Арманым арманда кетті. Асқар Жұмаділдаев | «Алғашқы»

  Рет қаралды 62,686

Khabar TV

Khabar TV

5 ай бұрын

Кейіпкердің өміріне бойлайтын, көрерменнің де көңілін ойлайтын «Алғашқы» жобасының қымбатты қонағы - академик, мемлекеттің сыйлықтың иегері, Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, қоғам қайраткері, профессор Асқар Жұмаділдаев.
Бүгінгі сұхбатта Асқар Жұмаділдаев ішіндегі сырын ақтарыла айтып, өткен күндерін еске алды.
👇👇👇 КАНАЛҒА ТІРКЕЛ / ПОДПИШИСЬ НА КАНАЛ: kzbin.info... 👇👇👇
АРНАМЫЗДЫҢ ҮЗДІК ЖОБАЛАРЫ / ТОПОВЫЕ ПРОЕКТЫ КАНАЛА:
«Келінжан 4» телехикаясы: • «КЕЛІНЖАН 4» телехикая...
«COVER SHOW» ойын-сауық бағдарламасы: • COVER SHOW
Айтыс. «Асыл домбыра»: • Айтыс. «Асыл домбыра»
БІЗДІҢ ПАРАҚШАЛАРЫМЫЗҒА ЖАЗЫЛ:
Facebook: / habartv.telearnasy
Instagram: khabartv?igshid...
***
Біздің сайт - khabar.kz
#АсқарЖұмаділдаев #алғашқы #АманТасыған #академик #профессор #қоғамқайраткері

Пікірлер: 323
@tolbasabdulla128
@tolbasabdulla128 5 ай бұрын
Қазақтың бағына туылған дара тұлғаның өмірі жайлы керемет бағдарлама болды.Адам қанша жасқа келсе де, қандай ортада өмір сүрсе де ата-ананы айтқанда балаша сезімді басынан өткерді. Әкеге деген сағыныш, сүйікті жарына деген сағыныш ыстық көз жасымен сыртқа шықты. Сырттай қатал көрінетін жанның да жүрегінің нәзік екенін көрдік.Қосылып жыладық, сүйіндік әдемі әсер алдым.Аман болсын, елдің бағына туылған сырдың сары баласы. Осындай бағдарлама дайындаған Аман балама шығармашылық табыс тілеймін. Көп ізденеді,әдемі жүргізеді. Осы бағдарламаның жарыққа шығуына ат салысқан барлық осы саланың мамандарының рахмет.
@user-lr1qj4yp6l
@user-lr1qj4yp6l 5 ай бұрын
Иә,керемет бағдарлама болды.
@asiyaserkul
@asiyaserkul 5 ай бұрын
Бұл өмірде не болмайды? Жақсы жағы да,қиындығы да болады екен.Тағдырдың сынағына шыдап,қиындыққа сынбай,бір өзі қыздарын бағып-қағып,тәрбиелеп,ЖОО- ын бітіртіп,үлкен өмірге дайындап,ұядан ұшырып жіберді.Шүкір,өз күндерін көріп кетті🙏🙏🙏 Біздің кішкентай кезімізде Асқар өте қатал болатын,бірақ біз одан жаман болған жоқпыз🙏 Көп сөйлемейтін, ешқашан дауыс көтермеген,қолы қалт етсе,кітап оқитын,өте ақылды,сабырлы,өте мейірімді әкеміздің берген тәрбиесіне бәріміз ризамыз❤❤❤ Өсіңкірегеннен кейін әкеміз тізгінді үлкен ұлы Асқарға берді. Біз оның соңынан ілесіп,жетегіне бағынып,оның ізімен жүріп өстік. Әрине ең әуелі Аллаға сансыз шүкір,сонан кейін ата анамызға,ағамызға рахметімізді айтып жүреміз. Менің оқушыларым кейде,Апаайй,сіз Асқар ағаңызға ұқсайсыз десе,мен мәзбін. Әсіресе сабақ түсіндіргенде сөйлеу мәнерлеріңіз ұқсайды дейді. Сосын Апаайй,біз Сізді қатаалл деп жүрсек,ағаңыз сізден де қатал екен ғой деп келеді Вузға барғанда. Мен оларға,аа,қаалаай екен деп күлемін,бірақ ештеңе етпейді,қаталдықтың да пайдасы бар,за то (стержень)діңгектерің мықты болады,ағаларыңды тыңдап,көп нәрсені үйреніп алыңдар деп оларды жігерлендіріп қоямын. Ал енді ағама тілерім: ең бастысы денсаулығың мықты болсын,жасың ұзақ болып,ел алдындағы абыройың асқақтай берсін,әлі де алар асуларың көп болсын🙏🙏🙏 Үкіметіміздің саған тапсырған аманатын абыроймен атқарып,Ғылым Академиясының жұмысын алға көтеретініңе сенімдімін. Алла,сені тіл көзден сақтасын,сен де бір қарапайым отбасынан шыққан қазақтың бір Алтын тұлғасы болып жүре бер. Сен біздің отбасымыздың мақтанышысың❤🥰🙏
@akbotazhumagulova9100
@akbotazhumagulova9100 4 ай бұрын
@user-kx6ir3eq9n
@user-kx6ir3eq9n 5 ай бұрын
Жақсы бағдарлама.Асқар Жұмаділдаевті шақырғаны өте дұрыс.Ерекше адам.
@user-jg7gb2ok4i
@user-jg7gb2ok4i 5 ай бұрын
ерекше адамгой, осындай тулгаларымыз коп болсын❤
@amanguladilbek9049
@amanguladilbek9049 5 ай бұрын
Мықты ТҰЛҒА! Қайталанбас, Қазақстанның болашағы болар жастарға берері мол, терең!
@user-of8zs6ff9f
@user-of8zs6ff9f 5 ай бұрын
Осындай керемет Адамдарды дүниеге әкелген Аналар даңқы өшпесін ❤
@qwertyuasdfgh7729
@qwertyuasdfgh7729 5 ай бұрын
Жалғыз дұрыс бағдарлама! Жарайсың Аман Тасыған! Қалаулым, Астарлы ақиқат, Көреміз ғой, т.б. оңбай кеткен бағдарламалар жеткілікті. Олардың бәрі ойдан шығарылған өсек, өтірік әңгімелер. Олар адамдарды рухани азғындауға әкеледі.
@user-du3ej4dc2l
@user-du3ej4dc2l 5 ай бұрын
Асқар аға 100жасаңыз. Аман жүріңіз. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз. Бақытты ғұмырлы болыңыздар.
@user-vd3lf3qk3r
@user-vd3lf3qk3r 5 ай бұрын
Асқар аға бүгінгі күннің аңыз адамы, керемет! Тамаша сұхбат
@gulnarabekenova6352
@gulnarabekenova6352 5 ай бұрын
Керемет! Асқар аға, қанша шыңға шықсаңызда, бала жүрек, бала көңіліңізбен жүректерге жететін сұқбатыңызға мың да рақмет! Аман, мықты журналист!
@user-wx3hj7jr8p
@user-wx3hj7jr8p 5 ай бұрын
Ерекше, аңыз адам ғой Асекең. Керемет бағдарлама. Журналист те мықты.
@user-lt2ik7vc2k
@user-lt2ik7vc2k 5 ай бұрын
Аңыз адам, мықты денсаулық тілеймін!🎉
@user-lr1qj4yp6l
@user-lr1qj4yp6l 5 ай бұрын
Аман Тасығанға мың рахмет,тақырыпты ашқаны үшін,тарамдап, жер көкті шарлап ,керек дүниесін тауып алғаны үшін,ізденісі үшін,бағдарламаны жүргізу мәнері үшін.Нағыз өз ісінің маманы деп білемін.Әр бағдарламасын көрген сайын, таң қалатыным, кейіпкер таңдауында. Ал Асқар ағаның,,ойбай,,деген бір ауыз сөзінің өзінен,ауылдың иісі аңқып тұр,керемет аңыз адам,сөзім жоқ,бірге қуанып, бірге көзге жас алып,бірге мұңайып отырдым.Иә,біздің елде,,қолда бардың қадырын білмейді" деп ойлаймын, бұл кісінің берері көп, тек жұмыс істеуіне жағдай барынша жасалса, тірі кезінде түсіне білсек, қадырлей білсек.Керемет шығарылым, керемет .Жүз жасаңыз!!!
@saltanatsaduova2147
@saltanatsaduova2147 5 ай бұрын
Л4зз🎉юя
@user-pz1sj1dc5h
@user-pz1sj1dc5h 5 ай бұрын
АЛЛА Тағала жарылқасын баршамызды
@nurjamal-rx4mn
@nurjamal-rx4mn 5 ай бұрын
Осы Аскар ага дай улы адамдарды архивте сактау керек
@user-zq8hf1so1b
@user-zq8hf1so1b 4 ай бұрын
Асқар сияқты адал адамгершилиги артық елдин азаматтары туралы жии шыгарса нұр устине нур болар еди.
@user-dr7ux3zl7w
@user-dr7ux3zl7w 4 ай бұрын
🎉😢😮😅😊❤😂🎉😢😮😅😊😅😮😢🎉😂❤😂🎉😢😮😅😊😅😮🎉😢🎉😂😂❤🎉😮😢😂🎉😅😮🎉😂🎉❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤
@user-rw9cf7lb2p
@user-rw9cf7lb2p 5 ай бұрын
Нағыз қазақи адам!
@karlygashmukhambetova8371
@karlygashmukhambetova8371 5 ай бұрын
Не деген керемет адам.Бағдарламаның авторына рахмет.
@user-so2tk2pf1b
@user-so2tk2pf1b 5 ай бұрын
Асқар аға өте жүрегі жұмсақ қарапайым адам екен.аман жүріңіз.жылаған жерде менде жылап көрдім.Басыңыз аман болсын.Аман Тасыған сізге де көп рахмет.еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер.
@user-wx5sl5vf1u
@user-wx5sl5vf1u 4 ай бұрын
Міне нағыз сұхбат қайдағы болмай қалған әшілерді дәріптегенше Асқар ағамыз сияқты ғалымдарды және жаңа бір сөзінде айтып кетті қанша жыл ғылымға еңбегі еткен ақсақалдар үйсіз жүр деп сол кісілерді көтеру керек.
@user-jf9hr4vc8c
@user-jf9hr4vc8c 4 ай бұрын
Керемет әңгімелесу болды! Тектілік, білім, адалдық, мінез, жанның нәзіктігі..... бір адамның бойында. Алға, қазақтар!
@user-is8el3bu9p
@user-is8el3bu9p 4 ай бұрын
Керемет рухани тәлім алатындай сұхбат болды.
@user-yz2ub8gf5g
@user-yz2ub8gf5g 5 ай бұрын
Асқар ағамызбен болған сұқпатқа.Рахмет расыменде жыладық, күлдік, сағыныштың сан түрлілігіне көз жеткіздік. Жаса беріңіз! Тасыған өмірде....
@user-mz4zs1qb3q
@user-mz4zs1qb3q 4 ай бұрын
Асқар Жумадылдаев, Қазақтың бірегей азаматы, аман-есен болыңыз.
@Aitbala1
@Aitbala1 5 ай бұрын
Керемет кейіпкер, керемет жүргізуші. Тіпті берілген уақыт аз болып қалғандай, тыңдай бергім келді. Өмір жасыңыз ұзақ болсын!
@user-so2tk2pf1b
@user-so2tk2pf1b 5 ай бұрын
Ия менде бітіп қалмағай деп қарап отырдым.😢
@user-xr9ny6ye1q
@user-xr9ny6ye1q 5 ай бұрын
Қазақтың иісі аңқып, жуманның исі бұрқырап тұр. Даланың қазағы..
@user-mq5eg2zr8r
@user-mq5eg2zr8r 4 ай бұрын
Аман жүр асқар.ботам.қазақтың.бір.туар.азаматысың.жастарды.үйретіп.ғылым.жолына.түсіріуге.ынталандыра.берші.еңбегіңнің.жемісін көресің.ізбасарларыңнан.аман.болшы.қарағым.әже.
@shynar2024
@shynar2024 5 ай бұрын
Көңілден шығатын бірден бір бағдарлама
@AltynaiToktarbekova
@AltynaiToktarbekova 3 ай бұрын
Өте керемет сұхбат екен!! Ағаның сегіз қыры мен бір қырын ұтымды ашқан бағдарлама болыпты!!! Аманның өте керемет өткізген сұхбаты болыпты!!! Ағаның қарапайымдылығы мен шынайылығы адамды ойландырады. Жүз жасаңыз аға, халқым деп, Қазақстанның болашағы үшін шапқылап жүре беріңіз.
@user-st1tt7ky8u
@user-st1tt7ky8u 5 ай бұрын
Ғалымның туысқандық мейірімділігі,сағынышы.көзіне жас алуының өзі ғажап .Әкесінен аумайды екен.Менің әкемнің өңі де осындай еді.Ұзақ ғұмыр отбасына бақыт тіледім Алладан.
@user-nu8tt3ge5b
@user-nu8tt3ge5b 5 ай бұрын
Кездесу мен қоштасудың арасын Жалғастырып жатады екен сағыныш!! Керемет сұхбат болды Асқар ағамен, сізбен бірге қуанып, жылап, сағынып, барлық қазақ азаматтары сізден үлгі алса
@user-nu8tt3ge5b
@user-nu8tt3ge5b 5 ай бұрын
Асқар аға айтқандай өмірім сағынышпен өтті деп, ия әсіресе бақилық болған ата анаға деген сағынышты қалай басуға болар екен, қабар басталғаннан аяғына дейін көзден жас тиылмай қойды, кездесу мен қоштасудың арасын Жалғастырып жатады екен сағыныш! - деп жазғаным сол, рас екен адам баласының өмірі сағынышпен өтеді екен, бірақ өмір жалғасады, тірі адам тірлігін жасайды екен, Асқар ағамыздай ұлы тұлғалар жасай берсін
@nazymnazym15
@nazymnazym15 5 ай бұрын
Аман Тасыған, дүние тұрғанша тұр. Асқар ағаны шақырғаныңа мың рақмет.
@user-dg4ee2mi6f
@user-dg4ee2mi6f 4 ай бұрын
Өте шынайы, әсерлі, жақсы демалыс
@user-wg4iq3ey3o
@user-wg4iq3ey3o 2 ай бұрын
Қандай жан-жақты Адам. Мықты адам. Сман болыңыз❤
@algaalash5691
@algaalash5691 5 ай бұрын
Асқар ағамызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр жас тіледім. Қазақтың бағына туған асыл азамат👍👍👍
@user-yi7zt7oh1m
@user-yi7zt7oh1m 5 ай бұрын
Аман, осындай мықты математик, ғалым, қазақи ұстанымы өте жоғары және тамаша әке, бала, жар адаммен болған сұқбат керемет болды. Әлі де қазақ қоғамына берері мол Асқар ағамызға мықты денсаулық тілеймін. Нағыз аңыз адам.
@user-cx4el2rx4i
@user-cx4el2rx4i 4 ай бұрын
Аман керемет жүргізесіз тақыоыптарды. Бір киүо көргендей болдым Асқар ағамызда шынайлық ,боямасыз айтады екен. Туысымен ,жарын айтқанда көз жасына қосылып егілгенім ай! Ғажап! Өмір көші бір кітап . Бір басына бар дарынды үйіп берген. Сіз осы заманың жақсы формуласыз,телефон ұстамайтын.
@user-yu4uf2wk5k
@user-yu4uf2wk5k 5 ай бұрын
Керемет.жан дүниеңді тербеген сүқбат
@aman.aralbay
@aman.aralbay 5 ай бұрын
Тамаша шығарылым болды👍🏻🔥😍тек әнші-әртістерді емес, ғалымдарды көтеретін кез келді
@user-bk7yk7de1q
@user-bk7yk7de1q 5 ай бұрын
Керемет азамат,өміріміз ұзақ болсын ,дара тұлға Сізге басымды иемін
@user-gn2vx6kz3o
@user-gn2vx6kz3o 5 ай бұрын
Аман коп рахмет, оте дурыс Аскар агамен сухбат, осындай ел ушын кызмет етып жаткан агалар апайларды танып былу керек кой, тамаша жылап та алдык маган унады
@user-fw7zr8vb2y
@user-fw7zr8vb2y 5 ай бұрын
Аңыз адам, шынайы әңгіме, Асқар ағамен бірге күлдік, жыладық, толқыдық😢 Бағдарлама ұжымына рахмет!
@user-qq9vi5lw4o
@user-qq9vi5lw4o 5 ай бұрын
Осы аңыз адам менің жерлесім, бір мектептенбіз...керемет адам, қазақтың мақтанышы 👍✊
@user-oj9bg6kl7x
@user-oj9bg6kl7x 5 ай бұрын
Асқар Аға көп жасаңыз. Құдай Сізге күш-қуат берсін! Әттең ҚАЗАҚТЫҢ СІЗ сияқты азаматтары көп болғанда. Еліміз халқымыз ешкімге ЖЕМ болмайтын еді. Аман Тасыған Тоқаевпен туралы болып жатқан әңгімені бекер бөліп тастадың. Сосын ағамызды Вальс билетпей БАТА АЛУЫҢ керек еді.
@KazakhWolf
@KazakhWolf 5 ай бұрын
Қазақтың маңдайына біткен біртуар перзенті 👆👆👆
@user-iq7km4qw7i
@user-iq7km4qw7i 5 ай бұрын
Кандай таза, нурлы адамдар, букил жануясы, Алла еки дүниеде бакытты етсин
@user-hr9yf5oc4c
@user-hr9yf5oc4c 5 ай бұрын
Ерекше шыгарылым, рахмет сыздерге,бырге кулдык, бырге жыладык,Аскар аға айткандай Аман аға мыкты жургызушы 👍.
@user-yx3tg9fu4i
@user-yx3tg9fu4i 5 ай бұрын
Керемет сұхбат! Нағыз академик, өте білімді, елінің мақтанышы, сегіз қырлы бір сырлы Азамат. Зор денсаулық, жемісті бағалы еңбек, ұзақ бақытты өмір нәсіп етсін.
@user-vi1gt2pr1k
@user-vi1gt2pr1k 5 ай бұрын
Керемет, 100 жасаңыз, қазақтың маңдайына біткен ұлы тұлға!!!
@user-qb5gh4bl7u
@user-qb5gh4bl7u 5 ай бұрын
Асеке,аман болыңыз! Қазақтың Асекеңдей жігіттері көп болсын Мықты❤❤❤❤❤❤❤
@user-qe2oj7zr4m
@user-qe2oj7zr4m 4 ай бұрын
Асекеңе амандық, деніне саулық,барлық жақсылықты тілеймін.
@user-qe2oj7zr4m
@user-qe2oj7zr4m 2 ай бұрын
Тамаша сұхбат, керемет кездесу болды.Аман баурыма рахмет. Журналистік істерің алға жүре берсін.
@user-uf3es6mi6y
@user-uf3es6mi6y 5 ай бұрын
Аман Тасыған өте білімді журналист!
@user-hq4en7jb3z
@user-hq4en7jb3z 5 ай бұрын
Бағдарлама өте керемет болды. Асқар аға сияқты ұлы тұлғаны шақырып,керемет сұқбат жасадың.Сол үшін мың рахмет! Келешек ұрпаққа берер ғибраты мол,Асқар аға 100 жасасын!
@user-fb8nz2kw2b
@user-fb8nz2kw2b 5 ай бұрын
Керемет сұхбат! Академик Асқар Жұмаділдаев ағамызға денсаулық тілеймін.
@user-tp4os6zj1b
@user-tp4os6zj1b 4 ай бұрын
Ерекше,аңыз адам,өте білімді мың жасасын,жүргізушіге де көп рахмет,сөйлеу мәнері ұнайды
@user-ol3xv1nt5s
@user-ol3xv1nt5s 5 ай бұрын
Аман Тасыған мың рахмет.Қандай білімді ,қарапайым. Қайталанбас тұлға.Барында қадірін білсек жақсы болар еді. Арман-тілегін орындап.Əлі де ғылымға берері көп ау
@user-fk9mf3tt6x
@user-fk9mf3tt6x 5 ай бұрын
Ғалым, оқымысты, ойшыл адаммен болған сұқбат қандай тамаша!
@user-cm2xt9ej2g
@user-cm2xt9ej2g 5 ай бұрын
Керемет шығарылым болды Аман алғысым сізге Ерекше,Асқар ағамыз жылатты да қуантты да Рахмет
@user-tc7mz6wg6g
@user-tc7mz6wg6g 5 ай бұрын
Кеш жарық бугінгі қонағыңызбен керемет сұхбат болды. Қазақтың нағыз жанашыры,недеген патриоттық сезім Асқар ағамызда. Осындай ұлы тұлғалардан жастар өнеге,білім алу керек.
@user-nf6hp9pj3t
@user-nf6hp9pj3t 5 ай бұрын
Керемет бағдарлама. Асқар Жұмаділдаев аңыз адам, бағдарлама барысында осы адаммен бірге қуанып, бірге көзіме жас алып отырдым..
@user-qd2iu2hz5t
@user-qd2iu2hz5t 5 ай бұрын
Аңыз Адам. Керемет бағдарлама. Құндылығы жоғары бейне. Рахмет 🎉
@GAI_79
@GAI_79 5 ай бұрын
Керемет сұхбат. Осындай ғалым адамдарды көбірек шақырыңыздар. Ғалымдарды халық тану, білу керек. Бағдарламаларыңызға ұзақ ғұмыр тілеймін!!!
@altynaiermekbaikyzi3916
@altynaiermekbaikyzi3916 5 ай бұрын
Өте керемет бағдарлама, бүгінгі қонақ Асқар аға қандай керемет, шынайы. Қазақ елінің мақтанышы !
@Daurenbekkyzy
@Daurenbekkyzy 4 ай бұрын
Аман аға, рақмет! Сондай керемет шығарылым болды👏🏻 Тамаша әсер алдым. Жылап алдым
@Fatima_Kaz
@Fatima_Kaz 5 ай бұрын
Әкесін көріп көзіне жас алдығой:(. Мен де қосылып жылап алдым
@user-uj1yc9gn2m
@user-uj1yc9gn2m 5 ай бұрын
Айтатыны жоқ,бәрімізде көзімізге жас алдық.Керемет болды,Асқар аға 100 жасаңыз.Сіз қазақтың маңдайына біткен асқар таудай,аға ғалымысыз.Сіз барда қазақтың,ғылымы өшпейді,сіз ғылымды қолға алсаңыз онда ғылым мәңгілікке өшпейді.
@user-nu8tt3ge5b
@user-nu8tt3ge5b 5 ай бұрын
Ия өмірім сағынышпен өтті деп жатыр ғой, мәңгілік мекеніне кеткен ата ананың сағынышы қалай басылар екен, адамдардың барлығының өмірі сағынышпен өтетін сияқты, алланың өлшеп берген ғұмырын мәнді де сәнді өткізсін ағамыз
@user-xt1rq9rl7i
@user-xt1rq9rl7i 5 ай бұрын
Жақсы адамдарды көзге жас алып еске алдыңыз.Айналаңыздағы жақсы адамдар көп болсын
@user-zv1js5xm5z
@user-zv1js5xm5z 5 ай бұрын
Керемет.Аман бауырым рахмет.Асқар Жұмаділдаев Аңыз Тұлға ғой.
@user-dh7jq2jf5r
@user-dh7jq2jf5r 5 ай бұрын
Өте керемет сұхбат! Асқар ағамызды өте жақсы сыйлаймын, сонау тоқырау кезеңнен бері қазағымның жанашыры, бір үлкен тұлға біз ұшін. Меніңде әкем математик болған, әкемді көргендей болдым, өйткені өз ісіне адал адам.Мың жасаңыз Асқар аға! Аман сен керемет журналиссыз тіл көзден екеуіңізді Алла сақтасын!!! Бийіктен көрініңіздер!!!
@user-cp4gb8po2r
@user-cp4gb8po2r 5 ай бұрын
Алғашқының төрінде отырған Асқар Жұмаділдаев біздің жерлесіміз , мақтанамыз .Жерлесіміздің керемет біліміне бас иеміз Аман інім сізге үлкен рахмет Жүрегімізді қатты тербеді
@user-ww6ms4ls4j
@user-ww6ms4ls4j 5 ай бұрын
Аман болыңыз Асқар аға, өзіңізбен бірге жылап, бірге күлдім. Ия, мәңгілік сағыныш кетпейді көкейдегі, Мәрия екеумізді Мәскеуден келген бір сапарыңызда сол кездегі Пушкин кітапханасына ертіп апарып, таныстырып оқырман билетін алып беріп едіңіз... Жүз жасаңыз АҒА!
@user-ly9df5nm2l
@user-ly9df5nm2l 5 ай бұрын
Барыңды бағала деген. Нар тұлғалы ,еліміздің мақтаныштары , ұрпаққа үлгі ,өнеге. Мың жасаңыздар 🎉 Рақмет 🎉🎉🎉
@guldanasaginaeva2462
@guldanasaginaeva2462 4 ай бұрын
Аман Тасыған, керемет нәрселерді жасап жүрсің, биік талғам деген осы ғой
@user-cr5il2iv6i
@user-cr5il2iv6i 5 ай бұрын
Керемет бағдарлама!Асқар ағаны көріп қуанып қалдым.Ақын Тұманбай Молдағалиев менің сүйікті ақыным.Көп өлеңдерін оқыдым "Құралайым ақ Құрашым"-деп жырлайтын. Композитор Ержан Белғозиев та Тұманбай ағаның күйеу баласы екен ғой.Бағдарламаны көріп отырып жылап та алдым.Аман Тасыған керемет журналист.Бәріңіз де аман болыңыз.Бұл бағдаламаны асыға күтіп қараймын.Рахмет Аман Тасығанға осындай бағдарлама үшін.
@user-zz1jy5yb2o
@user-zz1jy5yb2o 4 ай бұрын
Керемет жылы кездесу.Шынайы жауап.Сұқбат сонысыменде мәнді болды.Ағамыз қазақтың маңдайына біткен дара тұлғасы.Бағалайық,құрметтейік. Аман, айналайын саған шығармашылық табыс тілейміз.Сенің мықты журналист екеніңді ағамызда бағалап жатыр.Бұл үлкен жетістік! 9 мектеп - интернат туралы ағамыз айтып қалды.Сенде бір кездері сол мектепте ( қазір басқаша аталады) оқып едің.Бізде сендер сияқты шәкірттерімізбен мақтанамыз.
@user-wv3sv7mw4r
@user-wv3sv7mw4r 5 ай бұрын
Сыныптасы ретинде сұхбат берген тақия киген менің әкем😊
@user-lm5xv4fo2l
@user-lm5xv4fo2l 5 ай бұрын
Ержан Белғозиев - керемет гитарист, дарынды музыкант - Асекеңнің туған бажасы.
@qazaq1620
@qazaq1620 5 ай бұрын
Ұлы математик
@user-og1wv1le8d
@user-og1wv1le8d 5 ай бұрын
Керемет сұхбат👍! Кейіпкермен бірге күліп, бірге жыладық. Асқар Жұмаділдаев- тума талант, дарын иесі. Ісі табысты болсын, осындай адал жандар көбейе берсін! Вальсті математика тілімен түсіндіретін бір адам болмағаны ма? Аман Тасығанға мың алғыс! 👏👏👏 "Алғашқының" әр шығарылымын асыға күтетін болдық.
@user-gy7pz8ke7f
@user-gy7pz8ke7f 5 ай бұрын
Қандай керемет, рахмет, сізге, осындай керемет тұлғаларды таныстырғаныңызға. Нағыз жұлдыз осы кісілер ғой.
@user-fk9mf3tt6x
@user-fk9mf3tt6x 5 ай бұрын
Ғажап сұқбат болды. Соңына дейін тапжылмай көрдім, арасында жылап та алдым. Талайдан бері жүрегімді ешнәрсе қозғамап еді. Журналистке рақмет!
@ka.mereke
@ka.mereke 5 ай бұрын
Өте керемет сұқбат болды, көзіме кәдімгідей жас келіп, ырза болып қарап отырдым, сондай әсерлі өтті❤❤❤
@user-ez1ug3tf4x
@user-ez1ug3tf4x 5 ай бұрын
Керемет сөз жоқ бір жылап бір куанып мәзбіз құрдасым мықты журналистсің еңбегің өрге жүзсін
@aisabaimunlybekov5768
@aisabaimunlybekov5768 5 ай бұрын
Асқар аға, жүз жиырма жыл жасаныз! Аман баламызға көп рахмет осындай кейіпкермен кездесу өткізгеніне!
@user-zc7uf2zc2l
@user-zc7uf2zc2l 5 ай бұрын
Керемет асыл тұлға.Бірге жылап, бірге күлдім.Ерекше сезімге бөлендім.
@user-uf3es6mi6y
@user-uf3es6mi6y 5 ай бұрын
Жақсы бағдарлама!
@user-lo3ht5sq8f
@user-lo3ht5sq8f 5 ай бұрын
Асқар дала мәдениеті бойында, кеңес үкіметінің орыстандыру деген оғы тимей қалған бабаларымыздың тектілігі қанында сақталған шын қазақ, көбімізге орыстың оғы бірімізге аяқтан, қолдан, бастан, тіпті жүректен тиіп 0,1-0,5 ғана қазақ болып тұрмыз, енді ұрпақты қазақтың салт дәстүріне дала мәдениетіне тіліне, дініне, жаңа технологияға, ғылымға тәрбиелейтін уақыт жетті.
@daursanders4718
@daursanders4718 2 ай бұрын
Бірнеше рет тыңдадым, өте тамаша шығарылым, рухани күш берді, Асқар аға мен Аман ініме алғысым шексіз👍👍😘😘
@dinarzhuasbek6781
@dinarzhuasbek6781 5 ай бұрын
Аман бауырым, мықтысың ғой. Оны тағы да іздемпаздығыңмен, жан-жақтылығыңмен, шеберлігіңмен көрсеттің. Жарайсың! “Алғашқы” бағдарламысын үнемі көремін. Бүгін Асқар ағамыздың өмірімен, сырымен таныстық. Асқар аға тарихта аты қалатын, ерекше адам. Қазағымда атақты математиктің болғаны қатты қуантады. аға, жүз жасаңыз! Келешек ұрпаққа береріңіз көп болсын!🤲
@jazirka
@jazirka 5 ай бұрын
Қарапайымдылығы ағайдың 😘 АЛЛА ұзақ әрі қайырлы ғұмыр берсін
@user-up6io7yw5w
@user-up6io7yw5w 5 ай бұрын
Өте қарапайым адам , қазір қарапайым адамдар сиреп кетті ғой таң қалатын болдық , тамаша сұхбат болды керемет кейіпкер Аман Тасыған жарайсың 👍👏👏😊
@Zhora1981
@Zhora1981 5 ай бұрын
Өте керемет, әсерлі, сезім сағыныш, өткіз сөздер батыл айтылды, боздап отырар болсам кім жұмыс жасар, ит жоқ та шошқа үреді жүргені мың академик бірақ біреуі іс жасамайды амал жоқтықтан жүрмін деді...
@user-le4nv6tg6x
@user-le4nv6tg6x 5 ай бұрын
Ең керемет бағдарлама болды бұл😢🫰❤️🥰🔥🔥 Таңғы 6:34-те көзден жас ағып қарап отырмын. Асқар аға - аңғал, бала сияқты таза, жаны мен жүрегі кірлемеген нағыз АДАМ ғой. Жүз жасаса екен, жүзден асса екен🤲
@user-wm2oy6bd7g
@user-wm2oy6bd7g 5 ай бұрын
Керемет 👍 сұхбат болды, өзіме түртіп алатын сүбелі сөздер көп екен!
@user-qv1qf6ks7v
@user-qv1qf6ks7v 5 ай бұрын
Қандай бауырмалдық. Жүрегім езіліп, бауырым есіме түсті
@user-wy9bd5yy6q
@user-wy9bd5yy6q 5 ай бұрын
Міне ,осындай ұлы тұлғалардан алған сұхбат керемет болды.
@temir1892
@temir1892 5 ай бұрын
Өте жақсы болды..😢😢Көрген нең бері Көзден жас тоқтамады..Аман Тасыған ға Көп көп рахмет ❤..Алланың көзі тұзу болғай Асқар ағайға ..💯👍
@user-ei6fc7xs5x
@user-ei6fc7xs5x 5 ай бұрын
Осындай ғалым, ұстаздарды шақырыңызшы👏👏👏
@user-fd4qg8bq3g
@user-fd4qg8bq3g 5 ай бұрын
Аман саған мың алғыс! Асқар сияқты білімді мықты азаматтармен сұқбат жүргізіп отырғаныңа ,өте үлгі аларлықтай кездесу болды
@nurakhmetrustembekov3834
@nurakhmetrustembekov3834 5 ай бұрын
Керемет шығарылым !
@user-qs6vz2kl6z
@user-qs6vz2kl6z 5 ай бұрын
Тәрбиесі көп бағдарлама, мықты журналист, әйтпесе қазір түк пайдасыз бағдарламалар көбейіп кеткені қынжылтады, осындай тағылымды бағдарламаларыңыз көп болсын! Асқар аға да мықты, ерекше тұлға, осындай ақылды, тәлім алатын дана тұлғаларды көп шақырсаңыздар
@user-nt7qc4yi6x
@user-nt7qc4yi6x 4 ай бұрын
Керемет кездесу.Асқар ағамен бірге жылап бірге күлдім. Әдемі әсер алдым. Рахмет.
@user-bs2ru1ji7o
@user-bs2ru1ji7o 5 ай бұрын
Казактың пешенесіне біткен, Аңыз адамның бірі Аскар аға.
@user-uh3gn1dx8u
@user-uh3gn1dx8u 5 ай бұрын
Керемет әңгіме болды, Аман аман бол, осындай дара кісілерді ьізге таңыстырған үшін.
@user-wz6es1pz3g
@user-wz6es1pz3g 5 ай бұрын
Өте жақсы бағдарлама Асқар аға осы заманның ең күшті адамы деп түсінеміз ауырмаңыз кейінгі жастарға үлгісі.
@user-bh6sf3jm1q
@user-bh6sf3jm1q 5 ай бұрын
өте рас сөз жыңғыл, жантақ, шеңгел туған жердің гулі ғой әр адамға ыстық
Who enjoyed seeing the solar eclipse
00:13
Zach King
Рет қаралды 72 МЛН
Genial gadget para almacenar y lavar lentes de Let's GLOW
00:26
Let's GLOW! Spanish
Рет қаралды 37 МЛН
Мейрамбек Беспаев | Алғашқы | Аман Тасыған
55:39
Аман Тасыған
Рет қаралды 207 М.
Parasat maidany (Парасат майданы) - Галилео: Дегенмен ол айналады...
35:19
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 81 М.
Обвинила маленькую девочку в воровстве 🥺 #фильм #сериал
1:00
DixyFilms - Фильмы и сериалы
Рет қаралды 2,8 МЛН
Ернарды іздеп келген Ләззат ханымның қызы!
20:58
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 276 М.