Б.Момышұлының кейбір ақын-жазушылар жөніндегі пікірі? Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов, Құнанбай..

  Рет қаралды 126,210

Аспандияр Нұрмұхаммед

Аспандияр Нұрмұхаммед

Жыл бұрын

Пікірлер: 440
@kopekasarbay8388
@kopekasarbay8388 Жыл бұрын
Бәрі рас әңгіме.Бетің бар жүзің бар шындықты айтып қарап отыратын. Баукең ғой ол.Оған Сталиннің де тісі батпаған
@user-li1bz1op5z
@user-li1bz1op5z Жыл бұрын
"Бетің бар, жүзің бар " демейтін адам бетсіз адам. Сəбит Мұқанов бəрінен жоғары тұрған жазушы. "Көре алмаушылық", Сəбиттің қарапайымдылығын басынғандық.
@user-io3wh2bu4o
@user-io3wh2bu4o Жыл бұрын
@@user-li1bz1op5z ол көре алмағандық емес, архивте ол туралы бар, қарауыңызға болады. Газет беттерінде де көп жазылды ол туралы
@salamatkenesov8949
@salamatkenesov8949 Жыл бұрын
Сонда Бауыржан Момышулы озин классик санап тур гой. Шындыгында олардын колына су куюга жарамайды гой. Тущымды бир дуниеси жок. Китаптарынын барин баспа редакторлары кузеп тузеп жондеп ондеп шыгарганын журттын бари биледи. Онын ку адам екенин де жауынгерлери мен майдангерлер билген.Айтып отырган кисилердин кози тирисинде солардын жанында журген, солардын пайдасын корген, солардын аркасында атын шыгарган. Олардын кози кеткесин сырттарынан ангиме айтып, куйе жагып отыр. Бул азаматтыкка жатпайды. Мухтар Ауезов хат жазган жок. Бауыржаннын ози хат жазган жагымпазданып. Ол жауап жазган. Биыл Жас Алашка шыкты бул туралы.Академиянын архивинен ози жазган пикирин урлап алды дегени типти шылги отирик. Жарага жуымайды. Бауыржаннын аты Александр Бектин Волоколамские шоссе китабы шыкканнан кейин белгили болды. Согыстан кейин Бекпен авторлык права таласып арызданганы дакезинде журтты тангалдырды. Мен жаздым ол тек ондеди деп. Сонда атын шыгару ушин озин ози мактап жазып кейипкер кылып Бектин атынан шыгарган гой. Мине кулыгы кайда жатыр. Минези де жасанды екени коринип турады. Отирик ангимелери де коп ел ишине тарап кеткен. Сталин ким бул ким? Маршал Рокосовскии ким бул ким? Какой то комбат. Ага лейтенант. Я айта берсе Баукен туралы ангиме коп.Бул такырыпты енди кою керек.
@kopekasarbay8388
@kopekasarbay8388 Жыл бұрын
@@user-li1bz1op5z са
@kopekasarbay8388
@kopekasarbay8388 Жыл бұрын
Хан сыртынан жұдырық деп Баукең кеткеннен кейін сыртынан былшылдай бастадыңдар ма.Сендер он жерден бұттарыңның арасындағы жесеңдерде Баукең әлемге аты шыққан адам. Сен білгіш болсаң айтшы орыстың қай генерал маршалының әлемде біздің Баукеңдей даңқы бар екен.Сен еркек болсаң батырдың көзі тірісінде осы әңгімеңді неге айтпадың я жазбадың .Айтқан әңгімеңнің бәрі өтірік нағыз өсекшіл қатын екенсің.
@user-ff7ty7kv7v
@user-ff7ty7kv7v Жыл бұрын
Момышұлы атамызға ешкімді тең көре алмаймын! Оқ пен оттың арасынан талай жауынгерін аман алып шыққан , нағыз қолбасшы!!!
@user-rn4zc5ot8b
@user-rn4zc5ot8b 8 ай бұрын
Артымызда москва деп Қазақ халқын отпен оқтын ортасына жіберген адам орысты қолдаған әр адам Қазақ халқының жауы
@user-ng4ih5qx1d
@user-ng4ih5qx1d 2 ай бұрын
момыш-ұлы-оттаи-береды....
@user-oj4kh2nt4o
@user-oj4kh2nt4o 8 ай бұрын
Не деген түсінік, дәлдік.Қазаққа тағыда Бауыржандай ұл берсе екен Аллам!
@user-kh9sf2rm6g
@user-kh9sf2rm6g Жыл бұрын
Атамыздың жатқан жері жарық болсын! Нағыз қазақ батыры!
@user-fe5lm6oo2c
@user-fe5lm6oo2c Жыл бұрын
Әмин!
@darmenedilbaev9310
@darmenedilbaev9310 Жыл бұрын
Бауыржан атамыздың тік мінезінен көптің зәре-құты қашқан ғой. Айтқанының бәрі ақиқат, күндердің бір күні кеңес одағы билігі бұрмалаған, айтқызбаған тарихтың шындығы ашылады , ол күн алыс емес ағайын, сол күнге аман жетейік.
@Khureke
@Khureke Жыл бұрын
Бауыржан атамыз мойындамағанды бізде мойындамаймыз!👍🏼 Иманы жолдас болсын!
@user-eh5se8fp5p
@user-eh5se8fp5p Жыл бұрын
Сен кімсің Мұхтардың боғынан садақа кет
@Khureke
@Khureke Жыл бұрын
@@user-eh5se8fp5p Бауыржан атаның сөзін елемейтін сен кімсің? Ол кісінің көрсеткен бағыты мен үшін сара жол! сатқын болғанша еліміздің боғы болғаным артық! Ал сенші? Және бұл жерде Сәбит Муканов және екі тулғаны мойындамаймын деп тұр Атамыз! Сен шірік шошқа айтпай тұрып, жақсылап тыңдап алсай:))Атамыз Әуезовты мойындамаймын деген жоқ тек келіспеймін деп тұр! Сен Сәбит Мукановты мойындап үгіттей бер саган ешкім тиым салмайды, қарсы келмейді себебі тәуелсіз елміз кім кімді құрметтеп, үлгі тұтады өзі еркі! Сен ешкімнің еркін шектей алмайсың!
@user-bb2lc2yy9x
@user-bb2lc2yy9x Жыл бұрын
@@Khureke дұрыс дұрыс мұқтардың жолы бір басқа Баукеңнің жолы бір басқа Сыпатай батыр Кенесары Қасымұлы сатқанда Баукең өкінген бұл шындық
@naziramusaeva3163
@naziramusaeva3163 Жыл бұрын
Мойындау мойындамау міндет емес бірақ Құнанбай Өскенбайұлы ның жас қызбен жыныстың қатынасқа түскен
@naziramusaeva3163
@naziramusaeva3163 Жыл бұрын
@@user-bb2lc2yy9x Сол үлкен қария кісімен Жамбыл облысы Құлан ауылынан кетіп бара жатып машинада отырып Сыпатай батыр ауылы деген жазуды көріп ейй Сыпатай батыр батыр емес сатқын еді дегені есіме түсіп отыр.
@batyrkhanrakhmatullaev8302
@batyrkhanrakhmatullaev8302 Жыл бұрын
Бауыржан Ата шындықтың, ақиқаттың жолымен өмірбақи жүрген адам. Адамдар ақиқатты, шындықты онша ұнатпағанмен, Құдай жақсы көреді. Аллах Тағала Атаға жұмақтан орын берсін. Ата бар ғұмырын Қазақ Халқы үшін паш етті. Нағыз Ұлтшыл Азамат!!!
@user-pi7vp1ix8s
@user-pi7vp1ix8s Жыл бұрын
щ
@user-nz9hx4tw9i
@user-nz9hx4tw9i Жыл бұрын
Мүмкін, мүмкін соншама совет өкіметінің бүйрығын орындап талай Қазақ солдатын сатқын деп атқан адамды бийкке көтеріп жатсындер. Б. Момышұлы омірің ешкім дүрыстап зертеген жоқ, Б. М. совет өкіметін қорғаған адам, келісем батыр, әскери тәсілдерді жақсы менгерген,Москва бағытындағы неміс шабылуына жойқын қарсылық көрсетті. Бірақ бүкіл Қазақ түлғаларға сатқын, анау мынау деген ол надандық мінез. Соншама батыр болса,неге Қазақ елін котеріліске шақыру керек еді,совет өкіметін қорғағанша. Сондықтан кәзір отырып тон пішпейык, ертен архив ашылған кезде ақиқат ашылады кім кім екен.
@user-kf4li8kn2k
@user-kf4li8kn2k Жыл бұрын
Қалаи дұрыс аитқан Аитпасаң сөздің атасы өледі деген Өмір ақ пен қарадан тұрадығои
@user-em5jq9gp9q
@user-em5jq9gp9q Жыл бұрын
Қайран Баукең ай,әділ шындықты айтып кеткен екен,Алла жәнәтән орын берсін.
@user-fe5lm6oo2c
@user-fe5lm6oo2c Жыл бұрын
Әмин!
@user-ss3rx2tz4y
@user-ss3rx2tz4y 6 ай бұрын
Жатқан жерің жайлы болсын,ақиқатты сүйетін адал атам ау! Орыстың орден медальдарына сатылмаған рухыңның алдында бас иемін!!!
@user-ro1pv2ws8q
@user-ro1pv2ws8q Жыл бұрын
Еш жалғаны жоқ әңгіме. Бауыржан атамыз шындықты шырылдатып айтатын адам.
@alpamysalpamys3655
@alpamysalpamys3655 Жыл бұрын
Турасын айтқан тік сөйлейтін қаһарман Баукен атамыз.
@user-ze8my7pv2h
@user-ze8my7pv2h Жыл бұрын
Бауыржан атамыз бір туар тұлға қазағымның маңдайына біткен.әлем мойындаған.
@zholdasbekkambarov6857
@zholdasbekkambarov6857 Жыл бұрын
Қара жер айтып бармасын дегенді,айтса айтып бара берсін дейді.Үлкен жүректің иесі екен.Шын мәнінде қара жерге бәрі бір,кімді қойнына алады.Жақсыны да,жаманды да алады.Оны бізден сұрамайды.Аллам жаратушымыз ғана біледі!Шындықты айту жамандық емес шығар.Есесіне іргелі Ұлт болып қалыптасамыз,ұрпағымыз таза шыншыл болып өседі.Бауыржан көкеміздің жаны Жәннәттан болсын!Әліде бірлігімізді сақтап отырғанымыз осы кісі сияқтылардың ұстанған жолы деп білімен.
@user-bv1xv4jg1p
@user-bv1xv4jg1p Жыл бұрын
Атамыз шындықты бетке айтатын шындық сүйетін әркімнің мінін жасырмай сынға алған екен, шыныменде ғажап адам сол Ахметтермен Мағжандардың сарқыны , қилы заманда қазақтық қалпын жоғалтпаған нағыз жігіттің төресі, өкінішке орай сол заманда атамыздай адамдар аз бопты
@user-lp5gl8qq6i
@user-lp5gl8qq6i Жыл бұрын
Қазіргі уақытқа керек ақ адам иманды болыңыз
@99_997
@99_997 2 ай бұрын
Керемет, қандай екендіктері бет әлпеттерінен де анық көрініп тұр ғой.
@user-td4zb7ut5n
@user-td4zb7ut5n Жыл бұрын
Бауыржанмомұшұлы қазақа берген ұлы адал қазақ батыры атамызды ң жаны жанат а болсын
@user-dp4zv1wy7y
@user-dp4zv1wy7y Жыл бұрын
Нағыз қазақ. Бауыржан атамыз қазақ тілін, қазақ ұлтын құрметтегені үшін ксро ның ең ұлтшыл адамы болды, қайран. Бауыржан атам, қазақ үшін мәңгі өлмейсің, қазақ тұрғанда, өте дұрыс айтты, қазақтың сатқындары жақсы жасады, жақсы қазақтар абақтыда өмір сүрді. Бауыржан атамыздың атағынан орыс түгілі неміс қорыққан, ата жатқан жерің жәнәт болсын.
@darhanomarov7818
@darhanomarov7818 Жыл бұрын
Алаштың ардақты батыры Бауыржан атамыз турасын айтсақ батыр. Алла Тағалам өзінің рақымына алсын амин, амин, амин.
@user-pi8sp5zk3e
@user-pi8sp5zk3e Жыл бұрын
Бодандық мойнына түскен елдің көрер күні осы. Сондықтан да бір жақты қаралау қиын екен
@user-ew2mp6pz6w
@user-ew2mp6pz6w Жыл бұрын
Мен қарапайым қазақпын өткенге салауат жатқан жерлері жайлы болсын бізді кеңес заманында Абай жолын оқымаған қазақ қазақ емес деп айтатын мұғалімдер мен көп кітап оқыдым сол кезде маған ұнағаны Абай жолы емес Ільяс Есенберлиннің Көшпенділер үш томдық сосын Қабдеш Жұмағұловтың Соңғы көш Смағұл Елубайдың Ақ боз үй осы үш кітапты әрбір қазақ оқуы керек
@user-mu3du4cp8r
@user-mu3du4cp8r Жыл бұрын
Сiзбен келiceмiн, сосын Қабдеш Жумадiловтың "Тағдыры", I. Есенберлиннiң "Алтын Ордасы"
@user-le6yd9hh5d
@user-le6yd9hh5d Жыл бұрын
@@user-mu3du4cp8r дұрыс айтасыз Сізге толық қосыламын.
@user-sc6tt2kt8d
@user-sc6tt2kt8d Жыл бұрын
Оныныз рас,окыдык кезинде.
@user-dm7ny1uu9l
@user-dm7ny1uu9l Жыл бұрын
Көшпенділерді бас алмай оқығанмын, өте тартымды шығарма...
@user-mm3ei4so9k
@user-mm3ei4so9k 8 ай бұрын
Ассалаумагалейкум. Рахмет сізге ,мен жазып алдым . Болашақта осы кітаптарды іздеймін.Міндетті түрде оқимын. Қоянды ауылы. ЕРІК..
@berikbaiborashov4293
@berikbaiborashov4293 Жыл бұрын
Бәукен Атамыздың жаны жәннети болғай
@user-fe5lm6oo2c
@user-fe5lm6oo2c Жыл бұрын
Әмин!
@qwertyuasdfgh7729
@qwertyuasdfgh7729 Жыл бұрын
Қара жер хабар айта берсін дегенімен толық келісемін. Өлген адам туралы жаман айтуға болмайды деп, көп жағыда қоя салады. Барын бар, жоғын жоқ деп, нақты айту керек.
@daddyfreeman6054
@daddyfreeman6054 Жыл бұрын
Адамды ұсақ , түйек өсекпен емес , нақты ісімен дәлелдеу керек. Неміске 1979ж автономия бермекші болған, 700 қазақ мектебін жапқан , Қазақты қалаға кіргізбей құл қылған Қонаевты сынаңдар , шыншыл болсаңдар. Әншілерді үйіне шақырып , ән айтқызған. ютубты қара . Брежнев , Черненколар сондай болған
@qwertyuasdfgh7729
@qwertyuasdfgh7729 Жыл бұрын
Бұл менің айтқаныммен келіскеніңіз бе? Бұл жерде Қонаевтардың қатысы қанша? Мен тек дүниеден озды, қайтесіңдер деп тоқтау салатындарды айтып отырмын.
@arzu_zhi
@arzu_zhi Жыл бұрын
Менинде Ажем оте туоа бетке айтатын киси сурып салма акын едм ( сол кезде жазып алмаппыз сауатсыщдыктын кесири ) Олген адамдар туралы . Кара жер хабар ибермесин; Ьерсе бере берсин -деп Олген адамдар жонинде ангиме болганда .
@daddyfreeman6054
@daddyfreeman6054 Жыл бұрын
@@arzu_zhi Астағфирулла
@user-vw3iv8qi5k
@user-vw3iv8qi5k Жыл бұрын
Қара жер ешкімге, ешқашан және ешқандай сөз айта алмайды! Қара жер тек ұлы Қиямет күні адамдардың жасаған күнәларына(қылмыстарына) куә болады яғни адамдар күнәларын(қылмыстарын) мойындамай тұрған кезде қара жер сол кезде Аллаһ тағалаға кімнің не, қандай күнә(қылмыс)жасағандарын айтып береді.
@user-tm9mn7wm3m
@user-tm9mn7wm3m Ай бұрын
Бауыржан атамыз әлем мойындаған турасын айтатын нағыз батыр
@user-ip2zg6zp3g
@user-ip2zg6zp3g Жыл бұрын
ҚАЗАҚТА ешкім қалды ма, қараланбаған? Кіммен мақтану керек ҚАЗАҚ...?
@user-st7mx6mb4b
@user-st7mx6mb4b Жыл бұрын
Толық қосыламын.
@yerbolatotegulov9267
@yerbolatotegulov9267 Жыл бұрын
Бауыржан атамызды үлгі тұтуымыз керек әрбір ер азамат
@user-ov2co7tf5g
@user-ov2co7tf5g 2 ай бұрын
Айналайын қазағым! Осындай әңгіме не керек? Бір біріміздің артымызды шұқығаннан не ұтамыз?Қалай ел боламыз!
@user-mi5xn1ul4b
@user-mi5xn1ul4b 3 ай бұрын
Бауыржан атамыз-отқа күймей, оқтан өлмей, өмір- өзеннен малтықпай өткен өр мінезді, ЕР тұлғалы, НАҒЫЗ АДАМ. НАҒЫЗ ҚАҺАРМАН. ❤❤❤❤❤❤❤
@user-qm9qm2mq6q
@user-qm9qm2mq6q Жыл бұрын
Баукеңнің аитуына таласа алмаимыз Себеп Бауыржан Момышұлы тек шындықты аитқан батыр Маидандағы Қолбасшы !!!
@salamatkenesov8949
@salamatkenesov8949 Жыл бұрын
Момышулын батыр деп, колбасшы деп ким айтты? Сауаттарынды ашып, топас миларынды козгасандаршы.
@user-mw2gy3xq6t
@user-mw2gy3xq6t Жыл бұрын
Пах, шіркін, бет, жүзіне қарамайтын Хас батыр ғой, қайран Баукең!
@ghhykoo
@ghhykoo Жыл бұрын
Дәл солай айтылғанға кім кепіл, бәрі өтірік қазақтар ды бір біріне қарсы қою мақсат, Момышұлы қазақтың барлық жазушысын сыйлаған,
@user-eb1ye4gr9y
@user-eb1ye4gr9y 2 ай бұрын
Жаным Бауыржан ата жаның жәннатта болғай!😢
@user-qi4hu1rv7s
@user-qi4hu1rv7s Жыл бұрын
Бауыржан қазақтың хас батыры ғой.Батыр адам бетің бар-жүзің бар демейді, турасын айтады." Турасын айтқан туғанына жақпайды"- деген ғой қазақ.Сондықтан да Баукеңді көзі тірісінде ешкім жақтырмады.Өлгеннен кейін одан батыр адам жоқ.Ақиқатында Бауыржан қазақтың хас батыры!
@salamatkenesov8949
@salamatkenesov8949 Жыл бұрын
Каратай сен Бауыржан хас батыр болатындай кандай ерлик жасады соны айтшы. Ешкандай да. Тек китап кейипкери болганы ушин гана. Китапта да онын ерлиги корсетилмейди. Коптин бири.Ишинде жалганы да коп.
@ulanulan1767
@ulanulan1767 Жыл бұрын
@@salamatkenesov8949 кітабын оқы сосын айтарсың
@salamatkenesov8949
@salamatkenesov8949 Жыл бұрын
@@ulanulan1767 окыганбыз. А дегеннен ак жалганы коп ау деп бетин жапканбыз.
@ulanulan1767
@ulanulan1767 Жыл бұрын
@@salamatkenesov8949 білем мына Мұхтар,Ғабиттерді қорғау үшін одан ілік іздеп отырған түрің гой, Бәрібір сен Бауыржан атамыздың тырнағына да танымайтын жүрген бір сорлы бейбақ екенің белгілі болды
@salamatkenesov8949
@salamatkenesov8949 Жыл бұрын
@@ulanulan1767 китаптын отириги коп екени а дегеннен белгили.Китапта ком.полк, ком.дивизия, нач.штаб жайлы да айтылады. Тек Момышулы емес.Сондыктан китаптын шыгуына олар да ынталы болды. Ал бирак бул оте сирек жагдай. Согыс журип жатканда анык аты жондеримен аскери кызметимен китап шыгару деген тарихта болмаган жагдай. Аскан ерлик иелерин марапаттау мен газетке жазу гана бар. Адетте китап согыстан кейин жазылады. Коркем шыгарма болса дурыс.Аты жондери омирде болмаган адамдар жане окигалары да ойдан шыгарылады. Ал мунда кадимги омирдеги адамдар. Акылга сыймайтын нарсе. Баспа шыгармауга тырысканмен Бауыржан салем саукатын алып кайта кайта келеди. Командирлери жибереди. Акыры китапты шыгарады да Алматыга алып келеди. Казакстанга таратады. Мине Бауыржан осындай командирлеримен тил тапкыш ку адам болган. Оган бир ай отпуск берип жибереди. 1943- жылы кузде. Майор шенин береди. Ал ол бирак Алматыда полковник погонын тагып журеди.Полковникпин дейди. Журналист жазушыларга конак асы береди. Сондагы полковник погонымен жазушылармен тускен суретин корип каламыз анда санда. Бул да бир отириги еди.
@user-sc6tt2kt8d
@user-sc6tt2kt8d Жыл бұрын
Бауырдан атамыз шыншыл,батыр адам,артынан да шындыгын калдырыпты.урпагымен мын жасасын.
@user-lh1zc2mq9t
@user-lh1zc2mq9t 2 ай бұрын
Бауыржан батыр Атамыз өткір қылышқои сөзі оқ қои!
@amantayainabek2723
@amantayainabek2723 Жыл бұрын
Тамаша шындық қой.
@user-kf3cn6ss2l
@user-kf3cn6ss2l 2 ай бұрын
Бауыржан атамыз 1986 жылғы қазақ жастарының көтерілісіне , кешегі 30 жыл Назарбаев ел басқарған кезеңге егер тірі болса қандай баға берер еді.
@user-tl8wu2nj4n
@user-tl8wu2nj4n Жыл бұрын
Мухтар Ауезов,Сабит Муханов осыларды неге атпады,неге камамады.Еки жуздемеликпен кун коргендер емеспе екен?
@user-le6yd9hh5d
@user-le6yd9hh5d Жыл бұрын
Ол сот,прокурор, ген.сек, патша емес қои ОИЫНА КЕЛГЕНІН ІСТЕП жүретін
@user-ni5lx8ci4p
@user-ni5lx8ci4p 8 ай бұрын
Мухтар кожа гой. Тубин казсан еврей болып тур гой.
@user-cu1go1fo2g
@user-cu1go1fo2g 2 ай бұрын
Олар орыс қатын алып біздер интернационалиспіз деген.
@user-vi7io1kr1n
@user-vi7io1kr1n 8 ай бұрын
О, ШІРКІН , АЛМАС ҚЫЛЫШТАЙ ҚАЛАЙ КЕСІП АЙТАДЫ НЕ ДЕГЕН КӨРІПКЕЛДІЛІК.
@user-nn4gx8ie3x
@user-nn4gx8ie3x Жыл бұрын
Бұл әңгіме жастарға өнеге емес, тоқтату керек. Ешкім періште емес.
@user-qi1wt2lx7i
@user-qi1wt2lx7i 9 ай бұрын
Қазір осы Бауыржан атамыздай Ел басы болса ғой!
@user-vh8eu6kj3p
@user-vh8eu6kj3p 2 ай бұрын
Дал айткан екен ау батыр -нагыз шынщыл атам. Жаткан жери пейиш болсын Момыш улы Бауыржан атамыздын
@sardorjoborov5220
@sardorjoborov5220 Жыл бұрын
Бауыржан Момышулы ер минезди, еркеккой ширкин, осындай кисилер коп болса, аздык етпейди ✊
@user-mw2gy3xq6t
@user-mw2gy3xq6t Жыл бұрын
Аздық етпейді емес, КӨП болса да, КӨПТІК етпейді. Солай шығар, иә?
@kunsulujanibekova2028
@kunsulujanibekova2028 11 ай бұрын
Өлгендердің мына өмірде не істеп кеткендерін ұрпақ білу керек.
@user-df7mi8ix1n
@user-df7mi8ix1n Жыл бұрын
Тарих койнауына кеткен құпия ғой.......
@user-uw6ds3yq4d
@user-uw6ds3yq4d Жыл бұрын
Сау адам калмадығо, иманды болсын жайлары жәннәтта болғай бариде,не болсада тарихта аттары калды.соларды окып өстик
@user-ll1ev3qw3k
@user-ll1ev3qw3k Жыл бұрын
Дурыс айттыныз шыгармалары керемет улы тулгалар
@user-rb2px8ze5w
@user-rb2px8ze5w Жыл бұрын
Сау адам болып қалу үшін,сау адам болып тарихта қалу керек Ақиқат түбі ақиқат болады
@user-no9hs9wq4i
@user-no9hs9wq4i Жыл бұрын
Неге өткендерді осылай қаралауды қоймаймыз бәрі иманды, топырақтары торқа болсын әумин
@user-mq8wq8er5g
@user-mq8wq8er5g Жыл бұрын
Мұқтарәуезөвабайдыкеменгерекенінменбірқұнанбайдыңкеменгерлігінкөрсетебілді.геқазрөткензамандаөткенақынжазушылартуралынешетүрліпікірайтукөбейіпкеттіеңбіріншімәселеқазақмемлекетіндемократиялықжолғатүсіріпалайықоданкейінойелегіненөткізпағынақ.депқарасынқарадепталқылайтынзаманкелердепсенеміз.
@user-ok1us8pb9e
@user-ok1us8pb9e Жыл бұрын
@@user-mq8wq8er5g Хамит болып болып жазбайсынба .
@user-ol7mn4nc8p
@user-ol7mn4nc8p Жыл бұрын
@@user-ok1us8pb9e интервал сенсоры істемейтін шығар
@arzu_zhi
@arzu_zhi Жыл бұрын
Откенге карап кошинди тузе сол адамдар жиберген кателиктерлен сабак алу ушин шыгар. Мен солай ойлаймын
@user-en6wn4um5v
@user-en6wn4um5v Жыл бұрын
Сенген қойым сен болсаң,күйсеген аузыңды ұрайын деген екен ,Қазақ атамыз!
@user-gp9ns6ro2l
@user-gp9ns6ro2l 10 ай бұрын
Мен Абай жолын толық оқыдым , қазір үйімде үш томы бар , өкінішке орай бірінші томын поезда ұмытып кетіппін . Айтайын дегенім , М Әуезов Құнанбайды өте жерге түсіріп жіберген . Естуімше Абай жолын жарыққа шығару үшін осылай істепті . Бұлай жарық көргеннен көрмегені дұрыс болар еді .
@user-rn9ee7ew1p
@user-rn9ee7ew1p Жыл бұрын
Ш1рк1н кандай турашыл адам, бундай жандар ом1рде аз гой. Жаткан жер1н1з жайлы болсын.
@user-yp5zs2ro8o
@user-yp5zs2ro8o Жыл бұрын
Бауыржан өте дұрыс айтады. Абайды дінге қарсы жазған ,кәзіргілер ,Абайды діндәр адамғып көрсетеді.Недеген ахмақтық.
@sakentemirbek412
@sakentemirbek412 10 ай бұрын
Нағыз қазаққа президент болатын адам. Эээхх шіркінаййй.
@Kiiii642
@Kiiii642 10 ай бұрын
Бауке!!!!!
@user-wk8kz4kj6v
@user-wk8kz4kj6v 3 ай бұрын
Тура биде туған жоқ деген осы
@user-pu7fb7hn2o
@user-pu7fb7hn2o Жыл бұрын
Бауыржан атамызға риясыз сенуге болады!
@user-oc1np7ku9p
@user-oc1np7ku9p Жыл бұрын
Біріншіден Сталиннің қаһарын төгіп тұрған кезі, Мұхтар Әуезовте қуғын көрген, Абай жолы кітабын өзгеріп басқаша жазуға көндірген. Байды жаман көрсетіп, кедейді жақтап. Абай қанша елім, жерім десе де сол қара байыр халық соққыға жыққан жоқ па. Бірін бірі жамандап қазір де зиялы қауым артарын ашып жүрген жоқ па, осы көре алмаушылық біздің қазақтарды орысқа құл болуына әкеп соқтырады. Назарбаев жаман, Тоқаев жаман, Аблазов жаман, барлығы оңбаған,ғарышкерлер сатқын, Тасмағанбетов қытайшыл сонда кім жақсы бізде. Жақсылықты асырып, жамандықты жасырып отырған дұрыс, өліп сүйегі қурап кеткен Мұхтар Әуезовте нең бар. Өткенде Қонаевтың кемшілігін үйіп төгіп жазған онда не әкелеріңнің ақысы бар,о дүниелік болған кісі, лайк жинау үшін бе?
@user-yz1ho9es4l
@user-yz1ho9es4l Жыл бұрын
Ванесса, қуып кеттің! жамаң жағың жасыру болмайды, тірі болсын, тірі болмасын, жақсыныда асырмау керек, Бауке сияқиы əлілдік керек! 800 қазақ мектебің жапқыздаң, татар Қоңаевты қалай мақтайсын! 250ж. қазақ россияға қосылғаның үш тойлап жүрді Қоңаев Брежнев екеі, ал сол кезде Баукен жерленбей моргтте жатты, қазақ батыры! бұған не дейсің? шшс оңдай воссоединение шошқалар -- фашистермен! бел омыртқасыңда оқ Б. Момыш улы госпитальдан бас тартып қаңды соғысқа кіріп кеткен! Қоң... Бреж... кім еді!
@user-oc1np7ku9p
@user-oc1np7ku9p Жыл бұрын
@@user-yz1ho9es4l Бауыржан Момышұлы моргте жатса сол қазақтың азаматтары қайда, ағайын бауыр туысқандар,өліп аты шыққан кездері бала шаға, іні, бауырлар көбейіп кетеді. Менің де үлкен атам соғыста партизан болған, ең нашар,артта қалған колхозына жіберіп отырған, ол кісі күні түні еңбек етіп алдыңғы қатарға қосқан. Сол кісі 60жаста әйелі қайтыс болып балаларын оқытып үйленген жоқ, Келін түсіп немересін бақты.Қайтыс болғанда моргі құрсын деп келіні атойлап, айқай салып орыстың музыкасы құрсын мұсылманша жерлеймін деп жерледі. Мен Бауыржан Момышұлы қадірлеп, қастерлеймін, ол кісі де біртуар қазақтың азаматы. Мұстафа Шоқайды да кезінде бандит деп Сәкен Сейфуллиннің кітабында жазған, алашорда да кезінде бір біріне қарсы шығып бірінің артынан бірі ор қазған. Сәбит Мұханов Мағжанды ұстап берген дейді. Қуып кеткен сен жүр солай анау жаман, мынау жаман деп. Бауыржан Момышұлы моргте жатқанда 100ағайын ауылдастар барып арыз жазса Қонаевқа алып шығар еді ғой, Қонаев та қатып қалған жауыз емес шығар. Саған салса бәрі жаман, сен жақсы. Адам болғасын бәрінде кемшілік болады тек Аллаһ тағалада, кемшілік жоқ. Жаман адам дегенің ертең саған жақсылық жасауы мүмкін. Осы ауызбіршілігіміздің жоқтығынан коммунистер ,орыстар басып алды, қанша жерден айырылып қалдық, ашаршылық болды, репрессияға ұшыраған қазақтар жетерлік. Сол қасындағы қазақтың азаматтары үлкен атамның ағасын ұстап берген, бір түнде атып тастаған, сүйегінің қайда қалғанын білмейді. Ашыққан қазақтарды үйіне кіргізіп нан бергені үшін.
@user-yz1ho9es4l
@user-yz1ho9es4l Жыл бұрын
@@user-oc1np7ku9p Қарағым, жалпы сенің постына қосыламын! Сені басқа ұлт өкілі деп қалдым! дегенмен бəрі жаман, мен жақсыдеп айтқан жоқпын, айқаным əділдік жөніңде! Дұрыс, пенде болғаң соң кемшілік болады, ал ол кісі (Қоңаев) Ауельбеков құсап кремльге қарсы шыққан емес, мəселен үш районды Оңтүстік))) Озбектерге бере салды, ал Ауельбеков кезіңде (неміс авт. болсын, солтүст қаз) Хрущёвқа қарсы шыққан, бергізбей қоыйды, биліктен кетірді, халыққа əділеттік таңытты! қолдаймың, қазақ қазаты кəдірлеү керек( азғаңа қазақ) ал біз бір бірімізге жаумыз! Тюрьмеде оң мың қазақты азаптап жатқаң қазақ! бұл сұмдық, шошқалардың үш жүз жыл фашистік саясатының нəтижесі! бұл нəүбет, мыңау билік қазақты мүлдем құрту жолыңда! 77гі мен алаңдай, баяғы денсаулық жоқ, ал жастар біткен мəнгүрттеніп! қазақ барма? бары тюрьмеде, я шетелде! қазақа бүл елде орың жоқ, егер аузыңды ашшаң!
@user-oc1np7ku9p
@user-oc1np7ku9p Жыл бұрын
@@user-yz1ho9es4l кешіріңіз артық кетсем мен өзіміздің болашағымнан қорқам, жастардың арасында орысқұлдардың барына, орыстарды дәріптейтін жастардан, жоғарғы жақтағы орысша сөйлеп, қазақша түсінбеймін деген шенеуліктерден,тарихын білмейтін ,жемқор депутаты бар, министрліктері әлсіз елімнен қорқам. Қаңтарда болған митингіге борған жазықсыз жастарды үтікпен күйдірген, тырнағының астына ине тыққан полиция мен тергеушіден қорқам жанашырлық танытпвған ер азаматтардан қорқам. Қайда жүр Олжас Сүлейменов, Шаханов тағы басқалары. Кезінде Бауыржан Момышұлы атамыз Олжасты ақ аю деген екен, сол орыстан қатын алып, орысша сөйлегеніне күйіп айтқан екен. Өткенде бір сұхбатында екі тілде болсын деген жоқпа Олжас Сүлейменов. Міне мәселе қайда жатыр. Біздің қолдан не келеді дейсіз айт не айтпа не. Тағы да кешіріңіз артық кетсем.
@user-yz1ho9es4l
@user-yz1ho9es4l Жыл бұрын
@@user-oc1np7ku9p Шектен тыс дөрекі сөйлеген жоқсың, қарағым! мың рет өліп, мың рет тірілген қазағым ай! тəүельсіздік алып, енді ел боламыз деп армандап едім, сорымыз əлі жатыр екен(империяның мөрі кететің түрі жоқ)! мыңау(бессмертный) жоңғар үрім бұтағымен жəне жиһазы бабаларың ошің алып қазақты түп тамырымен жоятың болды, қазақ бас котермейтінің біліп! ояң қазақ деү: "зов вопиющего в пустыне" сияқты! қарағым, Құдай өзі сақтасың, сексенге жақыңдағанда қолдан не келеді, баяғы денсаулық қайда? Үміт!Алла сақтасың!
@user-kp7ri1qq8p
@user-kp7ri1qq8p 11 ай бұрын
Аңыз атажан, ризамын!
@user-ko4xf8uw4z
@user-ko4xf8uw4z 6 ай бұрын
Сол уақытта сүрген адам , замандас , білген соң айтқан ғой.
@user-vu1hl1pl7i
@user-vu1hl1pl7i 8 ай бұрын
Баукең туралы Сайын Муратбеков,Шерхан Мұртаза ағамыз мінсіз ,пәк сезіммен айтып кеткен,Баукең бюрократтарды,билік құмарларды жек көрген-жекіген,Қазақта қашан осындай азаматтар билікке келеді -қорқақтар ,көт билік Қазақтың қолын байлап отыр...
@dinmukhammeddinmukhammed6817
@dinmukhammeddinmukhammed6817 Жыл бұрын
Баукеңнің бул ангимесн куптаймын !!!
@user-qw1xd9je8d
@user-qw1xd9je8d Жыл бұрын
Ешкімді өз замандастары мойындамаған
@user-pu3tj5fm7h
@user-pu3tj5fm7h 2 ай бұрын
🔥🔥🔥🔥🔥🔥
@user-ku5hf5gl1o
@user-ku5hf5gl1o 9 ай бұрын
@user-vs1be8xc1d
@user-vs1be8xc1d Жыл бұрын
ол дәуір қйынкезедіғой қйтұрқы саясатдан айналып өтуүшін ағасолтан құнанбайды құрбанға шалып абайды шығарған болукерек...
@user-sx6mz3jc8w
@user-sx6mz3jc8w 8 ай бұрын
Совет дауиринде жазылган шыгармалар сондай' идеология есть идеология' ойтип жазганнан жазбаганы жаксы еди😮
@user-cr7yv7xo1e
@user-cr7yv7xo1e Ай бұрын
Абайдың әкесін әдейі сондай образда жазды Олай болмағанда Абайды шығара алмас еді! Мұхтар Әуезов өте білімді, ақылды адам болған!
@user-bs3nw7oj4g
@user-bs3nw7oj4g 8 ай бұрын
Азаматтар, Б. Момышұлындай ұлы тұлғаны көп шығара бермеңдер кесірлерің тиіп кетеді.
@user-ln5mm8oj3r
@user-ln5mm8oj3r 7 ай бұрын
Нұршайқов жазған кітап, Кейбір ағалармыз өтірік жазған деп жұр!
@user-gp1nm7cj1k
@user-gp1nm7cj1k 8 ай бұрын
Не керек,өткенді қазып... Бұл қандай үлгі болды,жастарға??? Түсінбеймін...осыны әдейі қазғылап отыратын адамдар бар-ау деймін
@user-hf7rx9hb5x
@user-hf7rx9hb5x Жыл бұрын
Кемшіліксіз пенде жоқ,бірақ, БАУКЕҢ дұрыс айтты !!!!
@user-dn7om7vi3f
@user-dn7om7vi3f 11 ай бұрын
Бауке ата жаткан жерин жайлы болсын каймыкпаган грузиннен корыкпаган казагым
@user-fj1pg4qe6w
@user-fj1pg4qe6w 2 ай бұрын
Әуезовтің Абай жолын оқығанда Құнанбайды халыққа жайсыз қатігез көрсететіні , көңілімде күдік ұялататын Бауыржан атамыз, шындықты бетке айтыпты...
@user-tf2ij3gq8x
@user-tf2ij3gq8x Жыл бұрын
Сакен,Магжан т.б тубiне жеткен"классиктер"!
@user-qv3sl1uu8x
@user-qv3sl1uu8x Жыл бұрын
Қасында болдыңба классиктердің? Классик деген не ,қалай түсінесің? Ютуб не айтады, неге солай қабылдайсыңдар. Өсек аяңға сенбей, ойланып саралау деген ойларыңа кіріп шықпайма , әлде ютубқа ылғи данышпандар видео салады деп ойлайсыңдарма?
@qazaqeli1950
@qazaqeli1950 Жыл бұрын
Әуезов жазбаса Абай жолы болмас еді.Заманына қарай жазды.Біразын өзгертуге мәжбүрледі. Диванда жатсақ бәріміз батырмыз,тұрсақ көлеңкемізден қорқамыз. Телефонмен жазып,қазақша қате жібереміз.
@matkulmobile6948
@matkulmobile6948 8 ай бұрын
Бекер сөз
@user-co2hy8yy9h
@user-co2hy8yy9h 8 ай бұрын
Баукеңдеи адам президент болса қазақ елине баккыты өмир сүрер едик
@user-df4zm3gq6x
@user-df4zm3gq6x Жыл бұрын
Қай қайсыныңда кемшіліктері жетерлік.Өйткені пенде,адам баласы қателеседі.Әр,пенде өзі сүрген дәуірге ыңғайланып өмір сүрет.Үкімет деген үлкен күш бар.Қарамай көр.Қаратат айтқанын істетет.Үйлеріңде жатып алып сарапшы болмаңдар.Әлде қалай бастарыңа іс түмсе,кімнің недеп кетерін бір Алла білер.Ютуб каналдың сандырағына көп құлақ аса бермеңдер.Құлақ ассаңдар қазақтың өлісініңде тірісніңде жақсысы жоқ.Қазақтың бәрі асыл,бәрі мықты деп,жік-жікке бөлінбей өмір сүрейік.
@user-bb2lc2yy9x
@user-bb2lc2yy9x Жыл бұрын
Өте керемет жауап атана рахмет жарайсың бауырым
@user-qv3sl1uu8x
@user-qv3sl1uu8x Жыл бұрын
Ой , 👍🏽жарайсыз! Міне көзі ашық ,көкірегі ояу, білімді адамның сөзі! Кітап оқыған адамға ұқсайсыз!
@user-xn3wx6gi5m
@user-xn3wx6gi5m Жыл бұрын
Өте дұрыс.
@moonshwhiteiron7919
@moonshwhiteiron7919 Жыл бұрын
Оте дурыс айттыныз.
@user-mi1pu7vh6p
@user-mi1pu7vh6p 8 ай бұрын
Неге бізден Алашты төрге сүйрейтін ұл туылмай жатыр
@user-rb9zp1tr8z
@user-rb9zp1tr8z Жыл бұрын
ауезовты олай истеткен компартия гой момышулы сол партиянын солдаты гой саясатты тусинбейтин
@user-vu1hl1pl7i
@user-vu1hl1pl7i 8 ай бұрын
Қыз жібек фильмінде -Төлеген батыр-Қазағым -өмірден алар еншің-осы ма ?-деп кеткен еді-сол сөз қандай дұрыс....айтылған....
@user-jq9su8dn8j
@user-jq9su8dn8j 6 ай бұрын
Абай цензурадан шығармасын өткізу ұшін 40 рет қайта жазғаны бар
@zhan2670
@zhan2670 6 ай бұрын
Как будто ози жалғыз ұлы Бақытжан мен керемет тургандай
@user-fg9fq2so2n
@user-fg9fq2so2n 2 ай бұрын
Согыстан кашып ,, классик жазушы " болгандар гой , булардын бари.
@user-rq6ku7ko5q
@user-rq6ku7ko5q Жыл бұрын
Өлген адамның артынан жаманшылығын ешқашан айтпаңдар деген
@gunbersil2279
@gunbersil2279 2 ай бұрын
Иә, қарапайым адамдар бұл сөздердің астарын ұқпайды, бірақ, көпшілікке керек те емес - кітабын оқыса да аз емес…
@samgautv
@samgautv Жыл бұрын
Қазақ айтқан Өлген сиыр сүтті деп Өлген адам жақсы деп. Яғни қараламаған. Ақиқат пен Аңыз кітабын оқуға кеңес берем. Баукең өзінің оқиғаларын айтады.
@salamatkenesov8949
@salamatkenesov8949 Жыл бұрын
Ондагы окигалардвг кобиси отирик.Шындыкка жанаспайды. Сондыктан окврмандары оте аз болды.
@user-ii7fm3um8w
@user-ii7fm3um8w 6 ай бұрын
Биликке окыган жастар келуы керек еды 30 жыл и 3 года как в сказке. Омыр кетты енды осы жастар не истейды,
@user-xz2je3pr7k
@user-xz2je3pr7k Жыл бұрын
Қашанғы өткенімізді қаралай береміз, мейлі, тіпті Қаһарман Бауыржан атамыздың аузымен болсын. Содан не ұттық? Жоқ, ұтылдық, тұтылдық! Неге тарихтан тағылым алмаймыз?! Қаншама боздақтарымыз отандастарының өсек-жаласынан запа шегіп, құрбан болды! Қазақтың ары, жаны, қаны болып есептелінетін ұлыларға ауыз сала бастадық. Ақсақалдық жасқа жеткен, ұлттық марапаттардың бәріне ие болған, есімінен ат үркетін бүгінгі бір ақын “Жамбыл Сталиннің туфлиін жалаған”-деп тіптен анайы сөз айтты-ау…. өзі кезінде Евтушенконың артын жалағанын ұмытып. Бұрын-соңды болмаған жағдайға - тәуелсіздігімізге - жеткенімізде, дана да дара тұлғаларымызға, төрт құбыламыз тең болғанша, ревизия жасауға мораторий жариялайықшы, бауырларым! Ахмет Байтұрсынұлы айтты емес пе: “Қинамайды абақтыға жапқаны, Қиын емес дарға асқаны, атқаны. Маған қиын осылардың бәрінен, Өз ауылың иттері үріп, қапқаны”…
@user-sm9ed1ue4c
@user-sm9ed1ue4c Жыл бұрын
Айтылмаған ақыиқат деген кітапты қаидан алса болады??
@user-pu3tj5fm7h
@user-pu3tj5fm7h Жыл бұрын
👏👏👏🔥🔥🔥
@zhan2670
@zhan2670 6 ай бұрын
Ғана керемет сияқты. Мине нағыз қазақтың таласы
@nurgulaldabergenova9114
@nurgulaldabergenova9114 Жыл бұрын
Өте дұрыс аитыпты атамыз
@user-turkiulyqazaq
@user-turkiulyqazaq Жыл бұрын
"Абай жолында"Құнанбайдың ұлына теріс бата бергендігі бейнеленеді.
@dinaraesimbekova2944
@dinaraesimbekova2944 5 ай бұрын
Ақиқат пен аңыз да басқаша пікір жазылған еді🤔
@uldarorazvaewa6180
@uldarorazvaewa6180 11 ай бұрын
👍👍🇰🇿🇰🇿
@zaureshm3686
@zaureshm3686 11 ай бұрын
👍👍👍
@user-db8hz8qo6d
@user-db8hz8qo6d Жыл бұрын
Мынаны шыгарган Адам казактын душпаны казакты быр-бырыне кас кылып койып жатыр
@user-ln5mm8oj3r
@user-ln5mm8oj3r 7 ай бұрын
Өттірік жаған кітап автор
@meiramgulasenovna8998
@meiramgulasenovna8998 9 ай бұрын
Кунанбаи Момышулы
@user-je2iu6cr8j
@user-je2iu6cr8j 8 ай бұрын
🎉Бауыржан атамыз батыр барижагына мыкты болган 4 бес катын алган казир кокелеримиз алыу керек деиди неше катын соз жузинде 🎉
Let's all try it too‼︎#magic#tenge
00:26
Nonomen ノノメン
Рет қаралды 39 МЛН
Trágico final :(
01:00
Juan De Dios Pantoja
Рет қаралды 16 МЛН
Сәбит Мұқанов Қонаев туралы
10:39
Өткір
Рет қаралды 122 М.
Мұхтар Әуезовтың өз жанды дауысы
15:46