Қазақ руханиятын дамытуға бағытталған өзекті мәселелер көтерілді. Балаларымыз біздің болашағымыз! Ел болам десең бесігіңді түзе демейме. Осы көтерілген проблемаларға қаражат жағынан білім министрлігі лайықты түрде көңіл бөлсе екен! Қазаққа шын жаны ашитын ұл-қызымыз бен басшыларымыз көп болсын!
@Айзада-л5ц5 ай бұрын
Қазіргі қымбатшылық заманында қаламақыға жазамын деп шынын айтқан жазушыны сөгуге болмайды.✊️
@ayabek62775 ай бұрын
Күшті қандай 😍
@zhainaturarbek69785 ай бұрын
Жақсы ойталқы болды)) Балалықтан ересек қоғамға қадам басқаныма көп болған жоқ. Дегенмен мектеп кезінде "балалар әдебиеті" сөресіндегі өздеріңіз айта өткен "Менің атым Қожадан" бастап "Жусан исі", Қожанасыр мен Алдаркөсені оқығанмын. "Жасөспірімдер әдебиеті" сөресіне келгенімде кітаптар жұтаң тарта бастаған еді. Сол жерде іліп аларлығы "Жабайы алма" еді. Бірақ жақында осы кітапты қайта бір оқып шығып мүлде басқа әсер алдым. Шынымен де жасөспірімлер әдебиетіне жата ма? Сол сөредегі шетелдік "Том Сойердің бастан өткендері", "Магиканның соңғы тұяғы" деген сияқты шығармалар мүлде басқа деңгейде. Сол кезде ойлайтынмын,бізде жазушылардың бәрі тек соғыс жылдарында ғана болған, қазір жазу жазатын тірі шығармашы жоқ деп. Кейінірек білдім, бізде қалам тербеушілер өте көп екен. Бірақ менің және менің кезеңдестерімнің көкейінде тек кеңес кезіндегі балалар әдебиеті қалған. Қазір өз іні-сіңілдеріме балаларға лайық әдебиет сатып алайын десем сол баяғы соғыс жылдарының азабын тартқан балалардың оқиғасы көкейге оралады. Ал кішкенесінен экраннан тәрбие алып, әдеби тілдің мәнін түсіне бермейтін (экраннан мультик көрген бала мен ертегі естіп өскен баланың кітап оқу кезіндегі қабылдауы екі түрлі ғой) баланың бірден көркем тілде бейнелейтін кеңестік кітаптарды оқуы екіталай. Сол себептен балалар әдебиетін дамыту тұрғысында менің ойым мектептегі ана тілі, әдебиет сабақтарында хрестоматияға көңіл бөлінсе. Мысалы мен мектепте оқып жүргенде әрдайым кітапханадан оқулық алған кезде әдебиет оқулығымен бірге хрестоматия бірге берілетін. Бірақ бір рет те ол кітапты мұғалімдер дәріптеген емес. Егер қазіргі ақын жазушылардың еңбектерін оқулыққа шығару мүмкін болмаса, ең болмағанда хрестоматияға жарияласа қалай болады? Содан кейін өздеріңіз айтқандай қазіргі әдебиеетті түсінікті, қысқа, есте қаларлықтай етуге тырыссақ жақсы болар. Себебі қазір қоғам қысқа мазмұнды, жылдам ақпаратқа бейім. Подкаст үшін көп рақмет, осындай маңызды тақырыптар талқылана берсе, түбі оң шешімдер қабылданары сөзсіз!
@gulsheker_sm5 ай бұрын
Керемет әңгіме болды. Қазіргі балалардың үлкен проблемасын көтердіңіздер. Шыны керек, балаға ұсынатын сапалы контент аз. Бәлкім, істелініп, шығып жатқан контент өтімді емес немесе сапалы контентті өзіміз дұрыс ұсыналмай отырмыз. Менің ұсыныстарым: 1. Қызықты сюжет пен кейіпкерлер (жаңа есімдер) болса. Сондай-ақ, шығарма кейіпкерлері мақсатты аудиторияның жасында болғаны абзал болады. 2. Шығарма тілі жеңіл әрі түсінікті. Мойындау керек қазіргі балалар қазақша сөздердің кейбірін түсіне бермейді. Шығарма ішінде комедияның, түрлі ойындардың элементтері болса, тіптен керемет болады. 3. Иллюстрация бала үшін маңызды. Үйлестірмелі суреттер түрлі түсті әрі өздері ұсынып салған сурет қызықты болмақ. 4. Кітапқа QR-код жасау. Кейіпкерлерді сөйлету, тапсырмалар орындау, оқиғаны қалай өрбітетіндерін сұрау сынды интерактивті қадамдар ұсыну. 5. Шығарма жай ғана балалар туралы болмау керек. Балалардың актуалды тақырыптары қозғалғаны жөн. Ол достық, сатқындық, отбасы, мектеп, жан-жануарлар, ғарыш тіпті, нанотехнологиялар жайлы. 6. Шығарма тек бір жанрда қатып қалмау керек. Балалар әдебиетінде ертегі көп. Әрине ол да керек. Бірақ қазіргі балаларға бұрыңғы ертегілер қызықты емес. Жаңа форматтағы ертегілер ойлап табу керек. Комикс, манго, әңгіме жанрында көптеп туынды жарық көрсе деймін.
@kutberdikabdesh82605 ай бұрын
Ассалаумағалайкум Өте жақсы пікір алмасты бізде балаларға арналған Әдебиет кітәпша бар 2022 жарық көрген Мультфильм жасатуға бардым 20 миллион сұрады бұл бір кісіге көп қаражат бала болашағы Елертеңі сондықтан бұған Ел боп Ел ағасы болып ат салысу керек Кітәпшаның мазмұны (Ағзалар арызы ) PDF нұсқасын тегін беремін хабарласыңыздар
@АкеркеСайлаугалиева5 ай бұрын
Елімізде әдеби клубтар ашылса жақсы болар еді. Балалардың тілінде көп шығармалар шығару керек. Ақындарымыздың да шығармаларын оқыса, терең білім алады.
@nurtasturganbek66296 ай бұрын
Балалар әдебиетіне байланысты керемет әңгіме өрбіген екен.
@Айзада-л5ц5 ай бұрын
Шынында қазіргі бастауыш сынып кітаптарына жаңа заманауи тақпақтарды кіргізу керек. Совет заманында жазылған тақпақтар бүгінгі буын балаларына жаттауға қиын болуы мүмкін. Тіліне келсек, әлдеқайда жеңіл болса деймін. Өйткені қазіргі балалардың тілі бұрынғы балаларға қарағанда қазақ тіліне жетік емес. Тілдері де кеш шығып жатыр.
@РетбекМағаз6 ай бұрын
Қонақтардың пікірімен келісемін, жақсы әңгіме өрбіпті. 👍
@AiganymSerikkalikyzy5 ай бұрын
🔥👍👍
@AidaNuradinova5 ай бұрын
👍🏻👍🏻👍🏻
@Aaaassssss-m5j6 ай бұрын
Жақсы, көріп жатырмыз
@Asima-2015.6 ай бұрын
Жақсы әңгіме болды
@Asima-2015.6 ай бұрын
Балалар әдебиетін дамытуға мемлекет араласу керек. Мемлекет ақын, жазушыны бір жерге тоғыстырып әдеби клуб құрып, тапсырыс берсе... Небір мықты туындылар тапсырыспен шыққанын білеміз. Оған қаламақысын аямау керек. Интернеттегі балаларға арналған өлеңдерді сүзгіден өткізетін, бақылау қоятын, тазартатын адам бар елде? Балабақша тәрбиелеушілері өлеңнің көркемдігін түсінбейді. Интернеттен көшіріп балаға жаттатқызады. Оған баланың тілі келмейді. Тілге жатық болмағасын қиналады. Министрлік тарапынан балабақшаларға сілтеме берілсе жақсы болар еді. Әр мереке сайын сол мереке туралы шығармалар таптастырып немесе белгілі бір тұлға туралы балаларға арналған шығармаларды топтастырса. Соны сілтеме етіп таратса нұр үстіне нұр болар еді.
@Aluashkino496 ай бұрын
қазір балаларға арналған қазақ тілді ойыншықтар да табылады ғой. ойыншықтарда да слайм, тикток сияқты оларға таныс дүниелер туралы жазылған өлең-шығармалар қолданылса ұтуға болады деп ойлайм. екінші атылған қоян - телефон болар еді.. 15:45
@Айзада-л5ц5 ай бұрын
Балалар әдебиетінде ертегі, повесть жанрында қалам тербеп жүрген құрдасым Айым Алтайқызын айта кеткім келіп тұр. Мысал ертегілері адами қасиеттерді дәріптеп, баланың түсінуінеде жеңіл жазылған.