Астанадағы мектептерге қарулы шабуыл жасалғалы жатыр деген ақпарат елді дүрліктірді

  Рет қаралды 2,387

Информбюро 31

Информбюро 31

15 күн бұрын

БІЗДІҢ KZbin АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Әлеуметтік желіде Астана қаласындағы бірнеше мектепке қарулы шабуыл жасалғалы жатыр деген ақпарат тарады. Автор өзінің мейлінше көп адамды өлтіруге тырысатынын және бұл қанды оқиға астаналықтардың мәңгі есінде қалатынын жазған. Тіпті ол, сөзін бір жылға жуық дайындалған актіге 20 адам қатысады деп нақтылайды. Алайда, полицейлер елді дүрлікпеуге шақырып, Telegram желісінде жарияланған жазба шындыққа жанаспайтынын айтты.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
Бүгінгі шығарылымда:
Яғни, тәртіп сақшылары білім ұяларына тиісті тексеру жүргізіп үлгерген. Әрі осыған ұқсас хабарламалар бұған дейін Ресей Федерациясының бірқатар өңірінде тарағаны анықталып отыр. Полицейлердің айтуынша, қазір оқушыларға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Себебі, хабарламада көрсетілген орындарда күзет күшейтіліп, қауіпсіздікке баса мән беріліп отыр. Сондай-ақ, бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Ішкі істер министрлігі болса терроризм актісі туралы жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын еске салады. Демек, мұндай әрекетке барған адам 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылуы ықтимал. Немесе 5 000 айлық есептік көрсеткіш яғни, 18 миллион 480 мың теңге көлемінде айыппұл арқалайды. Айта кетейік, биыл ақпан айында Ақтөбе, Атырау, Алматы, Павлодар, Қарағанды және Қостанай қалаларында да экстремистік шабуылдар жайлы ақпарат тараған еді.
ДАНИЯР ШЫМЫРҚҰЛОВ, Астана қаласы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы:
- Қала мектептеріндегі терроризм туралы кең таралған жарияланым шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Білім беру ұйымдары тиісті қызметтермен тексерілді. Тұрғындардан тыныштықты сақтауды және ресми ақпаратты ұстануды сұраймыз. Естеріңізге сала кетейік, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Атырау облысында мектептерде террорлық акт ұйымдастырылғалы жатқанын айтып, елді дүрліктірген тоғызыншы сынып оқушысы ұсталды. Ол анонимді Telegram-арна ашып, 21 сәуір күні Индер ауданындағы білім ұяларына қарулы шабуыл жасалатыны жайлы хабарлама жариялаған. Жеткіншек жазбасына интернеттен жүктеген қарудың суретін де қоса салған екен. Қазір оның осыған ұқсас мәтіндер жарияланған өзге Telegram-арналарға қатысы бар-жоғы нақтыланып жатыр.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Пікірлер: 4
@user-dj4gi5bt4b
@user-dj4gi5bt4b 9 күн бұрын
Байкандар жалган акпарат деп откандарында барлык нарсеге сак болу керек тараткан адам кым екен Я дукй мекен
@user-nr5ko7hw8p
@user-nr5ko7hw8p 13 күн бұрын
Неге сол хабарлама жазған адамди таппай ма штраф демей соттамайма ата аналар балаларды мектепке де жибермейтин болдад
@user-it2bk2ch8w
@user-it2bk2ch8w 11 күн бұрын
Штрафтан баска не істейді біздің мемлекет осы. Халыққа 100% көзге сенетін етіп дәлел деп берсе гой
Информбюро 29.04.2024 Толық шығарылым!
28:20
Информбюро 31
Рет қаралды 19 М.
Ұялы телефонға кімді түсіруге болмайды?
4:04
Информбюро 31
Рет қаралды 45 М.
Barriga de grávida aconchegante? 🤔💡
00:10
Polar em português
Рет қаралды 4,1 МЛН
白天使和小丑帮助黑天使。#天使 #超人不会飞 #超人夫妇
00:42
Шымкенттік шенеуніктер түрме есігі ашыла бастағанда тұра қашты
1:57
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 1,3 МЛН
Информбюро
Информбюро 31
Рет қаралды 191