Рет қаралды 1,006
Баланың тіл алмауының негізгі 4 себебін айтады:
1. Ересектердің назарын аудару үшін. Қалыпты дамуға қажетті деңгейде балаға көңіл бөлінбесе, ол тілазарлық арқылы бұл олқылықтың орнын толтыруға тырысады.
2. Өзін-өзі көрсету мақсатында. Бұл әрекеттің себебі - өзінің тұлға екенін көрсету. Бұл шешімі қаншалықты дұрыс емес болса да, дегенмен, ол - баланың «өз» шешімі.
3. Кек алу. Мәселен, отбасындағы теріс атмосфера - балаға кері әсер етеді. Соның нәтижесінде, бала өзі сезінетін жаман немесе ыңғайсыз ортаны ересектерге жауап ретінде қайтарады.
4. Өзіне деген сенімсіздік. Неғұрлым көп сын естіген сайын немесе сәтсіздіктерден кейін бала өзіне деген сенімділікті жоғалтып алады. Нәтижесінде «тырысудың қажеті жоқ, бәрібір қолымнан ештеңе келмейді» деген пікір қалыптасады. Дегенмен бала сырттай «маған бәрібір» деген кейіп танытады.
Баланы тіл алғыш етіп тәрбиелеу мақсатында көптеген ересектер түрлі қателіктерге жол беріп жатады. Осы орайда ата-анаға мамандар келесі кеңестерді ұсынады:
1. Балаңызға ешқашан өтірік айтпаңыз.
2. Балаңызға көбірек көңіл бөліңіз.
3. Балаға тым қатал болмаңыз.
4. Баланы тым еркелетпеңіз.
5. Балаға қатарластарымен араласуға мүмкіндік беріңіз.
6. Баламен достық қарым-қатынас орнату керек
#Балаңызнегетілалмайды
#балатәрбиесі
#Тілалғышбаланытәрбиелеу
#Баланытыңдату
#Балатарбиеси
#Балапсихологиясы
Мектепке барғым келмейді 10 себеп
• Мектепке барғым келмей...