Анасын іздеген ұл.

  Рет қаралды 10,645

Сан түрлі тағдыр

Сан түрлі тағдыр

18 күн бұрын

К Е Р Е М Е Т !
БОЛҒАН ОҚИҒА...
ОҚЫСАҢЫЗ БАС АЛМАЙ,
КӨЗІҢІЗГЕ ЖАС АЛМАЙ
ОҚУ МҮМКІН ЕМЕС!
🙋🫂 АНАСЫН ІЗДЕГЕН ҰЛ
- Менің анамды көрдіңіз бе? Ол қорғансыз болатын. Одан әкем мені тартып алып, қаңғытып жіберіпті, Қазақстанда деп естіп іздеп келемін,- деді бозбала.
Олар Түркиядан ұшып келе жатты. Жанындағы әкесі бір кездегі қатігездігінен Құдайдың қаһарына ұшыраған ба, арбаға таңылыпты. Мүгедек демесең - тап-таза киінген, келбетті, сырбаздығы сыртына теуіп сызданады.
Қос дөңгелекті арба, ұшақтың бизнес-класс бөлімінің кең алаңқайында тұрды. Еркектің белінен төменгі жағы қара барқыт матамен оралған. Баласы жанындағы орындықта. Әкесіне анда-санда бірдеңе деп тіл қатып, әлденені түсіндірген болады. Ал, ол ұзақ жолда өздігінен бір тіл қатпады-ау, сабазың. Кейін білдім, тілі жоқ екен. Құлағы естиді. Газет қарап, кітап оқып келді.
Мен баланың оң жағында отырдым. Ұшақтағы бес сағаттық аспан жолында бұрыннан таныс адамдардай тіл табысып кеттік. Алдымен жөн сұрастық. Одан Қазақстан мен Түркия жайында пікір алмастық. Бозбаланың тілі қазақшаға жатық. Өзі кісі жатырқамайтын ашық, аңқылдаған ақкөңіл екен. Парижде Сорбонна университетінде оқиды. Француз, ағылшын, неміс, түрік, орыс тілдерінде еркін сөйлеймін. Ана тілімді сүйемін! деді. Есіме өз туған топырағында тұрып ана тілінде сөйлей алмайтындар түсті. Мына оғланға деген құрметім шексіз болды. Киім киісі еуропаша болғанымен, кескін-келбеті қазақ жігітінің сұлтаны екендігін көрсетеді. Ана отырған әкесінің жас кезіндегі көшірмесі. Сөйлегенде тілі майда, білімі терең. Менің ұлым болса ғой, шіркін!- деп әр қазақтың әйелі армандайтындай ұл. Айтуынша, анасынан туа сала тірідей айырылып, есі кіргенде өзі іздеп келеді. Алланың сорлы әйелге осындай саналы ұл бергеніне шүкір! Қазақстанның қай түпкірінде екен, алыста қалған ұлын аңсап жүрегі қарс айрылып жүр ме екен, өзі тірі ме екен,- деп ойлап қойдым.
- Апай, маған анамды табуға көмектесесіз бе?! Менің анам сізге ұқсайтын сияқты. Ес біліп, анамды іздей бастағаннан қазақтың әйелі дегендерге сағынышпен қараймын, анама бір ұқсастық іздеймін. Әлі күнге ешқайсысы дәл сіздей жақын әрі жылы көрінбеді. Сізді әуежайдағы шетелдік төлқұжат тексерген жерде байқадым. Көрдім де қалт тұрып қалдым. Жүрегім осы сенің анаң дегендей қатты-қатты соқты. Сіздің балаларыңызға қазақша сөйлеген дауысыңызды естіп жүрегім елжіреді. Мендегі анаға деген сағыныш, аңсау алқымыма тығылып, тас түйін болып қалды. Жанарыма ыстық жас келді...
Әкеме менің анама ұқсайма, жаныма жақын көрініп тұр дедім. «Иә, сенің анаң осы кісі қатарлы шығар. Мен көрмегелі де ширек ғасыр болды ғой. Аман болса, осындай қартаяр еді»,-дегендей сізге қарап таңырқап қалды. Айтуға тіл жоқ, жанарымен ұқтырды.
- Екеуміз ұзақ жылдар сақтап келе жатқан анамның жас кезіндегі жалғыз суретін алып қарадық,- деп маған төс қалтасынан өте бір қымбат затты ұсынғандай қара-ақ түсті ескіріп қалған кәртішкені шығарып ұсынды. Жапон әншісі Мирэй Матьеден басталған sessun шаш қою үлгісіндегі менің заманымның бойжеткені маған қарап тұрды. Ақ жағасының шеті шілтерленген. Киім үлгісі өткен ғасырдың сексенінші жылдарының аяғынан хабар береді. Аялы қоңыр көздері жуас, жаратылысы момын адам екендігін танытады. Тәмпіш мұрны да мінезінің тік, бірбеткей емес - жұмсақ жаратылыс иесі екендігін сездіреді. «Мынау бір момын байқұс қой, сонысынан ұлынан айырылып жүрген шығар. Мына кінәзсымақтың отырысы жаман, тартып алған шығар»,- деген ой келіп, мүгедек болса да жақтырмай қарадым.
«Ол қорғансыз болатын. Әкемнің туыстары қаңғытып жіберіпті. Қазақстанда деп естіп іздеп келемін. Құдайдың кездестіргені шығар, сізді бірден анама ұқсаттым. Біз жолға жиналғалы үш жыл болды. Бірақ сәті биыл, әрі осы жолы түсті. Әрі сіз де бірден анам сияқты көрініп кеттіңіз!»,- деп жан-дүниесімен ақтарылған жігітке менің шынымен көмектескім келді. «Құдай бізді тегін кездестірмеген шығар. Мына баланы анасымен табыстырып сауабын алайын. Байқұс әйелге ұлын таптырып алып қаңғытып жіберген ана мақұлықтың абыройын төгейік»,- деп бар ықыласыммен әйелді іздеуге араласайын деп шештім.
Әңгімені соңына дейн тыңдайық құрметті менім тыңдармандарым Арнама Тіркеліп қазақша каналдың дамуына үлес қоса отырыңыздар #аудиокітап әсерлі әңгімелер жинағы

Пікірлер: 21
@user-qm7zf3nu1j
@user-qm7zf3nu1j 10 күн бұрын
Әңгімеңіз әсерлі екен, көп рахмет, көзге жас алмай тыңдау мүмкін емес. Тамаша арты жақсы ана мен бала қосылған соң, болды.
@San_turli_tagdir
@San_turli_tagdir 10 күн бұрын
Сәлеметсізбе құрметті тыңдарманым ұнағанына сізге қуаныштымын 🥰💓
@user-ur9xm6yq8k
@user-ur9xm6yq8k 9 күн бұрын
​@@San_turli_tagdirх
@Zhalgasbaevaaa80
@Zhalgasbaevaaa80 16 күн бұрын
Өте керемет әңгіме екен жарайсың
@user-ov5cb9uu1z
@user-ov5cb9uu1z 5 күн бұрын
Ангиме асерли екен тағыда осындай ангимелер оқып берген кызым
@user-fy7bl3lh7r
@user-fy7bl3lh7r 6 күн бұрын
Жалғасв қайда Өте әсерлі әңгіме екен
@user-ov9sg5pf4n
@user-ov9sg5pf4n 16 күн бұрын
Кызым ангимен жаксы екенн
@Okigalar7
@Okigalar7 16 күн бұрын
Керемет әңгіме екен дами беріңіз😊
@San_turli_tagdir
@San_turli_tagdir 16 күн бұрын
Салеметсизбе құрметті тыңдарман әумин айтқаныңыз келсін🥰🤲
@marjanrahimbaeva5965
@marjanrahimbaeva5965 9 күн бұрын
РАХМЕТ. БІРАҚТА ЕНДІ ӘҢГІМЕ ОҚЫМАЙАҚ ҚОЙШЫ ДҰРЫС ОҚИ АЛМАДЫҢ БІРНЕШЕ РЕТ ОҚЫП ДАЙЫНДАЛЫП СОДАН КЕЙІН ХАЛЫҚҚА ЖІБЕРУ КЕРЕК НЕ МЫНАУ 1.СЫНЫПТЫҢ ОҚУШЫСЫ ҚҰСАП ӘҢГІМЕ ӘСЕЛІ ЕКЕН ОҚУ. НАШАР СОЛАЙ
@omirdinozi
@omirdinozi 15 күн бұрын
*өмір деген ешкімді аямас*
@user-bm1kh6py4r
@user-bm1kh6py4r 10 күн бұрын
МирейМатье жапон емес франзуженка
@user-ol3xv1nt5s
@user-ol3xv1nt5s 9 күн бұрын
Күйеуі кең пейілді қазақ , жылқысын сойып қуанып қарсы алғанын қарашы.Сондай мінезі үшін таңдаған ғой анасы.Баласын қуанып қарсы алып нағыз қазақ екенін танытты ау.Бақытын өз қазағынан тапқан екен.Ұлы табылып жүрегі орнына түст іау
@San_turli_tagdir
@San_turli_tagdir 9 күн бұрын
Салеметсизбе құрметті тыңдарманым ия кең ашық халықпызғой 🥰🤗💓
@meruerttaxirova9460
@meruerttaxirova9460 16 күн бұрын
жалгасы барма
@San_turli_tagdir
@San_turli_tagdir 16 күн бұрын
Сәлеметсізбе жалғасы қәзірге жоқ но ізденіп карайын құрметті тыңдарман
@omirdinozi
@omirdinozi 15 күн бұрын
*өте әсерлі әңгіме екен*
@user-sr2ze9zi9v
@user-sr2ze9zi9v 12 күн бұрын
Анасын тауып берген адамдарға мын алғыс дүние тұрғанша турсын 😥😥😥😘😘😘😘
@user-db3xe8wk7p
@user-db3xe8wk7p 10 күн бұрын
Тебіренбей тыңдау мүмкін емес.Ана мен бала .Толғанайдың екінші күйеуі адамгершілігі бар адам болды ғой.Табысыпты ау әйтеур.Табыса алмағандары қаншама десейш.Белгияға сатылып кеткен кішкентай бөбек Жәнібекте ат жалын тартып Қазақ елі туған жеріне анасын іздеп келіп таппай кетіп еді.Тауып қауышсын деп тілейік
@raxat_yt
@raxat_yt 9 күн бұрын
Оте керемет ангиме екен
Қазақша Әңгімелер Аудиокітабы 2024
26:26
Сан түрлі тағдыр
Рет қаралды 869
🇮🇩Let’s go! Bali in Indonesia! 5GX Bali
00:44
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 31 МЛН
ISSEI funny story😂😂😂Strange World | Magic Lips💋
00:36
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 191 МЛН
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 5 СЕРИЯ
27:21
Inter Production
Рет қаралды 549 М.
Уақиға сүресі тыңдап жүріңіздер.
12:08
Жулдыз
Рет қаралды 12 М.
Су перісі ме деп қалдым… КӨРІПКЕЛ.
1:18:08
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 99 М.
Құпиямды 30 жыл сақтап келдім🥹ӘСЕРЛІ ӘҢГІМЕ
2:01:32
Әсерлі әңгімелер
Рет қаралды 174 М.
🇮🇩Let’s go! Bali in Indonesia! 5GX Bali
00:44
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 31 МЛН