Алматыда «Павловния» ағашы отырғызыла бастады (09.09.21)

  Рет қаралды 15,171

Almaty TV News

Almaty TV News

2 жыл бұрын

Әлем бойынша өсу қарқыны ең жылдам «Павловния» ағашы Алматыда отырғызыла бастады. Бүгінде Жазкен Жиембаев атындағы қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтында бұл жасыл желектің 29 талы егілген. Ерекшелігі - жапырағы шипалы. Одан бөлек, мегаполистің жасыл қорын қалпына келтіріп, экологияны тазартуда таптырмас шешім дейді мамандар. Толығырақ, Almaty.tv тілшісі Аяулым Көлжігіт тарқатады.
Елшат Дәулеткелдінің ауыл шаруашылығы саласында қызмет етіп жүргеніне 9 жыл болыпты. Өсімдіктерді баптап, күту - сүйікті ісім дейді маман. Ал, соңғы 2 жылдан бері аспан асты елінен әкелінген «Павловния» ағашын өсірумен айналысып келеді. Еліміздегі жасыл желектің жаңа түрін көбейту үшін түрлі тәжірибе жасайды.
«Ең алғаш тұқым келген кезде оны 2 күн суға салып, өсуді реттегіш препараттарды қосып, алдымен отырғызуға дайындаймыз. Кейін касета дейді, арнайы ыдыстарға отырғызамыз. Бұл ағаштың ерекшелігі - өсімталдығында. Егер жақсы қарап, күтіп, баптайтын болса, 1 жылда 3-4 метрге дейін өскін береді», - деді Ж. Жиембаев атындағы өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ ғылыми қызметкері Елшат дәулеткелді.
Көпжылдық жасыл желек әлемдегі барлық ағаштармен салыстырғанда өсу қарқыны өте жылдам. 9 жылда 20 метр биіктікке жетеді. Ал, діңін құрылыс материалына, музыкалық аспаптар мен ойыншық жасауда қолданса - таптырмас құрал. Алайда, жасыл желектің Алатау баурайына жерсінуіне ерекше күтім қажет - дейді мамандар. Тек алғашқы жылы үсік шалмауы үшін арнайы матамен орау қажет. Десе де, ағаш қурап қалған жағдайда, тамырынан жаңа өсінділер пайда болады екен.
Мамандардың айтуынша, «Павловния» ағашының тұқымнан өнімділігі 90 пайызға жетеді екен. Мәселен, осыдан 3 жыл бұрын ғана отырғызылған талдың биіктігі 10 метрге жуықтап қалған. Ал, өзге ағаштардан ерешекшелігі - көміртегіні 10 есе көп жұтып, сәйкесінше оттегіні де көп бөледі. Сондай-ақ, жапырақтарының да көлемі өте үлкен. Өздеріңіз көріп тұрғандай диаметрі 50 сантиметрге жетеді. Сондай-ақ, оның құрамында 20 пайызға жуық ақуыз бар. Оны малға қорек ретінде және дәрілік мақсатта қолдануға болады.
Дәл осы «Павловния» ағашы Алматылық биолог ғалымдардың қызығушылығын тудырып отыр. Себебі, қалада 3 миллионға жуық ағаш болса, оның төрттен бірі жарамсыз немесе қартайып, құрт түскен. Осы ретте, Қытай мен Шығыс Азия, Еуропа мен Америка елдерінде құнды бақша мәдениеті ретінде өсірілетін бұл ағашты Алматыда отырғызу мәселесі қолға алына бастаған. Одан бөлек, бұл жасыл желек зиянкестер мен құрттарға да өте төзімді келеді. Енді қаланың жасыл қорын қалпына келтіріп, экологияны жақсартуда үміт - павловнияда дейді табиғат жанашырлары.
«Саябақтарда белгілі бір ағаш түрлерінің құрамын көбейту үшін егуге болады. Одан қалды, басқа кез келген ағашпен салыстырғанда «Павловния» ағашы - экологияны тазалауда көмірқышқыл газын өзіне өте жақсы сіңіреді. Ол ең бір бүгінгі күнгі басты мәселе осы бізде», - деді Ж. Жиембаев атындағы өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері Гүлназ Меңдібаева.
Қазір жасыл желектің ерекше бұл түрі Алматыдағы Жазкен Жиембаев атындағы қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтында ғана өсіп тұр. Онда 29 ағаш бар. Тағы 340 жас көшетке зерттеулер жүргізілуде. Егер, павловния мегаполистің саябақтарына отырғызылса, ауа біршама тазарып, қалаға көрік берер еді.
Аяулым Көлжігіт, Арсен Сандыбаев,«Алматы» телеарнасы.
Наш сайт - www.almaty.tv/
Телеканал Алматы в социальных сетях:
1 канал KZbin - / almatyus
2 канал KZbin - / almatytvnews
Facebook RUS - / almaty.tv
Facebook KAZ - / almaty.tv.kaz
Twitter - / almaty_tv
instagram - / almaty.tv

Пікірлер: 34
@unknownmen3306
@unknownmen3306 2 жыл бұрын
Сендер енді байкап сынап жатырсыңдар! Ал халық жаппай өсіріп жатыр !үкіметтен ғылымнан ғалымнан халық озды!
@user-xy7qh4pl1l
@user-xy7qh4pl1l 2 жыл бұрын
Павловния ағашы тек құрылыста ғана емес адам денсаулығына да тигізер пайдасы мол экологиялық таза сондықтан қазақстанның барлық жеріне еккен дұрыс
@orkennurmuhamet3166
@orkennurmuhamet3166 4 ай бұрын
Ма ша Аллаһ керемет
@user-vx9we9fj1q
@user-vx9we9fj1q Жыл бұрын
Ассалаумағалейкум! Өте керемет!
@kz1309
@kz1309 2 жыл бұрын
Алла береке берсін бауырым
@daurenbakbergen9157
@daurenbakbergen9157 2 жыл бұрын
Берекесин берсин агайын
@ulyhan2046
@ulyhan2046 2 жыл бұрын
Осы павловния ағашын бүкіл Алматыға көптеп отырғызу қажет.
@user-xn2ej4wq1f
@user-xn2ej4wq1f 6 ай бұрын
👍👍👍👍
@user-qd3sr6xg3u
@user-qd3sr6xg3u 8 ай бұрын
Керемет
@Brooklyn709
@Brooklyn709 Жыл бұрын
Шырша еге бергенше тал ексеңдерші осындай. Ең болмаса көлеңке берер. Шыршадан құтыла алмай қалдық
@aidosshymkent2693
@aidosshymkent2693 Жыл бұрын
Біздің үкімет басшылардың диагнозы: шырша головного мозга
@user-lw9jt9ue1y
@user-lw9jt9ue1y Жыл бұрын
Осы ағашты темір жолдың бойына егіп тастаса қыста қар ұстайды,темір жолға едәуір көмек болар еді ауа райына да жақсы,әсіресе Арал өңіріне керек тал екен
@kkkkkk-yr1tf
@kkkkkk-yr1tf Жыл бұрын
су жоқ ғо ол жақта, бұл қымбат ағаш ұрлап кетеді
@user-gj8ce5th3m
@user-gj8ce5th3m Жыл бұрын
Мен де отырғыздым🤗
@user-vg7xl3vu6s
@user-vg7xl3vu6s 2 жыл бұрын
Озбекстанда дамып кеткен кошет коп ари арзан . Озм кордим мебел и баняга вагонка жасаса болар екенин. Кошети таможнядан алып оту кыин озбек жак ундемиди биз жак доля сураиды
@user-jo6rg7wt8h
@user-jo6rg7wt8h Жыл бұрын
Плустері көп екен. Енді минустары жайлы айтуыда керек.
@user-pl6og5lh8c
@user-pl6og5lh8c 2 жыл бұрын
Алматыда осирген мен 2жыл болды,3,4,5 жыл осирген Алматыда адам барма екен
@user-or9gr3rg6p
@user-or9gr3rg6p 10 ай бұрын
Ассаламагалаикум , көшетін сатасыз ба аулаға егеиін леп едим
@DaurenDauren-vp4xc
@DaurenDauren-vp4xc Ай бұрын
10метр деп айтып корсетпегени калай?халыкты неге алдайсындар?уят уят
@DaurenDauren-vp4xc
@DaurenDauren-vp4xc Ай бұрын
Алматы да кыс суык сол ушин коктемде астынан шыгады
@user-hx8hz6rb3x
@user-hx8hz6rb3x 2 жыл бұрын
Толық адресін бере аласыздар ма?
@user-or5bg1fc3d
@user-or5bg1fc3d Жыл бұрын
Тұқымы қайдан алуға болады қанша тұрады айтыңдаршы
@user-eg8rp6jg8c
@user-eg8rp6jg8c 9 ай бұрын
Интересно, вот увас павлония сколько лет ростет? В краснодаре подмерзает и почти не цветет. 1987 год.
@doldashdaldash2629
@doldashdaldash2629 2 жыл бұрын
Тукымын.кайдан.алуга.болады.
@user-wp6qv9ul9i
@user-wp6qv9ul9i 2 жыл бұрын
олекстен аласың
@unknownmen3306
@unknownmen3306 2 жыл бұрын
Алматыдан шымкенттен алуға болады
@user-xy7qh4pl1l
@user-xy7qh4pl1l 2 жыл бұрын
Көрші өзбекстанда эко замин фирмасымен сөйлесіп көріңіздер тұқымнан еккен әлсіз сынса қайтып шықпайды тамырдан шыққан көшет бақуат сынса буыннан қайтып шығады оларда қатты дамып жатыр
@SamsungJ-lf6si
@SamsungJ-lf6si 2 жыл бұрын
Менен
@user-it7oo3pz8v
@user-it7oo3pz8v Жыл бұрын
@@SamsungJ-lf6si калай сызден сатып алуға болады ?
@user-it7oo3pz8v
@user-it7oo3pz8v Жыл бұрын
По закон в Қазахстане запрещено выращивать Бамбук. Павловния этоодин из видов бамбука!!! Интересно куда смотрят власти?
@shaxmuratjalalov3256
@shaxmuratjalalov3256 Жыл бұрын
Бамбук это не павловния
@user-or5bg1fc3d
@user-or5bg1fc3d Жыл бұрын
Не оттап отыр мына қатын ағаш өсіруге болмайды дегенің сасқаның ба
ALL ABOUT PAULOWNIA. PAULOWNIA - A TREE EVERYONE SHOULD KNOW ABOUT!
23:28
Світлячок
Рет қаралды 1,8 МЛН
Каха и суп
00:39
К-Media
Рет қаралды 5 МЛН
Cat Corn?! 🙀 #cat #cute #catlover
00:54
Stocat
Рет қаралды 15 МЛН
마시멜로우로 체감되는 요즘 물가
00:20
진영민yeongmin
Рет қаралды 30 МЛН
ПАВЛОНИЯ АҒАШЫНЫҢ ПАЙДАСЫ МОЛ
6:44
ПАВЛОВНИЯ В УКРАИНЕ - ХАЛЯВЫ НЕ БУДЕТ!
14:44
Новое Село
Рет қаралды 438 М.
1 DAY 1 PROJECT: "Сады Amal Bio и Жетісу бақтары"
22:08
МАРГУЛАН СЕЙСЕМБАЙ
Рет қаралды 98 М.
Каха и суп
00:39
К-Media
Рет қаралды 5 МЛН