Қырға барсам, Herga barsam, ❤قىرعا بارسام. Орындаған: Думан Бейбітханұлы, Қытай Қазақтары.

  Рет қаралды 220,362

Алтай, Іле, Тарбағатай әндері мен әншілері

Алтай, Іле, Тарбағатай әндері мен әншілері

11 жыл бұрын

Төр Алтай төсінде наурыз ҚХР, Шынжаң, Алтай аймағы, Алтай Қаласы.
Қырға барсам
------------------------
www.qamshy.kz/article/nurbaqit...
ҚЫРҒА БАРСАМ.
------------------------
Сөзі: Бәйтік Дүйсебай ұлынікі.
Әні: Нұрбақыт Қожа ұлынікі.
Орындаған: Думан Бейбітхан ұлы.
Даңғаза қаладан да қалжырадым,
Аңсадым әсем үнін домбыраның.
Кетер ме ем жүрісті атпен жолға шығып,
Қазақтың шырқай шырқай халық әнін.
Па, шіркін!
Мен өрлеп қыран құлдап тасып жатса,
Өркеші өткел бермей басым қатса.
Мойынынан су сорғалап қайың терек,
Сәскеде жауған жаңбыр ақырласса.
Па, шіркін!
Сол сәтте кемпір қосақ доға тартса,
Бір ұшын доғасының маған артса.
Беткейден суырлары аңқиттаса,
Шақырса көкек қонып оба тасқа.
Па, шіркін!
Орындап оркестрін орман тұрса,
Көңілім балқып кетсе қорғасынша.
Жем іліп ұясына бүркіт тартса,
Жанымда жаңаша бір арман туса.
Па, шіркін!
Маңында мың бүктеліп дала жатса,
Құрдасың құс салдырып аң аулатса.
Сапырып сары қымызын замандасым,
Ауылды дүрліктірсек таң атқанша.
Па, шіркін!
Тамылжып таң атпай түн тұра тұрса,
Іргеден қауашақтан гүл ашылса.
Шабытым шарықтаса жыр оқылса,
Қасымда термеші бір қыз отырса.
Па, шіркін!
Жалықтым қала дейтін тұғырымнан,
Сәлемі де сатулы тұрғынынан.
Жылына қырға барып бір келмесем,
Менде өзгеріп кетермін бұрынғымнан.
Па, шіркін!
Даңғаза қаладан да қалжырадым,
Аңсадым әсем үнін домбыраның.
Кетер ме ем жүрісті атпен жолға шығып,
Қазақтың шырқай шырқай халық әнін.
Па, шіркін!

Пікірлер: 111
@user-vw6se7ef2t
@user-vw6se7ef2t 2 жыл бұрын
Жылап отырмын туған елім туған жерімді сонда еркелеп өскен өткен бақытты шақтарды бірге өскен құрбы құрдас достарымды сағынып шөлдеп отырмын ұшарға қанат жоқ қаланың таусылып бермес күйбең тірлік тас қабырғасынан шаршадым қандай керемет ән жүрек қылын шертетін қандас бауырларыма көп алғыс сендерсіңдер қазақтық қаймағы бұзылмаған нағыз жаныда қаныда таза тектілерім сендер аман болыңдаршы
@user-oy8ze9mx1o
@user-oy8ze9mx1o 2 жыл бұрын
Мен де
@merekeparasat1902
@merekeparasat1902 2 жыл бұрын
Аитпа каиран туған жерым каиран елым
@user-vw6se7ef2t
@user-vw6se7ef2t 2 жыл бұрын
@@merekeparasat1902 өзіңде аман бол қарындасым кіндік кесіп кір жуған туған жердің әрбір түйір тасыда адамға қымбат ыстық екенін кейіннен алыстағанда сезеді екенсің сол алыста қалған ақпейіл аузын ашса жүрегі көрінетін ақжарқын жандарды бір туған бауырларңды сағынғанда көңілің босаит ет жүрегің езіледі адам баласына ағайын туған бауырды елді жерді сағынғаннан басқа асқан ауыр мұң сағыныш болмаспа екен деп ойлаимын
@user-ik6zk5ck7u
@user-ik6zk5ck7u Жыл бұрын
Кёремет
@user-yu4xt1ob3p
@user-yu4xt1ob3p 9 ай бұрын
Мына коммент. Ке 100%қосыламын,
@qrkz2031
@qrkz2031 4 жыл бұрын
Қанша қайғы, қанша мұң, қанша тарих жатыр қазақтың әндерінде жан дүниесі қазақтықтан айнымаған әрбір қазақтың жанын бір толқып өтетін ән екен
@kalamkassartaeva1109
@kalamkassartaeva1109 7 жыл бұрын
нағыз қазақи дауыс, әуен. Па, шіркін десе па шіркін! Домбыраның күмбірі мен қобыз үні неге тұрады. Арман-ай, қазақтың халық әндерін жүрегі езіліп тыңдайтындар көбейсе ғой...
@user-ie5bn2eo2z
@user-ie5bn2eo2z 3 ай бұрын
Ёёййййййййййййййййй
@artarman
@artarman Жыл бұрын
Эх шіркін,қандай мықты мағынасы терең өлең 🇰🇿,қандастарым алтындарым,қазақтылықты жоғалтпаған, бүкіл дүние жүзіне тараған қазақтың бастары қосылса ғой .....
@user-df8iv3mk2w
@user-df8iv3mk2w 10 ай бұрын
Қайран Алтай саған деген сағыныш пен шексіз махаббатымды еш қашан жұрегімнен кетпейді
@user-yy7nq5tc6b
@user-yy7nq5tc6b Жыл бұрын
Қазағым аман бол ! Құдай қолдап,Тәңірім жарылқасын!
@user-fv4nx1ve2c
@user-fv4nx1ve2c 3 жыл бұрын
Тыңдай бергің келедіғой па шіркін✊🤲💪💪✋✋✋👏👏👏
@user-vr2pc6um4c
@user-vr2pc6um4c Жыл бұрын
Бугин куни бойы тындап ауылга жолга шыктым тунделетип.Мына оленен кейн ауылга бармау мумкин емес !
@user-ev6jq9fc4o
@user-ev6jq9fc4o 3 жыл бұрын
Казагым аман болсын Ин Ша Аллаһ ❤️❤️❤️❤️❤️🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@user-eg9sy6pr6g
@user-eg9sy6pr6g Жыл бұрын
Керемет 👍👍👍👍👍
@user-cn8ht4vw4i
@user-cn8ht4vw4i 2 жыл бұрын
Керемет үн, керемет дауыс, керемет жігіт !👍
@user-ln5mm8oj3r
@user-ln5mm8oj3r 8 ай бұрын
Өлеңі керемет! Нұрбақыт қожа 👍👍
@user-vf9vd6ho3b
@user-vf9vd6ho3b 4 ай бұрын
Қаладағы Қазақтарға айтып жатыр,шыққан жерімізді ұмытпайық ❤
@user-zw5sh4gn8r
@user-zw5sh4gn8r 3 ай бұрын
Шынында Алматыдан шаршадым.Жер жанаты Нарынқолымды сағындым
@user-pp1wj1jo1x
@user-pp1wj1jo1x 2 ай бұрын
Қазағым аман болсыншы 🤲
@user-rf3vs1po5t
@user-rf3vs1po5t 7 ай бұрын
Айналайын жастығымды еске салдың.Көңілім бұзылды.Елді аңсаймыз ,келген жеріміз құт болсын ,аман болайық,балаларымыз аман ,бақытты болсын.Өркенің өссін қарағым !!!
@user-td1qb9lg3j
@user-td1qb9lg3j Жыл бұрын
Міне нағыз орындау керемет ән
@user-fb1cp2tg9z
@user-fb1cp2tg9z 2 жыл бұрын
Кезінде бар қуанышын, мұңын, қайғысын, жан дуниесін куймен, әнмен жеткізген.
@user-sj2xk6rk8g
@user-sj2xk6rk8g 2 жыл бұрын
сегіз ақ мың адам көрген қазағым ау бір өлеңге бәрін сыйғызған не деген керемет өлең
@nurislambaidullayev5655
@nurislambaidullayev5655 10 ай бұрын
Бұл кісінің даусы бөлек екен!
@user-et1bf8rz8u
@user-et1bf8rz8u Жыл бұрын
Ұлы Абай айтқандай әнің құлақтан кіріп бойды алды бауырым. Жүрегіңнен шығып жүрекке жетті. Көңілді босататын ән екен... аман бол бауырым
@user-ph2mr7is4r
@user-ph2mr7is4r Жыл бұрын
Неткен дауыс.Еркісіз бойыңды шымырлатып жібереді.Сөздері керемет. Шіркін қазағымай,неткен өнерлісің.Айналайын бауырым өнерің өркендей берсін.Па,шіркін!
@user-kw7kz7jx2w
@user-kw7kz7jx2w 2 жыл бұрын
Қайран Алтайым, туған жерым сені сағындыққой,
@user-xn1jz3xn2d
@user-xn1jz3xn2d 3 жыл бұрын
ассалаумағалейкүм бауырларым дулат жақсы орынды ән жүрекке жетті аман бол бауырым
@user-rf6vq1di3q
@user-rf6vq1di3q 2 жыл бұрын
Сөзі де әні де керемет екен...
@user-rf3vs1po5t
@user-rf3vs1po5t 8 ай бұрын
Бар бол балам ,аман бол,бакытты бол!!!
@user-eh1ts8vh7t
@user-eh1ts8vh7t 2 жыл бұрын
әніде орындаушысыда өте керемет. қайта қайта тыңдай бергің келеді екен
@gulbagidautegalieva7141
@gulbagidautegalieva7141 2 жыл бұрын
Дауысы қандай па-шіркін!
@erlankbars8886
@erlankbars8886 Жыл бұрын
Менде осы әнді тындап .қаланың күйбен тірлікгінең шашап . Алтайымның ақ бас шыңдарың сағынып отырмың😢😢😢
@Zhanklod8888
@Zhanklod8888 2 жыл бұрын
Керемет ән, керемет орындау аман болсын қазағым
@perizataskargaliova3182
@perizataskargaliova3182 6 ай бұрын
Па шіркііін !! Ән айтса менің халқым қазақ айтсын. Ет жүрегіңді елжіретеді.Құдайдың берген өзгеше бір қасиеті ғой бұл.
@elshat5073
@elshat5073 2 жыл бұрын
Керемет ән екен мың мәрте рахмет бауырым қайталап тыңдай бергің келеді екен
@user-fo7hp6re5u
@user-fo7hp6re5u 8 ай бұрын
Керемет орындау Бәрекелді бауырым
@user-qg1lc1og6f
@user-qg1lc1og6f 11 ай бұрын
Не деген керемет дауыс
@user-sy4vw8oq9q
@user-sy4vw8oq9q 8 ай бұрын
Шіркін ай, керемет терме Алтайдағы қазақ ағайындар керемет орындайды ғой👍👍👍👍👍❤️👏👏👏👍😍
@user-xd3wo7jy5i
@user-xd3wo7jy5i 7 ай бұрын
ҚАЗАҒЫМ МЫҚТЫ БОЛАДЫ әлі я Алла өзініз көмек тесініз
@elshat5073
@elshat5073 2 жыл бұрын
Қазақтың нағыз қоңыр үні
@user-im3ev7dr3n
@user-im3ev7dr3n 11 ай бұрын
Бар бол, Бауырым!
@user-mt6fv6bm3b
@user-mt6fv6bm3b Жыл бұрын
Керемет өлең тыңдай бергім келеді
@user-wy3hp8bo6s
@user-wy3hp8bo6s 3 жыл бұрын
Кушти терме екен
@kzqazaqstan1991
@kzqazaqstan1991 Жыл бұрын
Паһ , шіркін ғажап !
@user-zv2ly9ih3f
@user-zv2ly9ih3f Ай бұрын
Тамаша жүректен шыққан өлең
@user-yt1ll5kb4w
@user-yt1ll5kb4w 3 жыл бұрын
Керемет ан екен. Оте асерли. Нагыз тамсандырадын ан екен.
@askhatkanatov2394
@askhatkanatov2394 5 ай бұрын
Әп бәрекелді
@danko1313
@danko1313 8 ай бұрын
Жас кезимде ЖАРЫКТЫК АГАМЕН ТАНЫСКАМ ЕДim ЭТО БЫЛ ВЕЛИЧАЙШИЙ ЧЕЛОВЕК , МНЕ БЫЛО ОКОЛО 12 ЛЕТ КОГДА МНЕ ДОВЕЛОСЬ С НИМ ВСТРЕТИТЬСЯ В ГАТОБ ИМ. АБАЯ. АГАМ БЫЛ ГИГАНТОМ КУЛЬТУРНОГО НАСЛЕДИЯ МОЕГО НАРОДА
@sanay-0718
@sanay-0718 Жыл бұрын
қандай керемет дауыс. осы ғой керекгі, тойбазарды айтыңызшы
@gulziazhakupova6207
@gulziazhakupova6207 Жыл бұрын
Кербугыдай батыр, би шешен бабаларымнын.рухы қыран болып қалықтап туған жерге оралды. Халкымнын.еркындыгы, әділдік, ақиқат орна ған парасатты демократиялық қоғам орнауына.Алла бағыт бағдар беріп, қанатты пырактар.гарышка.самгап сәулелі рухтары.онерлы жастарды қолдап, болашақ даңғыл ақ жол болғай!
@user-fb1ke5ju3j
@user-fb1ke5ju3j 2 жыл бұрын
Керемет Алла разы болсын бауырым 🙏
@erlanduisenbin8622
@erlanduisenbin8622 8 күн бұрын
АССАЛАУМАҒАЛЕЙКҮМ! ДҮНИЕНІҢ ТӨРТ БҰРЫШЫН ЖАЙЛАҒАН ҚАНДАСТАР! БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗҒА АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН!
@user-ky1bw5ue1d
@user-ky1bw5ue1d 2 ай бұрын
Па, шіркін!
@user-ie5bn2eo2z
@user-ie5bn2eo2z 3 ай бұрын
Па шіркін асқақтата салған қоңыр даусың сеиілмесін көп жаса
@user-pd4te3fk6q
@user-pd4te3fk6q Жыл бұрын
Кереметтт
@user-hz9lz9uv2j
@user-hz9lz9uv2j 5 ай бұрын
Керемет
@user-ti4mm5su6y
@user-ti4mm5su6y 3 жыл бұрын
Сау бол
@user-mh2fz6ne5v
@user-mh2fz6ne5v Жыл бұрын
өнерің үстем болсын Інім ,шырқай бер !
@zomartsmakov3850
@zomartsmakov3850 2 жыл бұрын
Әдемі әдемі орындау жарайсың
@user-ey5mq4fx9l
@user-ey5mq4fx9l 4 жыл бұрын
Тамаша👍👍👍👍👍👍
@user-wl5vp6bb9w
@user-wl5vp6bb9w 8 жыл бұрын
керемет
@user-ht2cy1sm6v
@user-ht2cy1sm6v 2 жыл бұрын
Қандай керемет.
@user-be5mf4xu5l
@user-be5mf4xu5l Жыл бұрын
Ғажабыай
@merekeparasat1902
@merekeparasat1902 2 жыл бұрын
Казактын шынаиы бет беинесы отырған аксакалды карялардагои кытаидагы туыстарды сагындым каиран ел жартым
@user-zs6yn2mv8q
@user-zs6yn2mv8q 6 жыл бұрын
Эх,шыркын.
@sssssss9013
@sssssss9013 4 жыл бұрын
Керемет ән екен
@user-pw7xh6zd3d
@user-pw7xh6zd3d 8 жыл бұрын
Айнұр қалайқызы жақсы орындаған бұл әнді.
@user-nh5op3ht1n
@user-nh5op3ht1n Жыл бұрын
Даңғаза қаладан да қалжырадым, Аңсадым әсем үнін домбыраның. Кетер ме ем жүрісті атпен жолға шығып, Қазақтың шырқай шырқай халық әнін. Па, шіркін! Мен өрлеп қыран құлдап тасып жатса, Өркеші өткел бермей басым қатса. Мойынынан су сорғалап қайың терек, Сәскеде жауған жаңбыр ақырласса. Па, шіркін! Сол сәтте кемпір қосақ доға тартса, Бір ұшын доғасының маған артса. Беткейден суырлары аңқиттаса, Шақырса көкек қонып оба тасқа. Па, шіркін! Орындап оркестрін орман тұрса, Көңілім балқып кетсе қорғасынша. Жем іліп ұясына бүркіт тартса, Жанымда жаңаша бір арман туса. Па, шіркін! Маңында мың бүктеліп дала жатса, Құрдасың құс салдырып аң аулатса. Сапырып сары қымызын замандасым, Ауылды дүрліктірсек таң атқанша. Па, шіркін! Тамылжып таң атпай түн тұра тұрса, Іргеден қауашақтан гүл ашылса. Шабытым шарықтаса жыр оқылса, Қасымда термеші бір қыз отырса. Па, шіркін! Жалықтым қала дейтін түғырымнан, Сәлемі де сатулы тұрғынынан. Жылына қырға барып бір келмесем, Менде өзгеріп кетермін бұрынғымнан. Па, шіркін! Даңғаза қаладан да қалжырадым, Аңсадым әсем үнін домбыраның. Кетер ме ем жүрісті атпен жолға шығып, Қазақтың шырқай шырқай халық әнін. Па, шіркін!
@user-ti4mm5su6y
@user-ti4mm5su6y 3 жыл бұрын
Ай жарайсың бауырым
@user-sl3nq9pu3n
@user-sl3nq9pu3n 2 жыл бұрын
Керемет!
@user-eq7lt3vo8m
@user-eq7lt3vo8m Жыл бұрын
Кайда журсендер аман бол казагым
@user-vo6zw5lh6y
@user-vo6zw5lh6y 4 жыл бұрын
Беу шіркін десейш!!! 👍 👏👏
@user-cg2fs9tn7m
@user-cg2fs9tn7m 19 күн бұрын
Қытайдың Еренқабырға тауындағы жайлаулары Швейцариядан кем емес, Қытайдың қолында қалғаны өкінішті! Қазақтың айырылған Алтындарының бірі
@user-kl7ux5dg8g
@user-kl7ux5dg8g Жыл бұрын
Недеген дауыс шіркін!
@nurbolkuangan9824
@nurbolkuangan9824 Жыл бұрын
Ширкинаи дауысынаи.
@user-ct4uo7fj3t
@user-ct4uo7fj3t 2 жыл бұрын
Керемет айтылган
@user-ev6jq9fc4o
@user-ev6jq9fc4o 3 жыл бұрын
😭😭😭😭😭😭
@robingud504
@robingud504 3 жыл бұрын
👍👍👍👏👏👏
@erlanduisenbin8622
@erlanduisenbin8622 8 күн бұрын
ASSALAUMAĞALEİKUM! DÜNİENIÑ TÖRT BŪRYŞYN JAİLAĞAN QANDASTAR! BARLYQTARYÑYZĞA ALLA RAZY BOLSYN!
@ramen7654
@ramen7654 3 жыл бұрын
Керемет , кулактан кирип бойды алатын ан екен👌Аннин созин билетиндер бар ма , егер болса осы жерге тастанызшы.
@aidarospanov5901
@aidarospanov5901 2 жыл бұрын
Даңғаза қаладан да қалжырадым, Аңсадым әсем үнін домбыраның. Кетер ме ем жүрісті атпен жолға шығып, Қазақтың шырқай шырқай халық әнін. Па, шіркін!!!! Мен өрлеп қыран құлдап тасып жатса, Өркеші өткел бермей басым қатса. Мойынынан су сорғалап қайың терек, Сәскеде жауған жаңбыр ақырласса. Па, шіркін!!! Сол сәтте кемпір қосақ доға тартса, Бір ұшын доғасының маған артса. Беткейден суырлары аңқиттаса, Шақырса көкек қонып оба тасқа. Па, шіркін!!!! Орындап оркестрін орман тұрса, Көңілім балқып кетсе қорғасынша. Жем іліп ұясына бүркіт тартса, Жанымда жаңаша бір арман туса. Па, шіркін!!! Маңында мың бүктеліп дала жатса, Құрдасың құс салдырып аң аулатса. Сапырып сары қымызын замандасым, Ауылды дүрліктірсек таң атқанша. Па, шіркін!!!!! Тамылжып таң атпай түн тұра тұрса, Іргеден қауашақтан гүл ашылса. Шабытым шарықтаса жыр оқылса, Қасымда термеші бір қыз отырса. Па, шіркін!!! Жалықтым қала дейтін түғырымнан, Сәлемі де сатулы тұрғынынан. Жылына қырға барып бір келмесем, Менде өзгеріп кетермін бұрынғымнан. Па, шіркін!!! Даңғаза қаладан да қалжырадым, Аңсадым әсем үнін домбыраның. Кетер ме ем жүрісті атпен жолға шығып, Қазақтың шырқай шырқай халық әнін. Па, шіркін!!!!
@erlankidar8967
@erlankidar8967 2 жыл бұрын
Жарайсын бауырым.
@user-fj6zq2wy2j
@user-fj6zq2wy2j Жыл бұрын
Керемет!!!!
@user-ng1wk3it6z
@user-ng1wk3it6z 3 жыл бұрын
Соз жок керемет 👍🏻👍🏻👍🏻✊🏻✊🏻
@gulbagidautegalieva7141
@gulbagidautegalieva7141 2 жыл бұрын
Иә,тыңдай бергім келеді па-шіркін
@user-pj9vd7tj2n
@user-pj9vd7tj2n 3 жыл бұрын
👍💪🇰🇿
@user-rd5hy7eb7q
@user-rd5hy7eb7q 2 жыл бұрын
👍👍👍👍👍👍👍
@user-ky1bw5ue1d
@user-ky1bw5ue1d Ай бұрын
Керім ән Тыңдай берем
@ramen7654
@ramen7654 3 жыл бұрын
👌❤
@ruslankakenov1405
@ruslankakenov1405 2 жыл бұрын
Не деген өлең
@mairagoooi2516
@mairagoooi2516 2 жыл бұрын
қырға барсам
@taskyn3433
@taskyn3433 2 жыл бұрын
👍🏻👍🏻👍🏻
@user-hb5pl9ht4s
@user-hb5pl9ht4s 2 жыл бұрын
Керемет ,ким екен аты жони орындаушынын.
@user-ij9kb9cl7h
@user-ij9kb9cl7h 8 ай бұрын
Осы ән кімнің әні
@user-mt6fv6bm3b
@user-mt6fv6bm3b Жыл бұрын
Недеген ән недеген пай пай шыркын
@user-yg1kf5lo5s
@user-yg1kf5lo5s 4 жыл бұрын
Гугл де барма
@user-dl5ll7jw9z
@user-dl5ll7jw9z 2 жыл бұрын
👍👍👍
@zhygerazbaev2212
@zhygerazbaev2212 11 ай бұрын
Сөз жоқ
@user-zk9qp5on6y
@user-zk9qp5on6y 8 ай бұрын
Сендерді кім зорлады. Артың неге келдің? Келме келгенсоң ОТТАМА.
@user-cg2fs9tn7m
@user-cg2fs9tn7m 19 күн бұрын
Айтылу керек, қытайдың, орыстың сол қорлығын ешқашан ұмытпау керек, қазақтың көркем жерлері қытайда қалып қойған, және ресейде. Бұл қорлықты тасқа ойып жазу керек. Болшақ ұрпақта ұмытпау керек жауларын.
@user-cg2fs9tn7m
@user-cg2fs9tn7m 19 күн бұрын
Сендерден жақсы, отанын сатып Түркия т. б көшіп жатқандарың көп қой, үй алып шетелден, бір жылда 10рет қыдырып шет елге, қазақтың ақшасын шашып, орысша сөйлеп, ТАКАППАР, жүргінде шаңның тозаңындай такаппарлығы бар адам жаннатқа кірмейді. Сырапшыл неше миллионға сумка алып, садақа бермейма оданда. Ұрпақ үшін келді, дін үшін, ал сендерде дінін сатып тілін сатып, шетелге көшкендер көп, ұрпағы капр болат кейін. Ақретте қарғайт өзін, бізді неге мұсылман елден алып кеттің, біз тозаққтық болмас едік деп.
@user-zc4ts4pd3n
@user-zc4ts4pd3n 7 ай бұрын
Керемет
@amandagystan3658
@amandagystan3658 2 жыл бұрын
Керемет
Біз малшымыз, ءبىز مالشىمىز💗 - مارتەبەك باقىت ۇلى Батылбек Тауданбай ұлының термесі, Kwabol
4:20
THE BEST KAZAKH MUSIC
26:31
Көңіл толқыны
Рет қаралды 107 М.
Этого От Него Никто Не Ожидал 😂
00:19
Глеб Рандалайнен
Рет қаралды 10 МЛН
Dapatkan APA PUN YANG ANDA INGINKAN dengan GADGET ini #shorts
00:11
Gigazoom Indonesian
Рет қаралды 13 МЛН
Айттыңба - істе ! | Synyptas 3 | 7 серия
21:55
kak budto
Рет қаралды 1,6 МЛН
Қытай Қазақтары
29:59
Qazaqeli. ru
Рет қаралды 195 М.
ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ӘНДЕРІ
22:06
Būlbūlym
Рет қаралды 277 М.
Қасым Аманжолов. Өзім жайлы
5:05
TALENTED KZ
Рет қаралды 681 М.
Айгүл Елшібаева.Терме.2000ж
16:46
aigulyelshibayeva
Рет қаралды 232 М.
"Arman-ay - Арман-ай", ❤ تۇرسىنعالىي مۇحامەدحان ۇلى , ارمان-اي Қытай Қазақтары.
5:30
Алтай, Іле, Тарбағатай әндері мен әншілері
Рет қаралды 2,4 МЛН
Туған жер, Думан Бейбітқанұлы
4:36
Yegizek Bakhbolat
Рет қаралды 3,8 М.
Kalifarniya - Hello [official MV]
2:54
Kalifarniya
Рет қаралды 1,4 МЛН
Қайдағы махаббат
3:00
Досбол Нұрылла - Topic
Рет қаралды 626 М.
Қайрат Нұртас - Қоймайсың бей 2024
2:22
RAKHMONOV ENTERTAINMENT
Рет қаралды 536 М.
QARAKESEK - ОРАМАЛДЫ ( audio )
3:01
QARAKESEK
Рет қаралды 516 М.
Akimmmich & Bimo | Qaraközim (Mood Video)
2:45
akimmmich
Рет қаралды 788 М.