No video

АМАНГЕЛДІ ИМАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 150 ЖЫЛ.

  Рет қаралды 1,425

Жумахан Чекаев

Жумахан Чекаев

Жыл бұрын

АМАНГЕЛДІ ИМАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 150 ЖЫЛ.
Торғай уезі, Қайдауыл болысының үшінші ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген Амангелді Үдербайұлы 1916 жылы орын алған Ұлт-азаттық көтерілістің басшысы болғаны тарихтан аян. Өзі батыр, мерген, ат құлағында ойнайтын дүлдүл және соңынан қол ерте білген басшы Амангелдінің атасы Иман батыр Қазақтың соңғы ханы Кенесарының белгілі әскербасының бірі болғанын тарих беттерін белгілі. 7 жасында әкесінен, 12 жасында шешесінен айырылған Амангелді батыр жастайынан жетімдік көрген. 12 жасына дейін ауыл мектебінде, кейін төрт жыл медреседе оқып, түрік, парсы, араб тілдерін үйренген. Оның балалық шағы әйгілі Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі белсене жүргізіліп жатқан кезеңмен тұспатұс келеді.Қазіргі таңда Қазақстанның әр аумағында Амангелді деп аталатын ауылдар көп. Сондай ауылдың бірі Шу ауданы, Алға ауылдық округіне қарасты Амангелді ауылы. Дәл осы ауылда батырдың атын иемденген мектеп пен мешіт бар. Сонау Торғай даласын мекендеген қалың қыпшақ руының бір ауылының шұрайлы Шу өңіріне қоныстануының да өзіндік тарихы бар. Амангелді атындағы колхоз аудан орталығынан 8 шақырым қашықтықта, Шу теміржол станциясына 2 шақырым жақын жерде орналасқан. Атаулы елді мекенге 1938 жылдан бастап халық батыры Амангелді Имановтың есімі берілген. Осы елін қорғаған қазақ халқының батыры Амангелді Үдербайұлы Имановтың туғанына тура 150 жыл толады. Бабасын қастерлеген ұрпағы ауылдық мешітке және 300 орындық білім ошағына батырдың атын беруге мұрындық болған. Амангелді Имановтың 150 жылдығына орай Шу ауданы білім бөлімінің "Амангелді атындағы орта мектебі","Батыр ерлігі ұрпаққа үлгі" атты тағлымды кеш өткізді. Бұл атаулы шараның түпкі мақсаты Қазақ халқы үшін отаршылдыққа қарсы күрескен Амангелдінің батырлығын бағалай білуге тәрбиелеуге, өз елін, жерін қадірлейтін азаматтық тұлғаны қалыптастыру, бүгінгі ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялату болып табылады. Бұл шараға Шу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы бастаған аудан және атаулы мектеп ардагерлері мен ауыл тұғындары қатысты. Ал, "Амангелді атындағы орта мектебінің" ұйымдастыруымен сахналық көріністер мен концеттік бағдарламаға жалғасты. Шара барысында алғы сөзді мектеп директоры Қалдыгүл Бабасова ашып құттықтау сөз сөйлесе, келген қонақтарға да сөс кезегі тиді. Ауданымызға белгілі айтыскер ақын Базарбай Асқартегі арнау арнап бұл шараны қызықтыра түсті. Жиын соңында "Атадан мал қалғанша тал қалсын" деген қанатты сөзді алдыға тартқан мектеп ұжымы атаулы шараға байланысты 150 түп қылқан жапырақты сәндік ағаштар отырғызумен аяқтады.

Пікірлер: 15
@art_kz1471
@art_kz1471 7 ай бұрын
Амангелді атамыздың Аруағы қолдасын сіздерді 🤲🤲🤲 🐎🐎🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🌞
@arttv7071
@arttv7071 7 ай бұрын
Аманкелді атамыздың Аруағы қолдасын бәрімізді!🤲🤲🤲👍👍👍👍👍👍👍💯💯💯💯💯💯💯💯💓💙💓
@arttv7071
@arttv7071 7 ай бұрын
Күшті, әдемі концерт өтіпті. Ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз ❤❤❤
@art_kz1471
@art_kz1471 7 ай бұрын
Ескерткіш орнатсаңыздар үлкен Алғысымызды білдіреміз. 🐎🐎🐎🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🌞, Алматыдан арнайы барып қайтамыз. ❤
@akks5886
@akks5886 Жыл бұрын
Бауырларға мың алғыс,. " Жастардан мал мен жан садаға" - деп бастарын өлімге тігіп Ақ патшаны құлатқан от жүректі қыпшақтар рухы қолдасын!
@arttv7071
@arttv7071 7 ай бұрын
Аманкелді атамыздың Аруағын құрметтеп Осындай керемет мерекелік іс-шаралар жасағандарыңыз үшін Батырдың ұрпақтары атынан үлкен Алғысымызды білдіреміз! Еңбектеріңіз жана берсін! Берекелі, мерекелі бола беріңіздер! Қуаныштымыз! 🙋‍♀️👏👏👏👏👏👏🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🙏🙏🙏🙏🙏🙏💞💕💞💓💗💖❤
@user-dx2ht4ts4d
@user-dx2ht4ts4d Жыл бұрын
Ауылым алтын бесігім, ең алғашқы мектепке барған кезім есіме түсіп кетті. Осындай мектепке шара ұйымдастыруларыңызға Рахмет. Амангелді Иманов атамыздың 150 жылдығы құтты болсын.
@akks5886
@akks5886 Жыл бұрын
"Жастардан мал мен жан садаға " - ұлт азаттық соғыстың ұраны.
@user-ch4ks3mk8u
@user-ch4ks3mk8u Жыл бұрын
Амангелді атамыздың 150 жылдығы құтты болсын ! Жас ұрпақ үшін нағыз батылдық пен ерліктің өнегесі ! Елім деп, жерім деп, халқының болашағы үшін өз өмірін арнаған қазақтың Амангелді батыры әрқашан да елі мен жастардың есімінде !!
@kambarseid5646
@kambarseid5646 Жыл бұрын
Алға ауылындағы ағайындарға көп рахмет! Осындай іс шара атқарғандарына.
@user-im1vh9ug5b
@user-im1vh9ug5b Жыл бұрын
Амангелді Иманов атамыздың 150- жылдық айтулы думанды дүбірлі туылған күні тойы құтты болсын!
@arttv7071
@arttv7071 7 ай бұрын
Ескерткіш орнатып жатсаңыздар Алматыдан арнайы барамыз. Оған шейін Батырлан ағам Аман-есен болсын деп тілеймін. 🤲🤲🤲🤲
@art_kz1471
@art_kz1471 7 ай бұрын
👍👍👍💯💯💯💯💪💪💪💪💪💪💪🥰🥰🥰🥰
@art_kz1471
@art_kz1471 7 ай бұрын
Амангелді Имановтың ұрпақтары атынан үлкен Алғысымызды білдіреміз. ❤❤❤❤❤ Мына ақын кісінің аты-жөнін жазып жібересіздер ма?
IQ Level: 10000
00:10
Younes Zarou
Рет қаралды 14 МЛН
SPILLED CHOCKY MILK PRANK ON BROTHER 😂 #shorts
00:12
Savage Vlogs
Рет қаралды 45 МЛН
Look at two different videos 😁 @karina-kola
00:11
Andrey Grechka
Рет қаралды 13 МЛН
Can This Bubble Save My Life? 😱
00:55
Topper Guild
Рет қаралды 51 МЛН
ӘКЕГЕ САҒЫНЫШ //  қызы Алтынайдан.
3:07
Дәулет Өмірбаев
Рет қаралды 176
Ұмытпаймыз. Тынышбай Рақымды еске алу
26:34
Abai TV / Абай TV
Рет қаралды 17 М.
Гимнастика для шеи доктора А.Ю. Шишонина (без музыки)
20:58
Клиника доктора Шишонина
Рет қаралды 73 МЛН
Ринат Зайытов айтыс сахнасына қашан оралады?
13:46
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 43 М.
Жарық 90 - жас
5:24
Zhainar Darkembayev
Рет қаралды 3,4 М.
IQ Level: 10000
00:10
Younes Zarou
Рет қаралды 14 МЛН