Алматыда «Wolt» компаниясының курьерлері наразылыққа шықты

  Рет қаралды 4,658

Информбюро 31

Информбюро 31

3 жыл бұрын

Карантин кезінде көп тапсырыс алып, пиццадан бастап, тамақтың түр-түрін тасымалдаған курьерлер бүгін тағы да наразылық білдірді. Олар басшылық 12 мамырда енгізген жаңа жүйемен жұмыс істегіміз келмейді дейді. Айтуларынша өзгерістен соң табыстары 30 пайызға төмендеп кеткен. Оның үстіне 1 шақырымға дейін тапсырысты тегін жеткізу бізге тиімсіз деп талап қойып отыр.
Бас көтерсек басшылық бәрімізді бұғаттап орнымызға басқа адам ала салады деген жүздеген жұмысшы бүгін Wolt кеңсесін басып кірмек болды. Таңмен таласа жүріп тапсырыс қабылдайтын мына біздің талап, бастықтар жайғасқан бесінші қабатқа жетпей жүргеніне міне он күн болды деп отыр. Өйткені бұл компания кез-келген жұмысшысын телефондағы бір ақ тетік арқылы бұғаттап жұмыссыз қалдыра алады екен.
БАУЫРЖАН ӘДІЛХАН, тапсырыс жеткізуші:
- Базалық төлем 500 теңге болса, кейінен әр 250 метрге мысалы 45 теңге төлейді дейік. Соны алды да базалық төлемге 30 теңге қосты да, километражды 1 километрға дейін созды да анау "птичий полет" деп соны тегін қылып тастады.
Жетіскеннен жеткізуші жұмысын таңдамадық деп мұң шаққан олар, бізді не тапсырыс беруші, не жұмыс беруші адам құрлы көрмейді деп ашулы. Оның үстіне көшедегі көрінген көлік қолынан келсе жекіп кетеді дейді.
ӘЛИ АҚЫН, тапсырыс жеткізуші:
- Осы оплатаны түсіріп тастағалы бері онлайнға шықпадым, жұмыс та жасамадым.
Сегіз келі сөмкені сан түрлі тағамға лық толтырып алып, қала кезетіндер, басқа жеткізуші компаниялардан төмен аламыз деп отыр. Оның үстіне мінер көлігіміз, ішер тамағымыз, жанармайды да қалтамыздан шығарамыз дейді.
ЕСКЕЛДІ РАҚЫШЕВ, тапсырыс жеткізуші:
- Он сағат мотороллерде отыру оңай емес. Менсінбей қалады машиналар. Істеген заказдарыңа байланысты в среднеем он, он бес мың аласың. Қазір соның өзі он мыңды әрең жеткіземіз күніге.
Ал тапсырыстың төмендеуінен тарифті шектеуге тура келді деген Wolt басшылығы қазірдің өзінде шығынға баттық деп отыр. Сол себепті шет елдегі серіктестерімен ақылдаса осы қадамға барғандарын айтады. Компания туындаған түйткілдің кесірінен тапсырыс берушілер саны күрт төмендеп, желіде жағымсыз имидж қалыптасқанын да растап отыр.
ӘЛІБЕК ИЕСОВ, Wolt компаниясының бас менеджері:
- Бірге-бір төлем жүйесі бұрынғыдай қала береді. Ештеңе өзгермейді. Біз Алмалы ауданы әкімдігімен бірлесіп Финлияндиядағы басшлыққа зум арқылы шығып бәрін шештік. Енді бұрынғыша өзгертусіз қалады. Сондай-ақ осыған дейін бұғатталған қызметкерлерді де қазір қайта онлайнға қосып бердік.
Жеткізуші компания жүздеген қызметкерлердің жалақысын қамтамасыз етуі үшін, енді қызмет көрсету ақысын жоғарылатуы мүмкін. Бірақ бұндай қадамды енді жұмысшылармен ақылдасып жасайтындарын жеткізді.
ӘЛІБЕК ШЫНТЕМІР, тілші:
- Жаздың ыстығы қыстың суығы тамақ таситын жұмысшылар ең қиыны қарбалас қала ішінде тапсырыс жеткізу дейді. Оның үстіне тапсырысты да уақытылы апару керек. Ал Wolt басшылығы бүгін жұмысшылардың талап арызын қарастырып мәселені шештік дейді.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#WOLT #жеткізу #курьер #наразылық #Алматы #Glovo

Пікірлер: 2
@ayotvplus
@ayotvplus 3 жыл бұрын
Бұл компания пайда түскен сайын жмот болып тұр. Журналистер келген еді сразу тәртіпті сөйлей қалды 😂😂😂
@beisenbai231
@beisenbai231 3 жыл бұрын
Таза еңбек
Новости 18:30 от 30.05.2024
20:01
Евразия. НОВОСТИ
Рет қаралды 10 М.
Pray For Palestine 😢🇵🇸|
00:23
Ak Ultra
Рет қаралды 24 МЛН
100❤️ #shorts #construction #mizumayuuki
00:18
MY💝No War🤝
Рет қаралды 20 МЛН
Новости 15:00 от 30.05.2024
19:50
Евразия. НОВОСТИ
Рет қаралды 103 М.
За установку реле электрики-вымогатели забрали у пенсионерки 60000 рублей
7:04
Кстати Новости Нижнего Новгорода
Рет қаралды 6 М.
Pray For Palestine 😢🇵🇸|
00:23
Ak Ultra
Рет қаралды 24 МЛН