Төрткүлім-ауылым, талай ғұлама шыққан, алтындай мекенім ❤
@user-rv6cd6rk6t3 жыл бұрын
Төрткүлім - туған жерім! 🌷 ⠀ 🌷Туған өңір, туған жер, Төрткүл елім, Амандығын ауылдың көп тіледім. Топырағыңа киелі туып өскен, Тәрбиелі, талапты текті ұл едім. ⠀ 🌷Жарық жұлдыз, толған ай аспаныңда, Асыр салып ойнаушы ем жас шағымда. Түлеп ұшты түлектер осы ауылдан, Көзді-ашып жұмғанша, қас-қағымда. ⠀ 🌷Ақ мақталы, ақ далам, атырабым, Ыстық маған әр уыс топырағың. Алыс кетсем ауылдан қала жаққа, Туған жерім, - "Кел" дейді, шақырады. ⠀ 🌷Жақсы көрем жусан мен жиделерін, Мақта егуді атамнан үйренемін. Аңызақ жел апталап тұрса дағы, Ақ даламды сол үшін сүйген едім. ⠀ 🌷Төрткүлімнің түгел ғой құбыласы, Жақсылықта жиналып, жұмыласың. Ата сөзге ағайын тоқтай білген, Үнсіздікпен үлкенді ұғынасың. ⠀ 🌷Бұзылмасын ауылдың ынтымағы, Ауыл жұрты биікке ұмтылады. Ырыс-құты сақталған ел-жұртыма, Жүрегімнен жалынды жыр туады. ⠀ 🌷Туып өскен, туған жер, Төрткүл далам, Түлеп ұшқан өзіңнен текті ұл болам! Туған жердің намысын жібермеймін, Желдей жүйрік, алмастай өткір болам. ⠀ 👨⚕️👨💼Бегайдар Елібай - Төрткүлім - туған жерім.🌷
@user-iz5hg1tu7c3 жыл бұрын
Керемет түсірілім!👍Әр ауылдың тіршілігі мен тарихы бір әлем!👍
@user-rq9jm8rx8d3 жыл бұрын
Туган жерим алтын бесигим əркашан сагынышымыз Маке ісіңіз алға баса берсін берекесін берсін