Балалар неге сөйлемейді? | Смартфон баланы қалай сақау қылады? | ЕҢБЕК АДАМЫ #1

  Рет қаралды 36,815

Nartay Aralbayuli

Nartay Aralbayuli

Күн бұрын

#Қазақстан #Мажилис #Депутат #НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews #Еңбекадамы
00:00 Басы
01:00 Логопед-дефектолог - Нұрлықыз Нұрлыбек
01:44 Баланың сөйлемеу себебі неде?
04:10 Логопед пен дефектологтың айырмашылығы қандай?
08:47 Сенсорлық интеграция кабинеті деген не?
10:10 Маман қандай арнайы тестіден өтеді?
11:40 Мультфильмдердің зияны қандай?
14:42 “Баламыздың дамуын өщ қолымызбен шектеп жатырмыз”.
17:08 Су-джок терапиясы.
18:31 Дисграфия, дислексия диагнозы неге көп? Емдеу жолы қандай?
20:57 “Баланы кез келген диагноздан емдеп шығуға болады”.
22:15 “3 жасқа дейін баланы түзетіп, коррекция жасау өте оңай”.
26:03 Сөйлеуі мен психикасы бұзылған балалар неге көбейіп кетті?
27:03 Гамак пен подвесный туннельдің пайдасы қандай?
Қазір технология төрге шыққан заман. Таяқтың екі ұшындай әр жаңашылдықтың да оң және теріс тұсы бар. Технологиямен қатар тұрмыс жеңілдеді, рас. Бірақ, смартфонға байланған буынның тілі буылып жатыр. Мамандардың айтуынша, әр төртінші баланың тілінде дефект бар. Бұл дабыл қағып, алаңдайтын мәселе. Бүгінгі кейіпкеріміз мыңнан аса баланың тілінің шығуна ықпал етіп, сөйлеу қабілетін түзеген тәжірибелі логопед-дефектолог - Нұрлықыз Нұрлыбек.
Кей баланың тілі кеш шығады. Алайда қазіргі заманда тілі кеш шығып жатыр деп, бейқам жүруге тағы болмайды. Себебі, цифрлық ағаттық деген түсінік қалыптасты. Бала телефонға телміріп, өз бетімен, өз әлемінде өсе береді. Адамдармен қарым-қатынасы алыстаған сайын, сөйлеу қабілеті де дамымайды. Ең қорқыныштысы тілмен бірге ой-өрісі де тежеле бермек.
Нұрлықыз Нұрлыбек сияқты білікті, тәжірибелі мамандар қазіргі таңда өте-мөте көп керек, бізге. Өйткені, логопед-дефектологтарға сұраныс жыл сайын еселеніп жатыр. Біз де осындай кейіпкерді көрерменге таныстыра отырып, асқынып бара жатқан мәселеге елдің назарын аударғымыз келді. Мөлшерден асқанның бәрі зиян. Сондықтан, бала әйтеуір тыныш отырсын деп қолына телефонды ұстата бермеген дұрыс. Салғырттықтың салдарын һәм салмағын саралаған боларсыз. Шыбықты қалай исең, солай өсетінін ұмытпасақ игі.
“Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Басты қолдаушымыз AMANAT партиясы. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 40 фильм жарыққа шығады. Көріңіздер!
Интаграм: nartay_aralbayu...
Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev

Пікірлер: 113
@NartayAralbyuli
@NartayAralbyuli 3 ай бұрын
00:00 Басы 01:00 Логопед-дефектолог - Нұрлықыз Нұрлыбек 01:44 Баланың сөйлемеу себебі неде? 04:10 Логопед пен дефектологтың айырмашылығы қандай? 08:47 Сенсорлық интеграция кабинеті деген не? 10:10 Маман қандай арнайы тестіден өтеді? 11:40 Мультфильмдердің зияны қандай? 14:42 “Баламыздың дамуын өщ қолымызбен шектеп жатырмыз”. 17:08 Су-джок терапиясы. 18:31 Дисграфия, дислексия диагнозы неге көп? Емдеу жолы қандай? 20:57 “Баланы кез келген диагноздан емдеп шығуға болады”. 22:15 “3 жасқа дейін баланы түзетіп, коррекция жасау өте оңай”. 26:03 Сөйлеуі мен психикасы бұзылған балалар неге көбейіп кетті? 27:03 Гамак пен подвесный туннельдің пайдасы қандай? Пікір жазыңыздар! Экраннан түспейтін “тұлғалар” мен артистерден, саясаткерлер мен сарапшылардан қоғам шаршады. Солардың кесірінен қарапайым еңбек адамдары елеусіз қалады! Біз араға 2 жыл салып осы қателікті қайтадан түзету үшін ЕҢБЕК АДАМЫ деректі фильмдер сериясын қайта бастадық. Міндетті түрде көріңіз! 🔹Бүгінгі кейіпкеріміз: Нұрлықыз Нұрлыбек - логопед-дефектолог.
@user-xo1gb2pc9s
@user-xo1gb2pc9s 3 ай бұрын
Нартай Аралбай неге ШҚО Күршім ауданы Маралды ауылы туралы мәселе көтермейсіңдер.
@user-ik4lp2qs1g
@user-ik4lp2qs1g 3 ай бұрын
Салеметсіздер ме, мен Нұрлықыз Нұрлыбекқызымын. өте мықты түсірілім болды. Түсірілім тобына мың алғыс. Қарапайым адамдардың еңбегін елеп, еңбек жолымызға қызығушылық танытқандарыңызға рақмет. Еңбектеріңіз жана берсін, берекелі болсын🥰🥰🙏🏻🙏🏻🙏🏻
@Aizhan_Onlasbekqyzy
@Aizhan_Onlasbekqyzy 3 ай бұрын
Нартай бауырымызға сәттілік серік болсын! Көрермені көп болсын!
@arystangaliaryn9535
@arystangaliaryn9535 3 ай бұрын
Керемет! Сәтті болсын! Логопед-дефектолог бүгінгі күні өте қажетті мамандық болып отыр.
@user-cr3jq5fq6x
@user-cr3jq5fq6x 3 ай бұрын
Өте орынды казіргі уақытқа керекті мәселе
@gulnarazhanalieva4165
@gulnarazhanalieva4165 3 ай бұрын
Нұрлықыз еңбегінің жемісін көре бер! Ата-анаңның үмітін ақта!
@user-rq3li5sr3i
@user-rq3li5sr3i 3 ай бұрын
Жарайсың қызым қазіргі кезде өте қажетті мамандық елге қызмет жасап, елдің алғысын ала бер, күйеу бала екеуіңе сәттілік.
@user-sn1eh5hz3k
@user-sn1eh5hz3k 3 ай бұрын
Нұрлықыз Нұрлыбекқызы биік белестерді бағындыра беріңіз. Сәттілік сізге
@user-im8td3li7f
@user-im8td3li7f 2 ай бұрын
Қоғамдағы бүгінгі күннің нәубетін жеңіп, айналасына ұрпаққа сенім силаған қызым еңбегің жемісті болсын, ұстаз бен емші құдайдан деген сөз сендей жандарға айтылған. Еңбегің жемісті болсын.
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 3 ай бұрын
Мықты Еңбек адамы түсірілімі қатты ұнады
@user-ri3rr1kb6p
@user-ri3rr1kb6p 3 ай бұрын
Кандай тамаша карапайым енбек адамдарын тусиндиргендериниз, осындай багдарламалар коп болсын🥳
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 3 ай бұрын
Міне шындық
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 3 ай бұрын
Мықты Еңбек адамы фильмі жалғасын таба берсін күтеміз
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 3 ай бұрын
Міне ашық әңгіме еңбегің жана берсін әр жанұяның алғысына бөлене бер
@abylai9050
@abylai9050 3 ай бұрын
Қандай мықты сыйластық
@user-oy9nf3dj5x
@user-oy9nf3dj5x 3 ай бұрын
Нұрлықыз жұмысыңызға берекет берсін🙏🏻
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 3 ай бұрын
Ата аналар көрейік өзімізге бағыт алайық
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 3 ай бұрын
Жанұяда бақыт тілейміз
@abylai9050
@abylai9050 3 ай бұрын
Мықты түсірілім көрейік бағалайық
@user-oy9nf3dj5x
@user-oy9nf3dj5x 3 ай бұрын
Өз ісін сүйіп істейтін мамандар көп болсын
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 3 ай бұрын
Мықты мамандық тіл түзеу
@abylai9050
@abylai9050 3 ай бұрын
Жанұяңның тірегімықты енеңе рахметттт
@abylai9050
@abylai9050 3 ай бұрын
Балалардың алғысына бөлене беріңдер
@user-jb2go1vz6y
@user-jb2go1vz6y 3 ай бұрын
Өте орынды қазіргі уақытқа керекті мәселе
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 3 ай бұрын
Қандай тамаша жан ашық жарқын жан
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub 3 ай бұрын
Жарайсың Нартай
@abylai9050
@abylai9050 3 ай бұрын
Еңбек адамы оте мықты көрейік
@abylai9050
@abylai9050 3 ай бұрын
Көрейік өзімізге бағыт алайық
@user-cr3jq5fq6x
@user-cr3jq5fq6x 3 ай бұрын
Нартай бауырым, қолыңыз бос уақыт болып жатса спортпен шұғылданып тұрыңыз. Браз салмақ қосып жатқан сияқтысыз.
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 3 ай бұрын
Ия балалар қазіргі таңда тіл мүкістігінен қиналады
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 3 ай бұрын
Еңбек адамы фильмі өте тамаша көрейік таратайық ата аналарға ой салайық
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 3 ай бұрын
Жарайсыңдар
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 3 ай бұрын
Әттең бұрынғыдай балалар еркін ойнап еш қиындықсыз дамып өссе ғо
@abylai9050
@abylai9050 3 ай бұрын
Баланың болашағы үшін алаңдауымыз керек
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 3 ай бұрын
Тежелуі бар бала өте көп қазіргі таңда
@abylai9050
@abylai9050 3 ай бұрын
Қандай тамаша балалар
@user-oy9nf3dj5x
@user-oy9nf3dj5x 3 ай бұрын
Балаларымыздың болашағын ойласақ дефектологтар көп болу қажет🙏🏻
@abylai9050
@abylai9050 3 ай бұрын
Аллам сабыр берсін
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub 3 ай бұрын
Өзіңдей азаматтар көп болсын
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 3 ай бұрын
Үлкен табыс көзі болды қазіргі таңда
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 3 ай бұрын
Амандық болып балалар шаттықпен өсе берсе екен
@rashaevrashaev7065
@rashaevrashaev7065 3 ай бұрын
👍👍👍
@user-bq6iz9pi6w
@user-bq6iz9pi6w 3 ай бұрын
Сәттілік, керемет👍👍👍
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 3 ай бұрын
Тыңдауға көруге және ойлануымыз керек
@beisensambetov640
@beisensambetov640 3 ай бұрын
Міне нағыз еңбек адамы!
@user-ri2ik2ru2k
@user-ri2ik2ru2k 2 ай бұрын
Өте орынды тақырып☑️🇰🇿
@Aizhan_Onlasbekqyzy
@Aizhan_Onlasbekqyzy 3 ай бұрын
Нұрлықыз, еңбегің жансын! Елдің ықыласына бөлене бер! Біз сенімен мақтанамыз! Шымкент қаласы, 38 мектеп-гимназиясының түлегі!
@user-gk9ps2jj1w
@user-gk9ps2jj1w 3 ай бұрын
Нұрлықыз Нұрлыбековна еңбегіңіздің жемісін көріңіз👍🏻 Өте мықты маман👏
@abylai9050
@abylai9050 3 ай бұрын
Көріп риза болып отырмын
@user-ou1de3rg5b
@user-ou1de3rg5b 3 ай бұрын
👏👏👏👏
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 3 ай бұрын
Балапандар қандай әдемі
@user-he9wr4ut8i
@user-he9wr4ut8i 3 ай бұрын
Жақсы маман табу өте қиын! Маман тапқан жағдайда бағалары тым қымбат. Ақшасы қол жетімді болса, жағдайы төмен отбасыларда балаларын алып барып сөйлетіп алатын еді! Қолдарынан ештене келмейтін логопед дефектологтарда бар олардың да бағасы қымбат.😢😢😢😢
@YerkowBM
@YerkowBM 3 ай бұрын
👍👍 бірінші
@user-ou1de3rg5b
@user-ou1de3rg5b 3 ай бұрын
🙌🙌🙌🙌
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub 3 ай бұрын
Әб бәрекелді
@user-ou1de3rg5b
@user-ou1de3rg5b 3 ай бұрын
👍👍👍👍
@user-oy9nf3dj5x
@user-oy9nf3dj5x 3 ай бұрын
👍👍
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 3 ай бұрын
Балалар үшін өте керектімамандық
@abylai9050
@abylai9050 3 ай бұрын
Аллам ұрпақпен сынамасын
@user-rp3xi9br3u
@user-rp3xi9br3u 3 ай бұрын
Нұрлықыз ,қалқам бастамаң өрге өрлесін !!! БІЛІМ САЛАСЫНДА ТІЛДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІНЕ КӨҢІЛ АУДАРЫП ,АТА АНАЛАРМЕН ТЫҒЫЗ БАИЛАНЫСТА БОЛУ КЕРЕК . Енесі тамаша адам екен .
@bauyrzhanbogenbay7348
@bauyrzhanbogenbay7348 3 ай бұрын
Еңбек адамдарын насихаттайтын мықты бағдарлама екен. Әлі де күтеміз. осындайларды көбейтсеңдер екен
@abylai9050
@abylai9050 3 ай бұрын
Алла ешқашан ұрпақпен сынамасын
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 3 ай бұрын
Оқу жазу бұзылыстары өте көп
@user-hh2sx3lq8y
@user-hh2sx3lq8y 3 ай бұрын
Осындай мамандық иелері көөп болса екен
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 3 ай бұрын
Ата аналар да қазіргі таңда қорқады ұрпағы үшін уайымдайды
@abylai9050
@abylai9050 3 ай бұрын
Еңбектерің елене берсін
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 3 ай бұрын
Орталық мамандарыда іріктелген өте тамаша
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 3 ай бұрын
Сабақ алайық ойланайық
@abylai9050
@abylai9050 3 ай бұрын
Ұрпақпен сыналмайық ағайын балаға көп көңіл бөлейік
@abylai9050
@abylai9050 3 ай бұрын
Көріп сүйсініп отырмын
@abylai9050
@abylai9050 3 ай бұрын
Анаңа мың алғыс жолыңды дұрыс ьапқансың
@abylai9050
@abylai9050 3 ай бұрын
Өте қажет мамандық
@abylai9050
@abylai9050 3 ай бұрын
Ойланып кешігіп қалмай қадағалау керек
@user-gm6em1pt9y
@user-gm6em1pt9y 3 ай бұрын
Очень актуальная тема. Нужно обсуждать
@abylai9050
@abylai9050 3 ай бұрын
Тамаша маман
@user-oy9nf3dj5x
@user-oy9nf3dj5x 3 ай бұрын
Қазіргі таңда шынымен сөйлей алмайтын балалар көп
@user-dy8yr6md7u
@user-dy8yr6md7u 3 ай бұрын
Нурлыкыз балаларга нурынды шаша бер.
@abylai9050
@abylai9050 3 ай бұрын
Жанұяңмен бақытты боллыңдар
@abylai9050
@abylai9050 3 ай бұрын
Орталықтарың дами берсін
@user-wt4jy3pt3h
@user-wt4jy3pt3h 2 ай бұрын
Қазіргі уақытта керек мамандар
@joker-zp2re
@joker-zp2re 3 ай бұрын
Бундай маман жогалсын балалар еш ауырмасын
@abylai9050
@abylai9050 3 ай бұрын
Әр мамандықтың қиындығы да қызығыда болады
@abylai9050
@abylai9050 3 ай бұрын
Өз мамандығын сүйіп сыйлайтын адам ғана жетістікке жетеді
@user-oy9nf3dj5x
@user-oy9nf3dj5x 3 ай бұрын
Мектепте сау баламен мұғалімдер әзер жұмыс істейді, ерекше балалармен тіпті қиын шығар
@user-nc7ru5mn3t
@user-nc7ru5mn3t 3 ай бұрын
Ия оте киынн коп
@abylai9050
@abylai9050 3 ай бұрын
Дұрыс айтады балалардың тіліндегі қиындық әрбір ата ананы ойландырады
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 3 ай бұрын
Ата аналар да уайыидайды
@abylai9050
@abylai9050 3 ай бұрын
Енеңе мың алғыс түсінігі жоғары жан жснұяның бірлігін сыйластығын сақтай білген
@abylai9050
@abylai9050 3 ай бұрын
Мектепте берілетін білімді алу үшін дайын болып бару керек
@abylai9050
@abylai9050 3 ай бұрын
Талғамда талапта бар
@user-lb5tm7pe1v
@user-lb5tm7pe1v 3 ай бұрын
Қайырлы күн! Мен Нұрлықыз Нұрлыбекқызын 2020 дан бері білемін! Алланың қалауымен бір күні Ақсай ықшам ауданында үлкен ұлыммен бала -бақшадан шығып келе жатқанымда менің ұлыма қарап сырттай диагностика жасап, мені тоқтатып, мен логопед маманмын! Орталығым бар консультацияға келіп көріңізші деп ұсыныс білдірді! Солай танысып кеттік! Менің ұлымда ол кезде түсінік болмады, сөйлемейтін! Соны сырттай көріп біздің жағдай ол кісіні бей-жай қалдырмады! Өзіміз сол кезде маман іздеу үстінде едік, қатты қуандық! Тез арада сабақ бастап кеттік! Басында бәріне қиын болды! Үш ай ішінде үлкен өзгеріс болды! Ұлыма қатты ұнады! Сөйлеп кеттік, түсінік қалыптасты! Глазной контакт қалыптасты! Аллаға шүкір қазыр арасында балам тоқтай тұршы дейтін болдық! 2023 бері екінші ұлымдада сондай өзгерістер байқадым, бірден Нұрлықыз апайға келдім! Мен білем сіз менің ұлыма көмектесе аласыз, мен сізге сенемін деп! Шүкір қазыр бәрі жақсарып келеді! Нұрлықыз Нурлыбекқызы өте білікті маман! Өз ісін сүйіп істейді! Әр баланың жетістігіне ата-анаданда қатты қуанады! Биік белестерді бағындыра беріңіз! Сәттілік сізге! Ал орталыққа келетін болсақ. Орталықтың мамандары бәрі білікті- тәжірибелі мамандар! Бәрі кішіпейілді, ізетті жандар! Қашан барсаңда күлімдеп жарқырап тұрады мың алғыс сіздерге мамандар! Өсе беріңіздер! Өркендей беріңіздер!
@abylai9050
@abylai9050 3 ай бұрын
❤❤❤
@abylai9050
@abylai9050 3 ай бұрын
Еңбек адамы фильмі жақсы түсірілім
@abylai9050
@abylai9050 3 ай бұрын
Баланы он үш жасқа дейін баланың есту ойлау көру бағыттары дамиды осы кезеңде химиялық дәрі дәрмекпен улай беру де зиян
@Almat.88
@Almat.88 3 ай бұрын
Атенай, бурун биз жазда футбол ойнап,кыста горка теуп,зорга уйге киргызушед. Казырги балар уйден шыгару кин болды😢
@user-wx3kt7jn4q
@user-wx3kt7jn4q 3 ай бұрын
Оте мыкты екен менде баламды корсесемдеп оилаимын калаи табуга болады?
@bulattaekwando7173
@bulattaekwando7173 3 ай бұрын
Акша табу үшін істеп жүргендер көп негізі.
@user-zb6ye1mh1b
@user-zb6ye1mh1b Ай бұрын
. . Нұрлықыз Нұрлыбекқызының орталығы қай қалада Астанадама?адресін қалай алуға болады .
@user-qz5jk5dn7i
@user-qz5jk5dn7i 3 ай бұрын
Сізбен қалай хабарласуға болады?
@ainur8968
@ainur8968 3 ай бұрын
Далага шыгарып,баламен ойнап,баланы -балалармен ойнатып,сөйлессең сөйлейді ғой. Былжырап,сасып үйден шықпай,ешкіммен араласпай, телефон ұстатып қояды балаға, қайдан сөйлесін
ОДИН ДЕНЬ ИЗ ДЕТСТВА❤️ #shorts
00:59
BATEK_OFFICIAL
Рет қаралды 6 МЛН
Final muy increíble 😱
00:46
Juan De Dios Pantoja 2
Рет қаралды 33 МЛН
MEGA BOXES ARE BACK!!!
08:53
Brawl Stars
Рет қаралды 31 МЛН
Каха ограбил банк
01:00
К-Media
Рет қаралды 9 МЛН
СҚО.Аққайын ауданы.Дайындық ауылы
2:25
Айжан Сапиева
Рет қаралды 2,8 М.
Қалай негативті ойлардан арыламын?
1:08:17
Балқия Балтабай
Рет қаралды 252 М.
Баланың жылауын 2 минутта тоқтату
6:36
Алмагүл Алдабергенова
Рет қаралды 2,7 М.
ОДИН ДЕНЬ ИЗ ДЕТСТВА❤️ #shorts
00:59
BATEK_OFFICIAL
Рет қаралды 6 МЛН