Бұл өлеңнің сөзіде әніде Өлебай ақсақал жазған. Мариям менің аталарымыз дың қолына келін болып түсіпті. Оны айтқан менің енем.
@MakhabbatSAPARQYZY2 жыл бұрын
Әлемге танымал" Дударай"әнінің авторы Үлебай Әнетұлы туралы өз білетін естелігімді айта кетуді жөн көрдім.Улебай ата бізге аталас туыс болатын.Көрші тұрдық.Атамыздың немересі Бөпежан екеуміз бір күнде туған құрдаспыз.Балалық шағымыз бірге өтті.Бірге ойнаймыз.Улебай атамыз балаларды ерекше жақсы көретін.Ойнап шулап жатсақ та қасына шақырып алып қалтасынан сақтап жүрген шақпақ қантын құртын берсе мәз боламыз ол кездегі тәттілер сол ғой.кКәмпит дегенді анда санда ғана көреміз.Сол кезде ол кісінің жасы80нен асып қалған,біз сол кезде6-7 жастамыз ғой.Жәмила әжеміз(бәйбішесі) атамызға көже құйып әкеледі бір екі ұрттап бізге береді ішіңдер сендерге менің жасымды берсін деп мен ішем Бөпежан ішпейді.Сен неге ішпейсің деп сұрасам ол "атамның сақалы көжеге тиіп кетті"дейді.Сондай қызықтарымыз көп болушы еді.Ол кісінің ақын екенін де біле бермейміз.Кейін өсе келе шешемнің ыңылдап осыДударайды айтып жүргенін естимін біліп қой бұл Үлебай атаңның шығарған өлеңі дейді бірақ баламыз ғой онша мән бере қоймаймыз.Менің шешем ол кісінің біраз өлеңін білуші еді үнемі айтатын мән бермейміз кейін мен 14ке толғанда анам қайтыс боп кетті.Сол кезде неге жазып алмағаныма әлі өкінем.Шешем де әкем де айтушы еді жазып қойшы деп тыңдамадым ғой.Негізі әкемде жазылған болатын бірақ кейін іздегенде таба алмадым.Сұрағандарға беріп қойса керек.Улебай ата өзі қағаз бетіне түсіре білмеді.Оқымаған ескіше ғана оқыған кісі ғой.Алайда өлеңдері көп болыпты.Естуімше ақынҚалижан Бекқожин келіп біраз өлеңдерін жазып әкетіпті деп айтады Кейін ол кісінің Мәриям Жагорқызы деген поэмасы жарыққа шықты.Соған қарағанда ол кісі Мариям туралы материал жинаған болу керек.Мәриям сол ауылдың маңында Көктал деген жерде тұрған Егор деген балықшының қызы екен сол қызға атамыздың Дүйсен деген досы ғашық болады (шашы бұйра болған соң дудар аталып кеткен) Әнді сол досына арнаған ғой Дударай әні туралы даулы мәселе көп болды ғой.Ол күні кешеге дейін Мәриям Жагорқызының әні боп айтылып келді.Мәриямның жақындары да біраз дауласты. Ақыр соңында ол кісінің шынымен ақын екені дәлелденіп біраз өлеңдерін де жарыққа шығарды.Бұл жөнінде көп еңбек сіңірген Халық әртісі өнер қайраткері Қайрат Байбосыновтың еңбегі зор.Дударай әнінің авторыҮлебай Әнетұлы екені дәлелденді.Бүгінде атамыздың "Нұржамила" "Әзизат" әндерін сахнада Астана филармония әншілері Данияр Мұқан мен Нұрай Танабай орындап жүр ал "Дударай " әні әлемді шарлап кетті.Бүгінгі күні ойлап қарасақ атамыз өз заманының өнер дүлдүлі болған екен ғой.Әлі де біз білмейтін өлеңдері болуға тиіс.Білетіндер болса жарыққа шығарар деген үмітіміз бар. Сманова Бақыт.
@ЕркушаМаратович2 жыл бұрын
Ия дурыс Бакыт Сымановна женгемнын баласы Данияр Мукан дастурлы аншы👍
@МобилаМобила-ж6ъ2 жыл бұрын
,.
@ЕрмекЕсеев-б8ц2 жыл бұрын
Ассалаумағалайкум мен қазақ болып журегім бір аузыма келді .қандай керемет қазағыма сыйысып көңілін тауып .өз ұлтын ұмытқан
@АмантайТурдыхан-с5к Жыл бұрын
👍👍👍👍👍
@СамалАрапбаева3 жыл бұрын
Керемет!!!
@Кайрат-е9э2 жыл бұрын
Коргалжын алга
@БекзатБегалиев-д6щ3 жыл бұрын
Керемет соз жок
@ИнкарБекей3 жыл бұрын
Сонымен Дударай Дуйсен күйеуі болды ма?
@Maestro7862 жыл бұрын
Болған. Кейін царьдың кезінде армияға барып соғыста қайтыс болған екен. Мариям кейін басқа қазаққа тұрмысқа шығып төрт бала туған екен. Түрі орыс болғанымен өте қазаққа жақын, қазақтың салт дәстүрін мықты білген, қазақтың мықты келіні, кейін анасы, әжесі болған екен. Бала шағаларыңның бәрі қазақ болып, қазақи тәрбиеленіп өскен екен
@СветланаНусиповна4 жыл бұрын
🌠🦋💫🌠🦋💫🌠🦋💫🌠🦋💫🌠🦋💫🌠🦋💫🌠🦋 КАЗАКСТАН ! КАЗАКТАР ЖАСАСЫН ! 🌠🦋💫🌠🦋💫🌠🦋💫🌠🦋💫🌠🦋💫🌠🦋💫🌠🦋💫🌠🦋💫🌠