00:00 Басы 01:17 Таныстыру 01:28 Сізді қалай таныстырған дұрыс? 02:05 Сіз жазба ақынсыз негізі. Қайта ораласыз ба жазуға? 04:20 Не үшін айтысқа келдіңіз? 05:47 Айтыста қанша пайыз бос сөз, бос ұйқас кетеді сізде? Бұл ақындардың кемшілігі ме? Дәулеткерей Кәпұлына жауап! 07:22 Жазба ақындық жақын ба сізге? Айтысты таңдайсыз ба? 08:17 Жазба ақындар неге айтыс ақындарын сынайды? "20 минутта 1 машина алады" дейді. 10:28 Қадір Мырза-Әлінің «Өлеңге айтып қойыппын, өмірдің айтпа дегенін» дегені бар. Өлеңмен айтып қойып өкінген кездеріңіз көп пе? 11:34 Үш дүркін алтын домбыра алдыңыз. Айтыста жеңе беруден жалыққан жоқсыз ба? 13:45 Айтыста жастарға орын беру деген қайдан шықты? 40-қа келген айтыс ақындары неге қария боп қалады? 16:02 Айтыста ақындардың бір-бірінен жол сұрауы қайдан жұққан жаман әдет? 18:38 Сізді атақты ақынсыз ба? 19:14 Адамдар неге әсіре қарапайым болғысы келеді? Неге өтірік сыпайы көрінуге тырысады? 20:55 Қайнар Алагөзов "Атақ" деген өлеңінде Атақ дегенді тәкаппарлыққа теңейді. Демек адамдардың мұрнын шүйіріп атақты боп кетуіне қоғам кінәлі ме? 22:02 Адамдық неге ең қиын мамандыққа айналды бүгін? 23:47 Шынайы адамды қоғам қабылдай ала ма? 25:24 Қазір Театрының басшысы қызметін депутаттықпен қатар алып жүрсіз ба? 26:47 Бірнеше мемлекеттік орында басшы болдыңыз. Ат үстінде жүрген өнер адамының, өнері атүсті болып кетпей ме? 28:32 Қызметтің сізге қандай зияны тиді? 30:01 Бекарыс Шойбековпен араларыңыз қалай? 30:30 Бекарыс та, сізде депутатсыз. Әртіссіздер. Енді қалай айтысасыздар? 32:10 Жас ақындарға жиі сын айтасыз ба? 33:20 "Мемлекеттік қызметкерлер нервысын алдырып тастаған тіс сияқты". Шенеунік қалай елге сүйкімді бола алады? 36:17 Өте ауыр өлеңді бөлісіпсіз. Депрессияда жүрсіз бе? 38:24 Қарағандыда өткен айтыста: “Репрессияның қасіретін қайдан білсін, Бүгінгі депрессияның құрбандары,” - дедіңіз. Дәп қазір ел психологқа, мотиваторға жүгінеді. Неге қоғам депрессияға түсіп кетті? 41:19 Айтыс ақындары мотиватор, коуч, миссионер болып кетті. Оларды құптайсыз ба? 41:54 “Мың батпан қазағымның қайғысы бар, Бір жарым килограмм домбырамда”,- дедіңіз. Домбыраны ұшаққа кіргізбейтін компанияға не айтасыз? "Домбыраны құрметтейтін Заң қабылдау керек". 44:01 Айтысқа неге домбырасыз барасыз? 45:10 Айтыста: “Күзетсе ар-намысын күзетті олар, Акиматтың есігін күзеткен жоқ” дедіңіз. Митингке шыққан аналарға қарсы сөйлегеніңіз бе? 47:40 “Асабаға бағынбай Ақтау ғана, Тойдың соңын төбелес қып жібердің” дедіңіз айтыста. Жаңаөзендіктерге қарсы сөйлегеніңізге? 49:07 Қарсылас ақындарға тым қатты айтасыз. Өкпелеп алудан қорықпайсыз ба? 51:09 Ринат Зайытов ілгеріде “Сенің крышаң партия, Ал менікі халқым. Менің домбырам ағаш, Ал сенікі алтын” - деді. Енді Ринатқа не айтасыз? 52:49 Дау мен жаудан амансыз ба? 54:20 Жүрсін Ерманның 70 жылдығын Қызылордада өткізгеніңіз үшін мәслихат депутаты сізді сынады. Депутат Жүрсінді білмей ме? 56:50 Жүрсін Ерманның жағдайы қалай қазір? 58:05 Бұрынғы айтыс пен бүгінгі айтыс. Қайсысы мықты? Ақындар айыпты ма? 01:00:30 Айтыс ақындары сағаттап айтысуға дайын ба? Қазір тек 3 қайырыммен қайта бересіздер. 01:01:41 Айтыскерлер неге сөзге тоқтамайды? 01:02:12 Сізге кәсіпкер көлік сыйлады, әкім үй сыйлады. Сыйлық сарай ақыны етіп жібермей ме? 01:03:39 Шындық деген не? 01:03:56 Айтыс ақындарына "шындық айтпайсыңдар" деген сын көп айтылады. Айтыскерлер айтатын шындық қандай болу керек? 01:05:10 Сізге айтқыштық қасиет кімнен дарыды? 01:06:15 2016-2020 жылдар аралығында “Асыл арна” телеарнасында редактор қызметінде жүрдіңіз. Ағымға қарсы жүздіңіз ба, ағынмен ілесіп кеттіңіз ба? 01:07:21 Діни ағымдарға қатысыңыз бар ма? 01:08:05 Өнерге қанша күнге келдіңіз? 01:08:30 Алтын домбыра неше келі. Сатса қанша теңге болады? 01:09:42 Ақын ретінде еленбей қалудан қорықпайсыз ба? 01:10:23 Оралда өткен "Алтын домбырада" ұтылып қалдыңыз. Сол кезде Бауыржан Халиоллаға наз айттыңыз: “Қызылорадаға келгенде қайдағы күтіп алған, қайдағы халық, бұрышта сопайып біреу тұр солған гүл ұстап. Кейін ел ішіндегі сөзге құлақ түрсем “алтын домбыраны әкеле алмады” - деп жатыр екен. Әй, қойшы соларды, айтысын да, алтынын да, сонда не жүлдегер болмасақ ешкімге көк тиындық құнымыз жоқ па?” - депсіз. Бұл елемеу емес пе? 01:11:45 Алтын домбыраны Рүстем Қайыртай алған кезде оған қатты айттыңыз. Көңілін ойламадыңыз ба? 01:12:55 Айтыстың жүлделерін бөлгенде әділетсіздіктер көп болады. Бір облыста өткен айтыстың бас бәйгесін сол облыстың ақынына береді. Мұны қалай түзетеміз? 01:13:53 Бүгінгі күннің батыры кім? 01:13:59 Қоштасу.
@Нұр-м2е Жыл бұрын
Сөзге тоқтамау - жеңілгенін мойындамау. Жеңілгенін мойындамай, созбаққа салып, айтыса беруді қазақ СИЫРШЫЛАУ деп атаған. ☝️
@ОразалыУзакбай Жыл бұрын
Емтихан 😊шығару гносеологиялық э9чз
@КуляшУмбетова Жыл бұрын
5
@МухтарСадибеков-м4н Жыл бұрын
Мұхтар ақын тамыры терең екенін көрсетті. Қазақтың асықтай ұлдары аман болсын. Ұлтымыздың жанашырлары көбейе берсін.
@ОрымбаевЖанарбек Жыл бұрын
Мұхтар ініміз иманды сөз қадірін білетін азамат.Жақсы сұхбат.Жаңа қызметі құтты болсын!
@dauletbai1974 Жыл бұрын
Бір емес бірнеше рет көріп, тыңдайтын сұхбат болыпты. Жарайсыңдар жігіттер!
@КалжанЕлемес-ъ8п Жыл бұрын
Өтте сауатты жігіт екен. Дені сау болсын!
@АрдакТашимов-щ8ф Жыл бұрын
Бомба Сұхбат болды,недеген шешендік,Мұхтар ой өрісі өте терең жігіт екен,мына тындап қазақ тіліңе құрметтім махаббатым Одан сайын көтерілді,Алла разы болсын
@БагилаБурибаева-д1с4 ай бұрын
Керемет сұхбат! Нағыз айтыс,нағыз ой!
@Арай-р4о Жыл бұрын
Домбыраны өткізбей жатқандарға шара қолдануын талап ету керек
@Ботакөз-й2т Жыл бұрын
Айтыс тұғырынан түспеу үшін әділ бағалану керек халық көріп отырған осы бір өнерімізде шыншылдық барына разы болатындай
@Ботакөз-й2т Жыл бұрын
Дұрыс айтасыз теңеулеріңіз өте керемет
@nurbol3649 Жыл бұрын
Мұхтар ақын аман бол, Қазақ айтысындағы аламан жүйріктердің қатарында шоқтығың биік болсын қашанда, Алла амандық берсін!
@РадаИсмаилова-к1л Жыл бұрын
Үш рет осы сұкбатты көрдім, тыңдай бергің келеді. Алдағы уакытта да көремін
@УлекеУлеке-ш1з Жыл бұрын
Керемет сухбат болды..өте сүбелі,мәнімді,жүрегі мен көңлі бай..өте бай ..мінеки байлық осы шығар..
@Ботакөз-й2т Жыл бұрын
Айтыстың қазірі қалі қандай деген сұраққа жауап өте дұрыс айтылды
@alimkhanbazarbaev5064 Жыл бұрын
Бәрекелді.Жігіттер жақсы көңілдегі әңгіме болды.Нартай балам осындай сөзі түгел азаматтарды жиі шығар.Сөз қадірін білетін қазақа паидалы болар еді.Рахмет.Табысты болыңдар.
@ОлжасУристимов-й3щ Жыл бұрын
Мұхтар Ниязов өте дарынды, еңбекқор айтыскер. Үш алтын домбыраны лайықты, адал алған азамат
@ТурысбекИльяс Жыл бұрын
Өте керемет сұхбат, алтын домбыраға лайықты, алтын сөздер👍
@МолдабекШегентаев Жыл бұрын
Ақын баламыздың ойы таза,сөзі салмақты жақсы сұхбат болды.
@Ботакөз-й2т Жыл бұрын
Домбыраның қасиетін әлі түсіне алмай жүргеніміз өкінішті
@erkebulankarabisenov6053 Жыл бұрын
Мықты айтыскерғой. Сөз түсінген, сөз ұстаған жігіт қой
@ДаригаТурусбекова-ц3с4 ай бұрын
Мұхтар ой өрісі кең терең ой қозғай білетін ақын,барлық сұхбаттарын қарап жүрмін,тамаша ризамын!
@abylai9050 Жыл бұрын
Бірнеше жүлде алған жансызғо жеңісіңіз көбейе берсін
@Ботакөз-й2т Жыл бұрын
Мұхтардың айтыстарын керемет тыңдаушы едік соңғы кезде көп шықпай қалды
@asilxantalipov Жыл бұрын
Керемет Нареке
@Ботакөз-й2т Жыл бұрын
Қарап шықтым рахметттт өте керемет сұқбат
@Ботакөз-й2т Жыл бұрын
Мұхтар керемет ақын әттең осы айтыстарды кеспей көрсете ілсе жақсы ғо
@canera_dulugu1109 Жыл бұрын
Пайымды әңгіме, сұхбат болды.
@Ботакөз-й2т Жыл бұрын
Осы сұқбаттарды тыңдаған сайын рухани байлық аламын
@RzaAur Жыл бұрын
Екеуіде шеңберден шыға алмады.Қанды қаңтар туралы, қытайдың визасы кіруі туралы, тағы басқада мәселе көп қой, айта алмады.
@Qainaralaguzov Жыл бұрын
Рахмет, Мұха! Жақсы сұхбат болыпты❤
@abylai9050 Жыл бұрын
Халық тамашалап отырса керемет айтыс жасайсыз мықты
@Ботакөз-й2т Жыл бұрын
Міне тамаша осылай талдау керек еді
@НурланУтепов-ы1ь Жыл бұрын
Керемет сұхбат болды! Нартай қандай керемет журналист болса, Мұхтар сондай мықты ақын ғой. Жақсы сұраққа жақсы жауап болды шынында.
@НазарҚараша Жыл бұрын
Мухтар Ниязовтың жауаптары өткір, мықты.
@abylai9050 Жыл бұрын
Халық өзін тыңдай білу керек Сын сын оны дұрыс айта білу
@abylai9050 Жыл бұрын
Бізің қоғамда бәрі жетеді бірақ өмір құнсызданып кетті тек ақшамен өлшейді
@МангазайЗарпуллаева Жыл бұрын
Ақылыңның ой - өрісіңнің, тереңдігінен айналдым, балам. Ұрпағыңмен мың жаса, қалқам. Мынадай дені дұрыс сұқбат көбірек болғанын қалаймыз. Осындай жастары бар қазағым түбіінде жаман бола қоймвс. Жаратушы жар болғай жаным қазағым, деп тілеп отырамын. Шымкент.74.жас.
Оте саликалы сухбат болды ар суракка нык жауап, баппен кайтарып отырды . Мухтар аганын онери, айтысы магам унайд, аман болыныз ага🙏
@Ботакөз-й2т Жыл бұрын
Алтын домбыра үш рет алған азамат мықты
@aimy95maratovna45 Жыл бұрын
Сухбат,оте сапалы керемет денгейде болды рахаттанып тындадым,Нартай рахме ❤❤
@faraarap2958 Жыл бұрын
Парасат пен тектілік домбыраның үніндей..
@abylai9050 Жыл бұрын
Мықты сұқбап терең ойлануды өмірге деген құлшыныс берерлік
@adminoppophonnw-jn4ys Жыл бұрын
Жарайсын, оте сапалы сухбат
@abylai9050 Жыл бұрын
Атақты ақынсыз өте дұрыс Жасандылықтан сақтану керек Табиғи тазалық керек рухани байлық
@abylai9050 Жыл бұрын
Кез келген айтыста ия бірнеше толқын болғаны дұрыс тамашалау үшін жақсы ғо
@akast1993.8 Жыл бұрын
Нареке,елге қызмет!😊
@almasberdaliev4115 Жыл бұрын
Жақсы сұхбат.
@kazkaza611 Жыл бұрын
Керемет сухбат👍🏻
@abylai9050 Жыл бұрын
Ұят болды домбыраны ұшаққа кіргізбеу бұны естіп шошыдық
@abylai9050 Жыл бұрын
Мемлекеттік қызметкерлерге сын айтар алдында әркім өззін ттәрбиелеу керек
@БақытбекБ Жыл бұрын
Сонда мәдениет өкілдерімен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын қарапайым, боқтаусыз, кейімей өмір сүрмеу мүмкін емес хәлдегі адамдар ештеңе айтпай іштен тынуы керек па
@ТилеубергеноваЗерекуль Жыл бұрын
Мұхтар керемет ақын .әптен танылған .сөздері татымды
@abylai9050 Жыл бұрын
Екі адамның басы қосылса өкпе біреуді не жоғары жақты жамандау оларда пенде мен де не істеп жатырмын мен өз өмірімді өзім құруым керек деген ой жоқәйтеуеру бір таусылмайтын өкпе шет елге барсаң әркім өз өмірінің қожасы өзіне қолайлы жағдайда өмір сүреді бізде оған жайлы өмірді біреу жасап беру керек ұят
@abylai9050 Жыл бұрын
Ия осындай сауатты тәрбиелі пікірлерді тыңдап оз ойларын жинақтап сауатты пікірлержазуға септігі тиер еді
@ӨмірзақКөптілеуов8 ай бұрын
Әдемі сұраққа ақылды жауап
@abylai9050 Жыл бұрын
Керемет тыңдап сөз шебері ой түйіні мықты
@KairatAbibulla7 ай бұрын
Мұхтар мықты, шынтуайтында мықты. Он мықты ақын бар десе соның бірі!
@abylai9050 Жыл бұрын
Сын айтушылар осыны тыңдай білу керек
@КадишаАлпысбаева-т4р Жыл бұрын
Парасатты жан екен.
@Ботакөз-й2т Жыл бұрын
Ақын өз өнерін сүйе білсе ғана азабын түсінеді рахатына бөленеді
@abylai9050 Жыл бұрын
Бекарыс пен айтыс өте тамаша
@abylai9050 Жыл бұрын
Ия тіпті айтар сөздер кейде адам болып шығын адамболып оралу да қиындап кетті
@Ботакөз-й2т Жыл бұрын
Ия жазба ақындарды да оқимын өте мықты тқлғалар бар
@УмитИбраева-ж4я Жыл бұрын
Өте сауатты ақын әрбір сұраққа өте түсінікті шынайы жауап беріп отыр.Атақ неге мақтаныш емес,атақ әр түрлі болады деп ойлаймын ,біреулер атақты сатып алады біреулер жағымпаздық пен алады,ал егер атақты өз еңбегімен алса неге мақтанбасқа.Адамның жасап жатқан еңбегін ешкім көре алмаса олда бір өкініш қой
@ЗагилаЖуматаева-з7э Жыл бұрын
Домбыраны ұшаққа кіргізбей жатыр,т.б. гитара сияқты аспапты ше.18 миллион қазағым бір ұлттық аспабын алып жүруге күйі болмады ғой.
@ГаниМамиков Жыл бұрын
Керемет сұхбат
@БауыржанСүлейменов-у8б Жыл бұрын
Жақсы сұқбат болды
@abylai9050 Жыл бұрын
Сыпырқы болу деген теңеулерін алуы ол туралы талдауы өте тамаша
@БахытАманшейтов Жыл бұрын
Мұхтар мықты-жүйрік сөз жоқ.
@Ботакөз-й2т Жыл бұрын
Жүрсін ағамыз ауырыңқырап отыр Жазылып кетсін
@КелдібайБерлібайұлыҰлжан Жыл бұрын
Жақсы әңгіме өрілді.
@АбдыгалиХоджахмпдов Жыл бұрын
Мұқтар ініміз жақсы ақын сұқбаттада өте сабырлы менмендігі жоқ жақсы жауап беріп отыр.
@СекеНайман Жыл бұрын
Чиновниктердің бетін сөзбен тілеміз, сабаймыз кеттік деп бастаушы едің. Арасына барып айта алмай қалдың ба Нартай? Орта әсер беріп жатыр ма? Ұсақталма бауырым проблемаларды қозға.
@abylai9050 Жыл бұрын
Дұрыс айтасыз қоғам не болып кптті деп
@ШараЕлешева-е4д Жыл бұрын
Керемет азамат екен
@Ботакөз-й2т Жыл бұрын
Рүстем туралы да дұрыс айтты
@ТелжанСоветов-ц8ы Жыл бұрын
Өте сауатты сұхбат
@Ботакөз-й2т Жыл бұрын
Әттең халық мынау әртүрлі өсек аяңды көріп жағымсыз коментарилер жазғанша осындай тарихи мықты сүбелі сайыстан рухани ләззат ала білсе қандай тамаша
@BEKABIBO Жыл бұрын
Міне политик осындай адамдарды сайлау керек ойын қалай әдемі жеткізеді ешкімнің шекарасына кірмей
@ulartrybekuli9907 Жыл бұрын
Мұхтар аға өте орынды айтып отыр🎉
@Ботакөз-й2т Жыл бұрын
Мықты сұқбат көргеннің неге тұрады
@Ботакөз-й2т Жыл бұрын
Депутаттар не болып кетіпті қай заманнан көрдің бара сала бәрін бір адам өзгертіпті дегенді осы сөцлеу мәдениеті жоқ жандарға таң қалам бірінші айнаға қарап мен кіммін не істей алдым өз асқазанымды тойдырғаннан басқа деп неге ойламайсыңдар
@ЕркебұланТөреханов-р2к Жыл бұрын
Нартай депутат боларда газелмен аралаған ауыл аймақ не болды тағы бір аралап шықсай газелмен.
@jalgastemir2496 Жыл бұрын
Биліктің сөзін сөйлегісі келіп өліп отыр, жағдайы көпшіліктен жақсы ғой. Олар артық кетіп жатқан жоқ, тіпті кем айтылып жатыр, билік жеуден басқа түк жасап жатқан жоқ
@Ботакөз-й2т Жыл бұрын
Шындық айту керек деп астарлап айту қалмады
@Ботакөз-й2т Жыл бұрын
Ия керемет ақын үш рет алтын домбыра иесі бұл ерекше құрмет
@Ботакөз-й2т Жыл бұрын
Қанаттандыру керек ақындарды
@МадинаӘлібекқызы Жыл бұрын
🔥🔥🔥🔥
@МадинаӘлібекқызы Жыл бұрын
👏👏👏👏
@Ботакөз-й2т Жыл бұрын
Сыйлық сияпаттар көп болсын
@АйбекСапаргалиев Жыл бұрын
Нәскиің күшті екен братан
@Ботакөз-й2т Жыл бұрын
Ия екі кезек бір тілек шаршатты тартымсыз болып кетті
@НуржанБекетаев-щ2ы Жыл бұрын
Шариғатқа қарсы амалдар көбейсе, адам баласы депресияға түседі деп ойлаймын.
@AnarbekovBakytzhan2 ай бұрын
Мұхтар керемет ақынғой
@abylai9050 Жыл бұрын
Айтылмайтын жағдацлар айтылып кетіп жатады шабыт қысқанда деп дұрыс айтып