Жантүршігерлік Жағдай Қан Төгілді - Путин Уәдесінде Тұрмады! АҚШ Санкция Салып...

  Рет қаралды 483,686

BILGEN DURYS

BILGEN DURYS

Жыл бұрын

Бәріңізге Ассалаумағалейкум!

“Ядролық қарусыз әлем құрамыз”- деп сайраған Назарбаев, 1995 жылы расыменде ядролық қаруды сақтап қалғысы келді ме?
Егер Қазақстан ядролық қарудан бастартпағанда, Солтүстік Кореяның күйін кешер ме еді?
Ядролық қарудың орнына, біз не алдық?
Бүгінгі Қазақстан, ядролық қаруды жасай алады ма?
Жаздың жайдарлы күнінде, біз жоғарыда айтылып кеткен сұрақтарға, жауап іздейтін боламыз.
Кеңестік қызыл империя, тарих сахнасынан табанын жалтыратқаннан соң, Қазақстан әрқайсысы 600-ден, 2500 км-ге дейін ұшатын ядролық ракеталарды алып жүретін, Ту-95 стратегиялық бомбалағыштарына ие болды. “Құдай берем десе форточкадан-ақ бере салады” деген рас екен. Ол ұшақтар Шығыс Қазақстандағы Жаңғыз-Төбе мен Шаған өңірлеріндегі, әскери аэродромдарда орналасты.
1992 жылғы Лиссабон протоколы бойынша, Қазақстан ядролық арсеналдан бас тарта бастады. 1994 жылы Қазақстаннан, ресми түрде мұраға қалған, қырық Ту-95ЭМЭС стратегиялық бомбалағышы мен сол ұшақтар қаруланған, Ха-55 деп аталатын 240 ракета, келісім бойынша Ресейге жіберілді. Ха-55 зымыраны жайлы қысқаша айтататын болсақ:
Ха-55 ракеталары 2500 км-ге дейін ұшуға қабілетті зымыран. Түсінікті тілмен жеткізейік. Егерде Қазақстан осы зымырандармен оны тасымалдаушы Ту-95ЭМЭС ұшақтарынан бас тартпағанда, сонау Қытайдың астанасы Бейжіңге, ядролық соққы бере алатын еді. Бейжіңге түскен әрбір Ха-55 ракетасы, теориялық тұрғыда, екі-екі жарым миллион Қытайлыққа, о дүниеге жеткізетін тегін жолдама сыйлар еді.
Сонымен 40 ұшақ пен 240 ракета Қазақстаннан шығарылғаннан соң, Батыс елдері мен Ресей “Үффф, бұны да шештік-ау” десті. Алайда осы жағдайдан кейін, араға жыл салып, 1995 жылдың 23-ші наурызы күні, Халықаралық комиссия, кезінде Ту-95 ұшақтары орналасқан, Шаған аэродромына тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында , Қазақстан тарапы жарияламаған, Ту-95 ұшақтарының 7 данасы бар болып шықты. Мәселеге мұқият қарайтын болсақ, осы жеті Ту-95, жоғарыда айтылған Ту-95ЭМЭС ұшақтары емес, олардың ескі “Ту-95 КА” деп аталатын нұсқасы екен. Алайда бұл ұшақтың өзі Ха-20 деп аталатын, 600 шақырымға ұшатын, ядролық ракетаны алып жүре алатын. Бұл ұшақтарды Қазақстан өзіне сақтау үшін, әдейі жасырып қалды ма, әлде байқаусыздықтан болды ма, ол жағы белгісіз.
Айтпақшы, жоғарыда айтылып кеткен оқиғалардан бұрын, 1992 жылы Орыстар бізді, жүз сексен градусқа шыр айналдырып, алдап кетті. 1992 жылдың ақпан-наурыз айларында, Ресейлік ұшқыштар, Қазақстанда болып жатқан күрделі кезеңді пайдаланып, он сегіз Ту-95ЭМЭС бомбалағыштарын, ескірген Ту-95Ка-ға ауыстырды. Осы оқиғаны Қазақстан өкіметі кеш білді. Жағдайды білгеннен кейін, сол кездегі қорғаныс министрлігі “Әкеңнің аузы...на ақ май” деп, ұшақтарды сақтап қалмақшы болған полковник Байжігітовқа алғыс айтып, іске кіріседі. Өкінішке орай орыстар, соңғы үш Ту-95ЭМЭС ұшақтарын Ресейге алып кетіп үлгереді.
Қазақстан қысқада нұсқа айтқанда,1400-ге тарта ядролық оқтұмсық пен 370 қанатты ракета 40 бомбалағыштан бастартты. Ал енді “Біз өзімізше крутой болып, ядролық қарудан бас тартпағанда не болар еді? ”деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Тоқсан бірінші жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі, жиырма төрт миллиард долларды құрады. Ал Кеңестер одағынан мұраға қалған ядролық арсеналды, бір жылға күтіп-баптау үшін, орта есеппен он-он бес миллиард доллар көлемінде қаражат кетеді. Сандармен гәпіргеннен гөрі, жалпақ тілмен жеткізейін. Қазақстан ядролық арсеналды толыққанды күтіп-баптау үшін, білім мен денсаулық сақтау саласына кететін шығындарды, қосқаннан да көп қаражат жұмсауы шарт. “Тоқтай тұр, тоқсаныншы жылдары Муаммар Каддафи мен Ясыр Арафат бастаған, араб елдері Қазақстанға миллиардтаған доллар ұсынды емес пе?” деген ой, бірәз көрерменнің санасына келген шығар. Иә 1992 жылы, Муаммар Каддафи, Қазақстанды ядролық қарудан бас тартпауға шақырды. Бірақ бұл әрекеттің де өзіндік салдары болар еді. “Сыйға сый, сыраға фисташки” дегендей, арабтар бізді қаржыландырғандықтан, өз мамандарын, біздегі ядролық нысандарға енгізіп, ядролық оқтұмсықтардың жасалу технологиясын зерттер еді. Бұлай деуіміздің басты себебі, сол мезгілде, Арабтардың қаржыландыруымен, Пәкістан елі де ядролық қару жасап жатқан болатын. Арабтардың әсіресе Ливияның, ядролық технологияларға бір табан жақындауы, бірінші кезекте Батыс елдеріне ұнамайды. Соңында олар “Уау ядролық қаруың құтты болсын!” дей келе, Қазақстанға тонналаған санкцияларды, көрімдік ретінде атап жібереді. Ашық деректерге сүйенсек, Қазақстан шет елден соңғы 30 жылда, 350 миллиард доллар инвестиция алыпты. Олардың 70 пайызы, Батыс елдеріне тиесілі. Демек біз, Арабтар ұсынған бірнеше миллиард долларға еріп, жүздеген миллиард қаражаттан қағылар едік. толығырақ Видеода...

Пікірлер: 800
ТҰЛПАРДЫ ТЕЗЕГІНЕН ТАНИТЫН ҚАНАЙ СЫНШЫ (аңыз)
13:10
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 526 М.
Мирас Жугунусов - Кеш (клип премьерасы)
3:54
Fear of Parents 😱😱😱
0:50
dednahype
Рет қаралды 19 МЛН
ВКУСНЯТИНА! #shorts
0:38
Аленка-хулиганка
Рет қаралды 3,8 МЛН
Қыз бен жігіттің супер айтысы
28:25
JANAIDAR BOLATBEKULY
Рет қаралды 772 М.
МИТИНГТЕН КЕЙІНГІ ҮНДЕУ
33:26
El TIREGI ONLINE
Рет қаралды 109 М.