Анамды жылатпағаның үшін, Рухымды құлатпағаның үшін, Рақмет, әке! Балам деп өбектегенің үшін, Жамандық үйретпегенің үшін, Рақмет, әке! Қорғансыз тастамағаның үшін, Ниетті ластамағаның үшін, Рақмет, әке! Ең жақсы адам болғаның үшін, Адамнан адал болғаның үшін, Рақмет, әке! Әкең деп - айтатын анам, Әкем деп - айтатын адам, Барға да шүкір! Әкемнің Раббысы болған, Әлемнің Раббысы болған, Аллаға шүкір! Жап-жарық, жұмақ болғаның үшін, Уақытша, сынақ болғаның үшін, Рақмет, Өмір! Тағдырды таңдамайтының үшін, Адамды алдамайтының үшін, Рақмет, Өмір! Әкеммен қауыштырғаның үшін, Анаммен таныстырғаның үшін, Рақмет, Өмір! Бар-жоққа бөленбейтінің үшін. Барлығын дәлелдейтінің үшін. Рақмет, Өмір! Басымнан сипайтын адам, Басымнан сипайтын анам, Барға да, шүкір! Әкемнің Раббысы болған, Әлемнің Раббысы болған, Аллаға шүкір!