«Алтын Орда» базарында шу! Саудагерлер жайма базардың сүрілуіне қарсы бас көтерді

  Рет қаралды 21,322

Информбюро 31

Информбюро 31

Жыл бұрын

Алтын Орда базарында тағы шу шықты. Бұл жолы 400-ге жуық саудагер жайма базардың сүрілуіне қарсы. Басшылық жақын арада орынды босатуды талап етті дейді наразы топ. Базар сүріліп, құрылыс басталмақ. Алғашында көрші ғимараттан уақытша тегін орын береміз деген басшылардың уәдесі құр сөз болып шықты дейді кәсіпкерлер. Өйткені, 400 саудагердің бәріне орын жоқ, табыла қалса, жалдау құны екі-үш есе қымбат. Оған қоса, енді салынатын жаңа павильондағы сатылып жатқан орындардың бағасы 15 миллион теңгеден төмен емес. Барар жері, басар тауы қалмаған базардағылардың базынасын Азамат Қабетов тыңдап қайтқан еді.
«Бағана контролер келіп айтты, 2-3 күнде шығыңдар деп, қақпаны жабамыз деді. Не үшін шығамыз, орнымыз болмаса қайда барамыз?»
Далада қаламыз ба деп мазасы қашқандардың бірі - Қалбике Қаражанова. Жайма базардың бір бұрышын жалдап отырған саудагер жаңа ғимараттың салынуына қарсы. Алғашында, басшылық бұларға «уақытша көрші ғимаратта тегін тұрасыңдар» деп уәде берген көрінеді. Бірақ онда барсақ төменгі қабатта ешқандай тегін таппадық дейді. Себебі барлық сауда орындардың қожайындары бар екен. Кейін басшылық бұларға жаңадан салынатын павильоннан қазірден бастап орын сатып алуға болатынын айтқан.
ҚАЛБИКЕ ҚАРАЖАНОВА, саудагер:
- Сатып жатыр, басында бір орын 8 миллион деген, кейін 12 миллион, одан 15 миллионға шықты. Сатып алыңдар дейді. Біздің ақшамыз болса басқа жерден-ақ аламыз ғой. Неге түсінбейді?! Халықты ойлаймыз дейді, қане, халықты кім ойлап жатыр, айтыңдаршы?!
Жиналғандардың арасында миллиондаған ақшаға бірнеше орын сатып алғандар да бар. Басшылықпен келісімге келмекші болған кәсіпкерлер алдымен 1 жыл ішінде ақша жинап, жаңадан салынатын павильоннан орын алайық деп өтініш білдірген.
АЙНҰР АКМАЛИЕВА, кәсіпкер:
- Бұрынғы орнымызда тым болмаса 1 жыл тұрайық, ақша жинайық, цокольныйға 300 мың теңге бергенше, осы базарға төлейік десек, бұлар келіспей жатыр. Біз орын бердік қой, не керек сіздерге дейді, негізі орын жоқ!
Ал базар басшылығы саудагерлердің сөзін жоққа шығарды. Айтуынша, кәсіпкерлерді ешкім қумаған. Оның үстіне, 2-ші павильонда орын да бар деп отыр. Әзірге жайма базардағы 800 орынның 400-ін уақытша көшіреміз деген басшы көрші ғимараттан бұған дейін бутик сатып алған қожайындармен келісім жүріп жатқанын айтты. Ал бір жылда бой көтеретін жаңа павильонда 1000-ға жуық орын болады екен.
ЕРМЕК МАРҚАБАЕВ, «Алтын Орда» базарының атқарушы директоры
- Цокольныйда орындар бар, қожайындармен келісіп жатырмыз, келіспегендер өздері тауарларын кіргізіп жатыр. Осыған кіріп жайғаса беріңдер дедік. Ал ертең 3 күннен кейін жабылады деген өтірік, провокация. Біз оларға жағдай жасап жатырмыз, жылы жерде сауда жасаңдар деп, біз бұл жұмысты тоқтатпақ емеспіз, себебі базарды дамытудың бас жоспары бар.
Ешкімді әрі ысырып, бері тартып отырған жоқпыз деген басшы жұмыс кезең-кезеңімен іске асатынын жеткізді. Ал саудагерлер жаңа павильоннан орын алу да, көрші ғимараттан бутик жалдау да тиімсіз деп отыр.
Азамат Қабетов, Сергей Шуйский
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#АлтынОрда #наразылықтар

Пікірлер: 28
@nurzhanatk7787
@nurzhanatk7787 Жыл бұрын
Сүру керек.Саудагерлер табады орын,жылай бермесін.Ендігі байып та алды.Жабайы базар болып кетті. Оның үстіне ар жақта қаншама елді мекен бар.Жол көлік оқиғасына қиын.Қалаға келіп жұмыс істейтіндерге өте қиын Базар сүрілсін.Керек емес.Алматыда базар жеткілікті.
@user-tb7kn4bm6q
@user-tb7kn4bm6q Жыл бұрын
Все деньги у базаркомов!!! В тюлкубасском районе все депутаты базаркомы !
@user-sj2qe2jv9m
@user-sj2qe2jv9m Жыл бұрын
Саудагерге киын болды нанын тауып отырган халык кайда барады. Халыкка жаны ашымаиды басшылар отирик айтады
@user-fv1lc9pt5l
@user-fv1lc9pt5l Жыл бұрын
Мына директоры қырғызбане тілі қазақа келмидіғои
@user-iz6yx2dp9r
@user-iz6yx2dp9r Жыл бұрын
Иа
@user-no4jw5nw3d
@user-no4jw5nw3d Жыл бұрын
Бір бутик 12 миллион болды. Сонда қалай сатып аламыз.Сатып алмасаң базардың арендасы 100мың суб аренда 300мың ипп ы бар сонымен қалай кун кореміз.
@sez1m143
@sez1m143 Жыл бұрын
Тыныш жатқан жыланның құйрығын баса берудің керегі жоқ атылайын деп тұр онсызда
@user-yx9fk3xg9j
@user-yx9fk3xg9j Жыл бұрын
Мынау точно кыргызгой ак шаш
@user-my9js8iv2b
@user-my9js8iv2b Жыл бұрын
Ия қыргыздар көп .
@user-pp3xw6cl7o
@user-pp3xw6cl7o Жыл бұрын
Бул Алтын орда базарын тексеретин адамдар барма Ози базардын детекторы контролёри кыргыздаргой калай истеп жур биздин казактар жумыс таппай жургой казактарды алыуга болмайма
@user-yz4qp1yv4q
@user-yz4qp1yv4q Жыл бұрын
Базардың әдемі ,таза болғаны да жақсығой.
@Taiyr-rl8jo
@Taiyr-rl8jo Жыл бұрын
15 000 000.болса базарда жаурап не бар катырады екен
@xumarerjanova2436
@xumarerjanova2436 Жыл бұрын
2 күнде босатыңдар деген де болмайдығой адамгершілікке жатпайдв.Кредит бар бала шаға бар.Алды қыс айлары сауда азайады.Хотябы 4-5 ай уақыт беру керек.300 аренданы төлеу оңай емес.
@user-nv2kj4zc9u
@user-nv2kj4zc9u Жыл бұрын
Ақшаға тоймайтын басшылар екен
@user-mg2hz3fj8i
@user-mg2hz3fj8i Жыл бұрын
Базарден жана .желе. Таза болгане дурес .... казакестан дамуе кереккои....
@user-br2vw6hv1f
@user-br2vw6hv1f Жыл бұрын
Вовче көзін курту керек Алтын Орданы шу шыгады да жатады
@user-wz9cl2hq6k
@user-wz9cl2hq6k Жыл бұрын
Ешкім шыкпау керек орындарынан . Базардың басшыларын шеттерінен атыу керек
@nurzhanatk7787
@nurzhanatk7787 Жыл бұрын
Кісі өлтіру оңай екен.Ату керек"дегенің сұмдық екен.Украйнаға соғысқа бар.Еркін атасың.Ақымақ.
@user-cf8gi3ko8z
@user-cf8gi3ko8z Жыл бұрын
Озбекстаннын базарларын барып кориндер,базарлары оте таза. Алмасанда жеп корин дей береди саудегерлери😀👍
@user-qk2xz1wr5o
@user-qk2xz1wr5o Жыл бұрын
уа қалайық,алтын орданы райымбек көшесінің бойынан, кем дегенде 5-6 шақырымға көшіру керек,өмірлік азаптан, сүйтіп құтылған дұрыс.
@user-jy3km8yk8h
@user-jy3km8yk8h Жыл бұрын
Бага котерилип кететин болдыгой,жайма базар бар болганы дурыс,кейим арзан болады
@user-ur8bu8yz9l
@user-ur8bu8yz9l Жыл бұрын
Базар жаңарғаны жақсығо әйтбесе индия болып тура беред сыртай қарасаң
@user-hs7jx6hj8w
@user-hs7jx6hj8w Жыл бұрын
Зачем его сносит гонево
@user-bo4qb6ph5f
@user-bo4qb6ph5f Жыл бұрын
Маскара гой
@user-nk1yd2nz4o
@user-nk1yd2nz4o Жыл бұрын
Алыпсатарлар ма, саудагер ма,
@99_997
@99_997 Жыл бұрын
Пенсия көтерген сайын бағаларыңды көтердіңдер, қалай екен баға көтерген. Бағасын түсірші деп жылап тұрған қазаққа жауап бермей қайқайған едіңдер, көрңңдер, енді.
@user-pb9nl7ly7g
@user-pb9nl7ly7g Жыл бұрын
Новый базарын ортеп тастау керекқо сонда коттерин қызады мынау ак шаш
Главные новости Петербурга / 5 июня
21:37
Телеканал Санкт-Петербург
Рет қаралды 1,1 М.
Новости 18:30 от 5.06.2024
19:44
Евразия. НОВОСТИ
Рет қаралды 54 М.
Can you beat this impossible game?
00:13
LOL
Рет қаралды 51 МЛН
Super sport🤯
00:15
Lexa_Merin
Рет қаралды 20 МЛН
格斗裁判暴力执法!#fighting #shorts
00:15
武林之巅
Рет қаралды 97 МЛН
100❤️ #shorts #construction #mizumayuuki
00:18
MY💝No War🤝
Рет қаралды 20 МЛН
Қазақстанға енді келген Бизнес! Аяқкиім жуу кәсібі.
19:38
НОВОСТИ в 20:30 - 05 июня 2024
31:06
ОТС LIVE
Рет қаралды 1 М.
ПУТИН МЕН ТОҚАЕВ ШЫН ДОС ПА? / Әлем тынысы
40:07
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 114 М.
"Алтын Орда" базарын белгісіз топ басып алды
1:17
Телеканал Астана / Astana TV
Рет қаралды 4,1 М.
Can you beat this impossible game?
00:13
LOL
Рет қаралды 51 МЛН