Рет қаралды 696
Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров ертең Теле 2 операторын Катар мемлекеті сатып алғаннан кейін тарифті көтеріп жібермей ме деп сұрақ қойған. Байбазаров мұндай қауіптің жоқтығын айтады. Ал Ермұрат Бапи “мұның артында Ескі Қазақстан тұрған жоқ па?” деген уайымын айтып қалды.
- Бұл не деген батпан құйрық!? Саудия, Катар секілді елдерден келіп жатқан әріптестіктің артында “Ескі Қазақстан тұр” деген сарапшылық пікір бар. Біз бұған дау келтіріп жатуға мүмкіндік жоқ. Бәлкім, жуып-шайып ол ақшасын алып кететін шығар!? Құп! Бірақ осы елдерден келетін инвестициялардың діни идеологиялық жүктемесі жоқ па? Осы жобалардың астындағы бір пунктте “0,бәләмбай пайызы, бір-екі пайызы үкіметтік емес діни ұйымдарға жұмсалады деген талап бар. Осы талап біздің ұлттық мүддемізге, сыртқа теріс діни идеялық қатерге соқтырмай ма?Осы жағы тексеріле ме? - деп сұрады Ермұрат Бапи.