10 ай бұрын
Өз отандастарымыздың бизнестерін білмейді екенбіз…👏🏼👏🏼👏🏼👏🏼
@madonts
@madonts 9 ай бұрын
Жүзі жылы, айтқан сөзі тура екен ағаның. Жақсы сұхбат болды🤩
@user-bt1er2hi5x
@user-bt1er2hi5x 10 ай бұрын
Динара әпше, керемет сұхбат болды,осындай көзге көрінбейтін алыптарды көптеп түсіріп,елдің көзін ашуға үлес қосқан үшін алыс айтамын 🎉🎉🎉 рахмеет 😍😍💕
@user-te8vi8bo7o
@user-te8vi8bo7o 10 ай бұрын
Таза красавчик ағамыз. Үлкен құрмет. Іс адамы деген осы екен ғой.
@user-cb6ww9te2l
@user-cb6ww9te2l 10 ай бұрын
Тамаша осындай өндіріс орындары көп болсын
@user-cw7yd9ez6s
@user-cw7yd9ez6s 10 ай бұрын
Талғат ағамыз нағыз ер азамат🙌
@user-gs4lk4wu9l
@user-gs4lk4wu9l 10 ай бұрын
Нукыл жаман нарсе естимыз Казахстан жоненде(асыресе Шымкент) ,шын журектен куанып жатырмын.Биреу Ен курыганда турсык тигейкшы озымыз деп айкайлайды блогерлер.Мен Шымкенте турып , осындай килем ондырысы бар екенен Динара ханумнын багдарламасы аркылы корып отырмын.Алга Казахстан.
@user-eu9ht4rd4s
@user-eu9ht4rd4s 9 ай бұрын
Кандай кушти Адам,осы кисиден килем алу керек❤
@tomiriskonakbaikyzy3297
@tomiriskonakbaikyzy3297 10 ай бұрын
Талғат аға, өндіріске балаларды апарумен келісемін, соны көрсе ой-өріс өзгереді👍
@aigolek1111
@aigolek1111 10 ай бұрын
Рахмет аға,әлемдік нарықты жаулаңыз❤.Ізгі тілекпен қазақ қызы
@user-zp7xi3kf5w
@user-zp7xi3kf5w 10 ай бұрын
Динара ханым, сізге көп рахмет! Осындай ел ағаларымен таныстырып жатқан. Мықты кісі екен, жақсы мотивация берді. Жетістікке жеткен адамдарды көрсем, күшті сезімде боламын мақтанып кетемін ғой тура.😊
@motivationchannel3417
@motivationchannel3417 10 ай бұрын
Бизнесмен это тот человек который умеет думать как это сделать,определенный бизнес Так скажем И главное у тебя должно быть энергия,мотивация, и ум конечно же без ума ты далеко не пойдешь
@ZhadiraZumabaeva-iz1su
@ZhadiraZumabaeva-iz1su 10 ай бұрын
Динара супер сухбат болды. Агамызга ракмет ,адамга мотивация береди. Алсам енди озымыздын килемнен аламын
@user-pu4ul8fz6o
@user-pu4ul8fz6o 10 ай бұрын
Күшті. Тек қана дами берсін.👍👍👍Биіктерден көрінсін.
@user-os7ip6pc9d
@user-os7ip6pc9d 10 ай бұрын
Какой отличный выпуск❤😍 рахмет. Ага, бизнесiнiзге саттiлiк тiлеймiн🤲
@bolatbekgabdrakhim6649
@bolatbekgabdrakhim6649 10 ай бұрын
Мықты екен бұрын ойлаушы едім бізде өндіріс орыны жоқ деп мынау енді айтарга сөз жоқ.
@erasylesenbekkovich5736
@erasylesenbekkovich5736 10 ай бұрын
Өте керемет,шығарылым👍 Осындай мықты кісімен шыққан шығарылым аз просмотр жинайтыны өкінішті
@Gummi_toqu
@Gummi_toqu 10 ай бұрын
Керемет екен👍 Енді бұл компанияға Қазақстанда жасалған деп үлкен етіп жазып сата берсе болады деп ойлаймын. "Қазақстанда жасалған" дегеннің өзі үлкен бренд деп ойлаймын! Осындай өндірістік орындар елімізде көп бола берсін ❤
@sanagabbas1982
@sanagabbas1982 10 ай бұрын
Сонгы создери унады, «-Адам омирге жаланаш келеди , жаланаш кетеди! Адам оз -озин жасайды! Озинизге Гана сениниз !» деген .
@user-bo8jd9zd9m
@user-bo8jd9zd9m 10 ай бұрын
Керемет сұхбат. Динара Сатжаннын осы алған сұхбаты көңілімнен шықты, басқалардан қарағанда. БалТекстильдын басшысыда басында қобалжыдыма, аяқ жағындағы айтқан тілегі мықты, жүректі қозғайтындай тілек болды.
@user-ts6fm1ed3m
@user-ts6fm1ed3m 8 ай бұрын
Керемет 🎉❤
@user-nj7hg3pz6t
@user-nj7hg3pz6t 9 ай бұрын
С большим удовольствием были на форуме, столько положительных эмоции
@user-uf6iz1wo2e
@user-uf6iz1wo2e 10 ай бұрын
Өте керемет сұхбат! Бейнетіңіздің зейнетін көріңіз ағай!негізі байкаганым оңтүстіктің адамдары өте еңбекқор келеді
@user-id6ec4jb3i
@user-id6ec4jb3i 10 ай бұрын
Алла Тағалла арманыңызды орындалсын Қазақтың атағын биікке көтеретін мықты Азамат екенсің бүткі қазағымызға жұмыс тауып беріп атсың Алла қуат берсін Би болмасаң би қонатын үи болыңыз Ғазиз басыңыз аман болсын Табанды мықты бауырмал Азамат Алла күш қуат берсін💦💦🧿👍🏼👍🏼👍🏼
@araitm2537
@araitm2537 8 ай бұрын
Қандай керемет❤❤❤❤❤❤❤
@alikenkenchinbay5720
@alikenkenchinbay5720 10 ай бұрын
Талғат ағамыз өте еңбекқор елдің халықтың адамы!
БЛОГЕРДІҢ НЕКЕСІЗ БАЛАСЫ-2 / KOREMIZ
46:08
Көреміз / «KÖREMIZ»
Рет қаралды 413 М.
Нұрлан Имам: Бізде хиджаб деген сөз болмады!
53:56
DINARA SATZHAN / ДИНАРА САТЖАН
Рет қаралды 563 М.
SMART GADGET FOR COOL PARENTS ☔️
00:30
123 GO! HOUSE
Рет қаралды 19 МЛН
Kick Awesome
00:58
Russo
Рет қаралды 108 МЛН
Nonomen funny video😂😂😂 #magic
00:29
Nonomen ノノメン
Рет қаралды 56 МЛН
Китайка и Хеликоптер😂😆
00:18
KITAYKA
Рет қаралды 1,2 МЛН
Как реально выглядит американская глухомань?
27:18
АМЕРИКА Наизнанку
Рет қаралды 208 М.
ТАТЬЯНА ЧЕРНИГОВСКАЯ. ОПАСНЫЕ НЕЙРОСЕТИ.
50:42
DINARA SATZHAN / ДИНАРА САТЖАН
Рет қаралды 337 М.
Аслан ЖУМАБАЕВ: Инвестируй в себя!
53:42
DINARA SATZHAN / ДИНАРА САТЖАН
Рет қаралды 62 М.
SMART GADGET FOR COOL PARENTS ☔️
00:30
123 GO! HOUSE
Рет қаралды 19 МЛН