Арыс өзенінің арнасы өзгеріп, теміржолды шайып кетуге шақ қалған

  Рет қаралды 23,065

Khabar NEWS

Khabar NEWS

6 жыл бұрын

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс өзенінің арнасы шайыла келе, Алматыдан Ташкент пен Мәскеу бағытында өтетін теміржолға жақындап қалған.
Жағалауды бекітпесе, енді бірер жылда шойынжолдың астын су кеулейтіндей болған. Арнайы құрылған комиссия шұғыл шешім қабылдап, қазір өзеннің арнасын өзгерту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Арыс өзенінің арнасына жақын жерден 20 гектар суармалы жер алған Есболат Әбуов ақсақалдың есебі бойынша, шаруашылықтан тәп-тәуір пайда көруі керек болатын. Бірақ асыраушым болады деген өзен есебінен жаңылыстырыпты. Өзен тасығанда арнасы өзгеріп, суармалы жерінің жартысын шайып кеткен.
Есболат Әбуов, өндірістік кооператив төрағасы:
- Екі жылдан бері өнім ала алмадым. Енді 10-ақ гекта жерім қалды. 10 гектардан 600 баудай жоңышқа алдым. Ал жалпы 20 гектардан 4 мыңнан астам пресстелген жоңышқа алуым керек еді. Маған тиіп тұрған залалы сондай.
Арыс өзенімен күздің кезінде секундына 80 текше метрдей су ағады. Таудан басталатын асау өзен көктемде арнасынан асып аққанда, суы бүгінгіден 10 еседей көбейеді. Сол кезде жағалаудағы жарды құлатып, бағытын да өзгертіп, басқа арнаға ауып та кетеді.
Әбдез Рахманұлы, тілші:
- Иір-иір болып ағатын Арыс өзені жыл сайынға көктемде су тасыған кезде мына жағалауды шамамен 10 метрдей шаяды екен. Ал ана тұста теміржол өтіп жатыр. Дәл қазіргі арна мен теміржолдың арасы 20 метрден сәл-ақ асады.
Шұғыл шара қолданбаса өзеннің арнасы бір-екі жылда теміржолға қауіп төндіретіні анық. Ал бұл теміржолмен күніне жолушылар мен жүк пойызының жүз шақтысы өтеді. Арнайы комиссия шешім шығарып, қазынадан 167 миллиондай теңге бөлінді. Өзеннің арнасын теміржолдан алыстау болып ағатын етіп, өзгертіп жатыр.
Әбубәкір Оспанов, құрылыс компаниясының инженері:
- Ауа райы жақсы болатын болса, 20-25 күннің ішінде арнасын қазып бітіріп, келесі арнаға тоған қойып бітірсек пе дейміз. Суды бұрғаннан кейін теміржолға ешқандай қауіп келмейді. Сол кезде теміржол мен өзеннің арнасының арасы 1 шақырымнан асатын болады.
Қысқа дейін 1,5 шақырымнан асатын жаңа арнаны қазып, тоған салу үшін бар күш жұмылдырылыпты. Қазір жұмыстың 70 пайыздайы біткен. Келесі көктемде Арыстың суы теміржолдан қашық жатқан арнамен ағатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, еліміздің оңтүстігінде ағып жатқан Арыс өзені Сырдарияның оң жақ сағасына жатады. Өзеннің сол жағалауы табанының сазды болғандықтан, жылда арнасы ауысып, шайылып отырады.
Жалпы су арнасының ұзындығы - 378 шақырым. Ал алабының көлемі - 14 мың 900 шаршы метр. Бойында 11 шағын бөген мен 3 Су электр станциясы бар. Негізінен көктемгі еріген қар және жаңбыр суымен толығады. Арыс өзенінен тікелей 37 канал бастау алады. Ең ірісі - Арыс-Түркістан каналы.
Авторлары: Әбдез Рахманұлы, Нұрмахан Мұсатов

Пікірлер: 1
@sagatbekov6981
@sagatbekov6981 6 жыл бұрын
Осындай жаксы Азаматарды колдау керек
Жаңалықтар | 07.06.2024 | 19:00
22:42
Khabar NEWS
Рет қаралды 534
Арыс өзенінің арнасы бұрылды
1:58
Телеканал 24kz
Рет қаралды 271
When someone reclines their seat ✈️
00:21
Adam W
Рет қаралды 20 МЛН
Ну Лилит))) прода в онк: завидные котики
00:51
Они убрались очень быстро!
00:40
Аришнев
Рет қаралды 1,2 МЛН
Как быстро замутить ЭлектроСамокат
00:59
ЖЕЛЕЗНЫЙ КОРОЛЬ
Рет қаралды 12 МЛН
Зуль-хиджаның әуелгі 10 күні | Ұстаз Ерлан Ақатаев ᴴᴰ
34:49
Ұстаз Ерлан Ақатаев
Рет қаралды 15 М.
ЖАПАНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ ҮЙ / ФИЛЬМ / 02.06.2024
39:03
Жетісу телеарнасы
Рет қаралды 177 М.
Советский мультфильм про нашу жизнь !
13:49
Дедушка Аргентинца
Рет қаралды 2 МЛН
When someone reclines their seat ✈️
00:21
Adam W
Рет қаралды 20 МЛН