Ғарифолла Құрманғалиев - “Қалқам-ау”

  Рет қаралды 5,235

DombyraFM

DombyraFM

Күн бұрын

Ғарифолла Құрманғалиев (1 қаңтар 1909, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы - 1993, Алматы) - ҚР мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, әнші (тенор), Қазақ КСР халық әртісі.
Өмірбаяны
Байұлы тайпасының Алаша руынан шыққан.
Әншілік өнерге бейімділігі бала кезінен байқалды. Ұлы Мұхиттың шәкірттері Шынтас пен Шайқыдан дәріс алды.
1934 жылы Алматыда өткен халық көркемөнерпаздарының бірінші Бүкіл Қазақстандық слетіне қатысты.
Сол жылы Қазақтың музыкалық драма театрының (қазір Қазақтың опера және балет театры аталады) құрамына қабылданды.
1967 жылдан бастап Республикалық өнер және цирк студиясында сабақ берді.
Шығармашылығы
Құрманғалиев Е.Брусиловскийдің "Ер Тарғын", "Айман-Шолпан", "Қыз Жібек", Мұқан Төлебаевтың "Біржан-Сара", А.Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абай" операларында күрделі партиялар мен рөлдерді ойнады. Оның орындауында халық әндері асқақ та әсем әуезімен аспан астын толтыра сорғалай шырқады. Ол әрбір әуенді әуелете салған сайын оған жан мен жүрек бітіріп, дауыс сазына даланың ұланғайыр дарқандығын өз көңіл толқынысымен ұштастыра сиғызып жіберетін. Ғарифолла аңыратып, жамыратып ән төкпелеткен кезде тыңдаушының көз алдына арқыраған арғымақтар мен аса киелі аруаналар даласының кескін-келбеті келеді. Ақтарыла тасыған ақ жарма өзендер мен ағын сулар әуені қыран қүстардың қанат қағысы, алып таулар асқақтығы, ақиық ақын Махамбет жырының атойы бар бояуымен, ішкі рух нәр-нақышымен Ғарекеңнің өз жүрек түкпірінен шығып жатарды. Ол өзі негізін салып кеткен әншілік мектептің осындай өзгеше орындаушылық шеберлікті қажет ететін дара қасиеттері бар. Оның кемеліне келтіре орындаған «Айнамкөз», «Үлкен айдай», «Ақ кербез», «Ісмет», «Боз жорға», «Он алты кыз» т. б. халық әндері жұртшылық көңілінен берік орын алды. Ол орындаушылық өнерімен катар, өзі де көптеген әндер («Ақ Жайық», «Сүйген жар», «Нұржамал», «Жан еркем», «Аққу», «Сүйемін туған өлкемді») шығарды.[4]
Ғ.Құрманғалиев ән сапарымен төрткүл дүниенің талай елдерінде болып, сан-сан сахналардан ұлттық музыкалық салт-дәстүріміздің байлығын паш етті. Оның отандық мәдениетке сіңірген орасан зор еңбегі әлденеше мәртемемлекеттік марапаттармен бағаланды.

Пікірлер: 4
@karlabuk2840
@karlabuk2840 7 ай бұрын
Дауысы керемет Ғарифолла атамыздың
@КенжешТайшиева
@КенжешТайшиева Жыл бұрын
Даусың керемет тамаша ғой жатқан жерің жаннатта болсын
@МаксотМаксот-г7г
@МаксотМаксот-г7г 9 ай бұрын
Кеңзаман кеңес заманымай татутәтті уақыттарай шіркін адам адамға бауырболған. Теңселіпкележатұан тарсылдаптеміржолмен көквагондерімай, ішіндегі жолаушыларай ағайн баур болған бірбіріне адресімен тел номерлерін бөләсіп отырған тәтті шай үстінде? Аллам саветүкіметін қайтарңай сол тәтті щаманымды. Ғарекеди адамдарымды кеңпейілді ақжарқын адамдарды?
@dauletkereiibraimov895
@dauletkereiibraimov895 Жыл бұрын
👍👍👍
| Қарғам-ау | Үміт Батылқызы|
2:35
Әсем_Әндер
Рет қаралды 48 М.
А ВЫ ЛЮБИТЕ ШКОЛУ?? #shorts
00:20
Паша Осадчий
Рет қаралды 9 МЛН
小天使和小丑太会演了!#小丑#天使#家庭#搞笑
00:25
家庭搞笑日记
Рет қаралды 33 МЛН
Will A Guitar Boat Hold My Weight?
00:20
MrBeast
Рет қаралды 261 МЛН
"Қара торғай", Оразбай Жетен ұлы. "قارا تورعاي"، ورازباي جەتەن ۇلى
4:54
Алтай, Іле, Тарбағатай әндері мен әншілері
Рет қаралды 41 М.
1998 ж. Супердода. Мелс пен Ораз
29:04
АЙТЫС - аманат
Рет қаралды 600 М.
Ғарифолла Құрманғалиев "Кел құрбым" (сөзі Қ.Елебеков)
1:18
Меруерт Курмангалиева
Рет қаралды 8 М.
А ВЫ ЛЮБИТЕ ШКОЛУ?? #shorts
00:20
Паша Осадчий
Рет қаралды 9 МЛН