Рет қаралды 16,600
Сәуір айының басында Атырау облысындағы Жылыой ауданындағы тасқын толқынынан Құлсарыны су басып қалды. Сонымен қатар облысқа, облыс орталығы - Атырауға жаңа қауіп төнді. Бұл - айналасында көптеген елді мекен орналасқан Жайық өзеніндегі су деңгейі көтерілу қаупі.
Сәуір бойы еріктілер, жергілікті тұрғындар, бизнес пен мемлекеттік органдар қалың су келеді деп өзен жағасын бекітіп, канал салып, эвакуациялық бөлімшелер дайындап жатыр.
Власть журналистері су тасқынына дайындық қалвй жүріп жатқанын білу үшін Атырауға барып қайтты.
00:00 - Басы
01:17 - «Еріктілер саны жеткіліксіз»
03:05 - Гуманитарлық штаб
03:52 - «Басында осында қонып қалып жүрдік. Таң ертемен жүк келген кездер де болды»
06:36 - Талқайран-1
07:23 - «Атырауда шекті нүкте - 550 метр, одан асса, қауіпті болады. 8, 9 метрге дейін барса, қиын болады»
08:17 - «Ирикла су қоймасынан бұрын секундына 15 текше метр су жіберсе, қазір 630-ға жуықтады».
09:50 - Талқайран-2
11:10 - «Не боларын кім білсін, жиһаздың барлығын жоғары көтеріп, құжаттарды жинадық»
13:00 - Жедел штаб. 1993 жылғы су тасқынының картасы
14:10 - Бөгеттер картасы
15:49 - Облыс әкім орынбасары болжамдары
16:36 - Дайындық
20:29 - Оралдағы жағдай Атырауда қайталануы мүмкін бе?