Жазғытұры. Абай Құнанбайұлы

  Рет қаралды 7,136

Әдебиет әлемі

Әдебиет әлемі

7 ай бұрын

Жазғытұры
Абай Құнанбайұлы
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойыны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.
Түйе боздап, қой қоздап - қора да шу,
Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.
Көл жағалай мамырлап қу менен қаз,
Жұмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз.
Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда,
Жарқ-жүрқ етіп ілінер көк дауылпаз.
Құс қатарлап байлаған қанжығаға
Қыз бұраңдап жабысып, қылады наз.
Жазға жақсы киінер қыз-келіншек,
Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек.
Қырда торғай сайраса, сайда - бұлбұл,
Тастағы үнін қосар байғыз, көкек.
Жаңа пұлмен жамырап саудагерлер,
Диханшылар жер жыртып, егін егер.
Шаруаның бір малы екеу болып,
Жаңа төлмен көбейіп, дәулет өнер.
Безендіріп жер жүзін Тәңірім шебер,
Мейірбандық дүниеге нұрын төгер.
Анамыздай жер иіп емізгенде,
Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер.
Жаз жіберіп, жан берген қара жерге
Рахметіне Алланың көңіл сенер.
Мал семірер, ақ пенен ас көбейер,
Адамзаттың көңілі өсіп көтерілер.
Қара тастан басқаның бәрі жадырап,
Бір сараңнан басқаның пейілі енер.
Тамашалап қарасаң Тәңірі ісіне,
Бойың балқып, ериді іште жігер.
Кемпір-шал шуақ іздеп, бала шулар,
Мал мазатсып, қуанып, аунап-қунар.
Жыршы құстар әуеде өлең айтып,
Қиқу салар көлдегі қаз бен қулар.
Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,
Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай,
Таң атқан соң шығарын күннің біліп,
Өңі қашып, бола алмас бұрынғыдай.
Күн - күйеу, жер - қалыңдық сағынышты,
Құмары екеуінің сондай күшті.
Түн қырындап жүргенде көп қожаңдап,
Күйеу келді, ай, жұлдыз қысты.
Ай, жұлдызға жылы жел хабар беріп,
Жан-жануар қуанар тойға елеріп.
Азалы ақ көрпесін сілке тастап,
Жер күлімдер, өзіне шырай беріп.
Күн - күйеуін жер көксеп ала қыстай,
Біреуіне біреуі қосылыспай,
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң
Жер толықсып, түрленер тоты құстай.
Адам тіктеп көре алмас күннің көзін,
Сүйіп, жылып тұрады жан лебізін.
Қызыл арай сары алтын шатырына,
Күннің кешке кіргенін көрді көзім.

Пікірлер: 14
@adebiet_aleminde
@adebiet_aleminde 7 ай бұрын
Бұл каналда Сіз жаныңызға тыныштық сыйлайтын түрлі жанрдағы поэзиялар, ақын-жазушыларымыздың ( Шәкәрім Құдайбердіұлы, Абай Құнанбайұлы, Мұқағали Мұқатаев, Жамбыл Жабаев, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Ыбырай Алтынсарин, Мұхтар Әуезов және т.б.) - өлеңдерін; - әңгімелерін; - көркем шығармаларын; - поэмаларын тыңдай аласыздар! Арнамызға тіркеліп, лайк басып, комментарий қалдыра отырыңыздар✍🏻✍🏻✍🏻
@user-uq7dp4gv5l
@user-uq7dp4gv5l 5 ай бұрын
👏👏👏❤❤
@Fundrawing-sx3nz
@Fundrawing-sx3nz 2 ай бұрын
кайта кайта тындай бергин келеди, керемет
@Fundrawing-sx3nz
@Fundrawing-sx3nz 7 ай бұрын
👍👍👍
@Kassymzhan
@Kassymzhan 7 ай бұрын
👍👍👍😊😊😊
@EvrikaEvrika-uc9tv
@EvrikaEvrika-uc9tv 3 ай бұрын
Өте жақсы күшті ғой мына өлен
@adebiet_aleminde
@adebiet_aleminde 3 ай бұрын
🫶🏻🫶🏻🫶🏻
@user-ze1sc2vx5d
@user-ze1sc2vx5d 4 ай бұрын
Рахмет,оте тамаша окыдын."жаз"оленинде окышы.😊
@user-vh2oj1xp3w
@user-vh2oj1xp3w 3 ай бұрын
Күшті
@adebiet_aleminde
@adebiet_aleminde 3 ай бұрын
Рахмеееет😘😘😘🫶🏻🫶🏻🫶🏻
@user-dz1yq9ym2h
@user-dz1yq9ym2h Ай бұрын
Ауылға білесіңбе
@kostyadzuy2476
@kostyadzuy2476 7 ай бұрын
Абай атамызын олендери керемет😊
@aluka_drawing_
@aluka_drawing_ 7 ай бұрын
Керемет өлең, керемет оқылым👍👍👍
@user-tp9jd1bj2x
@user-tp9jd1bj2x 7 ай бұрын
Тамаша өлең
100❤️
00:19
Nonomen ノノメン
Рет қаралды 37 МЛН
Miracle Doctor Saves Blind Girl ❤️
00:59
Alan Chikin Chow
Рет қаралды 35 МЛН
BRUSH ONE’S TEETH WITH A CARDBOARD TOOTHBRUSH!#asmr
00:35
HAYATAKU はやたく
Рет қаралды 34 МЛН
1❤️
00:20
すしらーめん《りく》
Рет қаралды 32 МЛН
ЫРААЗЫЧЫЛЫК МЕДИТАЦИЯСЫ
27:22
Нарматова Гульзина
Рет қаралды 1,4 М.
100❤️
00:19
Nonomen ノノメン
Рет қаралды 37 МЛН