Рет қаралды 12
Шымкент қаласы, N69 ЖОББМ, 8«В» сыныбында 2023-2024 оқу жылы бойынша «БІЛІМІМ-ОТАНЫМА!» тақырыбында қорытынды тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағаты ҚР мемлекеттік әнұранымен және ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ Ғ. Бейсембаевтың құттықтау сөзімен басталды. Оқу жылы бұрын соңды болмаған жаңалықтар, жаңа деңгей, жетістіктерге толы болды. Көптеген оқушыларымыз республикалық, қалалық, мектепішілік жарыстардың жеңімпаздары бола білді. Оның ішінде спорт саласы, дебат, Шымкент қаласының Дарын орталығы ұйымдастырған байқаулар бойынша жетістіктер болды. Әр сала бойынша өздерін жан-жақты көрсетіп, Қазақстанның әртүрлі қалаларында болды. Өзімізге жылдағы дәстүрге айналған әр тоқсан сайын рейтингін асыға күтетін жобалар жеңімпаздарын жыл бойынша анықтап, сынып ішінде марапатталды. Олар жыл бойы өздерін үздіксіз дамытып, қоғамға, ортасына пайдалы бола білген «Менің ұстанымым!» жобасының және барлық пәнге белсене қатысып, ұстаздарға белсенді оқушы ретінде танылып, жыл бойы білімін шыңдай білгені үшін «Белсенді оқушы» жобасының жеңімпаздары. Жалпы сынып мектептің барлық іс-шара, онкүндіктеріне белсене қатысып, айтарлықтай жетістіктерге жетті. Сондай ақ, «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЕСІМДЕРІ» атты дарынды балалардың республикалық энциклопедиясына сыныптағы жетістіктері көп, үздіксіз, тұрақты, әр сала бойынша өздерін дамытып және қабілеттерін көрсете білген оқушыларды сынып жетекші ретінде ескеріп, ұсынған болатын. Барлығы іріктеуден өтіп, оқушыларға сертификат және диплом, жетекшіге және ата-аналарға, мектеп ұйымдастырушысы атына арнайы алғыс хат жолданды! Алдағы уақытта эниклопедия және төсбелгілер жіберілетін болады.
Үлкен үміт күтіп отырған Гүлназ Жаңбырбайқызы шәкірттеріне ризашылығын білдіре отырып, сәтті, тиімді демалыс болуына, жаңа оқу жылына жаңа қарқынмен, жаңа мақсаттармен асыға, қуана қайта оралуларына тілек білдіреді.