Рет қаралды 9,426
Салтанат Нүкенованың қазасы: прокуратура Байжановқа тағылған бір айыптаудан бас тартты. Жарыссөз басталмастан бұрын айыптау тарапы сотталушы Бақытжан Байжановқа қатысты сот тергеуін қайта бастауға қатысты өтінішхат жасады. Тараптар бұл өтінішхатқа қарсылық білдірмеді. Судья өтінішхатты қабылдады.
Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған еді. Олар:
▪️432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу) - Жазасы: 6 мың АЕК айыппұл төлейді немесе 6 жылға дейін соттанады;
▪️434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау) - Жазасы: 6 мың АЕК айыппұл төлейді немесе 6 жылға дейін соттанады;
Мемлекеттік айыптаушы Саяхат Нұрбековтің айтуынша, айыптау тарапы сотталушы Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық кодекстің 434-бабына сәйкес тағылған айыптаудан бас тартты. Бұл бапта аса ауыр қатыгездікпен жасалған қылмысты хабарламау әрекеті қарастырылған.
Осылайша Байжановқа қатысты қылмыстық істі қарау Қылмыстық кодекстің 432-бабында (аса ауыр қылмысты жасырып қалу) көрсетілген қылмыс жасады деген айыптау бойынша қаралады.