Қандай шаттық сыйласам екен, Әлем нұрын жинасам ба екен. Ұл-қыздарың жаныңда ай-күн алақаныңда, Алтын тойың қанат қағуда. Ұл өсірдім сендерге қарап, Қыз өсірдім тұлымын тарап. Менің ғазиз мекенім Сенен үлгі етемін Қартаюдың өнер екенін. Қайырмасы: Шашылайын шұғылаң болып, Шырқа көңіл бүгін ән болып. Аман-есен жүрсеңдер екен, Бет түзейтін құбылан болып. Ақ қыраудай шашыңды көрем, Басын иген ғасырды көрем Бәрі сенің жеңісің, Бәрі сенің жемісің, Ұрпағыңа бақыт кенісің.
@АлтынайСмородина2 жыл бұрын
Керемет ән.Караокесін іздеп жүр едім👍👍👍👍
@Ако-тигрица7 ай бұрын
Алла қаласа Сүндет той жасағалы жатырмыз.Осы әнді өзім айтып шығамын деп отырмын ❤