АПГАР ШКАЛА мен нәресте жағдайын бағалау

  Рет қаралды 931

Доктор Нуруллаева

Доктор Нуруллаева

Күн бұрын

Апгар шкаласы (Apgar score) - адам баласы дүниеге келген алғашқы минуттарында (бірінші тест бірінші минутта, екінші тест бесінші минутта) өтетін тест.
1952 жылы өткен анестезиологтардың XXVII конгресінде американдық анестезиолог-дәрігер Вирджиния Апгар (Virginia Apgar) жаңадан туылған нәрестелердің өмірлерінің алғашқы минуттарындағы жағдайларын бағалайтын жаңа жүйені көпшілік назарына ұсынды. Апгар шкаласы бойынша бағалау бес критерий негізінде жүргізіледі. Әрқайсысы 0-ден 2-ге дейінгі аралықтағы сандармен балл ретінде бағаланады. Тексерудің қортындысында сәбидің жағдайы 0-10 балл аралығында бағаланады:
7-10 - жағдайы жақсы, денсаулығында ешқандай ауытқу жоқ;
5-6 - жағдайы орташа, денсаулығында аздаған ауытқу бар;
3-4 - жағдайы нашар, денсаулығында айтарлықтай ауытқу бар;
0-2 - жағдайы өте нашар, сәби өмірі қатерде.
Жағдайы өте керемет болып, ең жоғарғы 10 балды алатын сәбилер сирек кездеседі. Алғашқы және екінші рет жасалатын Апгар тестінің нәтижелері мынадай түрде жазылады: алғашқы баға/кейінгі баға (8/9).
Апгар тесті тек қана алғашқы минуттардағы жағдайды бағалайды. Егер нәресте өлі туылмаса немесе алғашқы минуттарында шетінемесе, оның ары қарайғы денсаулық жағдайы туралы Апгар шкаласына қарап алдын ала қортынды шығаруға болмайды.
Нәрестенің жағдайын Апгар шкаласымен бағалау мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі:
А - activity - бұлшықет тонусы мен белсенділігі;
Р - pulse - жүрек соғысы;
G - grimace response - жаңадан туылғандарға тән шартсыз рефлекстердің болуы;
A - appearance - терісінің түсі және күйі, денесінің сыртқы көрінісі;
R - respiration - тыныс алуы және шыңғыруы.
Бір қызығы, дәрігердің есімі APGAR болса, осы сөздің әрбір әрібі тесттің бір критериінің алғашқы әрібі болып шығады.

Пікірлер: 1
@aizhan.resepty
@aizhan.resepty 2 жыл бұрын
👍👍👍👍👍
Естен тандырған ерсі сөз!
25:48
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 314 М.
Movie "Mom, I'll Grow Up"
15:13
Общее Дело
Рет қаралды 954 М.
ОТОМСТИЛ МАМЕ ЗА ЧИПСЫ🤯#shorts
00:44
INNA SERG
Рет қаралды 4,8 МЛН
Миллионер | 1 - серия
34:31
Million Show
Рет қаралды 2,2 МЛН
Incredible: Teacher builds airplane to teach kids behavior! #shorts
00:32
Fabiosa Stories
Рет қаралды 11 МЛН
“Ойыншық болып қалма”
25:49
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 141 М.
“Жылан сияқты сумаң сумаң етіп”
25:10
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 160 М.
I Spent 24 Hours with the World’s Shortest Woman!
14:13
Stokes Twins
Рет қаралды 104 МЛН
Асқазанды зондтау (шаю)
3:44
Semey Medical University
Рет қаралды 13 М.
Екпе егу туралы. Не үшін салынады? Қай кезде салдыруға болмайды?
12:00
ДӘРІГЕР НЕВРОЛОГ АҚЖАРҚЫН СЕЙТҚАЗЫҚЫЗЫ
Рет қаралды 1,2 М.