Алматы облысының Матай станциясындағы ғимарат сын көтергісіз күйде тұр

  Рет қаралды 1,092

Khabar NEWS

Khabar NEWS

4 жыл бұрын

Кезінде бұл нысан еліміздегі үздік мәдениет үйлерінің бірі болатын.
Мұнда аты аңызға айналған Михаил Калашников жұмыс істеген. Жергілікті билік өкілдері ғимаратты қайта қалпына келтірудің мүмкін еместігін айтады.
Алыстан қараған адамға Матай ауылдық клубы Рим пантеонын еске салады. Тарихи сәулет ескерткіші болғанымен, мемлекет қорғауында емес. Бұл ғимарат Түрксіб темір жол магистралінің құрылысы аяқталғаннан кейін салынды.
Мұнда Тұрар Рысқұлов, Мұхамеджан Тынышбаев сынды танымал тұлғалар болған. «Заманында белгілі артистер концерт қойып, ең үздік көркем фильмдер осында көрсетілетін еді», - деп өткенді күрсіне еске алды ауыл ақсақалдары.
Жолдыбай Бекежанов, ардагерлер кеңесінің төрағасы:
- Бұл клубта үрмелі аспаптар оркестрінің, ән-күй, би үйірмесі болған. Спорт жағынан да қосымша үйірмелер болған.
Матай станциясы мен жергілікті клубтың тағы бір тарихи тұлғамен тығыз байланысы бар. 1942 жылы мұнда Михаил Калашников киномеханик болып жұмыс істеді. Оған клубтың ішінен бір бөлме берілген. Осында тұрып, қару-жарақтардың сызбасын жасады. Михаил Калашников мұнда ең соңғы рет 2003 жылы келіп, локомотив депосында болды. Алайда мәртебелі мейманға тоз-тозы шыққан клубты көрсетуге ешкімнің дәті бармады.
Михаил Калашников, конструктор:
- Әр ана өз баласын қалай аялап, мақтан тұтса, мен де құрастырған қару-жарақтарыммен мақтанамын. Матай депосында жасалған тапанша-пулемет кейін жетілдіріліп, «АК-47»-ге айналды. Ол күндер ешқашан есімнен кетпейді.
Клуб 90-жылдары ақыры жабылып тынды. Ауыл ақсақалдары жергілікті биліктен оны қалпына келтіруін өтініп сұрағанымен, әзірге еш нәтиже жоқ.
Жолдыбай Бекежанов, ардагерлер кеңесінің төрағасы:
- Мәдениет үйі керек. Матайда ойын орталығы жоқ. Жастарға біз қандай тәрбие береміз? Ауданнан ең алдымен сұрап отырғанымыз - мәдениет үйі.
Есім Базарханов, Ақсу ауданының әкімі:
- Бізде 22 мәдениет үйі бар. Мен Матай ауылына сұраныс жасадым. Бұл - 4 мың халқы бар үлкен ауыл. Соған бір мәдениет үйін салып берсе екен.
Жергілікті биліктің жаңа клуб құрылысына байланысты берген өтінімі жақында мақұлданды. Жобалық-сметалық құжаттамасы биыл жасалады. Сонымен қатар Ақсу мен Көшкентал ауылдарындағы мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өтеді. Өңірде ескірген мәдениет үйлерін кезең-кезеңімен қалпына келтіруге арналған арнайы бағдарлама қабылданып, жоба жүзеге асып жатыр.
Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Әділхан Сахариев, Қуаныш Түргенбаев

Пікірлер
Ақорда маңы неге қоршалып жатыр?
12:16
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 66 М.
My daughter is creative when it comes to eating food #funny #comedy #cute #baby#smart girl
00:17
Самые Опасные Дороги в Мире, По Которым Вы Не Захотите Проехать
31:29
Hiroshima - the unknown images
52:01
La 2de Guerre Mondiale
Рет қаралды 11 МЛН
«Матай - начало легенды». 2009 г.
34:15
Мурат Джакибаев Фильм
Рет қаралды 22 М.
Почему Арабы и Евреи всегда воюют?
19:22
Сложный Процент
Рет қаралды 1,5 МЛН
Ресейдің оқ-дәрісі де азайды
16:43
Ойтүрткі
Рет қаралды 53 М.