ЗАҢ КҮШІНЕ ЕНДІ.

  Рет қаралды 123,276

BILGEN DURYS

BILGEN DURYS

3 жыл бұрын

Бәріңізге Ассалаумағалейкум!
Парламенттен үн шығыпты. Нұротаннан емес, Ақжол партиясынан шығып жатыр. Ақ жол партиясы, «әкімдіктер берген әлеуметтік тұрғын үйлерге, мұқият тексеру жүргізуді» талап етіп, ҚР-ның Премьер-Министрі А.Ұ.Маминге арыз жолдады.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, ең алдымен, тұрғын үй мәселесімен тығыз байланысты екенін атап өтті. Табысы тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешу үшін жеткіліксіз азаматтарға, тиімді әлеуметтік қолдау көрсетілетін болады. Кезекте тұрғандардың, тұрғын үй проблемаларын неғұрлым жедел шешу қажет.
Халықтың әлеуметтік осал топтарын, көп балалы отбасыларды, мемлекеттік қызметкерлерді және басқа да санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметі бірнеше бағыт бойынша тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеп, бекітті.
Алайда, біз көріп отырғанымыздай, шенеуніктер өздерінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалана отырып, "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға "өз адамдарын" заңсыз кезекке қояды. Сондай-ақ жалға берілетін тұрғын үйге, мұқтаж емес адамдарға басымдық бере отырып, мемлекеттік тұрғын үйді бөледі. Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде үш мыңнан астам азамат, мұқтаж адамдар тізіміне енгізілді, осылайша мүгедектер, көпбалалы отбасылар және жұмыс істейтін жастар сияқты шынымен мұқтаж адамдардың құқықтарына нұқсан келтірді.
Құрметпен, "Ақ жол" фракциясының депутаттары. Ақжол паритясының депутаттарының көтеріп отырған мәселесін, халық біліп отыр. Шынайы үйге мұқтаж адамдарының кезегі қатып қалғандай, орынынан қаншама жыл өтседе жылжымайтыны сондықтан. Нұрлы жер бағдарламасының нұрланып тұрғаны шамалы екен. ол жақта бәрі ұрланып жатқанын, мына депутаттар айтып отыр. Қатаң тексеру керек? Әйтпесе, Еліміздегі «Ұлы дала квартиранттары» деген атты өшіру қиын. Тарихата масқара болып қаламыз.
«Ата-бабамыздың қорғап қалған жері шетелдіктерге жалға беріле ме?» деген сұрақ көпшіліктің көкейінен кетпей қойған болатын. Халықтан қорықты ма, жоқ әлде, биліктің халыққа жаны ашыды ма, жерді шетелдіктерге сатпайтын және жалғада бермейтін қылып, соңғы нүктесін қойғандай. Енді шетелдіктерге жерді сатуға, заң жүзінде біржола тыйым салынатын болды. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-ші отырысында, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтты:
«Халқымыз үшін - жер мәселесі қашанда аса маңызды. Бұл - мемлекеттігіміздің берік негізі және қасиетті символы. Қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайды деп, бірнеше рет айттым. Бұл мәселеге қатысты қауесеттерді тоқтату қажет. Сондықтан, мен мынадай нақты шешімдер қабылдадым. Біріншіден, шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға, ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға және жалға беруге заң жүзінде, біржола тыйым салуды тапсырамын.
Бұл шетелдіктердің үлесі бар заңды тұлғаларға да қатысты. Мен мұны, Президенттің заң шығару бастамасы арқылы, жедел түрде жүзеге асыру қажет деп шештім. Президент Әкімшілігі, дәл осы мәселеге байланысты тиісті заң жобасын әзірлеуі керек» - деді, Мемлекет басшысы.
Бұлда бір шешімін тапқан - келелі іс болды. Жерді шетелдіктерге «жалға беріп қоя ма» деп, алаңдап жүрген халық, бүгін тыныш ұйықтай берсе болады. Ендігі кезекте, игерілмей жатқан жеріміздің пайдасын халық көруі тиіс пе? Себебі: жер - қай қашанда және қай елдеде халықтікі. Ол - ата-бабасынан қалған мұра. Халық жерді сату мен жалға беруге қарсы болып, жанын салып қорғап қалды. Енді, осы жерді игіліктеріне жаратуы керек емес пе?
«Бос жатқан жер - жау шақырады» демекші, жерді халықтың пайдалануына бөліп беруі керек? Анау елімізден жұмыс таппай, шетелге кетіп жатқан жастарымыздың басында жері болса, жермен айналысып, осында ұрпағын көбейтіп тұрақтап қалады. Жастардың шетелге кетіп жатуындағы себептердің бірі - ұлтарақтай жерінің жоқтығы. Үй тұрғызуға арналған он сотық жері жоқ адам, ертең күн туа қалса, сол елді қорғай ма? Әрине қорғамайды. Әр адамның ел мен жерін қорғау жауапкершілігі артуы үшін, олардың бастарында, үй тұрғызуға және егістік не болмаса, басқа мақсатта пайдалануға арналған жері болуы керек?
Біздің Елде, істің бәрі сясиланып барып, соңында шешіледі. Саясиландырмасақ, қоғам қарсылығын танытпаса, ол істі істемейтін сияқтымыз. Жерді де саясиландырып жүріп, әйтеу соңғы нүктесін қойдық.
Сол айтпақшы, біздегі, тамырынан бастап саясиланып кеткен тақырыптың бірі - Мемлекеттік тіл саласы. Біреулер халыққа сүйкімді көріну үшін, Мемлекеттік тілді қолдаған болып, қара сөзді дәриядай ағызып, халықтың алдында ұпай жинауға шебер болса; Біреулердің құлап жатқан қазақ тіліне шын жаны ашып, жылап жүр.
Атақты Ататүрік: «көп тілді, көп дінді, көп ділді мемлекеттің ғұмыры ұзаққа бармайды» деген екен. кезінде, әлемге толерантты екенімізді көрсетеміз» деп, жер бетіндегі діннің бәрінің ошақтарына ойып тұрып жер бердік. Олар тек дінімен ғана келмей, өздерінің мәдениеті мен ділін бізге әкеп тықпалап жүр.
Бұдан былай, Қазақ тілінде қате жазылған жарнамалар заңмен қудаланады. Толығырақ Видеода...

Пікірлер: 679
@user-ej1lt3wq3b
@user-ej1lt3wq3b 3 жыл бұрын
Әрине Жерді Халыққа Қазақтарға берілсін ,!!! өз елімізде жүріп үцсіз күйсіз жер теліміде жоқ Қазақ Азаматтарына жер Берілсін.!!!
@nurlanabirov5053
@nurlanabirov5053 3 жыл бұрын
Жердеи халыкка берсин. Жане су суару маселесин шешсин. Мемлекеттик Казак тилин зандасиырсын
@user-ii2hu4qx5n
@user-ii2hu4qx5n 3 жыл бұрын
Неше жыл болды"жер сатам , жер сатам" депшенеуліктердің құйрығы шошаңдап халықтың ашу ызасына тидау жетесіздер.Сатқыш болсаңдар дамбалдарыңды шешіп сатыңдаршы, дамбалсыз жүре аласыңба? Қазақта ЖЕРСІЗ жүре алмайды,атында бір сүйем жері болмасада,қарындарың кебежедей болып, гектарлап алып, өздерің игермейсіңдер боқ қарын шенеуліктер.Сол жерді тартып алып,жуандап кеткен мойындарынан асса ғой
@d.koblanovna1113
@d.koblanovna1113 3 жыл бұрын
Щ
@user-np6zd8ny3g
@user-np6zd8ny3g 3 жыл бұрын
Жерді әрбір қазақтарға бөліп берүі керек сонмен қоса мемелекеті тілі қазақтілді басты орынға қойып әрбір қазақстандық қазақша сөйлеүі керек.
@user-zb6zn8hb4n
@user-zb6zn8hb4n 3 жыл бұрын
Керемет өте керемет жаңалық Тоқаевмырза әрбір қазақтың қамын ойлап жатқаныңызға Алланың нұры жаусын
@bek2048
@bek2048 3 жыл бұрын
Өте тамаша пікір, қазақ елынде қазақ тілі басты орнда болыуы тиіс, Алла қолдаса оғанда жетермыз
@user-zp9be4mv9g
@user-zp9be4mv9g 3 жыл бұрын
@@bek2048 Әумин.
@user-mv8gl8gy3i
@user-mv8gl8gy3i 3 жыл бұрын
Менде 20 ЖЫЛ БАСПАНА ТОСЫП ЖУРМИН АБДЕН КАЖЫДЫМ ЕКИ БАЛАМ 2 ТОПТАГЫ МУГЕДЕК НЕСТЕЙН МЕНИМ Ж АНАИКАЙЫМДЫ КИМ ЕСТТР ЕКЕН АИНАЛАИЫНДАР ОЗИМДЕ КИСЛОРОДПЕН ДЕМ АЛАМ КУНИ БОЙЫ. УЙ АЛСАМ АРМАНЫМ БОЛМАС ЕДИНЕ СТЕИН
@robertclark8238
@robertclark8238 3 жыл бұрын
@@user-zb6zn8hb4n со токаев казахша сойлемейдыго
@user-qq4zy3lw9f
@user-qq4zy3lw9f 3 жыл бұрын
Нұротан партиясы деген терраристерді құрту қажет.
@BILGENDURYSKZ
@BILGENDURYSKZ 3 жыл бұрын
😁
@rhhduhdddfvhjddx
@rhhduhdddfvhjddx 3 жыл бұрын
Тақырыпқа лайықты неге айтпайсыңдар ,сонымен Тоқаев қытай болды ма?.
@user-qq4zy3lw9f
@user-qq4zy3lw9f 3 жыл бұрын
Тоқаевтың Қытай Камунистері берген Партия Камунисті деген парт билеті бар екенжылдық табысы айлығы 65000$,Нұротандықтардың көбі сондай партийцтер.Қытай паралель үкіметі дейді кейбір КНБнің адамдары.КНБнің өзі Қытай қарулы күштерінің бір бөлігі паралель үкіметі Қытайдан жалақы алады 12000$.
@user-dk9ej6cw2p
@user-dk9ej6cw2p 3 жыл бұрын
@@user-qq4zy3lw9f кайдан ондай информация
@kzbalass8443
@kzbalass8443 3 жыл бұрын
Вот соларды атса
@AkanBali
@AkanBali 3 жыл бұрын
Тексеру керек. Ұятай. Қаншама мұқтаж адамдар үйсіз күйсіз.
@roza6529
@roza6529 3 жыл бұрын
Шыккан заңды окындар
@kanagatesbatyr3278
@kanagatesbatyr3278 3 жыл бұрын
Аллаһтан басқа Тәңір жоқ Мухаммед оның елшісі.
@muratismatov6120
@muratismatov6120 3 жыл бұрын
АЛЛАҺ ТАН БАСҚА ИЛЛАҺ ЖОҚ МҰХАММЕД ОНЫҢ НƏБИІ ДҰРЫСЫ СОЛАИ. ҚҰДАЙ ТАҢІР ДЕГЕНІМІЗ ҚАЗАҚТЫҢ ТАҢІРЛІК ДҮНИЕ ТАНЫМ ОСЫНЫ ҰҒЫҢДАР, ТАҢІРІМ ҚАЗАҚТЫ ЖАРЫЛҚАСЫН ДЕГЕНІМІЗ ЖӨН. СМ.АБДОЛЛА БЕРІШ ТҰРАННАН
@user-gh7mn6yl6x
@user-gh7mn6yl6x 3 жыл бұрын
Ай баурым адасып журсн 🇦🇼🌈сол Тангри жасайды пайгамбарды да
@GGG-fq6bv
@GGG-fq6bv 3 жыл бұрын
Ана тілі мен жерді біріші орынға қою керек, сонда ғана ата-бабаларымыздың қорғап, біздерге аманат еткен жерін сақтай аламыз. Әр Қазаққа 20 сотоктан жер берсін үй салғанға. Басқа ұлттың бәрінде үй бар, сорлап жүрген Қазақтар.
@user-sz5zq1fp9c
@user-sz5zq1fp9c 3 жыл бұрын
үйді өзіміз салып аламыз , жерді тегін берсін қазыр іріп шіргендер жерді удай қымбатқа сатып пайда тауып жүр ....
@kzbalass8443
@kzbalass8443 3 жыл бұрын
Үй тұрғызып барып берсін олар бізге қарыз
@user-vt8vi7dm8d
@user-vt8vi7dm8d 3 жыл бұрын
@@kzbalass8443 жер берсе соған шүкир де. салып беру миндет емес
@user-db1ej1fd9h
@user-db1ej1fd9h 3 жыл бұрын
@@user-vt8vi7dm8d жерга үй салу үшін материял қымбат,газ құбырын кіргізу,су,тоқ кіргізу тағы қымбат. Жалпы өте қымбат барлық нәрсе. Жалпы айтып жатқаным,барлық жерде солайма екен?
@FF-hc6hh
@FF-hc6hh 3 жыл бұрын
15 жыл болды жердің кезегінде тұрғаныма еш өзгеріс жоқ өкінішке орай аліде күтудеміз
@buskaahmetov4769
@buskaahmetov4769 3 жыл бұрын
Басқа ұлттарғада бермеу керек жерді, ұйғыр аудан, жəне масанчи сияқты қазақтардың қанын төгуі мүмкін, отан жасап алуы мүмкін. Сол үшін тек қазақтарға беру керек. Кім келіседі?
@jjjj-qd5kd
@jjjj-qd5kd 3 жыл бұрын
Жер,тіл мәселесі деген мүлдем болмауы керек қой ! Жері,тілі болмаса қандай мемлекет болады , 30-жыл болды ғой сонда қандай және қай мемлекетте өмір сұріп жатырмыз тілі мен жері болмаса ! Жоғарыда ұлтшыл еліне,жеріне,тіліне жаны ашитын азаматтар отыруы керек !
@user-rj3rt3ep8j
@user-rj3rt3ep8j 3 жыл бұрын
Арине уй жетпейди себеби жемкорлардан артылмайды бирнеше ондаган квартира алып арендага береееп отыр гой.
@user-ug3ul5dy5h
@user-ug3ul5dy5h 3 жыл бұрын
Осындай мәселелерді қатаң тексеру керек, басқа ұлты адамдардыда тексеріп артық жерлерін қазақ ұлты жас отбасы, ұйге мұхтаж, басында ұй жоқтарға жер беру керек, кемінде 3 жылда ұй соқпаса алып қоятынын ескертіп беру керек сонда ұй соғуға талпынады
@user-yl2jj1vg2j
@user-yl2jj1vg2j 3 жыл бұрын
Кім квартирада отырса соған үйді беру керек Үй егесі үйге мұқтаж емес өйткені
@user-tk7wi1rd3n
@user-tk7wi1rd3n 3 жыл бұрын
Кезек жылжымайды деш
@user-mi4dv7cb3i
@user-mi4dv7cb3i 2 жыл бұрын
Жалгыз басты анага Мугалимболсада уй Берилмей жатыр Документ тапсырса да Очеретке коймайды
@user-gg8fg3or1o
@user-gg8fg3or1o 3 жыл бұрын
Тек ауыл шаруашылық жерлері сатылмайды , ал өндірістік жерлер сатылып кеткен .әуелі түсіп алып айту керек .!!
@BILGENDURYSKZ
@BILGENDURYSKZ 3 жыл бұрын
Да ну солай ма не? Онда барлығы жай сөз жүзінде қағаз жүзінде сияқты ғой біздің елде.
@kazakhmen
@kazakhmen 3 жыл бұрын
@@BILGENDURYSKZ бәрі құйтырқы түрде
@jailauism2168
@jailauism2168 3 жыл бұрын
Казбалы мунайлы жер сатылып жатыр да.Ауылды жер деп алдап отыр.
@user-mo8md5cs3v
@user-mo8md5cs3v 3 жыл бұрын
Алматыдағы Əуежаи Бір талаи жер кеттіғо Баиқоңыр
@jailauism2168
@jailauism2168 3 жыл бұрын
@@user-mo8md5cs3v маскара жағдай.Булар тек акша алып отыоса болды.Халыкты болашакты оиламайды.
@alizumax42
@alizumax42 3 жыл бұрын
қазақтың тілі мемілекеттік тілі жасасын....
@user-iu5sh3xu3f
@user-iu5sh3xu3f 3 жыл бұрын
Үй емес жер берседа өзіміз үй турғызып алар едік 😔
@user-cn8vv2wi1c
@user-cn8vv2wi1c 3 жыл бұрын
Жер сатылмаиды деиди бирак токаевка сенуге болама
@mastername5161
@mastername5161 3 жыл бұрын
Қазақща тіл білмейтін депутатты бас бостандығынан айру керек
@user-pi3ku9wo4q
@user-pi3ku9wo4q 3 жыл бұрын
Қазақ жері тек қазаққа тесілі шет елге бір метр жерде сатылмайды
@nurbek2459
@nurbek2459 3 жыл бұрын
Орыс тілді қазақтарға айтарым-- бәрібір орыс бола алмайсыңдар, өйткені түрлерің олар сияқты сары емес.Қазақсыңдар. Өзге елдердің бәрі өз ұлты үшін жұмыс жасап жатыр. Ал бізше...
@user-yk1mo1vx4w
@user-yk1mo1vx4w 3 жыл бұрын
7and is
@user-ip8od2ov3r
@user-ip8od2ov3r 3 жыл бұрын
Мен тусінбедім Токаев ауыл шаруашылыг жерлері деді гой жалпы казак жері демеді осы арасын тусінбей отырмын
@jailauism2168
@jailauism2168 3 жыл бұрын
Әрине мунаилы казбалы жерлерди берип тастады да.
@user-tl1zo8wm4q
@user-tl1zo8wm4q 3 жыл бұрын
Басқа жерлерді сата бермекші ғой.
@user-yk9lh8km9b
@user-yk9lh8km9b 3 жыл бұрын
я құйтырқы аңқауды алдау заңын көрсетсін ауыз бен оттайды.
@user-ep2pk6gy2h
@user-ep2pk6gy2h 3 жыл бұрын
қашан беретін болды ? бізде береді десе ол заңды шешү үшін тағы қанша жыл күтеміз соны нақты айтсын !!
@mr_semon
@mr_semon 3 жыл бұрын
Иә ана тілімізд сақтап қалу керек.
@BILGENDURYSKZ
@BILGENDURYSKZ 3 жыл бұрын
Ол үшін өсіріп отырған балалардан бастау керек
@saulemoldashevna2082
@saulemoldashevna2082 3 жыл бұрын
@@BILGENDURYSKZ ин ша Алла
@user-jg7ej9lu2b
@user-jg7ej9lu2b 3 жыл бұрын
Ия
@serikamir6582
@serikamir6582 3 жыл бұрын
@@BILGENDURYSKZ Жоқ,ол үшін өзімізден бастау керек.
@tokotoko6471
@tokotoko6471 3 жыл бұрын
Ауылшаруашылық жерлер берілмесін дедік шетелдіктерге,ал кен өдіріс орындарының жерлері сатыла беріле ме сонда жауап беріңдер
@user-nj2hv3bc7t
@user-nj2hv3bc7t 3 жыл бұрын
Жер сатылмауы керек, тіпті қазаққада, арендаға берілген жердің бәрін қайтарып алу керек, ата бабаларымыз жерді ұрпақтарына жалға берсін, сатсын деп қалдырған жоққо !!!
@muslims5337
@muslims5337 3 жыл бұрын
Тегын алып алган жерлерды де жалган кужатармен кайтару кажет.
@user-zd6nw6xd1i
@user-zd6nw6xd1i 3 жыл бұрын
Токаев тек ауыл шаруашылық жерлері шетелдіктерге сатылмайды және жалға берілмейді деген жоқпа? Қалған жерлер ше, бұл заңның да артында құйтырқылық бар!
@nurkaaga5381
@nurkaaga5381 3 жыл бұрын
Өте дұрыс айтасыз бұл тек қалықты алдау бәрін уақыт көрсетер
@user-mz2bv1cf7q
@user-mz2bv1cf7q 3 жыл бұрын
Ауыл шаруашылық жер шет елге беш тиын да қажет емес Олар келіп мұнда қой бақпайды Бос жатқан жер деп отырғаны адам тұра алмайтын жерлер.Тау тас шөл дала.Өндірістік жерлер сатылып кетті.Ауылшаруашылық малға ыңғайлы жерлерді әкімдер билік басындағылар баяғда алып қойған.Өкіметтің көмегінсіз қазақ жердің астын үстін игере алмайды.Қой бағатын қазақ та жоқ қой да жоқ.
@user-cj5yw3vy5g
@user-cj5yw3vy5g 3 жыл бұрын
Орыс тілін қолданыстан мүлдем алып тастау керек Ағылшын тілін 6 сыныптан бастап қана оқыту ,оған дейін балаларға тек қазақ тілінде оқытып салт дәстүрімізді бойына сіңіріп өсіруіміз керек .
@kzbalass8443
@kzbalass8443 3 жыл бұрын
Әумин,сосын алфавитты өзгертуге қарсымыз,ұлтты сауытсыз ететін әдістердің бірі деп білемін
@nurbek2459
@nurbek2459 3 жыл бұрын
Жерді бөліп беруге болмайды. Мемлекет меншігінде болу керек. Ужымдастыру керек...
@user-mi8oz8po1l
@user-mi8oz8po1l 3 жыл бұрын
оттапсың олар сатып жоқ қылады
@user-bs4mt7zm2l
@user-bs4mt7zm2l 3 жыл бұрын
қазақ тілі түралы заң бекытыү керек
@user-dh2kc3xt6r
@user-dh2kc3xt6r 3 жыл бұрын
Биліктегілер орындарын босатыңдар,Биліке адал,жерім елімдеген азаматтар келуі керек!!!✊✊✊✊✊✊✊
@kadirtv9631
@kadirtv9631 3 жыл бұрын
Бізге өз Отанымыздағы жайылым жер, егістік жер жәнеде маңыздысы шикі зат шығатын жерлер. Атап айтқанда мұнай, газ, алтын, атом т/б-лары түгелдей жер, құмның түйірі жалға да, берілмесін сатылмасын шетел азамат, азаматшаларына....
@user-xs8sc6vr9b
@user-xs8sc6vr9b 3 жыл бұрын
ҚАЗАҚСТАНДА ҰРЫ ЖЕМҚОР РЕЖИМ АУЫСПАЙ ЕШҚАНДАЙ ЖАҚСЫ ЖАҚҚА ҚАРАЙ ӨЗГЕРІС БОЛМАЙДЫ !
@abdualitazabekov9676
@abdualitazabekov9676 3 жыл бұрын
Енді жерді шет ел банктеріне залогқа қоюға руқсат бермеу керек.
@bolatjj3733
@bolatjj3733 3 жыл бұрын
Дурыс аитылган колдаим
@user-hw2ed1tr7g
@user-hw2ed1tr7g 3 жыл бұрын
Қазақстанда мемлекеттік тіл орыс тілі.Оны бүкіл дүние жүзі халқы біледі.
@erjanbisembaev5110
@erjanbisembaev5110 3 жыл бұрын
Болип берудин кажети жок ауыл шаруашылыгын дамытып заводтар салып халык жумыс берсин пайдасын халыкка тендей кып болип айлык кылып берсе мине нагыз казак жанашыры болар еди
@user-vg1um6mi5z
@user-vg1um6mi5z 3 жыл бұрын
Дурыс тексериу жаксы болад уй жоктарга берсин, тисти зан шыксын, жер халыктики озимизге берсин, казакша сойлесин сыртан келгенлер,жастарга уй берсин 19дан жас,70жаска дейин, кытай елимизден кетсин акеген богын алып кетсин
@user-zo9nb1mr8w
@user-zo9nb1mr8w 3 жыл бұрын
Жер шетелге және шетел азаматтарына сатылмасын және жалға берілмесін, Нақты заң шығарып халыққа таныстыру керек. Оян қазақтар
@nurkaaga5381
@nurkaaga5381 3 жыл бұрын
Ауыл шаруашылық жерлер деп бөліп жарыудың керегі не Қазақстан республикасында ешқандай жер сатылмайды жалғада берілмейді деп айса болмаспа еді бұл жерде бір құйтырқылық бары анық
@user-rq3tn1sm6n
@user-rq3tn1sm6n 3 жыл бұрын
Айлығы шайлығына жетпей жүргендерге 10--сотық жер телімін берсе үлкен көмек болар еді өліп--тіріліп сол үйді салып алар еді.Жер сатып алатын ақшаны үй құрылысына жұмсар еді.
@kazactah9099
@kazactah9099 3 жыл бұрын
өтеі жаксы болды 😄😄😄👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻
@user-ru2zt9xt2e
@user-ru2zt9xt2e 3 жыл бұрын
Қазақстанда өзге ұлттар әсіресе орыстар осы жердің мұрагері ретінде сезініп үстем кейіпте жүреді ондайға біз қазақтар еш жол бермеуіміз керек Кімнің кім екенін олар біліуге тиіс
@user-gh2ju5re9o
@user-gh2ju5re9o 3 жыл бұрын
Арине жер берсын. Даже ауылда уйымыз жок сумдыккой бул
@toleuhaydar9717
@toleuhaydar9717 3 жыл бұрын
қалыққа болып берсын бырақ жер мемылекет иелыгынде болу керек
@BILGENDURYSKZ
@BILGENDURYSKZ 3 жыл бұрын
Дұрыс! Менің ойымша бөліп бере берсе дұрыс емес ау. Себебі тағы сол байлардың пайдасына шешіледі, анықтап қарау арқылы нағыз мұқтаждарға жастарға беру керек!
@user-lu8uy9pm9y
@user-lu8uy9pm9y 3 жыл бұрын
Жерді өзбекке ,орысқа,қытайға, т.б-ға бөліп бердіндер! Қол қойған депутаттар енді арт жақтарыңды да туырлаңдар!
@user-up1wu4xi6k
@user-up1wu4xi6k 3 жыл бұрын
Ең сорақысы қазақа сот шешімін орысша жария етеді сот шешімі ол Қазақ Республикасының заңы ол қазақ тілінде болу керек бұл мисыздық,қорлау,аюандық.Президент қазақ тілінде сөйлеуге тиіс, сайлаушы ретінде талап етемін.
@user-ns7hk6yl9t
@user-ns7hk6yl9t 3 жыл бұрын
Кезеуте тұрғаныма 15 жыл болды әлі сол 6 соттық жер ала алмай жүрмін Тараз
@user-np9ej9me5i
@user-np9ej9me5i 3 жыл бұрын
Дурыс. Аитылган
@kobeisinakkul2562
@kobeisinakkul2562 3 жыл бұрын
Жерді пайға бөлуге болмайды, кохозды таратып адамдарға пайға бөлді, не шықты сол колхозшының қайссының жері бар екен қазір, он сотк жер беруге міндетті үкімет бұны қолдаймын.
@BaqytAlizhan
@BaqytAlizhan 3 жыл бұрын
Өтрік айтады бәрі бір сатып жалға беріп болды ғой
@BILGENDURYSKZ
@BILGENDURYSKZ 3 жыл бұрын
Ехх!
@user-br8fw6of3r
@user-br8fw6of3r 3 жыл бұрын
Үкіметте , депутаттарда уақыт өткізіп , ақша тауып , көз бояу жасап жүрген жандар.! Заңды өз мүдесіне сай жасап жатыр ! Мына жаңалық рас болса жарар.!!!
@kurmangazibukitov7357
@kurmangazibukitov7357 3 жыл бұрын
Ақсақ қой түстен кейін маңырайды, 30-болдығой дәмі жоқ сағызды шайнағанымызға. Бұл сайқал үкіметтің кезекті ақша ұрлау тәсілі, тағы қаражат бөлінеді баяғы жартас бір жартас солай қалады. Мемлекеттік тілді білмеген адам, ешқандай жұмысқа қабылданбасын, тіпті әкімбе, министрма, қарапайым жұмысшыма талап қатаң және біреу болсын. Сонда бәріде үйренеді сондай заң қабылдану керек.
@user-rr8dm1do5b
@user-rr8dm1do5b 3 жыл бұрын
Әрине өздері үшін бала шаға қамы үшін игереді қазақ басына түссе істейді шетелге үй салуғада берілмесін
@user-dx2wv7ql2y
@user-dx2wv7ql2y 3 жыл бұрын
👍👍👍👍 дұрыс айтасыз қазақ елі алға 💪
@BILGENDURYSKZ
@BILGENDURYSKZ 3 жыл бұрын
Аллаһу Акбар! Алла ұлы!
@Baishegir
@Baishegir 3 жыл бұрын
@@BILGENDURYSKZ Аллаһ ұлық .
@user-lm4no2ki4j
@user-lm4no2ki4j 3 жыл бұрын
Қазақ тілін түгел бәріміз талап етейік жүрген жерімізде. Тіл түзелмей ел бола алмаймыз.
@maksmajs4670
@maksmajs4670 3 жыл бұрын
Дұрыс айттың айналайын өркендей бер
@Adilbai_Allamjarov67
@Adilbai_Allamjarov67 3 жыл бұрын
Токайга Рахмет Нурсултанга олим Алла ттлеген тилегимиз кабыл болсын Аллаху Акбар Нурсултан кыздарымен бирге олсин Алла
@user-fj4jx3cu4v
@user-fj4jx3cu4v 3 жыл бұрын
Ауылшаруашылык жер сатылмайды дит , сонда калган жерди калай тусинемиз.
@user-jc3zk3zy5x
@user-jc3zk3zy5x 3 жыл бұрын
Ауылшаруашылық жерлерін чиновниктер әлдеқашан 50 -мың 100 -мың гектарлап алып қойған жоқ па?
@erkinajibay7648
@erkinajibay7648 3 жыл бұрын
Жерді сатпау ,шет елдыктерге жалға бермеуге заң қабылдағані өте жақсы болған екен.қолдаимын.
@user-li7he8zd1k
@user-li7he8zd1k 3 жыл бұрын
өндіріс жерлерін қазба мұнай шағатын жерлерді шетелдіктерге жалға және сатуға болмайды осы мәселені көтеру керек қазақтарға үй салу үшін 20 соток жер тегін берілу керек
@user-xd5xv2mm7o
@user-xd5xv2mm7o 3 жыл бұрын
Дурыс тексеру керек колдаймын уй кезегыне турганымызга 10жыл болды алы беретын турлеры жок
@user-rk7hd1cx3c
@user-rk7hd1cx3c 3 жыл бұрын
Алем Қазақтың Тілімен Əніне Таңғалып Талып Түсіп Жылап Жатса Біздің Тексіздер Ана Тілімізді Менсінбейді Аман Болсын 21-Гасырдың Жулдызы Дймаш Т.б.асқалвр💪💪💪✊✊✊👍👍👍
@kazsaksak700
@kazsaksak700 3 жыл бұрын
Ауылшаруашылық жері туралығана айтты қалған өндірістік жерлер кетіп қалған болар
@user-qy9xc1iq7h
@user-qy9xc1iq7h 3 жыл бұрын
ИншАлла.Үй салуға жер берсін!! Өте.дұрыс айтылған !!🙏
@user-ov8gl4gp8u
@user-ov8gl4gp8u 3 жыл бұрын
Жер Казагыма 10 соттык тегын берылсын
@amantai.rahmetov
@amantai.rahmetov 3 жыл бұрын
Карындары тойганшыгар халыка жумыс жасайтын уакыт келдiго✊✊✊✊
@BILGENDURYSKZ
@BILGENDURYSKZ 3 жыл бұрын
Нуу бірақ әншейін жақсы сөйлеп халықты алдау ма? Ол жағы белгісіз, не болса да уақыт көрсетер.
@saulemoldashevna2082
@saulemoldashevna2082 3 жыл бұрын
Коз тояд кара жер козн жапканда..
@user-li7qv9rg9f
@user-li7qv9rg9f 3 жыл бұрын
Аха. "Аңсапсын сен көк тоқты, қыстың күні көк шөпті"- дейді ма. Тоятындарды тапқан екенсіз. Ассалаумағалайкум Амантай батыр🙋‍♂️ Қателеспеңіз!!! Билікте отырған қазіргі сілімтіктер Әлемнің байлығын ұстатсаңызда тоймайды. Қалталары үшін Отанын сатуға дайын ар-ожданы жоқ имансыз бұл сүмелектерден бір жола құтылмай қазаққа күн жоқ.
@user-yr3mz3it7e
@user-yr3mz3it7e 3 жыл бұрын
Аллаға шүкір,өкімет халықпен санаса бастады.Алла не берсеңде қайырлысын бер.
@user-pc9yi6dv2l
@user-pc9yi6dv2l 3 жыл бұрын
Мемлекеттік тілде қазақстандағы барлық ұлт білу ге және сөйлеге міндеті болу керек
@almatyastana9730
@almatyastana9730 3 жыл бұрын
Сауле Базарбаева оте орынды айтуын, отаным деп айтуга уяласын, бардак.
@user-yy8jg5vn7c
@user-yy8jg5vn7c 3 жыл бұрын
Ия,эрине қазақ өз өтанында жерге,үйге мұқтаж болып жұрсе қалай отанынын Отан деп мақтанады, қалай, не үшін қорғайды?
@user-vj4kl9pf1j
@user-vj4kl9pf1j 3 жыл бұрын
Жер маселесы баягыдан шешiлып, ар отбасына беретын зан шыгаруга пыкыр. бильдыремын.
@saparkobenov7316
@saparkobenov7316 3 жыл бұрын
Халыққа өздеріне тиесілі жерлерді беру керек ал жалпы жерді үкімет соған қаржы құйып игеру керек күллі недраның ақшасы үкіметте халықтан жерді игеретін қаржы жоқ.
@abaybekmurza8580
@abaybekmurza8580 3 жыл бұрын
Оте жаксы.
@user-fq4kj1lm1s
@user-fq4kj1lm1s 3 жыл бұрын
Абден кутырган билик,жерден коп нарсе жок казакта,не оздери емес не истегиси келген адамга бермей бос жерлерди устап отыр,сатып жиберсем деп дам етип тегин алып! Нур дегеннин барин курту керек! Халыкка корсетип турып турмеде шириту керек
@plu6325
@plu6325 3 жыл бұрын
Жер де берсін үй де берсін.Құлап қалған қазақтардың мәртебесі көтерілсiн
@user-zo9nb1mr8w
@user-zo9nb1mr8w 3 жыл бұрын
Ауыл шаруашылық жер деп бөлмей 1 см жерді сатпасын және жалға берілмесін. Жер тұтастығы ел тұтастығы. Оян қазақтар.
@user-is4uu7sc7c
@user-is4uu7sc7c 3 жыл бұрын
Жерді сатпасада жалға берілмеседе Қытайлар Қаптаса Қазақтарға қауіпті
@user-px9ed2rn8m
@user-px9ed2rn8m 3 жыл бұрын
Аллага шексиз шукир
@user-qt8dt6ic7w
@user-qt8dt6ic7w 3 жыл бұрын
бул бійлік қалықты тагы алдап отырган жоқпа , басқа да мунай , көмір , алтын , уран , темір шыгатын жерлер деп ашық айтпаган гой . ! бул ат төбеліндей қорқаулар қазақтың жауы болды гой . !
@user-ip4ph6cw5y
@user-ip4ph6cw5y 3 жыл бұрын
Бөліп,жарып, күмәнді сөйлеп отыр! Ауыл шаруашылығы жері деп бөліп жармау керек! Жер мәселесі бойынша жер толық сатылмайды! Жалға да берілмейді! деп Конституцияға шегелеп, жазып қою керек! Ауыл шаруашылық жерлері және өндірістік жерлер (толық) !
@user-qq2zx1qv3g
@user-qq2zx1qv3g 3 жыл бұрын
Оте дурыс айттын баурым менын ойымдагы
@user-si8gx3fw8i
@user-si8gx3fw8i 3 жыл бұрын
Жерди казактарға болип беру керек игерсе жокпа жер жату керек ..
@user-ce5rx4zk4p
@user-ce5rx4zk4p 3 жыл бұрын
Арине болип берсин! Игеретиндер баршылык!
@baybolzhaqan9538
@baybolzhaqan9538 3 жыл бұрын
Мықты мықты
@user-tq1iv7cj8n
@user-tq1iv7cj8n 3 жыл бұрын
Казакстаннын жерлери сатуга да жалга да берилмейди демеген сон айлакер жылпос саткындарга миллиондап акша берсе мумкиндигин табады
@user-bk2he7fz4f
@user-bk2he7fz4f 3 жыл бұрын
Ассалаумагалейкумдер. Өте керемет жаңалықтар. Жер берсе игереміз әрине.
@sultanazizxanov6367
@sultanazizxanov6367 3 жыл бұрын
Кредитти женилдетсе, сыбайлас агайындысыз жумыстар ашылса, Кайда барсан озинин агайыны жатып жейди, чужойларды туртип жейди
@redmisoft3844
@redmisoft3844 3 жыл бұрын
ӘР ҚАЗАҚТЫҢ ҮЙІ БОЛУЫ ЗАҢДЫ БОЛУЫ КЕРЕК
@user-me8oq9ej7v
@user-me8oq9ej7v 3 жыл бұрын
Жер берсе Рахмет Алла разы болгай деймизда.
@qazaq-galaxy
@qazaq-galaxy 3 жыл бұрын
Жерді әрбір қазаққа ТЕҢДЕЙ бөліп берсін! ТЕҢДЕЙ бөлмесе, Жер мемлекеттік жер болып қала берсін. Байларға беріп кедей жерсіз қалұы керек емес!
@user-kt9kp2te3j
@user-kt9kp2te3j 3 жыл бұрын
Ауылшаруашылық жерін сатуға, жалға бермейді екенбіз, сонда қалған жерді бере береме?
@user-rr4pc1hl5m
@user-rr4pc1hl5m 3 жыл бұрын
Калган жерлердиде кадагалау керек
@talgatmeserov991
@talgatmeserov991 3 жыл бұрын
Осы билікке сену қиын , бір жерін анық көрсетпейді?
@ultzhandyqazaq
@ultzhandyqazaq 3 жыл бұрын
@@user-rr4pc1hl5m акылгөй- ау кашангы кадагалап отырасың? Жоғарыдағы сурак дурыс коцылган, сөз тусынетвн адамға.
@ultzhandyqazaq
@ultzhandyqazaq 3 жыл бұрын
Булар Назарбаевтың сайттар мектебінен өткен ғой, халыкты алдап жарым- жарты шешым кабылдап халыкты мазактап отыр.
@user-zo9nb1mr8w
@user-zo9nb1mr8w 3 жыл бұрын
Соны айтамын, тағы алдап соқпасын халықты. Билікке сенім жоқ.
@user-nj2pg5iq3n
@user-nj2pg5iq3n 3 жыл бұрын
Жер шетелдіктерге сатылмайды, жалға берілмейді деп☝️Бул шығарған заңын бүкіл ӘЛЕМГЕ жария жасасын 📢📢📢,сонда халық сенеді, билік баяғыда сенімнен шыққан.
@user-yy5mu3gz7c
@user-yy5mu3gz7c 3 жыл бұрын
Өте қуанышты хабар. Жерді халыққа беру қажет көмек қылып. Халқымыздың жағдайы сол кезде түзеледі құдай қаласа. Мемлекеттік тіл жалғыз қазақ тілі болу қажет. Еліміз дами берсін. Ұлшыл намысшыл ұл қыздарымыз өсе берсін. Қазақ тілін меңгеріп, қазақтілінде халқымыз сөйлейтін болса. Ол халықтан өсіп жатқан ұрпағыда еліне жеріне қызымет жасайтын болады. Ал өз тілін өз дінін білмей мәңгүр болып жүргендерден елінде жерінде сатып кетуден тайынбайды деп ойлаймын. Сол үшін елімізде өзіміздің тіліміз бен дінімізді жақсы халыққа меңгерту қажет. Бастыстың заңында, модасында халыққа жақындатпау қажет. Біз мұысман елі халқымыз. Сол себепті белін ашып к*тін ашып жүргендерге қатаң заң шығарып. Халықтың арасындағы бұзылғаны болса түзету қажет. Бұл нәрселер біздің ұрпағымыз үшін.
@user-wn4qu6hl9x
@user-wn4qu6hl9x 3 жыл бұрын
Жерді берсін Ар Қазақ игере алады ИНШАЛЛА
@user-cx4zt7ez5i
@user-cx4zt7ez5i 3 жыл бұрын
Ауылшаруашылық жер ғана емес ешқандай шөл болсын тас болсын ұлтарақтай жер болсын сатылмайды жалға берілмейді деп заң шыққан да гана сенем айтпесе тағы алдай береді
@user-ov8gl4gp8u
@user-ov8gl4gp8u 3 жыл бұрын
Жер сатылмасын жалга да берылмесын шетелге
@darkhansimtikov1889
@darkhansimtikov1889 3 жыл бұрын
Алатын заттарынды тезырак алып-алып калындар, казыр магазинды жабамыз дегендейгой. Уже Кытайда баскасыда аларын алып калдыгой.
@user-jh4kb9zn8t
@user-jh4kb9zn8t 3 жыл бұрын
Жерді халықа бөліп беру керек,әр тулған ұл балаға
@user-tu1wq2gh2i
@user-tu1wq2gh2i 3 жыл бұрын
Чиновниктер өздері жақсы жерден алып алады, қарапайым халық үйсіз күйсіз квартирде тұруда.
@user-ir1bw6mw1x
@user-ir1bw6mw1x 3 жыл бұрын
Өте керемет жақсылық,әрі жаңалық.Жер берсін.Жастар өздері салып алады.Ипотекаға бәлен жыл қарыз болғанша үй салып алсын.
@user-dz7em5ci5y
@user-dz7em5ci5y 3 жыл бұрын
Үкімет қазақ тілінДЕ сөйлеу керек. Ол үшін Иманғали керек ҚАЗАҚҚА.
@aronaronov8031
@aronaronov8031 3 жыл бұрын
Инағали да солардын қатарынан екенін ұмытып кетіңіз бе?
@user-dz7em5ci5y
@user-dz7em5ci5y 3 жыл бұрын
@@aronaronov8031 Иманғали мықты саясаткер шал біледі. Бұл жүйені Иманғали ғана өзгерте алады
@user-hf6fd6ec5x
@user-hf6fd6ec5x 3 жыл бұрын
Оиланаиык Министр Агалар халыктын жагдаиын жасаныздар аилыкты кобеитиздер Алладан коркыныздар
@mastername5161
@mastername5161 3 жыл бұрын
Орыс тілін ресми тілден алу керек
@nurlanesqojin2782
@nurlanesqojin2782 3 жыл бұрын
Қазақ тілі ана тілі жасасын
@user-zn6jw8lx3d
@user-zn6jw8lx3d 3 жыл бұрын
Мемлекеттік тіл Казакстанда казак тілі болу керек.
@user-yp9im2fi3k
@user-yp9im2fi3k 3 жыл бұрын
Жер мемйлекеттйкй казак халкына оитак болуга тийс. Шетелдйкке жалга беру мулдем жогалып. Казакстан тургындарынада сату жекеге беру деген жойылу керек. 30 жылда бйздй курткан жекешелендйру елдй болшектеп бай кедей деп айырып жйбердй. Жеке деген ар адамнын оз енбегймен тапкан дунйесй.
Евро мола. «Алдараспан»
15:29
Khabar TV
Рет қаралды 5 МЛН
◆テンゲテンゲダンス~Tengelele~◆ #ひめちゃんとおうくん #funny #shorts
00:24
プリンセス姫スイートTV Princess Hime Suite TV
Рет қаралды 20 МЛН
He FOUND MYSTERY inside the GUMMY BEAR 😱🧸😂 #shorts
00:26
BROTHERS VLOG
Рет қаралды 50 МЛН
Is this the End of the Rwanda Plan?
8:25
TLDR News
Рет қаралды 80 М.
Russia-Ukraine War: Chaos, Crisis, Challenges And Lessons
2:22:17
StratNewsGlobal
Рет қаралды 1,4 М.
''Әке болғым келеді!''
21:52
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 170 М.
Украина қайта күш алды
10:40
Ойтүрткі
Рет қаралды 28 М.
Картопты Жарды!
8:03
BILGEN DURYS
Рет қаралды 261 М.
"Ұйқыдан ауырмай тұрғанның өзі жарты бақыт". Бейсен Құранбек
6:55
Ақсу ауданы Юрий Гагарин орта мектебі
Рет қаралды 3,4 М.
Самая умная собака! #фильм #сериал
1:00
КиноАнгар
Рет қаралды 8 МЛН
Нужно было брать утешительный приз #shorts
0:54
I Trapped Myself in a Box with Colored Smoke!
0:50
A4
Рет қаралды 14 МЛН
ЧУТЬ НЕ ПРИНЯЛИ В ЧУЖУЮ СЕМЬЮ 😲
0:57
Tasty Series
Рет қаралды 2,9 МЛН
Бизнесмен устроил эксперимент😳
0:58
真是两个老妖婆啊!
0:58
香菜思思
Рет қаралды 9 МЛН