Білген дұрыс! Сот орындаушылары қай шотты бұғаттай алмайды?

  Рет қаралды 1,901

Информбюро 31

Информбюро 31

5 ай бұрын

Соңғы жылдары сот орындаушыларының заңсыз әрекетіне қатысты шағым көбейген. Ел әсіресе, ескертпей, бүкіл шотты бұғаттай салуды әдетке айналдырғандарын сынға алып жатыр. Сорақысы, кейбір сот орындаушылары борышкердің жалақы түсетін шотына да, тіпті «қорғалған арнайы шотына да» шектеу қояды. Ал, енді бірі қарызы бар кісінің емделуге, не тұрғын үй жағдайын жақсартуға жинап отырған қаржысынан өндіреді екен. Алайда, мұның бәрі заңсыз дейді мамандар. Жалпы, осындай қиын жағдайда қалған адам не істеуі қажет? Әріптесім, Нұрболат Жаңабекұлы айтып беруге әзір. Нұрболат, сот орындаушылары тарапынан қандай бір заң бұзушылық болса, кімге жүгінген жөн?
НҰРБОЛАТ ЖАҢАБЕКҰЛЫ, тілші:
- Алдымен, шағымданбас бұрын себебін анықтап алған абзал дейді заңгерлер. Яғни, шотыңыз бұғатталды, не банк картаңыздан ақша шешілді деген хабарлама келсе, бірден тиісті органдардан нақтылауыңыз қажет. Негізі, мерзімі өткен берешектер үшін қаржы ұйымдары транзакцияларды тоқтата тұру түріндегі шектеу қоя алады. Әрі, сот шешімі негізінде шоттағы ақшаға тыйым салынуы ықтимал. Мәселен, адам алимент төлеуден бас тартып, салық не борышын, айыппұлын өтемеген жағдайда мұндай шешім орынды-ақ. Ал, сот орындаушысы тек сот шешіміне сәйкес қана әрекет ететінін ұмытпағаныңыз жөн. Демек, адам қарызын қайтармаса, кредитор оны сотқа береді. Судья қанағаттандырса, атқарушылық құжат өндіріске алынады. Сәйкесінше, сот орындаушылары бірден борышкерді хабардар етуге міндетті.
Нұрболат, бұл тәртіп түсінікті. Ал, сот орындаушылары борышкердің бүкіл шотына шектеу қоюға құқылы ма?
НҰРБОЛАТ ЖАҢАБЕКҰЛЫ, Тілші:
- Жоқ, Асыл, олар арнайы шоттарды бұғаттай алмайды. Яғни, сот орындаушыларға алимент, жәрдемақы секілді әлеуметтік өтемақы алуға арналған шоттарды бұғаттауға, қарызды өндіріп алуға тыйым салынған. Әрі, шектеу өндірілуі тиіс сома шегінде ғана қойылады. Сондай-ақ, тұтынушының шотында кем дегенде ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі сома қалдырылуы қажет. Бұл тәртіп бұзылса не қарыз сомасы әртүрлі шоттардан бірнеше рет ұсталса, шағымдануға болады.
НҰРБОЛАТ ИБРАЕВ, заңгер:
- Сонымен қатар, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшаларды, сосын үй алуға арналған ақшаларды бұғаттауға немесе ол ақшадан өндіруге болмайды. + Кейбір жеке сот орындаушылары бар өз функцияларын дұрыс атқармайды. Ал кейбірі өзіне берілген өкілеттілікті асыра пайдаланады.
НҰРБОЛАТ ЖАҢАБЕКҰЛЫ, тілші:
- Сондай-ақ, банк жеке сот орындаушысына жалақыңызды толық аударып жіберсе сол бойда қаржы ұйымына жүгінгеніңіз жөн. Яғни, төлемді қайтару үшін түскен ақшаны қайтадан тексеруге өтініш тастау қажет. Банк өтінішіңізді тексеріп, жеке сот орындаушысына сұраным жолдайды. Ал, олар жауап бермесе, жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына арыз тастайсыз. Болмаса, сотқа жүгінуге құқығыңыз бар. Тіпті, лицензиясынан айыруға мүмкіндік мол дейді заңгерлер.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Пікірлер: 6
@Kazakhstan_king
@Kazakhstan_king 4 ай бұрын
Мына Алимент дегенді қысқарту керек кінә тек бір жақтан болмайды ғой. Қазіргі кезде қыздар бір екі бала тауып алиментке бере салып ажырасып оңды солды жүргенді жақсы көрет.Сондықтан кімде жұмысы бар асырайды алады соған баланы қалдырғаны дұрыс
@user-gj8up4yz2c
@user-gj8up4yz2c 5 ай бұрын
Шшс 10 жыл болдыгой кара халыкты канап келе жатканына жеке сот орындаушылар , енди гана соны айтып жатсындар
@user-lw4bz3jh1i
@user-lw4bz3jh1i Ай бұрын
Есепшінің дурыс аудармауына баиланысты.балаларға алимент толық тимеген счоттарымды бғақтады..дұрыс па қалаи шағымдданам.
@user-xv7jq8qc8v
@user-xv7jq8qc8v Ай бұрын
Жеке сот деген бале болды асыра паидаланат жумысн,симаитын жерге бастарын тыгып ,болмаитын нарсеге чотты бугаттап ,занды билмеит бугаттауды уиренип алган болды.акша олтрип бара жаткан халыкты тонап.
Соңғы жылдары жеке сот орындаушыларының жұмысына шағым көбейіп кетті
7:24
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 6 М.
Сот орындаушыларына шағым | #сот #чси
25:09
Don’t take steroids ! 🙏🙏
00:16
Tibo InShape
Рет қаралды 13 МЛН
顔面水槽がブサイク過ぎるwwwww
00:58
はじめしゃちょー(hajime)
Рет қаралды 22 МЛН
Аресті 1 сағатта шешіміз! Аресті шешуді 1-ақ күнде үйренесің!
8:32
Zan Zangary - құқықтық компания
Рет қаралды 73 М.
Жеке сот орындаушыға өткен кредитті не қыламыз?
1:48
Zan Zangary - құқықтық компания
Рет қаралды 836
«Әкімнің туыстары өмірімізді тозаққа айналдырды»
4:18
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 166 М.
❤️QosLike Live / ҚосЛайк Лайф / Косылайық Лайв! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР! 5 МАУСЫМ! 10.05.2024
QosLike Live / ҚосЛайк Лайф / Косылайық Лайв
Рет қаралды 48 М.
Сотқа кеткен арест шешіле ме?
1:01
Zan Zangary - құқықтық компания
Рет қаралды 3,8 М.