«Ауған ақиқаты» ерлік сағаты

  Рет қаралды 106

А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы

А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы

2 ай бұрын

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толып отыр. Осыған орай кітапханада қаламыздағы ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен «Ауған ақиқаты» атты ерлік сағаты өтті.
Басқосуға мектеп оқушылары, әскери полиция қызметкерлері ,ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының сарбаздары қатысты.
Он жылға созылған соғысқа 22 мың қазақстандық қатысып, 924 боздағынан айырылған. 1015 адам елге мүгедек болып оралса, 21 солдат із - түзсіз кеткен. Бұл күнде ауған соғысының қанды қырғынынан аман - есен оралғанымен, жандары жаралы ардагерлер ортамызда жүр.
Ерлік сағатында өмірінің жауқазын жастық шағын оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан жерлес майдангер ағаларымыз Сағымбай Рамазанов, Еділ Түгелбаев келді.
Экранда соғыс хроникасының кадрлары көрсетіліп, қатысушылар Ауғанстан және барлық жергілікті соғыстар мен қақтығыстарда қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Ардагерлер өткен күнді еске алып, тағылымды әңгімелерімен бөлісіп қана қоймай, жастардың тәлім-тәрбиесі жайлы ой өрбітіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Пікірлер
How to make 3d character in blender. Blender tips and tricks. easy way.
4:30
ayesha blender tutorial
Рет қаралды 27 М.
Altın daha yükselir mi? | Dolar/TL nereye? | Bitcoin neyi bekliyor?
17:22
Қазақтар өмірге несие төлеу үшін келген жоқ  - кәсіпкер
5:32
Азаттық рухы / Азаттык / Azattyq ruhy tv
Рет қаралды 353 М.
Nonomen funny video😂😂😂 #magic
0:27
Nonomen ノノメン
Рет қаралды 13 МЛН
😈 CatNap virus 🔥🎶 #catnap #catnapxdogday #funny #memes #music
0:15
TrendCraft Studio
Рет қаралды 5 МЛН
Kitten has a slime in her diaper?! 🙀 #cat #kitten #cute
0:28
the man ate it immediately 😮😲
0:17
Ben Meryem
Рет қаралды 10 МЛН