Атыраулық 8 жасар бала суға батып бара жатқан екі жасөспірімді құтқарып қалды

  Рет қаралды 5,140

Информбюро 31

Информбюро 31

Жыл бұрын

Атырауда суға батып бара жатқан екі жасөспірімді құтқарып қалған сегіз жасар бала марапатталды. Дінмұхаммед Жаңбырбайға облыстық полиция департаменті алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады. Сондай-ақ, оқушының ұстаздары мен сыныптастары кішкентай батырға қол шапалақтап, қолдау көрсетті. Ол өткен сенбіде Жайықтың мұзы кенеттен ойылғанда, суға кетіп бара жатқан екі бірдей досын ажалдан арашалап қалған еді. Жеткіншектің ерлігі осылайша көпке үлгі болып отыр.
8 жасар Дінмұхаммед Жаңбырбайдың ерлігі бүкіл қазақстандықтарды тәнті етті. Ол өткен сенбіде Балықшы және Жұмыскер елдімекендерін жалғайтын көпірдің маңында достарымен ойнап жүрген. Кенет екі досы өзендегі қатқан мұз үстіне шыққан. Сол кезде жұқа мұз ойылып, екеуі де суға түсіп кеткен. Мұны байқаған Дінмұхаммед дереу көмекке келіп, екі жасөспірімнің бірін қолынан тартып судан шығарып алады. Кейін судан шыққан жасөспірім үшінші балаға жәрдемдеседі.
ДІНМҰХАММЕД ЖАҢБЫРБАЙ:
- Миымда тек құтқару ғана болды. Сондықтан мен құтқаруға тырыстым. Бірақ олар ауыр боп шықты. Мен ауыр болмас деп ойлағанмын. Сосын мен олардың таяқпен мықтылап шығардым. Олар батайын деп жатқан кезде өзім бар күшімді жұмсадым да, оларды шығардым. Өзіме сендім, судан қорықпадым.
Дінмұхаммед - отбасындағы ортаншы ұл. Сабағын да жақсы оқиды. Болашақта құтқарушы болғысы келеді екен. Кішкентай баласының ерлігін естіген анасы алғашқыда сену қиын болғандығын айтады. Өйткені, сол күні әкесі балаларына өзенге бармау керегін ескерткен дейді. Содан болар Дінмұхаммед балалардың артынан ілескенімен мұз үстіне шығып ойнауға асықпаған. Бірақ көмек қолын бірден созған.
ГҮЛДАНА КУЛОВА, Дінмұхаммедтің анасы:
- Дінмұхаммед өзі келіп айтты. Аяғы су. Біз оған жағаға барма дедік, неге барасың деп сұрадым. Ол айтады, бір баланы суға түсіп кетіп құтқарып келе жатырмын дейді. Қалай құтқардың деп сұрадық. Жаңағыдай дәл солай айтып берді. Жалпы Дінмұхаммед қасындағы достарына, айналасындағы адамдарға көмектескенді жақсы көреді.
Құтқарушылар қазір өзеннің бетіне мұз қатқанымен, оның қалыңдығы барлық жерде бірдей емес екенін айтады. Сондықтан, тұрғындардан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, ата-аналардан балаларына бас көз болуын сұрап отыр. Одан бөлек, төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері атыраулықтар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізетіндерін айтты.
БАҚЫТ АБЛАНОВ, Атырау облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:
- Облыс бойынша жыл басталғалы үш қайғылы жағдай тіркелді. Қазір мұздың қалыңдығы 15 см, яғни қауіп бар деген сөз. Көбі демалыс күндері балық аулауға шығады. Сондықтан, барлық қала тұрғындарына сақ болып жүруге кеңес береміз. Өз өмірлеріңіз өз қолдарыңызда.
Құтқарушылар қыста балық аулауға шығатындар мұз жарылу қаупін ескерсе дейді. Әрі оларды өздерімен бірге құтқару құралдарын алып жүруге шақырып отыр.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Пікірлер: 19
@user-ut9zg6xz5n
@user-ut9zg6xz5n Жыл бұрын
Сыилық беріңдер құр қағаз бермей.
@user-ut9zg6xz5n
@user-ut9zg6xz5n Жыл бұрын
Келешекте осындай тарбиелі адал балалар көбеие берсін
@user-pr2ln9hn6q
@user-pr2ln9hn6q Жыл бұрын
Жараисын
@user-st2ge1yt2r
@user-st2ge1yt2r Жыл бұрын
Балакай жарайсын мын алгыс
@user-on2ee7vv2m
@user-on2ee7vv2m Жыл бұрын
Иии,Жаным сол! Азамат!
@miraulrich9584
@miraulrich9584 Жыл бұрын
Сыйлық ретінде компьютер берiндер балаға!
@user-vf8iz8rj8u
@user-vf8iz8rj8u Жыл бұрын
ЖАРАЙСЫҢ ..
@Samsung-pp6pk
@Samsung-pp6pk Жыл бұрын
Өте қорқынышты жағдай абай болыңдаршы
@user-vc6dc1sr5q
@user-vc6dc1sr5q Жыл бұрын
Балакай, аман бол!
@user-zk1bp3oj8e
@user-zk1bp3oj8e Жыл бұрын
И жаным балапаным АМАН БОЛҒАЙ. АТЫНА ЗАТЫ САЙ ЕКЕН.
@jazonlain.463
@jazonlain.463 Жыл бұрын
Керемет, сондай батыл ұрпақтарымыз көп болсын! Өзін ойламай басқаға көмек беруді ең бірінші міндеті сезінген балаға Алла тағала бақытты ғұмыр берсін! Ауызбен мақтауды жаудырмай Балаға, отбасына керекті көмекті беру керек. Жастар үлгі алатындай ерлек жасады.
@user-bm8tp3ds7w
@user-bm8tp3ds7w Жыл бұрын
Акша бермейме , балаға
@user-qx2yj1zs7m
@user-qx2yj1zs7m Жыл бұрын
Кишкентай бала деп коя салмай кур кагаз бермей улкен марапат жасандар .Мысалы уй берсин акшалай сыйлык берсин керегине отбасымен жарататын .Улкендер ерлик корсетсе улкен сыйлыктар берип жатады .Ал баланики еленбей жатады .Балаларды ынталандыру ушин осындай киын кезде кол ушин беруге улкен улес болар еди .Биреулер мени кате тусинип жататын шыгар бирак баланын истегени нагыз ерлик .!!!
@user-tr3yk3jt6i
@user-tr3yk3jt6i Жыл бұрын
Дурыс бундаи ерлик еткенге сыилык телефон болса да бермеисиндерма куры кагаз бергенше
@user-ci4wz6dx2p
@user-ci4wz6dx2p Жыл бұрын
Маладцы жарайсындар осындай жаксы жаналыктар коп болсын айтпесе киси олими кобейип кетти Алла разы болсын сиздерге
@user-bo4kz7zp5x
@user-bo4kz7zp5x Жыл бұрын
Жаным сол ботақан дымда қорыққан жоқпын дейді))
@berkinkaldanbaev9297
@berkinkaldanbaev9297 Жыл бұрын
Талай балалар суға кеткен Сондай терең колге тускенге Штраф салу керек канша жузгыш болсада Аварияның өзынен каншама халкымыз кетип жатыр
@00.......
@00....... Жыл бұрын
Оны ким тусирип турган караапп
@user-rx5vj4si1l
@user-rx5vj4si1l Жыл бұрын
мыиынан сенин
Why? 😭 #shorts by Leisi Crazy
00:16
Leisi Crazy
Рет қаралды 47 МЛН
La final estuvo difícil
00:34
Juan De Dios Pantoja
Рет қаралды 28 МЛН
I Need Your Help..
00:33
Stokes Twins
Рет қаралды 140 МЛН
МИРОВЫЕ НОВОСТИ - 31 мая 2024
11:54
ОТС LIVE
Рет қаралды 86 М.
Ақтөбеде екі жасөспірім суға батып кетті
0:52
Телеканал Астана / Astana TV
Рет қаралды 900
Бақыт деген не өзі? / Қазақша кино 2023
37:25
Киностудия Мейрам
Рет қаралды 184 М.
ҮШ БАЛА КӨЛІКПЕН СУҒА БАТЫП КЕТТІ
1:23
AQJAIYQ TV / Ақжайық телеарнасы
Рет қаралды 1,1 М.
Шымкенттің әкімі “зың”
4:36
Главные новости Казахстана / Басты жаңалықтар
Рет қаралды 10 М.
Why? 😭 #shorts by Leisi Crazy
00:16
Leisi Crazy
Рет қаралды 47 МЛН