БАҚЫТЖАН БҰҚАРБАЙ: Деколонизация, құлдық санадан арылу, Ресей цензурасы & ағартушылық+БАЙҚАУ

  Рет қаралды 18,420

Timur Balymbetov

Timur Balymbetov

Күн бұрын

#честноговоря #бақытжанбұқарбай #тимурбалымбетов #кенесарыхан #сұхбат
«Жағымпаздану - құлдық сананың көрінісі»
Жаңа қонағым - автор, баспагер және саясаттанушы Бақытжан Бұқарбай @QaryzsyzQazaq кітап шығару кәсібі, зиялылардың билік алдында жағымпаздануы, Қазақстанда білім деңгейін көтеру мен демократизацияның байланысы және азаматтық қоғамның дамуы жайлы пікірімен бөлісті. Өте қызық әрі терең әңгіме болды. Көріңіздер, тарутаға ат салысыңыздар.
0:00 Тизер
02:11 «Бас Қосу» клубының тарихы
9:23 Неге лақап аты Barkorn?
10:00 Қалай суретші болып кетті?
16:37 Баспагер кәсібі
22:33 Неге Амал букс деп атады?
24:28 Марғұлан Сейсембайдың кітабын қалай жазды?
27:06 Оразақ Смағұлұлының кітабы қалай жарық көрді
30:27 Бақытжанның рекомендациясы
34:45 Кенесары хан & Ресей цензурасы
38:29 «Бізді басып, отарлап алды»
39:36 Қазақстан өзгерді ма?
42:49 Азаматтық коғам неге жоқ?
47:35 Демократия мен білімнің байланысы
49:49 Деколонизация процессінің маңызы
55:03 Жағымпаздану - құлдық сананың көрінісі
58:03 Жастарымыз қандай?
59:54 Қазақ жігітіне 50 үйден тыйым
1:01:20 Әйел адамның қоғамдағы ролі
1:04:02 Отбасы жайлы
1:08:27 Ата-әженің қолында өсу - ол ТРАВМА
1:15:56 Украинадағы соғыстың бізге әсері
1:18:36 БАЙҚАУ!
1:21:13 Қазақстанға не жетіспейді?
Снято в студии Два Стула
2stulastudio.kz/
2stula.studio?i...

Пікірлер: 255
@user-gx5ku4em1j
@user-gx5ku4em1j 7 ай бұрын
Кенесары хан уа сұлтан Сыдық. Кітабы кітапханама толықты. 👍. Оқыдық. ,👍👍
@user-oy2eh2xq5p
@user-oy2eh2xq5p 9 ай бұрын
Тарихымызды білуге деген құштарлығымды одан бетер оятты👍 Әдемі сұқпат. Ұнады. Рақмет!
@tomitom645
@tomitom645 6 ай бұрын
Блогер, әртіс дегендерге қарағанда осындай білімді, білікті азаматтардың сұхбаттарда берері көп! ойын Ашық айта алатын, көрерменге жеткізе алатын саналы азаматтармен сұхбаттар көбірек болса екен! Тимурға осындай эфирлар үшін алғыс білдіремін!
@user-oq8rb4bu8w
@user-oq8rb4bu8w 4 ай бұрын
Бақытжан Бұқарбай - нағыз патриот, сұпхат үшін рахмет
@akmaralabjani3410
@akmaralabjani3410 8 ай бұрын
Тамаша әңгіме, терең ойлар. Осындай саналы, озық ойлы қазақтар көбейсін👍
@user-ov1yu7fn4c
@user-ov1yu7fn4c 3 ай бұрын
Комментарииларды оқып отсам Бақытжан мырза баршамызга жақсы әсер калдырыпты. Осындай азаматтардың қоғамда көп болганы қандай тамаша болар еді. Тимур мырзага үлкен алғыс🙏
@Jazira17
@Jazira17 Жыл бұрын
Керемет сұхбат.Дәрежесі бөлек. Өмірлік ұстанымы ұнады. 1. Жұмысың өзіне ұнау керек 2. Өзіңе, Отбасыңа, қоғамға пайда әкелу керек 3. Акша әкелу керек 4. Маразматика болмау керек 5. Карупция болмау керек
@Madikaspan
@Madikaspan Жыл бұрын
Маған Бақытжан Бұқарбайдың сөзінің бір ұнаған тұсы - қазіргі 1 қазақ 5 қазақтың жауапкершілігін арқалайды деген тұсы. Осы сөз үнемі мида жүру керек ау барлық қазақта.
@darkhandssx3263
@darkhandssx3263 3 ай бұрын
Өте ақылды, білімді азамат Бақытжан мырза, мың алғыс
@user-it7py6zz4p
@user-it7py6zz4p 8 ай бұрын
Өте керемет сухпат, Бакытжаннын постарын ардайым окимын, бакылап журем жане де ишкей куанып журемин, осындай азаматтар елимизде бар екеніне.
@EriqueND
@EriqueND 9 ай бұрын
Сұқбат өте керемет! Ұнады! Тимур көп рахмет! Жақсы қонақтарың көп болсын, тоқтама, шаршама!
@user-jj8pc6ic8g
@user-jj8pc6ic8g Жыл бұрын
Наконецто есть личности, говорящие о простых толковых важных вещах страны и просто человека, Супер интервью, спасибо
@MrUalikhan
@MrUalikhan Жыл бұрын
Жақында «ер адам жаспен өспейді, жауапкершілікпен өседі» дегенді оқып едім. Бүгінде міне Бақытжан ағамыздың аузынан әр қазақ мойнына жауапкершілікті алуымыз туралы естіп отырмын. Ал адам жауапкершілік алу үшін, оны сезіну үшін ең алдымен саналы болуы шарт. Саналы болуы үшін өз-өзіне сұрақ қоя білуі,ойлана алуы керек. Ал ой қайдан шығады, көп оқығаннан. Айналып келгенде барлығы осы оқудан шығады. Оқуға қалай қызықтырамыз деген сұрақ туындайды, ол үшін әр адамға бір мәселесінің жауабын беретін кітап керек. Түбінде осы авторларды, баспагерлерді халық болып қолдауымыз керек екен.
@mairaaitkulova5578
@mairaaitkulova5578 Жыл бұрын
“Коррупция жоқ. Өйткені біз мемлекеттік тапсырыста жоқпыз” 😢😢😢 мемлекет пен коррупция сөздері бізде синоним болы кеткені өкінішті-ақ
@user-zj9mb9km7h
@user-zj9mb9km7h 11 ай бұрын
Бірақ коррупция жекеменшік мекемелерде де бар. Бірақ болмау керек
@asiya_alihanqyzy
@asiya_alihanqyzy Жыл бұрын
Бақытжан ағаның құлдық сана туралы айтқаны жүрегіме жетті. Және бес адамның арманын арқала, бес адамдай бақытты бол, бес адамдай ізденіс үстінде бол.. 🔥енді осындай ұстанымды жасауға тырысамын.
@user-wo8xv7fo1p
@user-wo8xv7fo1p Жыл бұрын
Жағымпаздық жайлы айтылып өткен ой қатты жаныма тиді💔Расыменде,былай қарап тұрсақ,қазақ жұртында бұл қасиет көптеп кездеседі екен.Кей кездері өз өзімізден де байқауымыз әбден мүмкін.Міне,осы-құлдық сананың көрінісі.Бұл сұхбат несімен маған пайдалы болды.Негізінен құлдық сана деген ұғымды көп кездестіретінмін,бірақ оның түпкі себебін,мағынасын,оған жағымпаздық үлкен әсерін тигізетінін енді түсінгендей болдым.Көзімізді ашып,керемет,тағылымды ойлармен бөліскендерін үшін үлкен алғыс білдіремін! Осы тұста Мұхтар Шаханов атамыздың “Жағымпаздық бұл заманда басты өнер, Шындық оған бола алмай жүр тас кемер. Қазіргі бақ қайсар рухты ерді емес, Арын сатқан жағымпазды ескерер. Дәуірдің де даңқы солар төс керер, Оны ойласаң жанарыңа жас келер.”-деген сөздерін еске алған жөн деп есептеймін.
@user-te6td1pv6b
@user-te6td1pv6b 19 күн бұрын
Керемет 👍🏼
@bayanissa9831
@bayanissa9831 Жыл бұрын
Құл еркіндікті аңсамайды, құлда жауыпкершiлiк болмайды, жауыпкершiлiкпен бiз еркіндіктің құнын түсіне бастаймыз..керемет сөз👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏
@user-zj9mb9km7h
@user-zj9mb9km7h 11 ай бұрын
Келісемін
@user-vu2fn6mc4c
@user-vu2fn6mc4c 7 ай бұрын
Мықты,мықты,керемет 🎉🎉
@user-og9sy2or4d
@user-og9sy2or4d 11 ай бұрын
Мен Бақытжан Бұхарбай қазақша аударып шығарған Аспантау асқан көш кітабын сатып алғам. Қилы қилы тағдырдан өткен шеттегі қазақтар туралы Халифа Алтайдың Алтайдан ауған ел кітабының жалғасындай оқыдым. Мен кітап сатып ала беремін. Жолдасым ұрсады. Аз пенсиямыз кетеді деп. Бар азамат өзіңдей болса еліміздің ертеңі ертегідей болушы еді. Қайтейік, қайсы бірін айтайық. Өздеріңе сәттілік!
@bayann7920
@bayann7920 11 ай бұрын
Өте керемет сұхбат! Қазақ тілінде таза сөйлеген қандай керемет! Әр қазақ осылай ойлап, осылай әрекет етсе ғой!👍🏻
@user-tn4yi8vd9u
@user-tn4yi8vd9u Жыл бұрын
Жақсы сұхбат. "Балаға бақытты сәтті көбірек салып беру керек", "Танымын кеңейту керек" деген пікірлері, бала тәрбиесіне байланысты пікірлері ұнады. Жаңа қазақтың бейнесі осылай болу керек сияқты. Сәттілік тілеймін жұмысыңызға.
@user-ld7nx7qg8i
@user-ld7nx7qg8i 6 ай бұрын
Өте жоғары дәрежеде, осындай пайдалы подкасттар көбейсе екен. Тимур аға, көбінде әртістерден гөрі ақын, жазушы, ғылым, саясат саласында жүрген тұлғалармен подкасттар көбейсе екен!
@perizatperizat932
@perizatperizat932 11 ай бұрын
Мына кісінің қасында жүргім келеді. Тыңдай бергің келеді екен!!! Ішкі дүниетанымына, миына шексіз ҒАШЫҚ болып қалдым.
@Rassul-qp3fe
@Rassul-qp3fe Жыл бұрын
Салалары бөлек болса да, деңгейлері тең Қазақтарым! Жасаңдар, Жігіттер! 🤝🤝🤝
@janiaaubakirova211
@janiaaubakirova211 Жыл бұрын
Ақылды, батыл, білімді, миссиясы бар, көптеген күрделі мәселелер бойынша айқын ұстанымы бар, адал, ашық! Саналы жастарға үлгі.
@QaryzsyzQazaq
@QaryzsyzQazaq Жыл бұрын
Жания Яхияқызы, көп рахмет! Сізден мақтау сөздерін естіп, аяғым жерге тимей кететін болды ғой енді 🙂
@lyazzatkurama3579
@lyazzatkurama3579 11 ай бұрын
Көп-көп рақмет! Жан рақаты болған сұхбат! Түгел ұнады, өз өмірім, мақсаттарым мен ниетіме тағы бір қарап шықтым. Әсіресе ұнаған тұсы - өз қызметін таңдаудағы критерийлер ❤ Көп рақмет 🙌🏼
@Rassul-qp3fe
@Rassul-qp3fe Жыл бұрын
Құлдық санадан арылып, “Қазақтың мүддесі” деген идеологияға көшсек, нағыз Егемендікке жетеміз!
@user-ls6hw7rw8j
@user-ls6hw7rw8j 11 ай бұрын
Керемет сұқпат болды, рақмет 👏👏👏
@zhadranur2029
@zhadranur2029 11 ай бұрын
Бакытжан Букарбай дын айткан сози журегиме оттi! Асiресе: "Озiмдi белгiciздiкке лактырдым, кунымды бiлгiм келдi!" деген созi.👏 Сондыктан озiмiздi белгiсiздiкке лактырайык✊
@kuralai_universal
@kuralai_universal Жыл бұрын
Кеш жарыыық, Тимур, Бақыижан! Бүгінгі сұхбат рухани, қазақи шөлімді қандырды👍🏻. Осындай сүбелі сұхбатқа қысқа қайыру ең кемі "ұят" болады🤗. 1) Қазақтан шыққан жалғыз антрополог Оразақ атаның 5 адамдай бақытты болып, 5 адамның арманын арқала, 5 адамдай ізденіс үстінде бол деген сөзі көп қазақтың жүрегіне жол тартты, біразы түртіп алды👍🏻. 2) "Құлда жауапкершілік болмайды, құл еркіндікті аңсамайды, ол тек құл иеленуші болғысы келеді" - деген сөзбен құлдық сана сөзіне нақты түсінік берді📌 3) Дәл қазіргі сәтте қазаққа не керек дегенге " ЖАУАПКЕРШІЛІК" - деп бірақ ауыз сөзбен айтқаны 🏹🎯. 4) Бақытжанды жанжақтылықтың амбасадоры дер едім. Қарапайым, өз ойын ашық айтып, КОРРУПЦИЯға жоқ деп қана қоймай, іске асырып, шаруасын әдемі атқарғаны ұнады. 5) Кәсіп таңдаудағы 5 ережесі қатты ұнады. Болашаққа диагностика немесе тест деп айтсам артық болмас! 6) Бала тәрбиесіндеде құр алақан еместігін білдірді. 7) Түйін: Бақытжанға қарап, әр қазағы үшін 100 жыл бұрын жанын берген Алаштың элитасының арман, мақсатының ізінің барлығына, оны жалғастыра алатын зиялы жандардың барына, кең ойлап, ауқымды шаруаны қолына алып, дөңгелітіп алып кететін кеудесінде жаны, қайсар рухы, тең жарысқан ар - намысы мен, Бақытжан өзі атап айтып, кітапқа жазған Ер азаматтың 50 қасиетін бойына дарытқан ісімен сөзі келіскен қазақи болмысы бар кең, байтақ даламызда көсіле шапқан батырлардың бар екенін түсіндім!!! Бір ғана адам, оның 1 - ақ сағат айтқан сөзі мен дұрыс қойылған сұрақтар қаншама қазаққа ой салып, түрткі болды👍🏻. Мен енді терең ойға тағы кеттім... Мен 5 емес 1 адамдай ойланып, армандап, дамып, ізденіп жүрмін бе? Не істеп жүрмін? Сол ісім Бақытжанның 5 тест сұрағынан өте ме? Маған, қоғамға пайдасы барма? Оған мен қуанамынба, бақыттымын ба? Жігіттер, Тимур құрдас, Бақытжан, Аллам разы болсын🤲🏻. Жүректен шыққан сөздер жүректерге жол тартып, сұхбат өз апогейіне жетті👍🏻. Елім деп есімімен су кешетін жігіттердің барына тағы бір рет куә болдым💪🏻✊🏻. Риза болғаным соншалық, сағаттап жазуға дайынмын🤗. Бір сөзден, сұхбат 🔥💯 болды!!! Тілегім - әр ауданның, ауыл, қалада Бақытжандай азаматы болса, жөн сілтеп, бағыт берер👍🏻. Қазағым, тегіс аман болайық!!!
@dinaraussipbekova9458
@dinaraussipbekova9458 10 ай бұрын
Керемет сұхбат! Басынан аяғына дейін үзбей көрдім!
@user-sf7eu5id8n
@user-sf7eu5id8n Жыл бұрын
Біріншіден, сұхбат үшін мың алғыс. Бақытжан ағамызды осы арнадан екі-үш подкасстта көргенмін. Сол кезде-ақ сөйлеген сөзі мен айтқан әңгімелерін одан ары тыңдап танығым келген болатын. Бүгін бір уақыт тауып, арнаға кіре қалсам, алдымнан осы интервью шыға келді, еш ойланбастан тыңдауға кірісіп кеттім. Барлық айтылған сөздер жүрекке жетіп, артынан үлкен ой қалдырды. Ең соңында айтылған халқымызға жауапкершіліктің жетіспейтіндігін, ең басында айтқан мамандык таңдаумен байланыстыруға болады. Қазіргі жан-жақты салада қызмет етіп жатқан адамдардың көбі, сол кезінде өз балалық арманына құлып қойып, ата-ананың, қоғамның айтақанына еріп, басқа, өзіне ұнамайтын, аса қызықпайтын мамандықты таңдап кетуі. Оқу аяқтала салысымен жастықтың жалындаған отымен махаббаттары кездесіп, отбасылы болып кетеді, отбасыны асырау оңай нәрсе болмағандықтан, өзін іздеуге уақыт таба алмай, сол ұнамайтын жұмысына барып - келумен айналысады. Әрине, істеген ісіңнен рахат алмағасын, оған дел-салды қарап, жауапкершілік деген нәрсені мойнына алмайды. Қызметінде жауапкершілігі аз адам, басқа істе де дәл солай. Сол себепті өзін-өзі іздеп табуды, мектеп кезінен бастап қалыптастырса, мысалы аталған 5 критерий сиықты дүниелерді мектеп базасына енгізсе, ата-ана тарапынан балаға еркіндік беріп, өз өміріне өзі жауаты екенін кішкентайынан құйса, сонда ғана сәл жылжу болады деген ойдамын. Әрине, бұл мәселенің түбі тереңде жатыр. Дегенмен, ел болып, бірігіп, осы сұрақтарды көп көтерген сайын 5-10% нәтиже алуға болады. Ал ол дегеніміз үміт бар деген сөз. Қазақ елі дамысын, өссін деп тілеймін!
@user-jr3sr6yj4i
@user-jr3sr6yj4i Жыл бұрын
Жарайсыңдар, жігіттер👍Ешқандай агрессиясы жоқ, әдептен аттамаған, берері көп, өте сауатты сұхбат болды!
@akerke_iklasova
@akerke_iklasova 7 ай бұрын
Оте улкен рахмет! Катты асер етти . Тимур Балымбетов сонында айтканда просто бомба болып жатыр басымда 😍😍😍
@user-yz5qw2ou7l
@user-yz5qw2ou7l Жыл бұрын
Осы Алаш демократиясын окыгым келип жур, Алаш азаматтарын жалгай алатын урпак бар сиякы. Соны тилеймин казак елине.
@user-rm8cp9rm4j
@user-rm8cp9rm4j Жыл бұрын
Керемет сұхбат болды. Рахаттанып тыңдадым👍
@user-jt7mm6mv1j
@user-jt7mm6mv1j Жыл бұрын
Керемет сұхбат! Ерекше қонақ🙌 Күміс кітапты қолтаңбамен ұтқан адам, бір марқайып қалары сөзсіз✅ 1 сағат 25 минут ми қорек алды, қазақ тілінде толық сұхбат тыңдаған құлақ рахаттанды. Екі-үш рет тыңдайтын түсірілім, санаға түйіп алар мағлұмат өте көп: құлдық сана🤯 ақпаратты қабылдау % жоғарылату, ер адамның қызды сыйлауы, жағымпаздық, Оразақ Смағұлұлының айтқан сөзі жүрекке жетті “Әрбір қазақ, бес қазақтың арманын арқалап келе жатыр”. Тимур мырза, сізге мың алғыс осындай әсерлі сұхбатқа🙌 Елімізде - көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар, жастар көбейе берсін...
@ainur8968
@ainur8968 Жыл бұрын
Тимур мырза үнемі қызықты қонақпен күшті сұхбат жүргізетінін білемін, сондықтан бірден лайк. Бақытжан мырза да 👍👍👍
@meruertdolanbekova1430
@meruertdolanbekova1430 Жыл бұрын
Білімді адами капитал дамыту болашаққа қажет деген сөзі әр қазақ жастарының түйсігіне жетсе екен.
@user-fj5fs2ql8p
@user-fj5fs2ql8p Жыл бұрын
Меніңше қазақтарға "құлдық сана" деген жат нәрсе. Біз әуел баста уәдеге берік ұлтпыз, 1920-1922 және 1932-1933 жылдары болған ашаршылық ұлтымыздың 70% жуығын жойып жіберді. Содан кейінгі 1861 жылға дейін жері түгіл баспанасы жоқ, білімсіз, басыбайлы крепостнойларды, одан қалды жүзден аса өзге этнос өкілдерін қазақ жеріне жер аударды. Ол аз дегендей тың игеруді желеу етіп тағы да босқындарды әкеліп төкті. Қырық жыл атом бомбасын жарды... Сөйтіп өз жерімізде жойылып кетуге шақ қалдық. Ендігі жерде жоғары технология, мультфильм, өнер т.б.қазақ тілінде дамыса екен деп тілеймін. Сол үшін еңбек етіп жатқан Бақытжан балама тек сәттілік тілеймін. Тимур балам саған да көп рахмет. Немерелерім қабаттасып ойым қайта қайта бөлініп кетіп жатыр. Қате кетіп жатса кешірім өтінемін.
@gulzhan164
@gulzhan164 11 ай бұрын
Дұрыс айтасыз, негізінде бұл ұғым бізге жат. Бірақ өзіңіз жазып өткендей болған жайттар (аштық, отарлау саясаты) бізді осындай дәрежеге жеткізді. Өйткені совет империясының мақсаты сол болды. Көзі ашық, көкірегі ояу қайраткерлерімізді құртты, ал қалғандары өмір сүру үшін жағымпаздана бастады. Түсінді, жағымпаздықтың арқасында жақсы өмір сүре алатынын, мансапқа, тб ие болатынын. Бұл жағдай ғасыр бойы жалғасып келеді. Халық соған үйреніп алды, системаны солай құрып қойды. Әлі де арыла алмай келеміз.
@kimli1759
@kimli1759 Жыл бұрын
Осындай азаматтарды көбірек шақырсыңыз, пайдалы ақпарат өте көп!
@elmiratursynbek728
@elmiratursynbek728 Жыл бұрын
Бүгінгі сұхбат мен үшін бір шаблондардың жойылуы болды.Және Бақытжан мырзаның “жауапкершілік жетіспейді”-деген өте орынды пікір болды.Ешкімнен ештеңе күтпей,өз өміріңе жауапкершілікті алып,өз сүйікті ісіңмен айналысып,қоғамға үлесіңді қоса білсек біз шыныменде құлдық санадан айырылған сау азаматтық қоғам құра алатын шығармыз.Өмірдің өзі жауапкершілік бәрі расыменде содан бастау алады.Енді кітаптарыңызды оқуға асықпын өзіме көптеген инсайдтар алдым ❤❤
@keikibatir1496
@keikibatir1496 6 ай бұрын
жақсы сұхбат болды.
@agat1579
@agat1579 Жыл бұрын
өте маңызды, мағналы және пайдалы сұхбат болды 👍
@user-ys1bq6gv5y
@user-ys1bq6gv5y Жыл бұрын
Бақытжан ағаның арқасында өмірім отбасым берекелі болып келеді.Әлде қайда жеңілдетті өмір сүруді.Жақсылықты ұмытпаймын өз уақыты келеді.Рахмет!
@user-no5ec1md6v
@user-no5ec1md6v 11 ай бұрын
Ашыктар айтсаныз отиниш, Бакытжан аганын аркасында деп жазыпсыз. Не туртки болды солай жазуга осы интервью немесе белгили бир китабы?
@canera_dulugu1109
@canera_dulugu1109 11 ай бұрын
Тимур, сіз бүгін мені жас, талантты , білімді, қазақи озық ойлары бар ТҰЛҒАМЕН таныстырдыңыз. Ана тілінде сөз саптауы тамаша! Көп рақмет!
@gulzhan7018
@gulzhan7018 Жыл бұрын
Мың лайк Бақытжан үшін! Көптен бері тыңдап, зор сыйлаймын осы азаматты.
@user-fo7be2wx7f
@user-fo7be2wx7f 10 ай бұрын
Керемет сұбхат, жарайсындар қазақ халқының азаматтары🙌
@user-yz5qw2ou7l
@user-yz5qw2ou7l Жыл бұрын
Осы Алаш демократиясын окыгым келип жур, Алаш азаматтарын жалгай алатын урпак бар сиякы. Соны тилеймин казак елине. Маган оте унаган ой, кулдык санадан арылу керек, жауапкершилик арттыру керек, билим дамыту керек, халыктын сауаты ашылу керек.
@user-bm1ws4vy4p
@user-bm1ws4vy4p Жыл бұрын
Бір қазақ қазір 5 қазақтың жүгін көтеріп жүру керек дегенге келісемін ең алдымен өзімізден және отбасымыздан бастаймыз. Қазақ тілді білімді азамат болу қазіргі біздің міндет екеніне тағы көзім жетті. Өзім және өз баламның білімге деген құштарлығын оята отыра бес есе мықты жұмыс жасауға тырысамын 🫰 Ой сала білгендеріңізгп рақмет Тимур және Бақытжан 👏
@kamilabeibitbayeva4225
@kamilabeibitbayeva4225 6 ай бұрын
Қандай жақсы, терең ойлы адам❤
@user-kq5gm8zi9s
@user-kq5gm8zi9s 11 ай бұрын
Осы сұхбаттаң керемет әсер алдым, ризамын осындай қазақ азаматтарының барына
@Togzhan1987
@Togzhan1987 11 ай бұрын
Тимур мынадай Адамды Танытқаныңыз үшін үлкен рахмет! 👍👍👍 Бақытжан сізге тек жақсылық тілеймін! Алла түзу жолмен жүргізсін🤲
@ainur8968
@ainur8968 Жыл бұрын
Сухбат битпесе екен деп тыңдадым🔥🔥🔥🔥🔥
@user-ow7qg3fd4r
@user-ow7qg3fd4r 11 ай бұрын
Кушти сухбат, Рахмет сизге 👍🔥
@user-qj3id7fk5s
@user-qj3id7fk5s Жыл бұрын
Тимур, рахмет! Керемет сухбат болды! Әсіресе құлдық сана туралы және жауапкершілік туралы айтканы катты ойландырды.
@EriqueND
@EriqueND 9 ай бұрын
Таза қазақша, өте керемет!
@batyr_gamer
@batyr_gamer 11 ай бұрын
Керемет сухбат! Мига азык! Инсайттар коп! Токтамай, казах когамын алга тарта беринизиздер оз салаларынызда! Тек алга! Канаттарыныз талмасын!!!!!!!!!
@meruertdolanbekova1430
@meruertdolanbekova1430 Жыл бұрын
Өте мұқият тыңдау қажет, жақсы пікірлер бар, тұжырымдары күшті. Білімді адам мыңды жығады деген осы. Тамаша!
@user-yz5qw2ou7l
@user-yz5qw2ou7l Жыл бұрын
Осы Алаш демократиясын окыгым келип жур, Алаш азаматтарын жалгай алатын урпак бар сиякы. Соны тилеймин казак елине. Маган оте унаган ой, кулдык санадан арылу керек, жауапкершилик арттыру керек, билим дамыту керек, халыктын сауаты ашылу керек. 1:25:24
@aidamametkanova7686
@aidamametkanova7686 2 ай бұрын
Отличный гость, развитый во всех смыслах, гармоничный человек. Тимур, предлагаю вам сделать короткие видео- shorts, о том, как Бахытжан воспитывает дочерей- это было бы очень полезно для молодых отцов, да и в целом для общества.
@amina-adim
@amina-adim Жыл бұрын
Ер адамдардың тәрбиесі жөнінде өте жақсы айтты Бауыржан. Осындай ер азаматтар ғана басқа ерлерді тәрбиеге шақыра алады.
@balymbetov
@balymbetov Жыл бұрын
Байқау жеңімпазы - Светлана Тлеубаева. Құттықтаймыз! Сыйлығыңызды алу үшін Инстаграм директ арқылы менімен @balukz хабарласыңыз. Бақытжанның қолтаңбасы бар кітаптарды алу үшін сұхбат барысында сізге ең қатты әсер еткен ой/тақырып жайлы өз пікіріңізбен бөлісіңіз! Жеңімпазды Бақытжан мырза өзі таңдайды!
@user-ph5iu1hr7g
@user-ph5iu1hr7g 11 ай бұрын
Керемет сұқбат! Үлкен раһмет Бақытжанды шақырқанызға!
@ASNMoigod
@ASNMoigod 11 ай бұрын
Керемет сұхбат болды! Қандай ақылды, ойлы адам Бахытжан. Шіркін осындай ойлы, білімді, саналы ер адамдар көп болса екен. Қазақшасы қандай әдемі😍. Сұхбат мен үшін өте тез өтті. Тимур рахмет!
@ramazankurmanbayev2394
@ramazankurmanbayev2394 11 ай бұрын
Алдымен өте керемет сұхбат үшін алғыс білдіремін! Осындай дара тұлғалармен сұхбат көбірек болса екен. Ең ұнаған бөлігі қонақтың білімге деген ізденушілігі және жастарды соған үндеуі. Құлдық санадан арылып өзімізге жауапкершілік алу үшін әрбіріміз өзіміздің және айналамыздағы жандардың білімін арттырсақ 50 емес 20 жылдың ішінде елеіміз жаңарады деген үміттеміз
@user-dp1zx6xb5r
@user-dp1zx6xb5r 11 ай бұрын
Оте жаксы сухбат тущымды ия казактар билимди болу керек билимди адамнын санасы котериледи бар маселе санага баиланысты атам казак аиткандаи бала берсен санна бер деген
@aigerimaskertay4831
@aigerimaskertay4831 Жыл бұрын
Керемет сұхбаттың бірі болды🎉 Өте көп ақпарат, тілге тарихқа деген махаббаты ашып жіберді рахмеет көп🙏🏻🙏🏻🙏🏻🥰
@madinaomirzak3858
@madinaomirzak3858 11 ай бұрын
Неге қаралым аз? Өте сауатты сұхбат👏🏻
@symbatashimova7639
@symbatashimova7639 11 ай бұрын
Керемет сұхбат, аман болыңыз Бақытжан!
@marzhansarsenbayeva7062
@marzhansarsenbayeva7062 11 ай бұрын
Мына сұқбатты әрбір қазақ көруі тиіс 👏🏻
@ZereBeckinsale
@ZereBeckinsale Жыл бұрын
Қазаққа жауапкершілік жетіспейді дегенмен келісемін. Қызмет көрсететін көптеген жұмысшылар өз сөзінде тұрмайды, кешігіп жүреді, келісілген уақытта келмейді, хабарлассаң телефонын көтермейді. Уақытылы өз жұмысын орындаған адамды көрсең құдайды көргендей риза боласың. Жалпы өте мәнді, мағыналы сұхбат болды. Қазақстандықтардың 1% ғана ақпаратты толыққанды алады деген дерек өте қатты таңғалдырды. Расында, бәріміз ағартушылықпен қарқынды айналысуымыз керек, қолымыздан келгенше.
@user-qm8xw2zs7q
@user-qm8xw2zs7q 11 ай бұрын
Қазақстанда жауапкершіліктің жетіспеушілігі деген пікірімен толықтай келісемін
@gulnarnurlybekova1631
@gulnarnurlybekova1631 Жыл бұрын
Керемет қонақ! Кезінде 3-ші баланы дүниеге әкелуіміз бірінші құдай, екінші - демограф Мақаш Тәтимовтың арқасы деп білемін. Қазақ ұлт болып қалыптасу үшін әр қазақтың үйінде кем дегенде 3 бала болу керек: 1 бала әкесінің орның басады, 1 бала - шешесінің, тағы 1 бала келесі ұрпақтың жалғасы болады. Ал осы сұһбаттаң түйгенім: 1 қазақ 5 адамдай бақытты болу керек, 5 адамдай жұмыс істеу керек, 5 адамның жауапкершілігін арқалау керек! Керемет ұстаным, және қолданысқа алар дүние деп білемін!
@user-rh1ou7hw7s
@user-rh1ou7hw7s 11 ай бұрын
Бұл сұхпаттан "кітап білім бұлағы, білім өмір шырағы" деген мақалды терең екені. Жәй мектепте жаттау емес. Білімді елде жауапкершілік, сана, жақсыға ұмтылу, жағымпаздық, еркіндік деген сияқты адам бойындағы қасиеттерді көп жұмыс істемей-ақ туа біткен, қанмен келген болар еді. Әлі де кеш емес білімді болсақ, ұрпақта білімді болады❤ Рақмет үлкен. Кенесары туралы кітапты жазда балалармен оқу керек деген ой келді🎉
@user-mr7ve8rf6w
@user-mr7ve8rf6w 11 ай бұрын
Мәнді де маңызды сұқбат болды. Сабақ алатын ойландыратын ойлар салатын. Жауапкершіліктің төмендігін атап өтті👍 жауапкершілікті көтеру үшін сауаттылықты жоғарлату керек екенін түсіндірді.
@Daniii25
@Daniii25 Жыл бұрын
Сұхбат керемет болды. Осындай көзі ашық көкірегі ояу азаматтар көп болсын❤
@Liza-hv9iz
@Liza-hv9iz 10 ай бұрын
Жауапкершілік туралы өте дұрыс!!❤
@diansb2237
@diansb2237 Жыл бұрын
Керемет сұхбат!! Екі нағыз ер-азаматтың маңызды әңгімесі болды. Көп өзекті мәселелер қозғалды. Рахмет
@user-my8yt3rv6t
@user-my8yt3rv6t 11 ай бұрын
Көптеген маңызды мәселелер айтылды, мені ойға салды. Керек тақырып! Мықты қонақ! Көп рахмет.
@user-hn6lq8dk7k
@user-hn6lq8dk7k 11 ай бұрын
Тимурдың сұхбаттары бәрі қызықты өтеді, бірақ бұл сұхбат Жыл сұхбаты болды! Керемет! Осы әңгімеде халқымыздың, еліміздің барлық мәселесін шешіп тастайтын жауаптар бар ЕСТІГЕН ҚҰЛАҚҚА, ТҮСІНГЕН САНАҒА!!!❤
@kulbaykaskyrov
@kulbaykaskyrov 11 ай бұрын
Керемет!
@user-pq4bc2sj4b
@user-pq4bc2sj4b 11 ай бұрын
Бақытжан нағыз азамат! Саясатта да білімді, жастарға да берері бар! Осы уақыт сіздердің біздердің уақыт! Аллам қазақты сақтасын, дамытсын, өсірсін!
@user-yt9ye1zn7e
@user-yt9ye1zn7e 11 ай бұрын
Саламатсыз ба Тимур. Бакытжанды шакырганыз ушин рахмет. Бул автордын бир китабын окыдым, унады, ойландырады. Котерилген такырыптарыныз да унады. Екеу аранызда сапалы диалог болды. Конак оте накты, четко, внимательный, заинтересованный, ашык, еркин болды. Шынымен де менин образымдагы когам белсендиси деген атка толыктай сыйады ойткени аткарып журген жумыстары бар, танысуга, коруге болады. "Меньше слов, больше полезных дел человек" ретинде впечатление калдырды. Аман болсын, амалдары коп болсын.
@asiya_alihanqyzy
@asiya_alihanqyzy Жыл бұрын
Тимур үлкен рақмет осындай қонаққа. Ал, бастадым 😍
@balymbetov
@balymbetov Жыл бұрын
@bakytnur
@bakytnur Жыл бұрын
@@balymbetov sol maqtagan Timur qazaq qonaqtarynan oryssha suhbat alady :-) Quldyq sana aitamyz. Ali 50 jyl kerek
@ardakhsakhabek2457
@ardakhsakhabek2457 Жыл бұрын
Жауапкершілік жалқаулықты жеңу.
@aizhanarinova6950
@aizhanarinova6950 11 ай бұрын
Не деген сұхбат! Қонақтың қазақша сөйлеген дәрежесі таңқаларлық. Бірден оқитын кісі екені көрініп тұр. Өте өзекті тақырыптар талқыланды. Ерекше әсер алдым.
@aitolkynkenzhebek1776
@aitolkynkenzhebek1776 Жыл бұрын
Керемет сұхбат болды👍
@gulnarnurlybekova1631
@gulnarnurlybekova1631 Жыл бұрын
Өте дұрыс айтылған сөз: білімді арттыру қажет.
@lollyllolly_15
@lollyllolly_15 Жыл бұрын
Сухбат ушин рахмет ! Керемет подкаст болды
@user-ji8hb2zw2u
@user-ji8hb2zw2u 9 ай бұрын
Керемет сухбат !!! Тимур көп рахмет сізге. Сізден осындай зиялы азаматтарды сухбатқа көп шақыруыңызды сұраймыз😊
@user-zq7nv3qd1f
@user-zq7nv3qd1f Жыл бұрын
Бір деммен тыңдап шықтым. Керемет сұқбат! Көп түртіп алған тұстары болды. Балалардың, өзімді дамытуды тоқтатпау-елдің жарқын не қараңғыда қалуына қадам екенін тағы бір терең ұққандаймын. Рақмет!❤
@gulnazab5859
@gulnazab5859 10 ай бұрын
керемет сұхбат!
@symbats2264
@symbats2264 11 ай бұрын
Мен интервьюды изи платформасынан көріп, арнайы сізге пікір қалдыру үшін ютубқа кіріп отырмын. Бақытжан аға жайлы көп естімеппін, қазір интернетте кімге жазылған болсақ, соны ғана көретін замандамыз ғой. Интернет воронка дейміз ғой. Сөз саптауы бай екен. Ақырында айтқан жастарға, тыңдармандарға кеңесі өте қатты ұнады. Кейде өзіме көп алып қоямын ба деп жатамын. Шын мәнінде біздің борышымыз да сол екен. Отбасы құндылығын да қолдаймын. Ағам екеумізді анам жалғыз өзі өсіріп, аяғымызға тұрғызды. Әйел адамдар өздерінің арқаларына көп жүкті алады ғой. Енді анамыздың жас кезіндегі арманын, өзімнің арманыммен орындап келе жатырмыз. Отбасымызбен саяхаттап, мәдениет танып, жылдап басқа елде тұрып, өзіміздің елге деген патриоттық махаббатымыз артып, одан ары қалай септігін тигізсек екен деп біз де жаңа оймен, жаңа адам болып келіп жүрміз. Негізі адам шетелге шықса, жалғыз тұрып көрсе, өмірге деген көзқарасы қатты өзоереді екен. Өте сапалы интервью болды! Бір бастағаннан, аяғына дейін жібермей қойды бұл выпуск. Кітаптарды өзім сатып аламын Алла қаласа, сәті түсіп жатса қолтаңбаңызды да алып, болашақта жобаларыма сәттілік беретін энергияңызды аламын деп сенемін! Құнды мағлұмат, өзекті тақырыптар қозғалды. Өте қуаныштымын. Тиындарға коллекция жасайтын едім, ондай кітапшаны қайдан алсам болады? Кішкентай кезімнен анам өзінің апасына шәкіртақысын айлап жіберіп отырған екен, соны кетірмепті. Рубльмен жинаған ақшаларын тауып, үтіктеп, кішкентай кезден әр түрлі қағаз ақшалар мен тиындарды жинауды сонда бастаппын.
@mmir_b
@mmir_b Жыл бұрын
Бүгінгі сұхбат өте керемет болды. Бақытжан мырзаның сөздерімен толықтай келісемін. 5 критерий: 1. Жұмысың өзіңе ұнап, пайда әкелу керек; 2. Отбасыңа пайда; 3. Қоғамыңа, мемлекетіңе пайда; 4. Маразматиканың болмауы; 5. Коррупцияның болмауы. Бүкіл шартқа сай келген мамандығың ол-сенің миссияң. Қазіргі таңда ата-анасының айтқанымен, өз заманының “сәнді” мамандығын таңдап соңында дымсыз қалып жатырғандарды көріп жатырмыз. Жапондықтар айтқан икигайды тауып, коғамға бір кірпіш болып қалану үлкен жетістік. Осыған байланысты менің ұсынысым- профориентация жұмыстарын мектеп қабырғаларында барынша көптеп жүргізу. Бұл дегеніміз мамандық таңдауға көмектесіп, бағыт-бағдар көрсету. Әрине, аталған әдіс 100% қатысушының бәріне көмектесіп, лезде мамандығын таңдап кетеді деп айту қиын, бірақ процесті ертерек бастап, жеделдету мақсатында “катализатор” болатына сенімдімін. 2. Жауапкершілік Қоғамнан өз орнын тауып, өзінің кім екенін түсінген адам жауапкершілікті де сезінеді. Өзінің, отбасының, мемлекеттің мүддесіне адал еңбек етіп, миссиясын білетін бір қазақ 5 қазақтың жауапкершілігін арқалайды, 5 қазақтай бақытты болады, 5 қазақтай армандап 5 қазақтай ізденісте болады. 3. Орта класс 5 шарттың алтын ортасын тауып, жұмыс жасасаң материалдық жағдайың да дұрыс болады, ал бұл орта кластың өсуіне алып келеді. Бәріміз білетіндей мемлекеттің негізгі құраушысы-орта класс. 4. Зорлық зомбылық. Зорлық туралы жаңалықты оқысаң барлығы жәбірленушіні киімінің қысқалығы, ашықтығы бойынша кінәлайды. Қарға қарғаның көзін шұқымайды, бірақ жоғардағыдай пікір қалдыратын адамдардың ішінде әйелдер қауымы да бар. Зорлайтын адам қабат-қабат болып киінсең де иттігін жасайды. Мәселе киімде емес. 5. 50 тыйым. Ерлерге арналған 50 тыйымды оқып шықтым, заманға сай жазылған тыйымдар. Қарапайым есі-дені дұрыс адамның жасамау керек нәрселеріғой. Бар қызық коментарийлерде: “феминист адам жазған, қыз жазған, қызтеке жазған, ер адам түздің адамы сондықтан еркін болу керек” деген пікірлер. Керек десең бұл тыйым сөздер дінде де көрініс табады. Ал қызға келгенде 40 тыйымның бәрін түгендеп алғанда қандаймыз ә! Мысалға, менің қызым болсын делік. Қырық жерден тыйып отырған қызымды бір жерінен де тыйылмағанның қолына ұстатып жібермес едім. Тең-теңімен, өзің қандайсың сондайға жолығасың. Сондықтан өзіңді дамыт, еңбектен. Бұл қайтып бірінші пунктке келеді. Солаай…бәрі бір-бірімен тығыз байланысты. Бүгінгі сұхбат тамаша. Бәріне сәттілік. Әрекетке берекет. Назарларыңызға рахмет!
@honeyaah3054
@honeyaah3054 Жыл бұрын
Тимур мырза, мен үшін, әдеттегідей өте сапалы, жоғарғы деңгейдегі сұхбат! 👍🏻👍🏻👍🏻
@user-xe4ee6vf8y
@user-xe4ee6vf8y Жыл бұрын
Алла разы болсын екеүнеде! Керемет сухбат болды❤❤
@gulnarnurlybekova1631
@gulnarnurlybekova1631 Жыл бұрын
Қандай керемет: отбасым қымбат нәрсе!
@madiyarshrazdin4871
@madiyarshrazdin4871 Жыл бұрын
Маған, "Демократия мен білімнің байланысы" жайлы айтқан ой пікір ұнады. Шындығында білім өте маңызды. Егер біз білім беру және білімді алу мәселесін шеше алсақ. Яғни спикер айтқан ақпаратты дұрыс талдау жасай алатын азаматтар мен азаматшаларды көбейтсек. Басқа мәселелердің барлығы өзі ақ біртіндеп шешілер еді. Сол үшін әр адам ең алдымен өзін-өзі тәрбиелеп білімін арттырып отырса және қасындағы отбасымен не достарымен үнемі өздерін дамытып отырса. Білімнің маңыздылығын түсіндіріп жүрсе. Біз дамыған және білімді қоғамға айналар едік. Ал дамыған қоғам ешқашан авторитарлық жүйеге төзбейді!!
Марғұлан Сейсембай: Білімді бермейді, білімді - алады | BAS QOSU
50:51
ОДИН ДОМА #shorts
00:34
Паша Осадчий
Рет қаралды 3,5 МЛН
MINHA IRMÃ MALVADA CONTRA O GADGET DE TREM DE DOMINÓ 😡 #ferramenta
00:40
McDonald’s MCNUGGET PURSE?! #shorts
00:11
Lauren Godwin
Рет қаралды 31 МЛН
Қателік - Дархан Әбдік
25:22
Жетісу телеарнасы
Рет қаралды 35 М.
Осиное гнездо у себя дома
0:27
ЛАЙФСТОРИ
Рет қаралды 2,8 МЛН
🤫
0:15
Nhamnoys
Рет қаралды 8 МЛН
Мұсаның анасы Розаны қалай қабылдады?😍 Бір Болайық! 06.05.24
25:53
Бір болайық / Бир Болайык / Bir Bolayiq
Рет қаралды 251 М.
Все сделали сальто😳
0:31
WORLD TOP
Рет қаралды 5 МЛН
🤫
0:15
Nhamnoys
Рет қаралды 8 МЛН
Нашёл МИЛЛИОН ДОЛЛАРОВ в ПЛИТЕ 😱 #shorts
0:59
Лаборатория Разрушителя
Рет қаралды 8 МЛН
Гигантский полицейский😱
0:36
FilmBytes
Рет қаралды 6 МЛН