Жас жұбайларға берілетін баталар (Өзіңізге ұнаған батаны жаттап алыңыздар)

  Рет қаралды 8,874

ӨМІР ҒАЖАП

ӨМІР ҒАЖАП

9 ай бұрын

Алтыннан болсын жағаң,
Күмістен болсын тағаң.
Жүздерің жайнап,
Келісті болыңдар!
Толған айдай
Өрісті болыңдар.
Қатарларыңнан озыңдар,
Қозадағы шоқтай қозыңдар.
Ең алдымен,
Берекешіл болыңдар.
Көпке бірдей,
Елшіл болыңдар.
Көкорайдай желпілдеп,
Желкілдеп тұрыңдар.
Сексенге келіп,
Селкілдеп тұрыңдар.
Әумин
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Дастарқаның мол болсын,
Абыройың зор болсын.
Көк жайлауды жайласаң,
Тай - құлынды байласаң,
Келін тұрсын керіліп,
Салтанаты көрініп.
Сабаң толсын қымызға,
Шараң толсын уызға.
Өрісіңе мал толсын,
Ақ тілеуің жар болсын.
Өрендерің ер болсын.
Көреалмаған бағыңды,
Сындыра алмай сағыңды,
Бетін басып жер болсын.
Қара ниет жауларың,
Ит пен құсқа жем болсын.
Балалардың саны өссін,
Абыройың тағы өссін.
Қорған болсын халқына,
Ел сүйсінсін даңқына.
Сыздатпай жүрегіңді,
Қалаған тілеуіңді,
Қасыңдағы елден берсін.
Басып жүрген жерден берсін.
Ағайының қолдай берсін,
Дос, жараның қорғай берсін.
Көңіліңе балық қайраңдасын,
Ел-жұртың жайраңдасын.
Әумин!
(《Бата дарып, бақ қонсын》кітабынан. Ө.Озғанбай, К.Бекмағанбет)

Пікірлер
Follow @karina-kola please 🙏🥺
00:21
Andrey Grechka
Рет қаралды 8 МЛН
Don’t take steroids ! 🙏🙏
00:16
Tibo InShape
Рет қаралды 23 МЛН
Тойда ең көп берілетін баталар / Арнайы жинақ
6:18
Сакем Майгазиев бата беру мәртебесі маған берілген екен. #СакенМайгазиев #Тұсаук
3:13
Нұр-Сұлтан той ұйымдастыру, Организация праздников
Рет қаралды 2,3 М.
ТӨЛЕ БИДІҢ БАТАЛАРЫ #бата #қазақстан  #алаш
2:13
Follow @karina-kola please 🙏🥺
00:21
Andrey Grechka
Рет қаралды 8 МЛН