Жантөре - Шалқыма. Орындаған: Күй қағаны Рысбай Ғабдиев

  Рет қаралды 47,541

Zhanibek Zhamiyev

Zhanibek Zhamiyev

Күн бұрын

Пікірлер: 52
@ИсламМықтыбаев
@ИсламМықтыбаев Ай бұрын
Қазіргі орындаушыларға осындай таза тарту керек
@seke7042
@seke7042 Ай бұрын
күйшілердің күйшісі!
@qaharmansagyndyqoglu3130
@qaharmansagyndyqoglu3130 2 күн бұрын
Қаған десе қаған еді-ау! Виртуоз
@sunny_life6244
@sunny_life6244 Жыл бұрын
Шіркін! Шалқыма десе шалқыма екен мына күй! Не деген орындаушылық шеберлік! Не деген техника! Оң қолы мен сол қолы бір-біріне тең екен. Еш қиналмастан жорғалатып ойнап шықты. Бір өзі бір оркестрге пара-пар. Шіркін! Қазаққа күй деген құдіретті Жаратқан аямай бере салған екен. Рухыңды асқақтатып жібереді. Мұндайды түн батқанда естіп алған соң қайдағы ұйқы? ❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤
@kalifornya6486
@kalifornya6486 3 жыл бұрын
Рысбай Ғабдиев - барлық күйді жұмсақ буынмен төгілтіп ойнайды. Домбыраның шанағын ретсіз қаға бермейді. Керемет!👏
@МусиркепАлимжанов-в8ы
@МусиркепАлимжанов-в8ы Ай бұрын
Ғажап!
@АлдабергенМухан
@АлдабергенМухан Жыл бұрын
Осындай күйлерді тыңдағанда мына кең далаға самай кетем!!!
@АсельБайтурова-с9е
@АсельБайтурова-с9е 9 ай бұрын
Ал мен осы күйді тыңдасам шайқаста жүрген дей боп сезінемін😊
@МерейМеделхан
@МерейМеделхан 2 жыл бұрын
Не деген шеберлік, тума талант, табиғатынан берілген дарындылық.
@БалжанБоханова
@БалжанБоханова Жыл бұрын
Кайран дүлділім ай орның жәнната болғай
@Comingwings
@Comingwings Жыл бұрын
Па шіркін, қандай шеберлік, керемет күй.
@ЫрзабекАлимбаев
@ЫрзабекАлимбаев 3 жыл бұрын
Осы ағамыздың ізін қуған, ізбасарлары көп болғаи.
@КуттыбекБахсихович
@КуттыбекБахсихович 2 жыл бұрын
батыстын арыстан куишісі рысбай ага жаныныз жаннатта болсын
@АйнурЖумаганбетова-с3п
@АйнурЖумаганбетова-с3п Жыл бұрын
Бұл кісі қашан қайтты?
@paydaline_ai
@paydaline_ai 5 ай бұрын
@@АйнурЖумаганбетова-с3п 2004 жылы
@Halykuni
@Halykuni 2 жыл бұрын
Пах шіркін.Рухты шарықтатып жібереді екен.Күйде тылсым бір сыр бар.Пай,пай күйші қандай,күйі қандай десеңізші.
@АйсаулеМаулекенова
@АйсаулеМаулекенова 2 жыл бұрын
Мықты,мықты.👍👏👏👏
@БалжанБоханова
@БалжанБоханова Жыл бұрын
Қайранж дүлділ рсысб Каййран дүлділ Рысбек бауырым ай жатқан жерің жәннатта болсын
@АманкелдиДаданбаев-п5ж
@АманкелдиДаданбаев-п5ж 3 ай бұрын
Абыз күйші осы заманның Құрманғазысы ТАТТІМБЕТІ
@БакытбекКурумбаев
@БакытбекКурумбаев 3 жыл бұрын
Нағыз шебер орындау!
@kisasamurat1148
@kisasamurat1148 3 жыл бұрын
Алпыс неше жаска келип мындай шеберликпен Тарту деген сумдык ,алпыс жаска жакындаганда коптеген куйшилер шеберлик денгейин томендейди деп естушедик,дегенмен кудай берген таланыт,он колындагы екинши саусакпен ,басбармакта бир табигый куш бар ,еркеше енди,
@beksultan5192
@beksultan5192 3 жыл бұрын
өте дұрыс айтасыз
@lionspqr1613
@lionspqr1613 3 жыл бұрын
Өте жоғары дәрежеде домбыра шертеді
@ҚазақЖігіті-д1ч
@ҚазақЖігіті-д1ч 3 жыл бұрын
Пах шіркін недеген тартыс!
@bahttiar996avld5
@bahttiar996avld5 2 жыл бұрын
тап осы калыпта шалкыманы ешким тартпайды ау, коби баскаша тартады
@АманкелдиДаданбаев-п5ж
@АманкелдиДаданбаев-п5ж 3 ай бұрын
Басқа күйшілер домбыраны сабалай береді
@bahafestivall6333
@bahafestivall6333 2 жыл бұрын
керемет, куй қағаны деген атаққа лайық кісіғой
@aigerimatauova2435
@aigerimatauova2435 2 жыл бұрын
Сауырынан су төгілмес жорғадай былқылдатып келіп, сәйгүліктей арындап төгіп-төгіп жібереді, нағыз шыңына жеткен шебер, домбырамен біте қайнасқан маэстро.
@mdimkaaa476
@mdimkaaa476 3 жыл бұрын
Шыны керек дәл осылай ешкім қайталай алған жоқ
@letsplay7436
@letsplay7436 3 жыл бұрын
Иә,қосыламын,мықты ғой шіркін!
@rasulmusa5879
@rasulmusa5879 3 жыл бұрын
Батыржан Мықтыбаев деген күйші келеді Рысбай ағамызға қол алысы!
@kalifornya6486
@kalifornya6486 2 жыл бұрын
@@rasulmusa5879 шәкірті ғой ағаның
@ҚалмаханОмар
@ҚалмаханОмар Жыл бұрын
ГЕНИЙ!!!
@bahttiar996avld5
@bahttiar996avld5 2 жыл бұрын
куй тартқыштардын ишиндегы ең улысы!
@Zz-xw4ih
@Zz-xw4ih 3 жыл бұрын
Керемет
@ОралбекАбылайхан
@ОралбекАбылайхан Жыл бұрын
Пах шіркін не деген техника
@9galimova
@9galimova 2 жыл бұрын
Тамаша💐💐💐
@ЖаппанЖаппан
@ЖаппанЖаппан 2 жыл бұрын
Айтатын сөз жокко, керемет👍👍👍
@armanzhanabaev9071
@armanzhanabaev9071 3 жыл бұрын
Күй қағаны Рысбай аға күй тартқанда домбыра өзі сөйлей жөнеледі
@ansarnassipbekov
@ansarnassipbekov 2 жыл бұрын
Керемет
@tbe58
@tbe58 2 жыл бұрын
Пай-пай!
@МаргуланУндасын
@МаргуланУндасын 3 жыл бұрын
Оң қолдағы 2ші саусақтын күшін айтсаншы мықты
@magabey4635
@magabey4635 3 жыл бұрын
Тамаша😍
@qaharmansagyndyqoglu3130
@qaharmansagyndyqoglu3130 2 күн бұрын
Скрипкада Паганини болса, домбырада Рысбай!
@ЕрланЖанғазиев
@ЕрланЖанғазиев 7 ай бұрын
Бұл кісіні 1986жылы көргем Құрманғазының 180жылдығы деген шақыртумен арнайы Орал пединститутына Гурьевтен (ол кезде Гурьев)келді. Лектор Құрманғазының өмірбаянын айта келіп оның күйлеріне кезек бергенде осы кісі шығып күй тартты.Сұмдық болды.Теледидардан радиодан естіген бір басқа,"тірілей" көріп тыңдаған бір басқа.Теледидар,телефон, радио дегендер музыка әсерін толық бере алмайды,бірдеңесін "жеп" қояды. Мына кісі домбыра тарта жөнелгенде зал сілтідей тынды,бәріміз есімізден тандық.Күй ойналып біткен соң жұрт сұрақ қоя бастады,көбінің сұрағандары домбыраны қашаннан тарттыңыз ,кімнен үйрендіңіз деген сияқты жеке басына қойылған сұрақтар болды,Құрманғазы мүлде жайына қалды,әңгіме тек осы кісінің жеке өзінің орындаушылығы жөнінде ғана болды.Домбыра ойнауымен жұртты арбап тастады.Бұл кісі тартқанда домбыра кәдімгідей сөйлей жөнеледі десе болғандай,тартысында бір мін жоқ.Екі шекті кезек сөйлетеді. Дәл мұндай домбырашыны содан кейін көрмедім. Өзінің айтқан әңгімесінде домбыраны қашан ұстағаным есімде жоқ шамасы 4жаста болсам керек деп айтты.Сол есін білер білмес кішкентай кезінде нағашысы домбыра ойнаған,сол нағашымның тартқан күйлерінің бір ырғақтарын келтіре алмай жүрмін дегені есімде. Оқушы кезінде бұл кісінің домбыра тартқанын Дина Нұрпейісова радиодан естіп "мына баланы маған алып келіңдерші" депті. Бірақ мен барғанша Дина шешеміз қайтыс боп кетіпті деп айтты.Ол кезде Дина Алматыда,бұл кісі ауылында Атырау жақта болса керек сірә.
@ЕрланЖанғазиев
@ЕрланЖанғазиев 7 ай бұрын
Қазір Құрманғазы 1823 ж.туған десіп жүр ғой ,ол кезде 1806ж туған дейтін,сондықтан 180жасы деп атап өтілді.1986ж.бірінші курс студенті едім ,содан бұл дата есімде қалды. Құрманғазының Төремұратын тартқаны анық есімде,одан басқа да бірнеше күй тартты.Домбыра шынында да ғажап аспап екен деген ой келді сонда.Нағыз мықты виртуоз орындаушы осы кісі.Бұл кісі ойнағанда екі ішек анық "сөйлейді" екен.Сол кездегі бала мен түгілі залдағы үлкендер есі кетіп қалды . Нұрғисаның күй тартқанын да көрдім, одан басқа да домбырашылардың орындағандарын көріп тыңдадым,бірақ әлі күнге дейін дәл мына кісі тартқандағыдай әсер ала алмадым.
@КошербайТасабаев
@КошербайТасабаев 2 жыл бұрын
не деген керемет домбыраның үні Қазіргі Домлалар үні бұлаи емес
@ДжНурлан
@ДжНурлан 3 жыл бұрын
Керемет куу экен
@armanzhanabaev9071
@armanzhanabaev9071 3 жыл бұрын
Рысбай ағаның ойнауы бөлек
@ХабибуллаМадения
@ХабибуллаМадения 3 жыл бұрын
Үні жұмсақ...🌷🌿🌹 Құлаққа бір Керемет боп естіледі...💜🇰🇿❣
@ХабибуллаМадения
@ХабибуллаМадения 3 жыл бұрын
Кім дизлайк қойған ?😳
@kalifornya6486
@kalifornya6486 3 жыл бұрын
@@ХабибуллаМадения орысқұл иттер шығар
Рысбай Ғабдиев
19:08
Qazaqeli. ru
Рет қаралды 17 М.
Win This Dodgeball Game or DIE…
00:36
Alan Chikin Chow
Рет қаралды 34 МЛН
АЗАРТНИК 4 |СЕЗОН 2 Серия
31:45
Inter Production
Рет қаралды 1,1 МЛН
GIANT Gummy Worm Pt.6 #shorts
00:46
Mr DegrEE
Рет қаралды 84 МЛН
Казангап
14:37
Юрий Шестаков
Рет қаралды 19 М.
Рысбай Ғабдиев. Дина “Байжұма”
2:50
Ұлттық Өнер
Рет қаралды 10 М.