БҰЛ ВИДЕОНЫ МАҢҒЫСТАУЛЫҚТАР, МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ТҮГЕЛ КӨРУІ КЕРЕК!

  Рет қаралды 577

Baktybay ZHAILAU

Baktybay ZHAILAU

3 жыл бұрын

«Нұр Отан» партиясының праймеризіне қатысушы үміткерлерден бөлек, партияішілік іріктеуде дауыс берушілердің де мойындарында зор жауапкершілік бар. Мәселен, Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданы бойынша дауыс беруші 1297 адам партияға мүше. Олардың әлеуметтік жағдайы, тұрмыстық ахуалы төмен болмауы мүмкін. Бірақ олар өздерімен қоса 162​ 000-ға жуық аудан халқының, ағайын-туыстарының, жақын-жуықтарының, ауылдастарының, жерлестерінің, қандастарының мүддесін ескеру керек.
Аудандағы ең маңызды мәселелердің бірі - үй салатын жер орын алу. Аудан әкімдігіне өтініш жазып, 30​ 552 адам кезекте тұр екен. Олардың бәрін ауданға қарасты жеті елді мекенге қоныстандырып, қажеттілігін қанағаттандыру мүмкін емес. Сондықтан біз қосымша тағы екі нұсқа ұсынамыз және оны іске асыруға жұмыстанамыз. Ол үшін Мұнайлы ауданының Қарақия ауданымен шектесетін теңізге жақын аумағы мен Қызылтөбе-2 ауылының артындағы Батыр ауылымен қатар жатқан жерлерді бірінші кезекте инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп, елді мекенге айналдыру қажет.
Бұған негіз болған Президент Тоқаевтың биылғы Жолдауындағы тапсырмасы: «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы жеке тұрғын үй салу ісі баяу жүріп жатыр. Мұның басты себебі - үй салынатын аумақты дайындау ісінің қарқыны төмен. Өйткені заң бойынша су және электр желілері жүргізілген аумақтан ғана жер беріледі.
Жер үй тек баспана ғана емес, сондай-ақ табысы аз, әсіресе, көп балалы отбасылардың экономикалық тірегі де бола алады. Үкімет пен әкімдіктер әлеуметтік жер үйлер салынатын учаскелерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету ісін жеделдетуі қажет. Бұл ретте, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті де қолданған жөн. Депутаттардың осы маңызды мәселені шешуге тікелей атсалысуын сұраймын».
Бұл - депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы бос сөз, құрғақ уәде емес, Президенттің тапсырмасы. Оны орындау жергілікті атқарушы билікке, жүзеге асуын бақылау, қадағалау, үйлестіру - жергілікті өзін-өзі басқару билігіне сын.
Құрметті Мұнайлы ауданының тұрғындары! Ауданымыз ашылған он үш жылдың ішінде өздеріңіз сайлаған депутаттарыңыз аудандық, облыстық мәслихаттарда ғана сөздеріңізді сөйлесе, бұл жолғы праймериздегі белсенділігіңіз Парламентке де жол ашуы мүмкін. Сондықтан жастарға мүмкіндік беріңіздер! Кезек - жастарда!
#Праймериз2020
#МағанДауысБер
#ГолосуйЗаМеня
#БақтыбайЖайлау

Пікірлер: 3
@user-tc3jz9md1n
@user-tc3jz9md1n 3 жыл бұрын
Осындай жастарға жол беру керек алға
@user-eo3sj4ig1i
@user-eo3sj4ig1i 2 жыл бұрын
Брак кайдам бәрі бир казакдың көкрегі ойанбаган. Сен билесің десең отырган креслога жибереді
@user-eo3sj4ig1i
@user-eo3sj4ig1i 2 жыл бұрын
Халыкды ойлаган жаксы брак мына орынга жакын жерде уран орны бар емесбе
Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданының әкімі халыққа есеп берді
2:25
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 6 М.
I Need Your Help..
00:33
Stokes Twins
Рет қаралды 151 МЛН
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 6 СЕРИЯ
21:57
Inter Production
Рет қаралды 487 М.
Indian sharing by Secret Vlog #shorts
00:13
Secret Vlog
Рет қаралды 59 МЛН
Құдықшы - Маңғыстаудағы ежелгі мамандық
3:00
MANGYSTAU TV / Маңғыстау телеарнасы
Рет қаралды 3,2 М.
Маңғыстауға келіңіз - 13 хабар - ФОРТ ШЕВЧЕНКО
19:26
MANGYSTAU TV / Маңғыстау телеарнасы
Рет қаралды 4,7 М.
Маңғыстаудағы Батыр ауылының жұрты ауаға ақша төлеп отыр
3:32
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 4,6 М.
АСЛАНЯН: Китайский автопром - это обман россиян
7:57
Ходорковский LIVE
Рет қаралды 165 М.
Маңғыстауға келіңіз - 12 хабар - Кендірлі
10:09
MANGYSTAU TV / Маңғыстау телеарнасы
Рет қаралды 2,4 М.
БЕСТӨБЕДЕ - ҚОСАЙ АТА
0:42
Baktybay ZHAILAU
Рет қаралды 14 М.
I Need Your Help..
00:33
Stokes Twins
Рет қаралды 151 МЛН