АТЫ ЖОҚ ПОДКАСТ 2 • Нұрсұлтан Рысмағанбетұлы • Дастан Құрманбаев • Абылай Кенжалы

  Рет қаралды 489,104

Аты жоқ podcast

Аты жоқ podcast

Күн бұрын

Әссәләму алейкум, қадірменді бауырлар!
Аты жоқ подкаст жобасы аясында екінші подкастымызды қабыл алыңыздар. Бұл подкастта жастық шақтың артықшылығы мен уақыт жайында тақырыптар қозғалды.
Арнамызға тіркеліп, лайк басып, комментария жазып жобамызды қолдай отырыңыздар.Алдағы уақытта сіздерге пайдалы дәрістер мен керемет рухани жобалар ұсынамыз!
00:00 - интро
1:45 - Жастар деп кімді айтамыз ?
4:32 - Неге пайғамбарлық келу жасы әр түрлі
7:02 - Құран-хадистегі жастық шақ нығметі
10:08 - Алла мына сипаттағы жас балаға дән риза болады
11:42 - Пайғамбарымыздың айналасындағы жастар
12:36 - Не себепті Пайғамбарымыз Мединеге һижрет етті
14:40 - Пайғамбарымызды қорғаған жас жігіттер
17:50 - Меккедегі ең үлкен жетістік
19:47 - Жас сахабалардың жетістігі
22:05 - Жаңа идея келіп жатыр
25:00 - Қазақ зиялылары жас кезде
29:19 - Бос уақыттың қадірін білу
31:00 - Алла не үшін уақытпен ант ішті?
31:40 - 1 секунд - 1 құрма ағашы
33:40 - Шәйға шақыра беретіндерге
34:20 - 2 сағат 2 миллион
37:15 - Шайтанның бір ғана нәрсе сұрауы
38:40 - Нұрсұлтан ұстаздан лайфхак
41:48 - Тұлғалық даму қиын ба?
43:15 - Өзіңді табу
45:29 - Гэллап тест жайлы
47:20 - Имам Шәфиғидің насихаты
48:38 - Видеоойындар
51:15 - Жаман әдеттерден қалай құтыламыз?
52:00 - Шайтаннан ба, нәпсіден бе?
54:05 - Намаз оқыса да жамандықтан тыйылмау
56:05 - Екі адам дәрігерге барды
58:58 - Масыл болу
1:00:10 - Шымкенттіктерге тәнтімін
1:03:35 - Баланы үйірмелерге беру
1:04:25 - Шайтанның сауапты амалмен де азғыруы
1:07:10 - Минусты плюске ауыстыру
1:08:45 - Жақсы ортаның аса маңыздылығы
1:11:35 - Жақсы орта харамнан тосады
1:13:40 - Убәй ибн Халафтің өкініші
1:15:00 - Кімнен хадис алынбайды
1:16:05 - имам әл-Кисәидің оқиғасы
1:17:55 - Отансүйгіштік
1:19:40 - Қазақ болуың Алланың саған сыйлығы
1:21:25 - “Мекке, мен сені тастамас едім”
1:22:30 - Иманның ең төменгі тармағы
1:26:15 - Отансүйгіштікке баулыған хадис
1:27:15 - Қоғамға зиян берудің басты себебі
1:28:20 - Мұхтар Шахановтың мысалы
1:30:00 - Өкіну - уақытты тағы өлтіру
1:31:20 - “Ерте-кеш” дегенді тек Алла шешеді
🔺 Реквизиттер (ЖОБАНЫ ҚОЛДАУ):
💳 Kaspi: 87769640968
4400430134795522
KZ86722C000014687610
Санат Ж.
«ЖАҚСЫЛЫҚТА ЖАРЫСЫҢДАР ҺӘМ ТОП ЖАРЫҢДАР» (Бақара сүресі, 148 аят)
Сіздерде “Ізгі Қоғам” жобасын қолдауға жоғарыда көрсетілген реквизиттер (нөмір,шот) бойынша өз үлестеріңізді қосу арқылы сауабыңызды арттыруға мол мүмкіндік бар.
Ұстаздардың парақшалары:
/ dastan_kurmanbayev Дастан Құрманбаев
/ nursultan_rysmaganbet Нұрсұлтан Рысмағанбетұлы
/ abylai.kenzhaly Абылай Кенжалы

Пікірлер: 1 400
@atyjoqpodcast
@atyjoqpodcast 7 ай бұрын
🔺 Реквизиттер (ЖОБАНЫ ҚОЛДАУ): 💳 Kaspi: 87769640968 4400430134795522 KZ86722C000014687610 Санат Ж. «ЖАҚСЫЛЫҚТА ЖАРЫСЫҢДАР ҺӘМ ТОП ЖАРЫҢДАР» (Бақара сүресі, 148 аят) Сіздерде “Ізгі Қоғам” жобасын қолдауға жоғарыда көрсетілген реквизиттер (нөмір,шот) бойынша өз үлестеріңізді қосу арқылы сауабыңызды арттыруға мол мүмкіндік бар.
@user-lc8gf9gn8s
@user-lc8gf9gn8s 7 ай бұрын
❤куштыыыыы
@O02kz
@O02kz 7 ай бұрын
Арабқұл деген сөзге ренжемей, проблеманы өзімізден іздеген жөн. Ол қалай? Мысалы ақыл иелері тиісті деңгейде діни білімін тағы көтеріп, Арабқұл дегендерге өз сөзіңмен емес Аллаһтың сөзімен аяттармен ескерт ! Әр кереғар сөзіне аяттарың дайын тұрсын. Міне надандықты тек ағартушылықпен жең! Арабқұл деген сөзді аитқызып тұрған Аллаһтың қалауы ғой, олай болса ол сөз бізге яғни ақыл иелеріне ескерту немесе алдағы болатын оқиғаларға дайындық , не болсада Алладан бізге хайыры, Аллаһ алим ! Заманың түлкі болса, тазы болып қу. Әлеуметтік желіде комментте арабқұл деп жазған адамға надандық туралы аят жібер, адасушылық туралы аят жібер, осы хайптты пайдаланып керісінше дінге уағыз жаса, Алланың сөздерімен аяттармен. Мүмкін бір аят сол адамның жүрегін оятар.
@aidanakairat7214
@aidanakairat7214 7 ай бұрын
Алла жобаны өміршең етсін
@arRigal
@arRigal 7 ай бұрын
Ма ша Алла Алла берекесін берсін! Егер бір адам лайктың үстіне лайк баса алғанында, мен әрбір жаңа алған мәлімет үшін лайк басып отырып, осы 2,4 мынды өзім толтырар едім
@saydabanutulepbergenova7603
@saydabanutulepbergenova7603 7 ай бұрын
Машаалла Алла разы болсын қолдаймыз
@AINALINE7
@AINALINE7 7 ай бұрын
Пайғамбарымыздың жанында болған жас сахабалар кітабы швқсын ‼️ лайк басайық
@Qarapayim_suhbat
@Qarapayim_suhbat 7 ай бұрын
Алла қаласа )
@akmaralyessirkep
@akmaralyessirkep 7 ай бұрын
Ондай кытаптар коп арабша турыкшеде, содан енды аударылса болды деп ойлайм😊
@user-gn3hs2tb1v
@user-gn3hs2tb1v 7 ай бұрын
Иа жастарға мотивация, үлгі болар еді👍🏻👍🏻
@user-mw6po4hc5s
@user-mw6po4hc5s 7 ай бұрын
Шықсын ин ша Алла 🤲🏻
@Serik_Olzhas.04
@Serik_Olzhas.04 7 ай бұрын
👍👍👍👍
@Zhansayaa2
@Zhansayaa2 7 ай бұрын
Осы подкасты тыңдауға мүмкіншілік берген Аллаға сансыз шүкір😍
@Azamatkaz
@Azamatkaz 7 ай бұрын
🤲🏻
@user-lo1gh5yr7n
@user-lo1gh5yr7n 7 ай бұрын
Амин
@ishdhehejdjdhshevvdudhe5532
@ishdhehejdjdhshevvdudhe5532 2 ай бұрын
Келісемін шүкіршілік❤🤲🏻
@adiletibraim3408
@adiletibraim3408 7 ай бұрын
Абылай Кенжеәлінің зеректігі,есте сақтау қабілеті,ойын нақ дәл дөп айта білуі ,ғалымның сипаттарынан Аллаһ разы болсын❤
@Ajikeev
@Ajikeev 7 ай бұрын
Өте ұстамды, көркем жігіт екен.
@kianze93
@kianze93 Ай бұрын
Дурыс айтасыз.. керемет оте.. коз тимесн..
@adiletibraim3408
@adiletibraim3408 7 ай бұрын
Нұрсұлтан Рысмағанбетұлының сөздері,мысалдары,әзілдері өте өтімді жарасымды.Әсіресе барлық нәрсені Пайғамбарымыз ‎ﷺ хадисімен ала келгені ұнайды❤
@ernar_nurmaganbet
@ernar_nurmaganbet 7 ай бұрын
"Алла елшісінің жанындағы жастар" керемет туынды болайын деп тұр. Асыға күтеміз 😍
@sundetali77
@sundetali77 7 ай бұрын
Алла елшісінің қасындағы жастар кітабі шықсын дегендер Лайк
@adiletibraim3408
@adiletibraim3408 7 ай бұрын
Дастан Құрманбай ұстаздың өзі бір төбе,біліп тұрып сұрақ қою бұлда бір үлкен Данылықты талап етеді❤
@user-th2uq1ki2p
@user-th2uq1ki2p 3 ай бұрын
Дұрыс айтасыз біліп тұрып сұрақ өтеее қиын нәрсе ғой
@samsunggalaxya7150
@samsunggalaxya7150 7 ай бұрын
Сіздерге АЛЛА разы болсын.Нұрсұлтан айналайын білім ал дегесін,жасым 55-ке келсе де араб тілін Ютубтан үйреніп жатырмын.Намаз оқып жүргеніме 20 жыл болды,бір үлкен кісі жазып берген,соны жаттап алып ,сол бойынша оқып жүр едім.Енді бұйырса АЛЛА қаласа Құранды ашып жүзінен оқимын деп отырмын.
@user-me7zg2sj2y
@user-me7zg2sj2y 6 ай бұрын
Машаллах Алла зейініңізді ашсын
@user-oz6dm7vr7v
@user-oz6dm7vr7v 7 ай бұрын
Бір үйдін балалары, бір туған бауырлар сияқтысыздар. Сіздердің аралараңыздағы сыйластық осындай болса, Иманның шыңына жеткен Сахабалардың бір-біріне деген қарым-қатынастарын мүлдем елестете алмадым. Аллах Разы Болсын
@English.dictionary
@English.dictionary 7 ай бұрын
Осы видеоны шығаруға үлес қосқан жандарға Алла күнәларын кешіріп, екі дүниеде де бақытты қылсын! Әмиин...
@user-lo1gh5yr7n
@user-lo1gh5yr7n 7 ай бұрын
Амин
@bagalybekmukha7931
@bagalybekmukha7931 7 ай бұрын
“Алла елшісінің жанындағы жастар”😍😍😍😍 Алла жазып шығуға нәсіп етсін,күтеміз ұстаз
@user-ng5tn6so7j
@user-ng5tn6so7j 6 ай бұрын
Нұрсұлтан ұстаз иа күтеміз кітабыңызды,Алла елшісінің жанындағы жастар кітабы жарыққа шықса екен🥹🥹😃Аллаһ сәттілік берсін Ұстаз және барша осы салада жүрген жандар Аллаһ разы болсын
@asqa_shaqyru_
@asqa_shaqyru_ 7 ай бұрын
3 подкасты күтеміз дегендер лайк бассын✊🏻
@S.Sadyk_12
@S.Sadyk_12 7 ай бұрын
Қазір ұзақ видео көрмейтін едік, осы "ізгі қоғамды" мұқият,әрі ыждақаттылықпен тыңдайтын болдым... Ұстаздарға Алла береке берсін!!!
@abukalabok
@abukalabok 7 ай бұрын
Иа, ещё тусинбесем айналдырып тындаймын
@Gulnazka-lu6sb
@Gulnazka-lu6sb 6 ай бұрын
Менде сол.Уақытымды арнайы босаған уақытта тоқтатып тоқтатып мән беріп жазып алып тыңдадым
@aygerimhasenova5957
@aygerimhasenova5957 7 ай бұрын
Нұрсултан ұстаз сияқты ұстаздар елімізде көп болсын Машаллаһ керемет тыңдай бергің келеді
@LauraTurabayeva
@LauraTurabayeva 7 ай бұрын
Подкаст сондай жақсы түсірілген, ұстаздар ұғымды, ашық, жастарға сай, адамды қорқытпай түсіндіре біледі. Нұрсұлтан ұстаз өте білімді екен, жаңа сира кітабын күтеміз, Аллаһым сіздерге разы болсын!
@Almenovass
@Almenovass 7 ай бұрын
Қолдаймыз Құрметті Нұрсұлтан ұстаз шығара беріңіз 😍😍 оқимыз 🥰 Ин Ша Алла пайдалы ілім күтеміз сіздерден 🥰🥰
@asaduunn
@asaduunn 7 ай бұрын
Кормей жатып, уже 3 шы подкастты талап етемиз ИнШаАлла, колдайтын жаксы адамдар болса, Алла разы болсын❤️
@user-yu5nm1dg2k
@user-yu5nm1dg2k 7 ай бұрын
Қазақстанда🇰🇿 осындай жастардын болуы үлкен нығмет
@danchik-
@danchik- 5 ай бұрын
Жерде ізің қалмаса, жер басқанға мәз болма! Аллаһ разы болсын ұстаздарымызға!
@mikommm253
@mikommm253 7 ай бұрын
Ұстаздарға және видео роликке түсіріп, оны өңдеп, біздің рухани дамуымызға үлесін қосқан азаматтарға Алла разы болсын. Баршаңызға Алла сауабын еселеп берсін🤲
@KalamkasTulegen
@KalamkasTulegen 7 ай бұрын
Абылай устазымызда оте білімді екен! Енді танып отырмын осы устазды! Алла разы болсын😊
@ubaidullamanap9940
@ubaidullamanap9940 7 ай бұрын
Алла елшісінің қасындағы жастар деген кітап шығу керек, жастар қызығып оқиды
@saida6010
@saida6010 4 ай бұрын
Жасым 15те, Қырғызстаннан қарап отырмын. Алла риза болсын🤲
@user-nd4lu1zp2n
@user-nd4lu1zp2n 7 ай бұрын
Ассаляму алейкум ! Абылай мырзаны осы подкаст тан танып отырмын неткен білімді кісі,осындай ағаларымыз көбірек осылай эфирге шығып тұрса,ел танып өздеріне керек білімдерін алар еді!
@ks-n2632
@ks-n2632 7 ай бұрын
Осы кісілер не жеп өскен. Таңды таңға жалғап тыңдап отыра бергің келеді. Өте керемет мағыналы подкаст.
@user-hp9rq7ry8n
@user-hp9rq7ry8n 7 ай бұрын
Діннің ең таза жемісі мен сусынын ішіп жатқан адамдарғой бұл кісілер...❤
@didarzhaksibek202
@didarzhaksibek202 6 ай бұрын
Бір-бірін қолдап отқаны қандай жарасымды. Әр қазақтың баласы осындай болсын! 🙏🏻❤️ Маңызды тақырыптар ашылған, өте пайдалы подкаст шығыпты 👏🏻
@user-dv3pw2iq4g
@user-dv3pw2iq4g 7 ай бұрын
Субханаллахи уа бихамдихи субханаллахиль азыйм
@aitkeshov
@aitkeshov 7 ай бұрын
Алла уә тәбәрәкә-тағала баршамызға осы алған білімімізді пайдалы қылып, өмірімізде хайырлы, берекелі етіп амал қылуымызды нәсіп етсің🤲🏻 Әмин
@nghtmrr
@nghtmrr 7 ай бұрын
аминь
@mikommm253
@mikommm253 7 ай бұрын
Нұрсұлтан ұстаздың кітаптарын сатып алуды нәсіп етсін🤲
@user-zu5nj6gs4p
@user-zu5nj6gs4p 6 ай бұрын
Егер дегенді айтпау керек, енді не істей аламын деп ойлану… Артыңа қарағанда қандай жол қалдырдым деп сұрағанда өзіңнен, өкініш болмауы… Уақыт ең Құнды нығмет, сый, ақшамен өлшеп құнсыздандырмау керек… Алла адамға өзінің ісін білдіріп, сездіріп қояды, соны тапсаң қиналмай істейсің, тек шыңдау үшін аз-аздан болсада, тоқтамай әрекет ету керек… Инсайт деген өте көп, миға сыймай жатыр😅 МашАллах🙌
@meruertdidarbekova1942
@meruertdidarbekova1942 6 ай бұрын
Нұрсұлтан ұстаз бәрін біліп отырсада күшті таң қалып қолдау көрсетіп отырше ☺️ жүргізуші мырза да өте орынды сұрақтар қойып ! Абылай мырза оқыған көзі ащық бала екен! Уш ұлым бар үшеуіңізге ұқсап ер жетсін Алла қаласа 🤲🏻
@user-hp3ox5lp2s
@user-hp3ox5lp2s 7 ай бұрын
Тура осы составпен тағы бір (подскат 3)күтеміз😍
@user-ep4mb5be5y
@user-ep4mb5be5y 7 ай бұрын
Нұрсұлтан ұстаз сондай жақсы көремін! Аллаһым ол кісіге риза болсын!
@user-wo4hj1fu6b
@user-wo4hj1fu6b 7 ай бұрын
АЛЛА ЕЛШІСІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР ДЕГЕН ИДЕИЯ ЖАҚСЫ АЙТТЫҢЫЗ НҰРСҰЛТАН ҰСТАЗ ҚОЛДАЙМЫЗ!!!
@Oiiishaa-bx9xc
@Oiiishaa-bx9xc 6 ай бұрын
Барлық Ұстаздар өте білімді .Алла разы болсын Подкаст шыға берсін . пайдалы болды дегендер лайк
@user-sp4qz1zj5i
@user-sp4qz1zj5i 7 ай бұрын
Үш ұстазда керемет.Абылай ұстаз жан-жақты.Нұрсұлтан ұстаз ерекше.Дастан ұстаздың да білімі мықты
@ks-n2632
@ks-n2632 7 ай бұрын
Кітапты аламыз «Алла елшісінің жанындағы жастар» деген жазыңыздар
@LinguaNaz
@LinguaNaz 2 ай бұрын
Нурсултан устаз кутемиз сизден китапты "Алла елшісінің жанындағы жастар"
@Chavgar
@Chavgar 7 ай бұрын
Маған да осы сүһбатты көріп тыңдатқан Аллаға сансыз шүкір, сансыз мақтаулар !
@user-tv6ln2tm1j
@user-tv6ln2tm1j 7 ай бұрын
Не деген енбек камеранын артындагы адамдарга Алла разы болсын отбасына береке берсин! Осындай керемет дуниени бизге усынып отрсыздар КОП РАХМЕТ
@user-fb8bz4iw5p
@user-fb8bz4iw5p 7 ай бұрын
Нурсултан балам шығарыңыз. Оқыймыз. Сираны екі рет тыңдадым. Керемет сол уақытта солардың ішінде болғандай болып жылап ойымызбен дініміздің душпандарымен соғысып журдікқой. Керемет ондай рахаттанып тыңдаған жоқ едім. Соткамды қалтама салып журіп тыңдадым. Анық шыққан. Кейбіреулерді тыңдасың турлі дыбыстар шығып мазаңды алады. Енді ешкімді тыңдайалмай қалдым. Аман сау болыңдар балаларым. Сіздерден АЛЛА разы болсын. Біздерден де.
@Tim.tim.tim.077
@Tim.tim.tim.077 7 ай бұрын
Еліміз жеріміздегі тазалық туралы өте дұрыс айтып кетті ұстаздарымыз, аман болсын осындай ұстаздарымыз көп болсын, мен өзім Нұрсұлтан ұстаздан екі ақ жасқа кішімін, бірақ ұстаз деп қатты сылаймын аман есен жүрсінші ұстазымыз, берер сабағы көп болсын.
@Dastarkha_n
@Dastarkha_n 25 күн бұрын
Алла елшінің жанында жүрген жастар кітап шықсын🎉
@beisen
@beisen 7 ай бұрын
Осындай керемет жазбалар көбейе берсін. Аллаһтың жәрдемімен!
@iboibo7024
@iboibo7024 7 ай бұрын
Көрмей жатып лайк қой. Осындай подкастты тыңдап ой түюге мүмкіндік берген Аллаға сансыз шүкір!
@user-ih7fu5id4i
@user-ih7fu5id4i 5 ай бұрын
Здравствуйте, все что Вы говорите все правильно, но вот ещё предложение, что бы воспитать молодое поколение надо чтобы государство сотрудничило с исламоведами. В том плане чтобы в предшколах и общем среднем образовании были введены уроки, где затрагивались бы темы биографии пророка, или же вот то что вы обсуждали как то повлияло на молодое поколение, или медресе открывать так чтобы статус был как гимназия или лицей. Или побольше об этом говорить чтобы родители поняли и объяснили детям. Побольше таких ребят как Вы, дай Аллах Вам здоровья.
@asemzhaisanova9745
@asemzhaisanova9745 7 ай бұрын
Дәл кәзіргі уақытта жастар арасында да дінде жүрген бауырлар арасында тіпті мектеп оқушылары да сүйіп тыңдайтын ұстаз Нұрсұлтан ұстаз ғой.сол кісінің айтқаны дұрыс сияқты етіп қабылдайды.біздің өзіміз сол кісіні тыңдап көп нәрсені уйреніп,иманымызды арттыруға ,ойлануға көп себепкер кісі осы кісі.Осы подкаст арқылы жақсы тақырыптар қозғалса керемет болары сөзсіз.Ұстаздың ықпалы болып тұрғанда айтылатын нәрсе көп болу керек.жиі жиі.Сонда жастарды да теріс жолда жүргендерді де бір ортаға жиюға болады.осындай әлеуметтік желі арқылы.Кәзіргі қоғамға ықпалды адам өте қажет.Алла разы болсын.Әсіресе психолог деп немесе бай болам деп көп курсты бәленбай ақша сатып алып босқа ақшасын да ,уақытын да жегізіп жүрген кісілер ушін бір кең көлемде подкаст керек-ау.Психологиының тамыры исламда екенін және ризық Алланың өзі беретінін түсіндіру керек сияқты.сіздер осыны терең түсіндірсеңіздер.Ризық та,бай болу болмауда Алладан сияқты.тек курс оқып ,оған әркет етпесе бай бола салам деу бекер.Сіздердің "Уақыт" деген нәрсеге қатты ойланып қалдым.Уақыт деген жәй ғана уақыт деп айта салвтын нәрсе емес екенін и ол қадірлі екенін енді түсінгендеймін..уақыт дегенге дым мән бермейді екенбіз..өтіп жатқан жәй уақыт сияқты.оказываеться не так как мы думаем.Рахмет
@Assel1110
@Assel1110 7 ай бұрын
Абылай ұстаздың сөзі аз болғанымен өте орынды, көбірек сол кісі сөйлесе инсайт көп болатын сияқты. Осы подкаста байғаным осы болды. Оқығанынын немесе айтып отырғанын өзінен өткізген адам екені экраннан болса да сезіліп ақ тұр… Алла разы болсын ҮЗДІК ҮШТІК
@kydyralikadirbaev1161
@kydyralikadirbaev1161 7 ай бұрын
Абылай устаз жаксы тусиндиреди екен Алла оган разы болсын
@-taigaaltai
@-taigaaltai 7 ай бұрын
Казак баурлар сендердин эң керемет передачаңар ушул 👍🤲Алла ыраазы болсун баарыбыздын.
@tokiii00
@tokiii00 3 ай бұрын
Бір бірінен өткен керемет ұстаздар. Алла разы болсын сіздерге. Жанның рахаты деген осы жерде екен 😅 Алла тағала келбетті де ақыл ой сананыда берген екен, Ма ша Аллах😊
@rakhatgani2552
@rakhatgani2552 7 ай бұрын
Келесі тақырып "Пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаһу әлейһи уә сәллам) әдеттері, өзін ұстауы, жалпы адами құндылықтары, қасиеттері, үлгі алатын ерекше істері, хадистері" туралы болса жақсы болар еді
@mrablakhan1200
@mrablakhan1200 7 ай бұрын
КаmемDы түзеDi Dеме,Саллаллаhy Dеп жазылаDы,Аллах нұры жаусын сізге
@user-rh6kl2rx8y
@user-rh6kl2rx8y 7 ай бұрын
Нұрсұлтан ұстаздың Оңтүстік жастары туралы жоғары бағасы қуантып тастады!Жақсы тақырыпты қозғап отырсыздар!!! Мен колледжде ұстазбын.Сабақтан бос уақытында көпшілігі жұмыс жасайды: официант, дүкендерде грузчик, Футбол алаңында кассада, т.б .Оларға айтамын: Мінезіңді жөнде,халықпен жылы сөзде бол! Колледжде өз негізгі мамандығы, ,2,3- курста қосымша мамандық ал.Компьютер курсын өт,Сертификат ал,деп. Түлектеріміз өз мамандығымен жұмыс жасап жатыр! ❤
@user-qr7hb9cr3z
@user-qr7hb9cr3z 5 күн бұрын
Осындай подкасттарды көп шығара берсеңіздер , өз сұрақтарымызға жауап алып жатырмыз әрқайсысынан , сіздерге көп рахмет
@nazerke_temirkhankyzy
@nazerke_temirkhankyzy 7 ай бұрын
Қызылорданың тумалары.ма ша Алла👍🏻
@user-vs7vk4lj2c
@user-vs7vk4lj2c 6 ай бұрын
Иманды, білімді, көкірегі ояу, рухы биік жастар, сіздер, біздің қоғамды Алланың қуатымен алға жетелейсіздер. Менің ұлдарым да сіздер сияқты ізгі адам болып өсіп, кемелдікке жетіп, Алла жолында және қоғамға, ел, жерге қызмет етсе ғой. Иншалла. Сіздерді Алла рақымына бөлесін! Өркендей беріңіздер!
@nur431
@nur431 7 ай бұрын
Алла разы болсын сіздерге жастардың, біздің көзімізді ашуға көмектесіп жатқандарыңызға❤ Менде бір айта кететін жайт: менде жаман әдеттерге әбден беріліп кеткен едім. Өзімнен өткізген тәжірибе бойынша маған жалғыздық пен орта өте қатты әсер етті. Жаман әдеттер әбден қалыптасып қалды сол кезде. Қазір Алла шүкір жаңа орта оқуға бел буған бауырларымызбен бірге өзімді жәймендеп дамытудамын. Білмегенімді солардан үйреніп, кешегі жаман әдеттерімді жаксы нарсемен алмастырып жатырмын. Осындай подкасттардың аркасында өзімді дамытып жатырмын десемде болады. Нұрсұлтан ұстаз айтпақшы жүйелі өмірге көшудемін. Дисциплина важнее мотивации демекші, бір күндік мотивациядан, аз аздан үздіксіз өзіңді дамыту ештеңе жетпецді екен. Уақытыңды дұрыс пайдалануда мендегі кеңес “Тайм менеджмент” Ш.Әділованың кітабы күшті кеңестер бар. Барлықтарыңызға өздеріңізді дамытуда сәттілік тілеймін🤲🏼❤️
@simsim5870
@simsim5870 7 ай бұрын
подкаст тыңдап үй жинап жатырмын😂 Керемет подкаст!
@aidoson2033
@aidoson2033 7 ай бұрын
Алла разы болсын ұстаздарымызға! Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жанындағы жастар жайлы кітап идея керемет 👍🏻👍🏻🤗
@ashabussuffa
@ashabussuffa 7 ай бұрын
*Имам әбу Ләйс Самарқанди:«Жақсы ортамен көп араласа беру- адамды өзі білмеген күйде харамнан тосады. Ал керісінше ізгі істерге махаббатын арттырады»*
@user-hc3ek9gs4t
@user-hc3ek9gs4t 7 ай бұрын
Осы праграмманы ойластырған жүргізген қатысқан жандарға Алла разы болсын! Біздің жастар қандай білімді сөйлеу мәдениеті сондай жоғары. Керемет. Рақмет сіздерге. Екінші подкасты тосып жүрген едім. Бір демде қарап шықтым.
@user-ss9lo8re3l
@user-ss9lo8re3l 2 ай бұрын
Жазыңыздар өте керемет жастарға үлгі сабақ болады сол кітап бұйырса
@deenakosbay2619
@deenakosbay2619 7 ай бұрын
Әдемі поскаст болды…. Енді тыңдар құлақ(жастар) болса, жаман әдеттерінен құтылса екен….. жаман әдет ешқашан жақсылыққа апармайды…. Денсаулықты сақтаңыздар, жаманнан аулақ болыныздар, дені сау адам ең бақытты адам, денің сау болса көп нарсе жасауға болады…. Жастар туралы темалар көп болса екен❤ қартайғанда артыңызға окінішпен қарамау бұйырсын
@Tim.tim.tim.077
@Tim.tim.tim.077 7 ай бұрын
Аты жоқ подкаст 3 күтеміз, ин ща Аллах
@Zolotoi10
@Zolotoi10 Ай бұрын
Аллаһым Сіздердей Ұстаздардың Білімдеріне Береке беріп Ин шаа Аллаһ тәрбие, өнеге алып өмірімізде амал етуді нәсіп етсін!
@user-rt6rh6tv5o
@user-rt6rh6tv5o 5 ай бұрын
Аллаһ Елшісінің жастары қолдаймыз сол кітапты Керісінше жастар, жастар деген сөзді естіген Еее біз туралы деп қызығып оқиды әрі Пайғамбарға көмектескен жастар, қазіргі жастарға тура жолға түсуге, жақсы жолға түсуге әсері болады деп ойлаймын. Рух, патриоты елге, жерге деген сезімі оянады. Ертең соғыс болса да, осы кітап оларға үлкен мотивация болады деп ойлаймын. Аллаһу Акбар🤲🙂👍
@user-dq4ub8ym4x
@user-dq4ub8ym4x 7 ай бұрын
Азаматсынар Казак туугандар ото сонун ой пикир Алла ыраазы болсун.Нурсултан устаз Пайгамбарыбыз с.а.в сирасын суйлогондо окуянын ичине кирип кетет экенсин .
@user-gq9fm8xh2q
@user-gq9fm8xh2q 7 ай бұрын
Машаллаһ, керемет білім болды.
@doctor.manasoryn
@doctor.manasoryn 7 ай бұрын
Нұрсұлтан ұстаз өзін ерін ұстайды. Подкасты қыздырып отыр. Ішің пыспайды тыңдағанда. Маш Алла ұстаз.
@user-bx8ex9cv6f
@user-bx8ex9cv6f 6 ай бұрын
кілең сөзге шебер жиналған бір бірінің сөздерін бөліп жібермейін деп тілдерін тістеп отырғой МашаАлла😉
@NursaraMyrzakhmet-ut4xm
@NursaraMyrzakhmet-ut4xm 7 ай бұрын
Айтқан ізгі насихаттарыңыздың жүгегімізде бекуін нәсіп етсін🤲
@asanbolatov9596
@asanbolatov9596 7 ай бұрын
Ұстаздарға Алла разы болсын❤ Нұрсұлтан ұстаздың әзілдері мощныйй екен,адамның өмір ұзартып жіберді😅 Өте керемет кеңес болды. Жастар - осы уақытша өмірімізді уақытымызды бос құртпайық.Білім,ілім алаяқ аз аздап үздіксіз.Елдің болашағы жастардың қолында.Алла тағалы тек ой санамызға жақсы ойлар берсін,жаман ойлардан аулақ болайық. Бір керемет сөз барғо,Дені сау адамның басында Үлкен тәж бар деп,бірақ оны ауырған адам көреді деп сол сияқты жастардың басына берілген күш қуат уақытты,үлкен нығыметті жасы келген адамдар көреді деп жастық шақ уақытымызды қадір қасиетін түсініп жақсы амал білім ілімге құртайық.Қәзіргі заман бой салыстыратын емес,ой салыстыратын заман.Барлықтарынызға бастарынызға амандық денсаулық ел тыныштығын тілеймін.Осындай өте керемет совет берген ұстаздарымызға мың алғыс❤Подкасттың жалғасын көре берейік өне берейік👍🙌
@guantanamoguantanamo1410
@guantanamoguantanamo1410 25 күн бұрын
Әдемі отырыс болды. Алла осындай ортада отыруды нәсіп етсін
@Shyngyshon
@Shyngyshon 6 ай бұрын
Абылай мырзаның ұшқыр ойы Абайдың, Мағжанның бекер тер төкпегенінің айқын дәлелі
@atyjoqpodcast
@atyjoqpodcast 7 ай бұрын
Келесі подкасттың тақырыбы қандай болғанын қалайсыздар? Комментке жаза кетіңіздер.
@user-oh5ct3en1l
@user-oh5ct3en1l 7 ай бұрын
Отбасы мәселесі жайында болсыншы
@user-eg3pf6dw2v
@user-eg3pf6dw2v 7 ай бұрын
Семьяга баскалардын араласуы жайлы, куран мен хадиспен, кайын ене, кайын апалардын араласуы жайлы
@Polzovatel030
@Polzovatel030 7 ай бұрын
Ата-ананың намазға қарсы болуы
@aygerimakbar852
@aygerimakbar852 7 ай бұрын
ӘЙЕЛ ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ!Неге еліміздегі Муфтият Орамалды Қорғау туралы, Әйел адамның құқығы туралы ештене айтпайды? Қаншама Қыз- Келіншектер, Әйел кісілер Отбасында да ещ ҚұҚығы жоқ. Не оны Отбасында Жұбайы қоғамайды?! Қазіргі Ер кісілер өзінің Аманатын үйіне Қызметші ретінде қарайды!
@user-tm5pi2qp7g
@user-tm5pi2qp7g 7 ай бұрын
Жәннаттагы нығметтер жайлы
@meili2401
@meili2401 7 ай бұрын
Кітабыңызды күтіп жүрмін. Сира сабақ енді керемет. Кино сияқты ғой. Кітап шыққанда өз сатылатын кезде қолтаңбаңызды беріп кездесуді ұйымдастырсаңыз
@user-hm5vv1ls5w
@user-hm5vv1ls5w 2 ай бұрын
Осындай подкасттар көп болсын ! Керемет! 👍👍
@user-zn5kf4le9s
@user-zn5kf4le9s 6 ай бұрын
Менің жасым 41 де осыдан екі жыл бұрын бастадым,оқуды. Қазір Аллаға шүкір екі мамандығым бар. Мен ойлап жүргем жас күнімде оқуға түсуге қаржы болмай,сүймеген мамандықты бітірдім. Бірақ сүйікті мамандығым. Әнші болу еді. Сөйтсем ол мамандықпен жолдасым жұмыс жасатпаған соң,үйде 5 бала босанғанда ғана екі мамандық игердім Алланың қалауымен. Дұрыс айтасыз,ештен кеш жақсы деп. Алла бұйырғаны болады екен. Бұрын ойлаушы едім,4 жыл оқып диплом алмасаң,мамандық иесі болаалмайсың деп.Қазір интернеттің дамыған заманында, мүмкіншіліктер көп екен,көре білген адамға.
@mikommm253
@mikommm253 7 ай бұрын
Нұрсұлтан ұстаз Алла сіздің идеяңыздың іске асуына жеткізсін👌👍
@user-vj5uj8en3m
@user-vj5uj8en3m 7 ай бұрын
Аллаһым маған да осындай ұстаздардаи достарды насип етегөрш
@aperfect4887
@aperfect4887 7 ай бұрын
Альхамдулиллаһ Күш-қуат берсін сіздерге. Жастарға көп насихат жолдап отырсыңдар, қарасам өздерінде жап-жассындар. Аллам тіл-көзден сақтасын, Өмірлерін ұзақ болсын ❤
@user-oj4lk6fx6k
@user-oj4lk6fx6k 5 күн бұрын
Осы подкаст кунде тындап адетке айналды. Аллам разы болсын сиздерге🥰
@user-lo6cn7ok1i
@user-lo6cn7ok1i 7 ай бұрын
Алла разы болсын 🙏 Нұрсұлтан ұстаз сіздің жаңа ойыңызға 100% қосылам. Ислам үшін жанын берген адамды бәрі болу керек деп ойлаймын.
@nazymelubai
@nazymelubai 7 ай бұрын
Мә шә Аллаһ қандай тамаша подкаст болды, ұстаздарымызға Алланың нұры жаусын, Ин шә Аллаһ хайырлы, берекелі ілім болсын. Осындай теріс, бұзғыншылық заманда қоғамға пайдалы, рухани, мәнді подкасттар қараңғы түнектегі қолыңдағы шамшырақ секілді, дұрыс бағыт бағдар беріп отыратын. Алла хидаят берсін баршамызға. Подкасттар тоқтамасын. Келесісін күтеміз Ин шә Аллаһ❤️
@user-hl3xh1vv3w
@user-hl3xh1vv3w Ай бұрын
Машаллах озим ушин пайдалы илим алып жатырмын. Алла разы болсын. Осындай устаздарымыз коп болсын🤲
@user-zn3nu9id4n
@user-zn3nu9id4n 7 ай бұрын
Дастан мен Нұрсұлтан бауырларымызды Тыңдап жүрікко .АЛЛАға шүкір Ма ша АЛЛАҺ ұстаздаргой.Ал Абылай бауырымызда Ма ша АЛЛА өте сауатты ,əр айтқан сөздерінің бəрі нақты .АЛЛА анығын біледі.Осындай сұхбаттар көбірек болсын деп тілейік.АЛЛА қайырын берсін,ұзағынан болсын.
@Taq1va
@Taq1va 5 ай бұрын
Маа Шаа Аллаҳ ✨ Аллаҳ сизлерден разы болсын. 🤲
@guldanatursinbek5401
@guldanatursinbek5401 7 ай бұрын
Алла елшісіﷺ жанындағы жастар жобасын қолдаймыз күтеміз Ин Щаа Аллах
@kairbekkairzhanov8863
@kairbekkairzhanov8863 7 ай бұрын
Әссаляму алейкум! Шығармашылық жөнінде подкаст болса жақсы болар еді.Не нәрсе шариғатқа сай,не нәрсе сай емес дегендей.Театр,актер,әншілік,ақындық,жазушылық,өлең жазу,ертегі,әңгіме жазу ойдан құрап дегендей.Елімізде шығармашыл таланттар көп.Осы сұрақ иманы бар сол талантты жандарды қатты мазалайтыны анық.Осы туралы подкаст болса рахмет!
@karabasova_a
@karabasova_a 5 ай бұрын
Да воздаст вам Аллах благом аминь
@kunanbekk
@kunanbekk 7 ай бұрын
Аллах узак гумыр берсын. Түйген жерлерім көп болды. Білмейтінім көп екен❤😢
@user-dg1vo4gn7l
@user-dg1vo4gn7l 7 ай бұрын
Алла разы болсын сіздерге құрметті ұстаздар Алла қолдасын сіздерді
@user-fj6cq3pc8j
@user-fj6cq3pc8j 7 ай бұрын
Өте дұрыс айтты ғой Нұрсұлтан ұстаз, елімізді жерімізді таза ұстайықшы. Үщеуінің білімі бір бірінен асып бара жатқаны соншалық, айтқан сайын айтқысы келіп жатыр. Негізі сыр сандығы енді ашылып келе жатыр еді я. Таңды таңға атқызып сөйлескің келеді ғой осы ұстаздармен❤
@dam-bol
@dam-bol 2 ай бұрын
Пайғамбарымыз с.ғ.с жанындағы жастар жайлы кітап жазылсын++++
@user-yf5vy3ye1f
@user-yf5vy3ye1f 7 ай бұрын
Ұстаздарымызға Алла разы болсын🤲🏻🙌
@user-js3nh1xv6t
@user-js3nh1xv6t 7 ай бұрын
ОСЫНДАЙ ҚАЗАҚҚА ПАЙДАЛЫ ИСЛАМИ САБАҚТАРЫҢЫЗ. КӨӨП БОЛСЫН . АҚ ЖОЛ!.
@didarmurat9484
@didarmurat9484 2 ай бұрын
Рахмет сіздерге!
@turganbai95
@turganbai95 7 ай бұрын
Алла елшісінің жанындағы жастар деген кітап жазуды қолдаймын
Follow @karina-kola please 🙏🥺
00:21
Andrey Grechka
Рет қаралды 21 МЛН
ISSEI funny story😂😂😂Strange World | Magic Lips💋
00:36
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 153 МЛН
ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ | ПОДКАСТ
1:24:42
IHSAN.KZ
Рет қаралды 332 М.
Подкаст #5 jastar,neke,otbasy, toi Жарқын Мырзатай
1:14:26
Podcast #31 - Нұрсұлтан Рысмағанбетұлы
44:59
SHAPAGAT Atyrau
Рет қаралды 64 М.
АЛЛАҺ ЕЛШІСІНІҢ (С.А.С) ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР
1:07:59