Араб тілі грамматикасы Сарф пәні 1-сабақ

  Рет қаралды 5,018

NUR

NUR

2 жыл бұрын

Араб тілінде өзінен бір мағынаны білдірген сөз ( كَلِمَةٌ ) - калима деп аталады. Сөз (كَلِمَةٌ) әріптерден құралып, бір әріптен жеті әріпке дейін болады. Мысалы:
بِ , مَنْ , قَلَمٌ , كِتَابٌ , مَحْمُودٌ , اِجْتِهَادٌ , اِسْتِعْمَالٌ
Араб тілінде де қазақ тілі cияқты түбір сөзге қосымша жалғану арқылы сөздер жасалады.Бірақ түбір сөздің тек соңындағы әріпке емес, ортасындағы немесе алдындағы әріпке де жалғануы мүмкін. Қазақ тілінде жұмыс сөзіне “шы„ , “орны„ , “тар„ қосымшаларын жалғап, «жұмысшы», «жұмысорны», «жұмыстар» деген түбірлес сөздерді жасаймыз.Осыған ұқсас араб тілінде де " عَمَل " сөзіне" ا " , " م " , " أ " әріптерін жалғап,أَعْمَالٌ , مَعْمَلٌ , عَامِلٌ сөздерін жасаймыз.
Түбірге жалғанған әріптер - сөз тудырушы қосымша әріптер деп аталады. Сөз тудырушы әріптер сөздің алдына, ортасына, соңына жалғанады. Қосымша әріптер жалғанғанда сөздің түбірінің әрекеті және сукундары өзгереді. Сөздің түбіріне сөз тудырушы қосымша әріптер жалғанып, оның әрекеті және сукундары өзгергеннен кейін, сөздің түбірі және қосымшасы қайсысы екенін ажыратып алу үшін, өлшем ойлап табылған. Мысалы: " مَدْرَسَةٌ " сөзінің түбірі " دَرْسٌ " сөзінен шыққанын өлшем арқылы білеміз.
Өлшемде ف , ع , ل түбір әріптерімен белгіленіп, сөздің әрекеті мен сукундары өзгеріссіз, сол қалпында көшіріледі. Мысалы: " عَمَلٌ " сөзінің бірінші әріпін" ف ", екінші әріпін " ع ", үшінші әріпін " ل " әріпімен белгілеп, әрекеттерін өзгертпестен көшіргенде, " فَعَلٌ " өлшемінде болғанын көреміз. Мысалы:
عِنَبٌ اُذُنٌ جُبْنٌ حِبْرٌ دَرْسٌ وَرَقٌ
فِعَلٌ فُعُلٌ فُعْلٌ فِعْلٌ فَعْلٌ فَعَلٌ
Түбірге жалғанған сөз тудырушы қосымша әріптер өлшемде өзгерусіз көшіріліп көрсетіледі. Мысалы: " عَمَلٌ " сөзінен жұмысшы мағынасындағы " عَامِلٌ " сөзін жасау үшін, бірінші әріптен кейін " ا " әріпі жалғанған болса, өлшемде де " ف "әріпінен кейін " ا " әріпін жалғап көрсетеміз. Мысалы:
مَعْمُولٌ مَعْمَلٌ اَعْمَالٌ عَامِلٌ
مَفْعُولٌ مَفْعَلٌ اَفْعَالٌ فَاعِلٌ
істелген іс жұмыс орны Жұмыстар жұмысшы
Сөздің түбірінің бірінші әріпі өлшемде" ف " әріпімен белгіленгені үшін, сөздің біріншісі “фасы”,екіншісі “айны”, үшіншісі “ләмі” деп аталады:

Пікірлер: 25
@user-vq2iz8cc5o
@user-vq2iz8cc5o 5 ай бұрын
Алла разы болсын Устаз! Тусінікті жеткіздіңіз мә шаа Алла.
@chanraq
@chanraq 6 ай бұрын
Жіліктеп майын шағып бердің ❤ жарайсың 👍🏻
@nurgult2716
@nurgult2716 Жыл бұрын
МашаАлла
@FreeKazakh-mw3lv
@FreeKazakh-mw3lv 2 жыл бұрын
Рахмет Алла разы болсын сізге
@kenjyloikazaheli4964
@kenjyloikazaheli4964 2 жыл бұрын
Ассаламугалаикум Кулсары каласынан оте жаксы тусындырме
@user-ny6ul9wr7i
@user-ny6ul9wr7i Жыл бұрын
Сабақ өте түсінікті,👍
@user-wm3ru2ot4y
@user-wm3ru2ot4y 2 жыл бұрын
МАА ШАА АЛЛАХ АЛЛАХ РАЗЫ БОЛСУН МЕНДА КАТЫШАТ ЭЛЕМ
@user-hb9yn9br1s
@user-hb9yn9br1s 9 ай бұрын
Ойнау,күлу сияқты у ға аяқталған сөздер етістіктің тұйық райы
@user-ln4ph7wb8y
@user-ln4ph7wb8y Жыл бұрын
Ассаләму алайкум варахматуллахи вабаракатух устаз сабақтар керемет мәшәаллах устаз сізбен қалай байланысамын
@user-ul2xj8ig2s
@user-ul2xj8ig2s 2 жыл бұрын
Ассаламуалайкум! Сабақты өте керемет түсіндіріпсіз. Енді дәріс ары қалай жалғасын табама?
@FreeKazakh-mw3lv
@FreeKazakh-mw3lv 2 жыл бұрын
өте жақсы түсындіреды екенсыз ұстаз уатсап, телеграм, гүгул метпен дәріс бере аласызба ақыды болсада қатсамын Алла бұйырса
@nursultankasimov
@nursultankasimov 2 жыл бұрын
ол дүние болашақта жоспарымызда бар. егер интернет желісінде сабақ алатын топтың саны бірнеше адамға жетсе бастауға болады иншаалла
@user-td1iz7xt1g
@user-td1iz7xt1g 2 жыл бұрын
ұстаз менде сабақ алғым келеді келесі сабақ шығама
@ertaykozhamuratov1345
@ertaykozhamuratov1345 2 жыл бұрын
Ұстаз сабақ өтіп жатқаныңыз қандай кітап ?
@anonymous_FBI
@anonymous_FBI Жыл бұрын
Ассаламу алейкум, китап қандай екен аты?
@anonymous_FBI
@anonymous_FBI Жыл бұрын
Ассаламу алейкум, қандай китаб, пдф форматта бар ма?
@nursultankasimov
@nursultankasimov Жыл бұрын
t.me/+0UE-uOfvW8gwMWM6
@anonymous_FBI
@anonymous_FBI Жыл бұрын
@@nursultankasimov рахмет Алла разы болсын
@user-wv4xv8gs3v
@user-wv4xv8gs3v Жыл бұрын
Ұстаз мен 140-28деген сандарды түсінбей жатырмын олар қайдан пайда болды?
@nursultankasimov
@nursultankasimov Жыл бұрын
Қай минуттарында. Олар бір сөзден туындайтын сөздердің кейбірінің сандары
@user-gp4ep6xc2c
@user-gp4ep6xc2c Жыл бұрын
Әссәләмуағалейкум, қандай кітап бойынша түсіндіріліп жатыр. Кітап қандай
@nursultankasimov
@nursultankasimov Жыл бұрын
Қазақша мабдаус саррф
@asanziatxanylu9874
@asanziatxanylu9874 Жыл бұрын
Киындау сияктыгои
@user-ss9rt2pq2e
@user-ss9rt2pq2e 2 жыл бұрын
Ассаламу алайкум Нурсултан ватсап номер жазасызба
Happy 4th of July 😂
00:12
Pink Shirt Girl
Рет қаралды 35 МЛН
Получилось у Вики?😂 #хабибка
00:14
ХАБИБ
Рет қаралды 7 МЛН
Survival skills: A great idea with duct tape #survival #lifehacks #camping
00:27
Араб тілін қалай үйренген дұрыс?!
21:20
Дәрус-сәләм!
Рет қаралды 9 М.
Араб тилинин грамматикасы:Сарф илими: Белгисиз этиш
19:49
Араб тилин үйрөнөбүз
Рет қаралды 6 М.
СУННИТЫ и ШИИТЫ! В чем разница?
11:02
Важнейшие исторические события
Рет қаралды 1,7 МЛН
10 МАҢЫЗДЫ кеңес (қаржылық сауаттылық)
14:55
Еркебұлан-Еркін Әріпбай
Рет қаралды 30 М.
Happy 4th of July 😂
00:12
Pink Shirt Girl
Рет қаралды 35 МЛН