Аралас жекпе-жекке қолдау қажет

  Рет қаралды 2,289

Информбюро 31

Информбюро 31

Жыл бұрын

Күні кеше аралас жекпе-жектегі 17-ші жеңісіне қол жеткізген Шавкат Рахмоновтың дайындықтары спортты қолдау қорынан қаржыландырылады. Бұл кездесуге дейінгі оқу-жаттығу процесін айтарлық жеңілдетуге мүмкіндік бермек. Әрі әлемге аты шыққан жекпе-жек шеберлері де бұл саланы дамытуға күш саламыз деп ағынан жарылып отыр. Мәселен, кәсіби мансабында бір де бір рет жеңілмеген Шавқат мақсатым елге UFC-дің чемпиондық белбеуін әкелу дейді. Айтуынша, жартылай орта салмақтағы ендігі қарсыластарының ішінде осалы жоқ. Әсіресе, абсолютті жекпе-жек чемпионатының үздік бестігіне кіретін жауынгерлердің әрбірі қауіпті.
Десе де, Шавкат топ бестіктегі кез келген спортшымен кездесуге әзірмін деді. Бірақ чемпиондық белбеуге таласу үшін әлі кемі бір жекпе-жек өткізуі қажет. Өйткені дәл қазіргі уақытта орта салмақтағы бәсеке тым жоғары. Демек, отандасымыз тағы бір қарсыласын ұтып барып қана басты айқасқа жолдама алады. Ал UFC-дегі келесі жекпе-жегі не жаздың соңғы айында, не күздің басында өтуі ықтимал. Қазір Джефф Нилді жеңген Шавкат алтыншы орынға жайғасқан. Сондықтан ендігі қарсыласы UFC рейтингісінің төртінші нөмірі Белал Мұхаммед, не екінші нөмірі Колби Ковингтон болуы мүмкін екен. Әрі отандық спортшы UFC президенті Дана Уайттың қабылдауында болып, алдағы жоспарларымен бөліскен. Сөйтіп, қазақстандық жекпе-жек шеберлерін қолдауды ұсыныпты. Енді жыл соңына дейін тағы бірнеше отандасымыз абсолютті чемпионаттың жауынгерлері қатарын толықтырмақ. Айта кетейік, Шавкат аралас жекпе-жекте 17 кездесу өткізген. Оның сегізінде қарсыласын нокаутқа жіберсе, тоғызын сабмишн әдісімен аяқтаған.
ШАВКАТ РАХМОНОВ, аралас жекпе-жек шебері:
- Қазір немесе 5-6 айдан кейін берсе де титульный бойға шығып кете беремін мен. Мен дайынмын деп ойлаймын. Бірақ енді ЮФС-дегі 77 келі салмақта өте тартысты салмақ. Сондықтан да маған тағы бір бой жеңу керек деп ойлаймын. Содан кейін мен бірден чемпионский поясқа претендент боламын.

Пікірлер: 15
@user-gr9rg7lo6x
@user-gr9rg7lo6x Жыл бұрын
Шавкат бауырымызды Алла тіл көзден сақтасын, әумин 🤲
@user-jt4cp4ze2g
@user-jt4cp4ze2g Жыл бұрын
👍👍👍👏👏👏
@astanaproteamastana5929
@astanaproteamastana5929 Жыл бұрын
Дұрыс қолдау қажет👍👍👍👍🙏
@rinatmuratalinov1555
@rinatmuratalinov1555 Жыл бұрын
Жарты жолдан қаржыны жеп қоймасаңдар болды ғой . Жемқорларды грушаның орнына қою керек қаржыны жеп жатса .
@user-om7bp3ib1j
@user-om7bp3ib1j Жыл бұрын
Шавкат бауырым мықты алға Қазақ. 🇰🇿🇰🇿💪💪
@user-jy6oi6vd3u
@user-jy6oi6vd3u Жыл бұрын
Жаксы
@BGQ123
@BGQ123 Жыл бұрын
🤝🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿✊💪👍
@adilhanadilhan658
@adilhanadilhan658 Жыл бұрын
Колби керекко бизге
@user-li7qc3ne4t
@user-li7qc3ne4t Жыл бұрын
Окметтен колдау көрсету керек
@user-jm6ii7kn6e
@user-jm6ii7kn6e Жыл бұрын
Тарафонов емес Рахманов
@kino.777.
@kino.777. Жыл бұрын
АЙ САУАТСЫЗДАРАЙ НЕ МАЗАҚ МЫНАУ ТАРАФОНОВ ДЕГЕН НЕ ОДАН ДА НОРМАЛЬНО КҮТІП АЛМАҒАНЫН НЕГЕ АЙТПАЙСЫҢДАР
@nonierbol2147
@nonierbol2147 Жыл бұрын
Аида ханым шашының түсі әдемі болып 🤗
@user-rq7ol4hz6d
@user-rq7ol4hz6d Жыл бұрын
Ап барекелды
@Kenes_Alpamysov
@Kenes_Alpamysov Жыл бұрын
Колби Ковингтонды, Белал Мухаммадтың аттарын дұрыс айтып, Шавкат Тарафонов дейма? Топас екен ғой Аида Торанфаева👎
ПУТИН МЕН ТОҚАЕВ ШЫН ДОС ПА? / Әлем тынысы
40:07
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 116 М.
5 июня 2024 г.
9:42
ӨМІР ПСИХОЛОГИЯСЫ
Рет қаралды 5 М.
FOOTBALL WITH PLAY BUTTONS ▶️ #roadto100m
00:29
Celine Dept
Рет қаралды 77 МЛН
Miracle Doctor Saves Blind Girl ❤️
00:59
Alan Chikin Chow
Рет қаралды 57 МЛН
ДЕНЬ РОЖДЕНИЯ БАБУШКИ #shorts
00:19
Паша Осадчий
Рет қаралды 6 МЛН
WHY IS A CAR MORE EXPENSIVE THAN A GIRL?
00:37
Levsob
Рет қаралды 17 МЛН
Мынау енді ұят болды 🤦‍♂️ AMANAT
1:37
Ақтөбе облысының Қобда ауылы су астында қалды
2:29
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 10 М.
Елге көмек: Жұмыстың реті қалай жүреді?
52:14
Almasbekkz agroexpert-agroblog
Рет қаралды 13 М.
FOOTBALL WITH PLAY BUTTONS ▶️ #roadto100m
00:29
Celine Dept
Рет қаралды 77 МЛН