Аспан асты елі қалқымайды! Қазақстан автонарығын Қытай көліктері жаулауы мүмкін

  Рет қаралды 87,236

Информбюро 31

Информбюро 31

2 жыл бұрын

Қазақстанның автонарығын Қытай көліктері жаулауы мүмкін. Автосарапшылар осындай пікірде. Олардың сөзінше, Ресейге салынып жатқан санкциялардың кесірінен көрші мемлекеттегі автозауыттар жұмысын тоқтатқан. Қытайлық көлік өндірушілер дәл осы сәтті ұтымды пайдаланып, елімізге жаңа брендтерін кіргізуі ықтимал.
Елде Қытайдың тұтынушылық тауарларынан бөлек, көліктері де саңырауқұлақтай қаптап кетуі мүмкін. Автосарапшы Алексей Алексеев айтынша, Ресейдегі фольксваген, лада, рено сияқты маркалы көліктерді шығаратын зауыттар жұмысын тоқтатқаннан кейін көрші мемлекеттің азаматтары Қазақстандағы автоларды сатып алып жатыр. Ал бұл жағдайды Қытайдың көлік зауыттары барынша ұтымды пайдалануға тырысады. Өйткені олар тапшылық туындаған көлік нарығына өз өнімдерін жеткізуді көздейді дейді маман.
АЛЕКСЕЙ АЛЕКСЕЕВ, Автосарапшы:
- Қазіргі Ресейдегі жағдайды білесіздер. Соның кесірінен Қазақстанда көлік тапшылығы болып жатыр. Менің ойымша елдегі көлік нарығында Қытай машиналары жақын арада пайда болады. Олар осында құрастырылып, отандық өнім болып тұтынушыға ұсынылуы мүмкін.
Сондай-ақ, мамандар егер Қытай көліктері Қазақстан нарығында көбейсе, ол темір тұлпарлар көпшіліктің сұранысына ие болады деп топшылайды. Оның өзіндік себебі бар екен.
РОМАН МАСЛЕННИКОВ, Автожурналист:
- Қазақстандағы тұтынушылар Қытай көліктеріне ақырындап сене бастады. Менің ойымша, Қытай долларға бағынышты емес. Сондықтан, олар бағаны жиі көтере бермейді. Арзан әрі қолжетімді өнімді неге алмасқа?
Ал, тұтынушылардың көпшілігі Қазақстанда жиналған темір тұлпарларға қарағанда, жапон мен неміс көліктерін таңдаймыз дейді.
Сарапшылардың пайымынша, әлемдегі автоөндіріс мәселесі толығымен шешілген жоқ. Сондықтан, көлікті құрастыруға қажетті компоненттердің жетіспеушілігі әлі де байқалады. Кем дегенде осы жылдың соңына дейін созылуы мүмкін екен.
Өмір Серікбекұлы, Ринат Абулхаиров
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#автонарық #Қазақстан #ҚытайКөліктері #автосалондар

Пікірлер: 371
@user-nb5hj3ty2y
@user-nb5hj3ty2y 2 жыл бұрын
Қазағым, Қытай, Корея, Япониядан қай жерiмiз кем, өзiм де, бiлiм алып, оқып, жақсы мамандық иесi атанып, Қазақстанды гүлдендiрiп, дамытып, көркейтейiк.
@user-vg6du8gw2m
@user-vg6du8gw2m 2 жыл бұрын
Қазақ ешкімнен кем емес бірақ жалқау,енжар,бақталас халықпыз.Алдыға шыққандарды көре алмаймыз.Қытайдан,Монғолиядан келген қандастарымыз бізге қарағанда еңбекқор,өлермен ғой солардың жанталасып еңбек еткенін де көре алмаймыз.,,Келмей жатып байып алды",--деп қызғанып отырамыз.Сен де солар құсап еңбек ет,кім қолыңнан қақты.Мен оралман емеспін ,жергілікті қазақпын.Кейбір ауылға барсаң сол ,,оралман" деп кемсітіп отыратын қандастарымыз ,,шаштараз", ,,маникюр", ,,педикюр", ,,аяқ киім жөндеу ", ,,тігін ательесін" ашып алған қандай жақсы.Соны да көре алмаймыз.
@user-oc7kc6ts8d
@user-oc7kc6ts8d 2 жыл бұрын
👍👍👍💯✊
@user-uk7qq6bx5m
@user-uk7qq6bx5m 2 жыл бұрын
Талабңа нұржаусн
@user-jc1dm2jk1f
@user-jc1dm2jk1f 2 жыл бұрын
@@user-vg6du8gw2m Біздегі іштарлық орыстану саясатынан қалған,солардан қалған "тәрбие".Қазағым ақкөңіл, қарапайым, кеңпейіл,жомарт болған.Біреудің алажібін аттамаған.Өлімнен Ұят күшті деп.Интернетте кез келген Қазақты мақтаған видео көріп,комментарий оқып отырсаң, басқа ұлт өкілдері емес,осы Орекеңдер немесе шалаҚазақтар құсып отыратын.Елге оралған Қандастарымызда,ондай "тәрбие" болмаған.
@user-er1of5kb4e
@user-er1of5kb4e 2 жыл бұрын
Билік кедергіғой
@user-wl5kh5lx7j
@user-wl5kh5lx7j 2 жыл бұрын
Неге жапониямен жакындаспайд Казахстан неге Кері журеді
@sakenbokhbai4972
@sakenbokhbai4972 2 жыл бұрын
Жапонияң қымбат.
@muhammedmustafa8889
@muhammedmustafa8889 2 жыл бұрын
@@sakenbokhbai4972 қымбат емес бұлақтың басында арзан тек ортада жүргендер бизнесменсымақтар көп қосып сатады
@kz.4592
@kz.4592 2 жыл бұрын
Өйткені мемлекет басындағылар көптен кери жүреді 😂
@taldykorgan89
@taldykorgan89 2 жыл бұрын
Глобусты ашып карасаншы Кытай кайда Жапония кайда. Жапониядан самолетпен алып келсен тагы кымбатамайды ма
@user-wl5kh5lx7j
@user-wl5kh5lx7j 2 жыл бұрын
@@taldykorgan89 тоиота бірігіп зауыт ашсын қазақстанда прадо камри рав 4 Хайлюкс сол төрт кулікті шыгарса содан артык баска кулік керегемес
@elysium4293
@elysium4293 2 жыл бұрын
Қазақстан мұнай құбырын Каспий теңізі арқылы Азербайджанға салып қоюы керек еді осы 30 жылда. Енді Ресейге қарап қорқа бермей ЕАЭС пен ОДКБ дан шығу керек! 🇰🇿✊
@user-jf5fe4do1s
@user-jf5fe4do1s 2 жыл бұрын
Сол кубырды салып жарты жолда токтаткан жокпа Ал одкбдан еаестен билк ауспай шыкпайсын
@altynkun5976
@altynkun5976 2 жыл бұрын
Аспан асты - демеңдерші тек қытайларды, барлық халық аспан астында өмір сүріп жүр.
@jannur3306
@jannur3306 2 жыл бұрын
🤣🤣🤣 ,
@user-ir1jn8le7p
@user-ir1jn8le7p 2 жыл бұрын
Біз жер астында тұрамыз
@user-vb2ug6kz8f
@user-vb2ug6kz8f 2 жыл бұрын
Сонайтам, какой та кытай гана аспан астына лайык секилди.
@yergalikamal9307
@yergalikamal9307 2 жыл бұрын
Мен 2 жыл бұын кәрістің Хендай Портер2 көлігін алдым. Планда Орыстың Газельі болмаса Қытайдың Джак көлігі болды. Бірақ сәті келіп Кәрістікі бұйырды. Қазір ойласам Кәрістікі ол екеуінен әлде қайда жақсы екен. Жазда кондиционері, қыста пеші жақсы жұмыс истейді. Көлік еш қиналмай 2 тонна салмақты тартады. Ыңғайлы, жеңіл, шыдамды👍 Алуға мүмкіндіктерің болса Кәріс, Жапон көліктерін алыңдар. Тек Кытай Орыстікі емес☝️
@user-ir1jp9df4p
@user-ir1jp9df4p 2 жыл бұрын
Ия сапаның аты сапаго бирак окынышке арзанға жугыремыз
@user-ky6du5lp8v
@user-ky6du5lp8v 2 жыл бұрын
Кытай коликтеринин заттары табылмайды, сапасыз, заттары уйлеспей жатады. Алган таныстардын машиналары тургой, жургизе алмай. Сапасыз. Одан Жапон, Германия коликтери жаксы гой
@user-ng4un3hu4p
@user-ng4un3hu4p 2 жыл бұрын
Жаксы , агасы рЕсейдин колигин киргизгенше осы Кытайдын колиги дурыс !
@user-pn2li7sw4y
@user-pn2li7sw4y 2 жыл бұрын
Германия жақсы
@user-pn2li7sw4y
@user-pn2li7sw4y 2 жыл бұрын
Қытай қосалқы бөлшектермен кіргізеттінне анық
@user-pn2li7sw4y
@user-pn2li7sw4y 2 жыл бұрын
Қытай сол жапоняның 2 шісіғой элотроникаға жақын
@user-dz3gf2mr5q
@user-dz3gf2mr5q 2 жыл бұрын
Сол Германия жапония запчасын кытай шыгарып отыр гой соны саласыз Машинасын унатпаймыз
@user-jb9yv8qq1l
@user-jb9yv8qq1l 2 жыл бұрын
Біздің билік көтке қарай тартуды қашан қояды екен? Осындайды пайдаланып, жапон, неміс автоөндірістерін тарту керек.
@user-ti4or8uy4b
@user-ti4or8uy4b 2 жыл бұрын
Қытайдын соғысынан емес саудасынан қорқу керек деп ата бабалар айтып кеткен
@user-mg1zy3kj5e
@user-mg1zy3kj5e 2 жыл бұрын
Немистердин немесе жапондардын машинасын алып келип сатса (ортага саулагерлерди коспаса.) делдалсыз мемлекет колга алса.
@user-qw7vv3vv2o
@user-qw7vv3vv2o 2 жыл бұрын
Япония,Германия машина жасайтындары Россиядан кетіп жатса Қазақстанға келіп көліктерін шығарсын....
@aruka_lovelys777
@aruka_lovelys777 2 жыл бұрын
Қандай мақтаса да бір де бір автомобиль Жапон мен Германияның автомобильдеріне жетпейді ғой.Неге біздің ел сол Жапондық автомобильдерді өзімізде құрастыруды қолға алмайды.Өзімізден қондыратыны сол 4 - дөңгелегі емес пе? Бəрібір бізде құрастырады деген тек атағы ғой , бір де бір авто құрастырушы ел біздің елдің өздігінен құрастыра алмайтынын біледі ғой.
@user-ir1jp9df4p
@user-ir1jp9df4p 2 жыл бұрын
Соны айтам наворот сапасыз нәрсеге жугыреды укимет Орыс пен кытайдын колыгыне Немис Карис жапон колыктерын дамытып ондырыс жасаудың орнына Калтаны ойлап жатырго укимет аш каламдеп
@AS-ey7ss
@AS-ey7ss 2 жыл бұрын
Темір деген жетет бізде Өзбекстан құрлы болмадықой Белорусияны қарашы сырттан темір сатып алып Трактор жасап сатады
@user-qh1qd8bo8c
@user-qh1qd8bo8c 2 жыл бұрын
Кытайдын колигин колдагандар пласмас уланган адамга зияны шексиз тез бузылгыш неге мактап отсындар бедеу боласындар.
@user-bi5ny2qo6j
@user-bi5ny2qo6j 2 жыл бұрын
Қытайды байытпай ақ өз елімізде шығып жатқан көліктерді алу керек. Бізге санкция салынған жоқ қой. Неге жапония, германия, корея сияқты елдердің сапасы жоғары көліктерін әкелу керек. Қытайдың қай заты болсын қауіпті әрі зиянды.
@user-iy5xv1ev8y
@user-iy5xv1ev8y 2 жыл бұрын
Темірлерімізді тегін беріп көлігін қымбаттан аламыз ба? Кім ұтты кім ұтылды, жүріңдер сол басқа елдің экономикасын байытып тілін ойлап , әй қу қара бастарын ойлайтындар
@qazaqbaybayip171
@qazaqbaybayip171 2 жыл бұрын
Барсай дамытсай. Немеге басқаларға ақыл айтып отырсыз? Комменттегілердің бәрі ақыл айтқыш. Бірақ ешқайсысы қолға алғысы келмейді. Өйтетін болса кім сотка қарап диванда жатады? Онда 24сағ жұмыс істеу керек.
@user-sz1uz7dc9e
@user-sz1uz7dc9e 2 жыл бұрын
😀👍👍👍
@user-sy2lx7mv3h
@user-sy2lx7mv3h 2 жыл бұрын
@@qazaqbaybayip171 👍
@user-cd9mk7mf6o
@user-cd9mk7mf6o 2 жыл бұрын
Теміріңді алып беріп отырған орыстар кеше ғана ауылдан шығып бүгін бірден темірге еге болуына қара Дастарханыңдағы нанды орыстың жері мен орыстың еңбегінен Қазақ әлі өзінің боғын тышып жүрген жоқ
@qazaqbaybayip171
@qazaqbaybayip171 2 жыл бұрын
@@user-cd9mk7mf6o сіз өйтіп тым кетпеңіз. Орысқа табынып қалғансыз ба неме? Орыстар бәрібір сізді "чурка" деп атайтын болады. Сондықтан өйтіп сөйлемеңіз. Керек болса зауыт, фабрика салуды европадан үйренген орыстар.
@user-qb6qi8mw3v
@user-qb6qi8mw3v 2 жыл бұрын
Басқа елдің сапасыз өнімдері керек емес. Мына біздің, сатып алып, сату кәсіпкерлер емес . Өз өнімдері мізді дамытуымыз керек . Жапондар дың , мамандарымен келісім шартқа отырып іс қылыумыз керек . Осылай Қазақстанды дамыту бағдарламасына көшуіміз керек.
@user-jm1ek4qg4v
@user-jm1ek4qg4v 2 жыл бұрын
Жемқор үкімет ашпай жатып талайды, жәй дукеннің өзіне діңкеңді құртып жібереді,
@user-wv5oo4tt2e
@user-wv5oo4tt2e 2 жыл бұрын
Қазақстан осы сәтті пайдаланып жапон немесе неміс көліктерін құрайтын завоттар салса қайтеді 100% ақтайды деп ойлаймын, ресейден кетсе бізге тартсын
@user-sz1uz7dc9e
@user-sz1uz7dc9e 2 жыл бұрын
Өте дұрыс болар еді. Бірақ біздің билік оған ешқашан бармайды. Қытай мен орыс олардың аузына қалағандарынша пара тығады.
@user-sz1uz7dc9e
@user-sz1uz7dc9e 2 жыл бұрын
Жапон хондасын не ниссанын заводын саламыз Өскеменде деп отыз жыл шулады. Результат 0. Орнына орыстың вазын жинайтын Бипек авто жасады. Сол Бипек авто субсидияны алып алып Рф қа қашып кетті. Қазақты сорлатып отырған шіріген жүйе. Бұларды түгел күреп тастап, Саакашвили дің жасағанын жасап тазарту керек.
@user-bh8rx1hi2f
@user-bh8rx1hi2f 2 жыл бұрын
Завод салсада колiктерiн саган арзанга бермейдi
@baha4182
@baha4182 2 жыл бұрын
Кəзір ғана көлік тапшылығы болғандай айтады ғо мыналар 2014 жылдан бастап көлік тапшылығын қолдан істегенін неге айтпайды осы карантин кінəлі болып жатқан соғыс кінəлі.
@user-ro1pv2ws8q
@user-ro1pv2ws8q 2 жыл бұрын
Қаптаса қаптасын әйтеуір өзіміз дамбалда тікпейміз.
@asannagyshbekov5341
@asannagyshbekov5341 2 жыл бұрын
Қытай көлік кіргізсе Өзбектің көлігімен жылап көрісеміз.
@kulteginhansarymuslim8112
@kulteginhansarymuslim8112 2 жыл бұрын
Кытай машина алмандар ортенип кетесиндер
@user-bi4mt4zo4n
@user-bi4mt4zo4n 2 жыл бұрын
Новый кытай машинасын алганша ески тойота жапондык машина 1000есе артык
@user-ud7no4qr4n
@user-ud7no4qr4n 2 жыл бұрын
Ең бастысы көліктері келсе , қызмет көрсету жағын да ұмытпаған абзал ғой , қосалқы бөлшектерін де сата бастаса жөн болар еді .Деген мен де Қазақ тың өз көлігі болғанға не жетсін , қазақттың бай жігіттерінің құлағына алтын сырға !
@user-jo4uu3lo3l
@user-jo4uu3lo3l 2 жыл бұрын
Қазағым Қытай ешуқытта жақсы заттарын бермейді абаи болыңдар Қытайға сенсең сорланып қорланып өлесің
@Granddad02
@Granddad02 2 жыл бұрын
Қазақстанда неге мотор (қозғалтқыш) жасап шығатын зауыт құрмайды екен осы (Өзбекстан өз мотор зауытын әлдеқашан құрып алды. Қазақстанның Өзбекстаннан несі кем). Жеңіл және жүк тасушы көліктерге қосалқы бөлшектер мәселесінде проблема болмас еді. Бұл өз кезегінде Қазақстанның өзіндік автоөндірісінің пайда болуына септігін тигізер еді деп ойлаймын. Не болсада өзіңдікі болғаны жақсы емеспе.
@user-vb6sh5js6v
@user-vb6sh5js6v 2 жыл бұрын
MG деген Кытай машинасы майдын фильтры ешкайда жок сатылмайды. Баскада саймандары жок алмандар БРАК сосын коп машинасы лучше будан алган жаксы. Алмандар баленбай мынга кредитке оформить етып береды. Сосын актамайды.
@user-kt4dg7bb3y
@user-kt4dg7bb3y 2 жыл бұрын
Дурыс аитасыз
@user-kt4dg7bb3y
@user-kt4dg7bb3y 2 жыл бұрын
КЫТАИ КЫТАИ ДЕП КАКСАП ТУР МЫНАЛАР .НЕГЫП КЫТАИДЫ ЖАКТАИТЫНДАРЫ БЕЛГИЛИ...ЖАН ДОСТАРЫНАН АИЫРЫЛЫП КАЛМАУ УШИН КАЗАКСТАНГА ТЫКПАЛАП..ЖОК БИЗГЕ НЕМИСТИН КОЛИКТЕРИ КАЖЕТ .САПАСЫ ЖАКСЫ.
@user-yf7wy1yf6g
@user-yf7wy1yf6g 2 жыл бұрын
30 жыл орыстын кулы болдык енди кытайдын кулы болдык кутты болсын казак ели
@user-wl5kh5lx7j
@user-wl5kh5lx7j 2 жыл бұрын
Халык аитып турго жапон мен неміс деп неге соны ескермеиді тусініксіз
@sherkhanomarkhan5496
@sherkhanomarkhan5496 2 жыл бұрын
Брат қымбат түсінесің бе , машыйнадан хабарың болмаса қыйын .Және алыс олардікі келем дегенше екі есе қымбаттайт .Қытайдың машыйналар зор бағасына арзан өзі де кәрістің машинасы секілді .Орыстың шіріген дұрыс.камфорт бар жалпы мініп жүрік .
@user-jj9jl4gi1b
@user-jj9jl4gi1b 2 жыл бұрын
@@sherkhanomarkhan5496 кумаш а кореядан тапсырыс берсен ары кетс милион кетеди, еки еседеп куаберме, 3 ай болды, хуйндай саната айдап жургениме катынымды айдаганнанда катты кайф аламян
@user-sz1uz7dc9e
@user-sz1uz7dc9e 2 жыл бұрын
Біздің мыйсыз мыйлаулар қолдарынан түк келмейтін билік (өкімет) арабтардан үйренсін. Арабтар контрактіге мұнай алушыға қалауынша техника кіргізеді көліктің түр түрін сол көлікті шығаратын елдердегі бағадан әлдеқайда төмен. Солардан үйренсін. Әй бірақ қайдам.
@user-ir1jp9df4p
@user-ir1jp9df4p 2 жыл бұрын
Быздын мисыз укиметке айту керек утильсбор налог ндс азайтсын калтага кайсысы туседы соны истейды
@sherkhanomarkhan5496
@sherkhanomarkhan5496 2 жыл бұрын
@@user-jj9jl4gi1b қай жылғысың айдап жүрсің меніңше бір жірілген машыйна алған шығарсың , ондай машыйнаны любой жерден әкелсең болат мен саған кадімгі күленкамен келетін жаңа өнімді айтам , оны оптом алсаң дахуйия ақша кетет ,жәй біреудің мінілген көлігін қолмен саудадалса салып әкелсең ол сенің есептескеніңе байланысты.
@user-qk8xt4ni3c
@user-qk8xt4ni3c 2 жыл бұрын
тойота дан артык машиш жок шыгар кытай да орыста курып кетсе екен
@MM-ti2ls
@MM-ti2ls 2 жыл бұрын
Қытай көлігін мініп жүрмін, өте ризамын, ондай қымбат емес және кореялық көліктерден ешқандай кемшілігі жоқ, ал ресейдің көліктерінен он есе артық!
@sherkhanomarkhan5496
@sherkhanomarkhan5496 2 жыл бұрын
Зор ия .Орыстың көлігінен өлсе өлігі артық қой Қытайдың мәшірелері .Лада шірік мәшіне.
@aqydai3916
@aqydai3916 2 жыл бұрын
Kai marka
@user-jo4uu3lo3l
@user-jo4uu3lo3l 2 жыл бұрын
Қытай қазақтың Ата жауы қытайдың көлігін ал тағамын же кимін кй бір жылдансоң көресің де өкінесің сонда мошный деген қытайды көресің
@muratbekjoldasov3450
@muratbekjoldasov3450 2 жыл бұрын
Каи марка!
@user-ir1jp9df4p
@user-ir1jp9df4p 2 жыл бұрын
Запчасти табылмай жатады дидыго
@user-nn2sj9nr6l
@user-nn2sj9nr6l 2 жыл бұрын
Өз қазақстан баилығы жетеді и қурал саиман завот қурастырыратын салыу керек, шетелдерге жем болғанша өз баилығымызды өздеріміз игерген дурыс. Бас тартқан дурыс солардан и тақыр қытаи біздін баилықтын бәрін арзанға сатып алып өздерімізге қымбатқа сатып жаттыр осыны тоқтатыу керек.
@user-fg3im9zh7z
@user-fg3im9zh7z 2 жыл бұрын
Ма біздің 18мл халық машина мінетіндей уайымдапжатыр биз ушін
@user-kh7fj9ev5y
@user-kh7fj9ev5y 2 жыл бұрын
Алгашкы тиркеге 100 мын,Утиль алымды 100 мын жасап берсин.Одан сон барлык дуние жузинен акелип сатсын,бирак оганда Скляр жабысатын шыгар.
@user-jm8ro6cs7v
@user-jm8ro6cs7v 2 жыл бұрын
Кытайдың арзан көлігін біздің арсыздар кымбаткып сатады ол айдан анык
@user-qi3le3vn7d
@user-qi3le3vn7d 2 жыл бұрын
Қандай жағдай болмасын Қытайдын көлігін алмаспын
@user-bg8np6ez5n
@user-bg8np6ez5n 2 жыл бұрын
Өй қазағымай труси шығара алмай отырып тағы машина таңдайтын қайтерсің?
@user-vg2yr3xn8i
@user-vg2yr3xn8i 2 жыл бұрын
Кария жапониянын машинасы жаксы 2000 2010 ж таюталарлды болшектеп алып келип озимизде курасагой осылар мыкты
@user-zn3dj3xu8y
@user-zn3dj3xu8y 2 жыл бұрын
Кария таюта бызер жок😥
@user-uf9uw7jf8h
@user-uf9uw7jf8h 2 жыл бұрын
Жапон , кәріс немесе европаның көліктері көпқой мысал арзаны рено сяқты қытайдан әлде қайда жақсы
@user-yi1tm2ux2y
@user-yi1tm2ux2y 2 жыл бұрын
Жақсы келеді сол Қытайдан, Жапоннан. Бірақ халыққа содан қандай пайда? Халық қызығын көрмейді, деп ойламаймын. Табылады анау билік басында отырғандар пайдасын. Және лезде, бәрі заң түрінде. Халық қалай болса да, қалтасы қағылады.
@user-ph7ch8vr9u
@user-ph7ch8vr9u 2 жыл бұрын
Жаның ашыса Қазакстандағы көліктерің неге арзан бермейсіңдер
@user-dz3gf2mr5q
@user-dz3gf2mr5q 2 жыл бұрын
Озимиз диванда акылшымыз соткага карап жатырмыз Искер жигиттер жумыс бастап табысты болса тартып аламыз туншыктырып бизде солай Акылшы болып менде отырмын
@user-pq6ft4yo8z
@user-pq6ft4yo8z 2 жыл бұрын
Орыстын машинасынан кытай 1000 есе жаксы
@ASYL-KITAP
@ASYL-KITAP 2 жыл бұрын
Халықта онсызда ақша жоқ , барлығы авто көлік алғысы келеді, осы орайда көлік арзан болса әрине жақсы , бүгінде қытай көліктері қолжетімді болып түр .
@user-ot7ng7rz9x
@user-ot7ng7rz9x 2 жыл бұрын
Ия неге жапон көлігіне тапсырыс бермеима
@user-ly3ui3hx7f
@user-ly3ui3hx7f 2 жыл бұрын
Рессеидің сапасыз автосын аидағанша Қытаидың сапалы автосын аидаиық.
@user-fp5xp1ik9v
@user-fp5xp1ik9v 2 жыл бұрын
Китайдын сапалығын көрмедик запчаст жок мен жургизеалмай жатырмын жүру ушин китайга ушу керек.о правлема
@user-vs9pd8qj7s
@user-vs9pd8qj7s 2 жыл бұрын
Қытайдың көлігіне қарсымын олардың барлық өнімдерінеде. Енді жетпегні қытайдың көлігіме. Оданда жапондарды шақырсын бізде тайотасын жасасын.
@samatnurjanov5948
@samatnurjanov5948 2 жыл бұрын
Керек емес олардан ештене, Казакстан шыгаратын машиналар оздерин киналисин, кымбатка сатасыз
@user-ng7fd5oy2d
@user-ng7fd5oy2d 2 жыл бұрын
Аспан асты елі дегенің тым артық, сонда қалған ел аспан астында болмағаныма?
@user-pf1kz9yk2o
@user-pf1kz9yk2o 2 жыл бұрын
Керемет
@bazarbekdauit691
@bazarbekdauit691 2 жыл бұрын
Жапония коликтери жаксы болар еди.Кытай коликтери жаксы Емес тез шашылып калады
@user-bj9sr8ex9b
@user-bj9sr8ex9b 2 жыл бұрын
Жапон, немистер бесплатно деседе келмейди бизге. Ойткени рынок актамайды.
@user-kr3zg1ve1i
@user-kr3zg1ve1i 2 жыл бұрын
Қытай көліктері сапасыз болса жүк көліктеріне не дейсіздер, оңай сұрақ
@user-dr7wx3xy3n
@user-dr7wx3xy3n 2 жыл бұрын
Қытайдың көліктері опасно
@user-en7it2re1v
@user-en7it2re1v 2 жыл бұрын
2020 Жак с 5 колигин алдым,минип журмин барлык запчасты табылады,колик жаман емес
@da2424
@da2424 2 жыл бұрын
Тазиктардан олар кем емес, кейбір моделдары әлемдік деңгейде , негізі Жапониядан 7 жылдан аспайтын жүрілген қөліқтерді қіргізуды рұқсат беру керек, арзан кеден салымшымен. ТАЗИКТАРДАН ҚҰТЫЛУ КЕРЕК.
@user-bj1rr5pe6e
@user-bj1rr5pe6e 2 жыл бұрын
Өзіміз велосипед те шығармасақ, орыстікі не қытай автосы не , бәрібір емес пе
@aruka_lovelys777
@aruka_lovelys777 2 жыл бұрын
Орысың да Қытайың да шашылып қалады ғой.Ал Жапондық жəне Немістің автомобильдері мықты ғой.Орыстың автолары алмай жатып, сынып жатады ғой.
@user-bj9sr8ex9b
@user-bj9sr8ex9b 2 жыл бұрын
Мине таза шындык. Колымыздан бок келмей жатырго. Жатып ишер болдыкко. Алма пис аузыма тус дегендей
@user-bg8np6ez5n
@user-bg8np6ez5n 2 жыл бұрын
@@aruka_lovelys777 Сол орыстың машинасын 70 жыл мініп қартайдым өзім. Сендерді білмеймін.
@user-hc7yk4he1y
@user-hc7yk4he1y 2 жыл бұрын
Ондирис ашу керек Озбекстан Ози автопромы бар солардан тажирбе алу керек
@nurmaxanbetalibaev8596
@nurmaxanbetalibaev8596 2 жыл бұрын
Өзіміз шығарайық көлікті
@user-sw8gp1gm3u
@user-sw8gp1gm3u 2 жыл бұрын
Өзіиізде машина шығарып жатырмыз деп утилзборды қалдырған жоқпа
@kazbekdiasyly6132
@kazbekdiasyly6132 2 жыл бұрын
Кытай доллар алмай тенгени алады ма сонда , осы жолы керемет айтыныздар
@Cak500
@Cak500 2 жыл бұрын
Сейчас у Китаейцев машины тоже не плохие, для своих денег. Вспомните Корейский автопром лет 20 назад и сейчас...
@user-of4zr8lj6z
@user-of4zr8lj6z Жыл бұрын
Қаптасын жанағо
@user-fl4es8tj9i
@user-fl4es8tj9i 2 жыл бұрын
Бағаны олар котермейді оның барің қазақ бизнесмендер делдалдар стейді отірік пере бересіңдер айткур шшс
@user-te3nm6jj4q
@user-te3nm6jj4q 2 жыл бұрын
Мен қытай көлігін аламын Өйткені қытайға барғанда өз көзіммен көргенмін әдемі және сапалы Тесла көліктер көп ол жақта
@user-vo4vo3sg4p
@user-vo4vo3sg4p 2 жыл бұрын
Курастырмай колыкты озымызде неге шығармайды озымызде темыр терсек бары шығады
@manastoqa5262
@manastoqa5262 2 жыл бұрын
Күшті
@user-js4gw1nr4c
@user-js4gw1nr4c 2 жыл бұрын
Осы коликтерди неге Казакстанда жасамаска, колга алсак болар еди. Кытайдан немиз кем биздин.
@user-kz8sl3gy8f
@user-kz8sl3gy8f 2 жыл бұрын
Өзімізде шығару керек
@almasalmas3461
@almasalmas3461 2 жыл бұрын
Кытайдын колигин алманздар сапасы жаксы емес агайындар кытайдын колиги ен жаксысы сапалы коликтер Германия жапон
@user-lr4bt7qt5m
@user-lr4bt7qt5m 2 жыл бұрын
Кытайдан емес японнан кiргiзiн, олардын машиналары ештене емес, оздерiнен сактану керек!!!
@qazaq275
@qazaq275 2 жыл бұрын
Өзбектер мәшін шығарып жатыр біздер қашан шығарамыз үйдегі арестонда өзбекстаннан шыққан
@inderatyrau9626
@inderatyrau9626 2 жыл бұрын
👍
@user-ud7no4qr4n
@user-ud7no4qr4n 2 жыл бұрын
БӘРЕКЕЛДІ ҚАПТАСЫН ! ҚАПТАСЫН ! ҚЫТАЙДЫҢ КӨЛІГІ ОРЫСТЫКІНЕН ӘЛДЕ ҚАЙДА САПАЛЫ !
@jannur3306
@jannur3306 2 жыл бұрын
Әкелсе әкелсін,,не бопты. Өзгерістер ғой..жаңа тауар. Арзан Саймандар машинасымен бірге келеді қажетті лік туған кезде
@user-vv5cc3dz1k
@user-vv5cc3dz1k 2 жыл бұрын
Келсін қытай көліктері Ресей дікінен артық болмаса кем емес және арзан Тауар ларда арзандайт
@user-os3sk3hr7d
@user-os3sk3hr7d 2 жыл бұрын
Неге аспан асты? біз аспанның қай жағындамыз
@user-wz1ri7ry6m
@user-wz1ri7ry6m 2 жыл бұрын
Ұлы дала елі
@user-ou2uk7xn8q
@user-ou2uk7xn8q 2 жыл бұрын
Кытайдын машина 👍👍👍👍👍 сапалы Самасвпл шахман джилли👍👍👍👍👍
@user-rs5ul2ry4e
@user-rs5ul2ry4e 2 жыл бұрын
Тазиктен көрі қытайдың көлігі жақсы
@user-yf5kv9df9n
@user-yf5kv9df9n 2 жыл бұрын
Дұрыс жақсы болды
@user-om8xu2xy7f
@user-om8xu2xy7f 2 жыл бұрын
Біз 30 жыл өтті көлік құрап сборка жасап үйрендік , біз ұлттық авто жасай алмаймыз орыстар диктоват етіп отыр , орысқа жалтақтамай өзіміз ет ,астық ,мұнайымызды дамытып қай елдің автосы мықты соны өкімет қолға алып жеткізу тиіс , субсидия не үшін тек сборка жасасақ ?
@user-zy5rv5wb1w
@user-zy5rv5wb1w 2 жыл бұрын
Жарайды бирдене болса болды Кытай деп шыгады жогары жак. Онда 1 млн тенгеден сатсын машиналарын журттын бари минсин жанасын.
@khaisaruteshov9008
@khaisaruteshov9008 2 жыл бұрын
2015 ж калина 2 алдым универсал. Бир таныс жигит лифан алды. Моторы тойотаныкы деп. Мен моторын шукымадым эли кунге. Ол 2 рет жинап.онбай.акыры сатып жиберди. Тойотага уксас екен моторы. Бирак тойотаныкы емес. Ходовойларынын барин ауыстырган.
@user-ji5ez3yb4j
@user-ji5ez3yb4j 2 жыл бұрын
Мен джели деген марканын емграт 7седан алгам кытайдын шыгарган машинасы 2014те сол кезде салонда 2мил700мын болды осы кунге дейин али минип журмин полный комплектация любой сайманы Тойота Камри 30каныки уйлеседи
@user-kd7qc3vs8q
@user-kd7qc3vs8q 2 жыл бұрын
Кытайдың аяқ киіміне дейін однаразовый машинасыда 1-2 жыл сосын метал
@user-zw1if7qn8v
@user-zw1if7qn8v 2 жыл бұрын
Озимизден шыгар ып озимиз мину керек казактар бирак менсинбейди оздерин машиналарын
@user-iu8jr9kl1j
@user-iu8jr9kl1j 2 жыл бұрын
Біздің оңбағандар бір сылтауды табады .машина алалмайтындай.
@user-pn4yr4jl1u
@user-pn4yr4jl1u 2 жыл бұрын
Казагым кашан отандык онимге кол жеткиземиз жан Жака аландап олетын болдык ?
@scarpion6829
@scarpion6829 2 жыл бұрын
Осы Қазақстан басқа елдің көлігін құрастырып отандық көлік деуге неге ұялмайсыңдар ааа құдай ау Қазақ өз маркалы көліктерін қашан шығарад ааа шетелдің көлігін алып Қазақстандық көлік деуге ұялмайды екен осы биліктегілер не қарап отыр барлық Қазақ халқының ақшасын жымқырып сасық қарындарын толтырғанша өзінің туған елін неге көркейтпейді екен 30 жыл болд тәуелсіздік алғанымызға Оң.Корея еліне қараңдарш 50 жылда қалай көркейіп алды 50ші жылдары олар әлемдегі ең кедей мемлекет еді қазір олар бізден бай ел Жапонияны қара екі қаласын түгелімен АҚШ жоқ қылып еді оларда қазір мықты ел ол былай тұрсын көршіміз бауырлас ел Өзбек пен Түркіменстанды қараңдарш олар бізден жақсы біз ғана сорлап жаң-жағымызға жалтақтай береміз бір жиналатын көтерілетін кез келді ғоо бізде бәрі бар ғооо неге шетелге сата береміз өз халқымызға арзанға сатып шетелге неге қымбатқа сатпасқа Корея мен Жапонияда дым қазба байлығы жоқ ғооо бірақ олар бізден мықты ал біз сол анау жақта жатқын Африканың күйін кешудеміз Ресей мен Қытайдан қорқудың дым керегі жоқ ядролық қару шығарсақ сонда ғана олар бізден қорқа бастайды кезінеде сол ядролық қаруды Ресейге бергенше өззімізде қалдырып ұқыптап ұстағанда бұндай болмас еді Қазақстанда😡
@user-xk7ou9on3f
@user-xk7ou9on3f 2 жыл бұрын
4% одан болек 8% бен де неге кредит бермеске . Типти 10% болсын . Машина кредитке алсан ен томенги 25% басталады . 5 жылда 1 ге 1 шыгады бирак онын озинде 25деп сонында окысан 28 болып келеди. Хоть кредитти реттесе. Кытайдын машинасынан кашпайм бирак оларгада кредит пайызы коп .
@user-ir1jp9df4p
@user-ir1jp9df4p 2 жыл бұрын
Ия бағаны да отырык жазады мысалы 12 млн теңге сосын страховка анау мынау гарантия сиякты тығады дискы комплект дегендей 15 млн боп шығады 🤭
@gixybhdutuiht9877
@gixybhdutuiht9877 2 жыл бұрын
кытайдың сапасыз затарын алғанмен Қазақ жармайды өзімізде Жапон Герман көліктерін шығаратын зуыттар жұргізу керек Өзбек ағайынан жаманбызгой енді.
@user-er1of5kb4e
@user-er1of5kb4e 2 жыл бұрын
Қаптап кетсе екен - Сонда көліктер көбейеді!! - Орыстың қаритасвн алғанша.. -Лада гранта,приорадан- Қытай көлігі мықтылау келеді..
@user-yc6wh8sm9v
@user-yc6wh8sm9v 2 жыл бұрын
Жапония Корея жақтан машина келе жақсы ғой
@user-sy2lx7mv3h
@user-sy2lx7mv3h 2 жыл бұрын
Қытайдын көліктері қол жетімді болады бағасы.
@VAZELIN79
@VAZELIN79 2 жыл бұрын
Дурыс арзан тиймды. Мысалы телефон салстрп Каран айфон Самсунг басы арзан
@user-we6hb9jm1o
@user-we6hb9jm1o 2 жыл бұрын
1ЖЫЛ 2 ЖЫЛ ШЫГАРЫП ТОКТАТЫП ТАСТАЙДЫ КЫТАЙ СОСЫН БАРЫП ЗАВОДЫНДА ТАППАЙ КАЛАСЫН НЕ ЗАПЧАСТ ЖОК МАНЫРАП
@user-zh1kt9ze2e
@user-zh1kt9ze2e 2 жыл бұрын
Ей инфорум бюро рекламаларын маскаргой казино рекламалау пазор
@frogpictures
@frogpictures 2 жыл бұрын
Оны гугл автомат реклама жасайды информ кінәлі емес
@user-tk1oq5wk1k
@user-tk1oq5wk1k 2 жыл бұрын
Ктаидын:::: колтыгнан:: шгаалмадыгау
@user-lr4tv4vy5k
@user-lr4tv4vy5k 2 жыл бұрын
Оте дурыс жасады орыстардан куре алмадындар енди шыдандар кытаига омир боиы басшылык жасаиды
@aiaru_kenalieva
@aiaru_kenalieva 2 жыл бұрын
Қытай қу арамы өз пайдасын ғана ойлаиды жолатпау керек
Mama vs Son vs Daddy 😭🤣
00:13
DADDYSON SHOW
Рет қаралды 20 МЛН
Alex hid in the closet #shorts
00:14
Mihdens
Рет қаралды 11 МЛН
Looks realistic #tiktok
00:22
Анастасия Тарасова
Рет қаралды 105 МЛН
Выпуск новостей 16:00 от 25.07.2024
45:01
Телеканал 24kz
Рет қаралды 7 М.
Mama vs Son vs Daddy 😭🤣
00:13
DADDYSON SHOW
Рет қаралды 20 МЛН