Рет қаралды 7,697
Түркістан облысы Арыс қаласы базарының сатушылары да жалға алу құнының өсуіне жаппай наразы. Жарылыс деп бір, пандемия деп тағы тоқтаған сауда жүрмей тұр дейді кәсіпкерлер. Сондықтан дүкендерді жалдау құнын өсіру әсіресе, карантин кезінде дұрыс емес дейді шағым иелері.
Бұл арыстық базар сатушыларының назы. Жалға алу құны 30 мыңнан 50 мың теңгеге дейін өседі дегелі мазамыз қашқан. Қарызға сауда жасайтын біздер үшін өте ауыр дейді олар.
ОРАЗКҮЛ БАХТИЯРОВА, базар сатушысы:
- Әй, айналайын елу мың деген не деген сұмдық?! Мысалы Шымкентте жиырма бес мың теңге төлейді, үлкен қала. Төлесең төле, төлемесең есікті жап та, кілтті бер дейді.
Базар әкімшілігі алдына жиылған жұрт әр өсім бір нәрсеге негізделуі тиіс деп есептейді. Карантин кезінде тойханалар жабық, мектептер істемеді. Тиісінше сауда да болмады дейді. Несиесін жауып, әупірімдеп нәпақасын айырып отырғандарға ауыр. Сондықтан базар басшылығы бағаны шарықтатудың себебін түсіндірсін деп талап қойды.
ҚАЛДЫҒЫЗ ШЫНӘЛИЕВА, базар сатушысы:
- Мына кісілер ше пенсиясынан береді арендаларын.
Базар басшылығы ең алдымен жалға алу құны әлі өспеді, тек өсетіні туралы хабарланды дейді. Онда да жекелеген орындарға ғана қатысты деп отыр. Базарды заман талабына сай өзгерту басты себеп. Сәулетшілердің талабы бар екен. Ішінара құрылыс жүргізу керек, ал құрылыс заттары қымбат дегенге саяды.
ЕРІК АЛТЫНБЕКОВ, базардың бас маманы:
- Әр дүңгіршіктің орналасқан жеріне байланысты өсуі мүмкін. Құрылыс жүруіне байланысты және де әкімдіктің де талабы солай болып жатыр, заманауи базар болу керек.
Базар әкімшілігі жалға алудан түсетін қаржы барлық шығынға жетпейді дейді. Мәселен, тұтыну артқан соң, жаңа трансформатор орнаттық. Экологиялық шығындар, қоқыс шығару да ақша. Сондықтан жекелеген орындарға бағаны өсіруге мәжбүрміз деп отыр.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin -kzbin.info/door/KJIfb3BN2x14J4U30wzLeAfeatured?sub_confirmation=1
Facebook - informburo31/
Instagram - informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#Арыс #саудагерлер #қымбатшылық