Балалардың тырнағына ине тыққан | Қазақтың жазылмаған жарасы

  Рет қаралды 33,460

Cұрауы бар / Sūrauy bar

Cұрауы бар / Sūrauy bar

26 күн бұрын

Алаш қайраткерлерінің әйелдері жазықсыз жапа шеккен тозақ мекені.
Алжирден арнайы репортаж!
Қуғын сүргін мен ашаршылықтың қазақ санасында қалдырған ауыр жарақаты. Құрбандарды ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия не шешті? Сұрау салдық. Талқыладық.
Көріңіз. Пікір жазыңыз!
Бүгін 20:00-де «Сұрауы бар» ютуб арнасында.
1-бөлім
00:01 Амандасу
01:22 АЛЖИР музейімен таныстыру
02:20 Әйелдерді алдап алып келген вагонмен таныстыру
05:16 АЛЖИР музейінің ішіне экскурсия
07:10 Әйелдер отырған түрменің есігі
09:00 Әйелдерге хат жазуға рұқсат бермеген
11:00 Әйелдерді аяғы жерге тимейтін орындықта тергеген
11:55 Жатын бөлмесінің көрінісі
12:54 Түрмеге келген хаттардың жанбай қалған бөліктері
14:00 Тұрар Рысқұловтың әйелі Әзиза Рысқұлованың тағдыры
14:14 Бейімбет Майлиннің әйелі Гүлжамал Майлина лагерьде қой баққан
15:35 Темірбек Жүргеновтың әйелі Дәмеш Жүргенова лагерьде ана мен балаға қарайтын
15:54 Уәзипа Күленоваға лагерьде қыстгүні суға құлағанда киім ауыстыруға рұқсат бермеген
16:35 Ұлт зиялыларының әйелдері қалай киінген еді?
17:00 Наннан жасалған мүсіндер
18:40 «Қасірет тақтасындағы» есімдер
2-бөлім
19:33 Амандасу
20:10 Бүгінгі ұрпақ ашаршылық жайлы біле ме? (сауалнама)
21:05 Нәубет жылдары 4 млн қазақ көз жұмған
21:42 Президент Тоқаев нәубет құрбандарын еске алуға шақырды
23:05 Совет үкіметі 2 млн 600 мыңдай құжатқа «құпия» деген белгі қойған
3-бөлім
23:49 Қонақты таныстыру
24:25 Мемлекеттік комиссия 311 мың адамды ақтады. Олар кімдер?
25:47 Ол уақытта тергеушілер шаласауатты болған
27:01 Қудаланғандардың ұрпақтары тергеушілердің ұрпақтарына түсіністікпен қарайды
29:24 Ең бірінші дін қызметкерлері қудаланды
32:13 Архивте зерттеуге құқық қорғау өкілдері кедергі жасамады
33:49 Кеңес үкіметі қылмысын жойып жіберуі мүмкін
34:11 «Қазақ халқын қырыңдар» деген документті көрген жоқпыз
35:50 Ашаршылықтың «травмасы» ұрпақта қалады
38:30 НКВД тергеушілерінің қулық-сұмдығы
41:17 Кремльмен жағаласудың қажеті жоқ
42:18 Алаш зиялылары 5 жылдың ішінде халықтың санасын көтеріп кетті
45:30 Сотсыз атылып, құжаты сақталмағандар бар
46:42 Алаштың танылмай жатқан тұлғалары көп
47:03 Көтеріліске қатысқан қыздар бар
48:54 Жасы 70-80-ге келген ишандар көтеріліске шыққан
50:00 Өсек айту, ғайбат сөйлеу бізге 19 ғасырда тереңдей бастады
51:48 Қазақ, орыс, украин зиялылары бірге болған
55:35 Мемлекеттік комиссияның құжаттарын зерттеу жалғасады

SŪRAUY BAR - биліктің бастауы - ХАЛЫҚ. Ал ел талабы - біздің назарда. Себебі әр қазақтың сұрауы бар.
Facebook / surauybar
Instagram / surauybar
Tik tok / surauybar
Біздің жобалар. Сілтемені басып көріңіз!
АШЫҚ СҰХБАТ • ...СҰРАУЫ БАР - АШЫҚ С...
ДЕРЕКТІ ФИЛЬМДЕР • ДЕРЕКТІ ФИЛЬМДЕР
ӨТКІР ОЙ • ӨТКІР ОЙ
ВИДЕОПОДКАСТ • ... СҰРАУЫ БАР - ВИДЕО...
QAZAQ BOL • QAZAQ BOL
#Surauybar #Cұрауыбар

Пікірлер: 282
@surauybar
@surauybar 22 күн бұрын
1-бөлім 00:01 Амандасу 01:22 АЛЖИР музейімен таныстыру 02:20 Әйелдерді алдап алып келген вагонмен таныстыру 05:16 АЛЖИР музейінің ішіне экскурсия 07:10 Әйелдер отырған түрменің есігі 09:00 Әйелдерге хат жазуға рұқсат бермеген 11:00 Әйелдерді аяғы жерге тимейтін орындықта тергеген 11:55 Жатын бөлмесінің көрінісі 12:54 Түрмеге келген хаттардың жанбай қалған бөліктері 14:00 Тұрар Рысқұловтың әйелі Әзиза Рысқұлованың тағдыры 14:14 Бейімбет Майлиннің әйелі Гүлжамал Майлина лагерьде қой баққан 15:35 Темірбек Жүргеновтың әйелі Дәмеш Жүргенова лагерьде ана мен балаға қарайтын 15:54 Уәзипа Күленоваға лагерьде қыстгүні суға құлағанда киім ауыстыруға рұқсат бермеген 16:35 Ұлт зиялыларының әйелдері қалай киінген еді? 17:00 Наннан жасалған мүсіндер 18:40 «Қасірет тақтасындағы» есімдер 2-бөлім 19:33 Амандасу 20:10 Бүгінгі ұрпақ ашаршылық жайлы біле ме? (сауалнама) 21:05 Нәубет жылдары 4 млн қазақ көз жұмған 21:42 Президент Тоқаев нәубет құрбандарын еске алуға шақырды 23:05 Совет үкіметі 2 млн 600 мыңдай құжатқа «құпия» деген белгі қойған 3-бөлім 23:49 Қонақты таныстыру 24:25 Мемлекеттік комиссия 311 мың адамды ақтады. Олар кімдер? 25:47 Ол уақытта тергеушілер шаласауатты болған 27:01 Қудаланғандардың ұрпақтары тергеушілердің ұрпақтарына түсіністікпен қарайды 29:24 Ең бірінші дін қызметкерлері қудаланды 32:13 Архивте зерттеуге құқық қорғау өкілдері кедергі жасамады 33:49 Кеңес үкіметі қылмысын жойып жіберуі мүмкін 34:11 «Қазақ халқын қырыңдар» деген документті көрген жоқпыз 35:50 Ашаршылықтың «травмасы» ұрпақта қалады 38:30 НКВД тергеушілерінің қулық-сұмдығы 41:17 Кремльмен жағаласудың қажеті жоқ 42:18 Алаш зиялылары 5 жылдың ішінде халықтың санасын көтеріп кетті 45:30 Сотсыз атылып, құжаты сақталмағандар бар 46:42 Алаштың танылмай жатқан тұлғалары көп 47:03 Көтеріліске қатысқан қыздар бар 48:54 Жасы 70-80-ге келген ишандар көтеріліске шыққан 50:00 Өсек айту, ғайбат сөйлеу бізге 19 ғасырда тереңдей бастады 51:48 Қазақ, орыс, украин зиялылары бірге болған 55:35 Мемлекеттік комиссияның құжаттарын зерттеу жалғасады
@user-rg3vs4im3t
@user-rg3vs4im3t 23 күн бұрын
Қуғын сүргінде жазықсыз зардап шеккен әйелдердің жатқан жері жаннаттың бағы болсын!Оларды азаптағандардың барған жерлері тозақ болсын!🤲🙏😰
@user-tw8il3jc2h
@user-tw8il3jc2h 18 күн бұрын
Әмин Әмин .😢😢😢
@Azamat23.07
@Azamat23.07 11 күн бұрын
Амин амин
@user-xm6pu1cl1o
@user-xm6pu1cl1o 24 күн бұрын
Сұмырай сұрқия сұм заман, қарғыс атқан НКВД, өкініштісі; ұшқын зардабы, әлі күнге дейін жалғасуда!
@user-xp1ez1tg8c
@user-xp1ez1tg8c 24 күн бұрын
Сейчас Во ВЛАСТИ РК сидять коррупционеры ,люди воспитанники Красного террора Кремля,игнорирует Простого НАРОДа КАЗАХОВ, варварами были целенаправлена разработаны спецоперация уничтожать КАЗАХОВ первым планом был и есть ,что доказывал в КАНТАР кыргыны НАЗАРБАЕВ Нурсултан хотел вписаться в династии ХАНОВ,нашелся БАНДИТСКАЯ ВЛАСТЬ Бандитская несменяема Владыки невменяема организованной приступной группой приступников Нуршайтан,33 года ПАЛАЧИ кровь попили,эти Шайка Семейка ОДНОГО ЧЕЛОВЕКА Назарбаева Нурсултана уничтожил Весь КАЗАХСТАН, Генацид устраивает КАЗАХАМ, проблемы создают ИНОАГЕНТЫ -диктаторы, продавали детей ежегодно 25 тыс детей иностранцам ПО 12000 $ это где то 25-27 Млрдов долларов, ВОРУЮТ, жируют игнорирует Простых КАЗАХОВ ЗАЧЕМ???? Унитарное Государство только для КАЗАХОВ привелегия должен быть!!!! Русские - такой национальности нет, русские прилагательное отвечает на вопросы ЧЕЙ???? Россы-это пираты, лжецы, Варяги, аккупанты чужих земель и территории тюркоязычных НАРОДОВ и племен, которая столица Золотой Орды тюркоязычных НАРОДОВ и племен Москва-Москау в переводе от английского языка Мечеть-Мешіт запомните!!!! Придумали Историю русских иностранцы англичанином, артелеристом, он не Историк написал лжеисторию Руси Татищевым англичанином, артелеристом Daniel Bruk, придумал Пётр 1 он чистокровные Немцы династия Гольштейн Готтопор Австрийские правили Россией с 1721 года новообразованной Государстве Руси до 1917 года ,25 октября свергнуты революцией Парвусом евреем ПО Кличке Ленин,а после его смерти Сталин возглавил Красный террор Кремля армян, мать Грузинка, воспитали родственники ПО материнский линии Грузины!!! С Адольфом Гитлером сговоре были завоевать с 1939 -1941 год Финляндию,Польшу, Чехословакию,а затем 50:50 разделить между собой.Но Сталин не смог Финляндию завоевать,показали слабость Сталина.А после чего Адольф Гитлер 22 июнья 1941 год проник СССР,это была Мировая Война аккупировать и делить Тюркоязычное Государство!!!!
@user-xm6pu1cl1o
@user-xm6pu1cl1o 22 күн бұрын
Өкінішті; тізгін жаттың және мәңгүрттердің қолында, жаламенен қаншама, Қазақтың алтын бастары, кетіп жатыр, Қазақты тонап жою үшін құрылған, қанды-қол сұмырай сұрқия сұм жүйе, түп тамырымен жойылмай, зұлым-тар жалғаса береді!
@BerikbolOrazaliev
@BerikbolOrazaliev 19 күн бұрын
Ассалаумағалейкум қазақ елі сұрқия саясаты қанішерлерай құдай жеті атасына дейін оңбай кеткірлер ай біздің өзіміздің ішіміз ішінде бір-бірімізді сатқындар көп болған емеспа соның кесірінен қаншама халқымыз қырылып Кентау
@user-nu2ls6gb8g
@user-nu2ls6gb8g 24 күн бұрын
Қудалау қазір де бар. Саяси тұтқындарға бостандық берілсін!
@user-tw8il3jc2h
@user-tw8il3jc2h 18 күн бұрын
Ия ия кудалау биздеде журип жатыр .
@user-px2ck9oy8c
@user-px2ck9oy8c 24 күн бұрын
Қазақтвң рухын оятатын,көтеретін,Өте керемет жаңа ақпараттар алдым... ҚАЗАҒЫМ АУЫЗ БІРШІЛІГІМІЗ КҮШТІ БОЛСЫН!!!🎉❤
@user-xp1ez1tg8c
@user-xp1ez1tg8c 22 күн бұрын
Диванда жатып ангиме айткандар кур сулде!!!!
@Khantagy
@Khantagy 19 күн бұрын
Т​@@user-xp1ez1tg8cТАНИРШИЛДЕРДЫН БАРИ БАТЫР ДУДУЛЯХ
@user-xm6pu1cl1o
@user-xm6pu1cl1o 24 күн бұрын
Қызымыз білімді, көкірегі терең екен, шексіз құрмет алғыс! Тәңірі желеп жебесін!
@user-oz1de1xv1v
@user-oz1de1xv1v 24 күн бұрын
Алла.жар.болсын.де
@user-wc1tc8nz6f
@user-wc1tc8nz6f 24 күн бұрын
@@user-oz1de1xv1v Тәңір деп айтуға болмайма сонда?
@user-oq6ny8qp6e
@user-oq6ny8qp6e 24 күн бұрын
​@@user-oz1de1xv1vойбуй бұл бейшаралар олай айталмайдығой, Алланы ауызға алса жыны қозады.
@user-hy4yl3xe3d
@user-hy4yl3xe3d 23 күн бұрын
​@@user-oq6ny8qp6e Санасыз екенінді көрсетпендерші. Қазақтын Тәңірімізді қолдап жүрсін деп,ата бабамызда айтқан.
@user-nt5yr3kz9d
@user-nt5yr3kz9d 23 күн бұрын
Қазақ, және Орта Азия мусулман халықтарды кім қырды? Бүл Евроцентрист жұйе жоспарлады,кремль орындаушы...
@user-st8te5re6j
@user-st8te5re6j 24 күн бұрын
Осыншама жер ,тіл ,ұлт үшін азап көріп сотталғандарды ақтап ала алмасақ ұрпақтың ұсақтануы ақталуларын сұраймыз
@serikibrayev3246
@serikibrayev3246 24 күн бұрын
Қарындасым алаш зияларына жасаған, жұмысың жандана берсін, ата баба әруағы қолдасын.👍
@fordusa2439
@fordusa2439 23 күн бұрын
Я Аллаһым ел жұртымызды ауыр сынағыңнан сақтай көр! Ұлымызға , ұрпағымызға салиқалы тақуалы жандарды нәсіп ет! Қайырлы ғұмыр кешуін нәсіп қылагөр.!.
@user-tw8il3jc2h
@user-tw8il3jc2h 18 күн бұрын
Әмин Әмин .
@bolatkasenbaev7539
@bolatkasenbaev7539 24 күн бұрын
Мың өліп мың тірілген қазағым аи көрмегені жоқ қои. Сол заманның адамдарына мың тағзым.
@user-eq5lh4gh8g
@user-eq5lh4gh8g 24 күн бұрын
Осындай Ата анамыздың басынан өткізген қайғы қасіретін ,көбірек көрсетіңіздер ,орыс қанішерлерінің қазақ халқына не істегенін өскелең ұрпақ көріп ,дос пен дұшпанын ажырата білсін.және қазіргі мына Тоқаевтің қанішерлері көріп ойланар ма екен !!!!!.
@ultzhandyqazaq
@ultzhandyqazaq 24 күн бұрын
Совет өкіметінің қазақ халқына жасаған бүкіл зұлымдығын әшкерелеп бүкіл құпиясын ашып тастау қажет! Үштік құрылыидар әліде ФСБ-нің ықпалында жүрген сияқты!
@aizhannigmetova9913
@aizhannigmetova9913 22 күн бұрын
Тек қана қазақ халқы емес,өздерінің орыстарында қырып,әйел баласын осы жерге жіберген!Бұл Сталиннің ісі болған
@user-ky9wd7vn3b
@user-ky9wd7vn3b 24 күн бұрын
көрінде өкірсін ұрпағының алдына келсін әмин тұқымдары көбеймей кетсін
@blago6822
@blago6822 22 күн бұрын
Корлеринде окирсин сталин, ленин, кафир фашист орыс халкы ,коммунистер , Аминь аминь аминь
@user-gn1db5eh8u
@user-gn1db5eh8u 24 күн бұрын
Осындай сумдык тек коммунистік жүеде болуы мүмкүн.
@user-db8xr9rg2t
@user-db8xr9rg2t 24 күн бұрын
Әйелдерді қорлағаны қазақтвң тұқымын құрту болды мақсаттары!
@user-xo5ts1jx3z
@user-xo5ts1jx3z 24 күн бұрын
Алла рахымына алсын саяси құрғын сүргін көрген қазақ халқына. Естіп көрудің өзі өте ауыр
@user-lu1zt8se1s
@user-lu1zt8se1s 24 күн бұрын
Осы жағдай қайталанбау үшін,қазақ халқын ,ояу сана мен терең біліммен тәрбиелеу керек. Адал ағартушы тобын көбейту керек
@user-ky1bw5ue1d
@user-ky1bw5ue1d 24 күн бұрын
Жарайсыңдар, жандарым.Ұлт тағдыры- ұрпақ қолында
@Kausarboom
@Kausarboom 24 күн бұрын
Мағжан атамыздың өлеңін жыламай көру мүмкін емес😢😢😢
@bolatamangalyev8986
@bolatamangalyev8986 24 күн бұрын
Осы сәтті пайдаланып саяси туткындарга БОСТАНДЫК берілсін!!!!
@KoksuMC
@KoksuMC 24 күн бұрын
Сұмдық 😢Қайран қазағымай. Жүрегім ауырып кетті😢
@azzamnomad872
@azzamnomad872 24 күн бұрын
Оян Қазақ Ойлан. Қазақстанға люстрация, декоммунизация қажет. Қазақстан егемендік алғалы билікт басында сол компартия мен КГБ отыр. Аманат - нуротан -компартия. КНБ -КГБ -НКВД. Қазақтың ата жауы ресей, ішкі жауы мәнгүрт.
@user-zs8xe6og1i
@user-zs8xe6og1i 22 күн бұрын
Осындай білімді адамдарды сұхбатқа көптеп шақыру керек. Сөз саптауы, сөйлеу әдебі тамаша екен 👍
@fordusa2439
@fordusa2439 23 күн бұрын
Я Аллаһым өзіңнің тура жолыңда және қазақ елі үшін азаб шекен АТА АНАЛАРЫМЫЗДЫҢ РУХЫН ШАТТАНДЫРА КӨР !.
@user-tw8il3jc2h
@user-tw8il3jc2h 18 күн бұрын
Әмин
@xplay8164
@xplay8164 22 күн бұрын
Иманды болсын барлығы да.Амин. Жәннатта болсын жандары.
@user-zq1vs3ip3l
@user-zq1vs3ip3l 24 күн бұрын
Қазірде вакуум ішіндегі өмірде сүрудеміз, сайлауымыз әділ емес ресейге тәуелді
@Altynorda-fk4yw
@Altynorda-fk4yw 24 күн бұрын
Керемет иним. Биринши рет корип отырмын кинанышты екен. Орыстын журген жери осылай.
@user-to6eg3dd6q
@user-to6eg3dd6q 24 күн бұрын
Бәрі дұрыс, шындық айтылған, Президент те ақтау туралы бұйрық берген, бәрекелді, тек бір нәрсе түсініксіз, егер факт бар болса не үшін геноцид деп қабылдай алмай жатырсыздар, зұлматта өмірден өткен барлық жандардың рухы шат болсын🤲
@gulnarjetpisbaeva9623
@gulnarjetpisbaeva9623 24 күн бұрын
Аянышты естеліктер...Ата бабамыз не көрмеді...Ұрпақ білсін! Қаңтар азабында зерттеп, нақты тарихи естеліктер шығармаңдар жақсы болар еді...
@gulnarjetpisbaeva9623
@gulnarjetpisbaeva9623 24 күн бұрын
Шығарсаңдар дегенім ғой.
@user-gn1db5eh8u
@user-gn1db5eh8u 24 күн бұрын
Балаларға тарихты оқыту керек шындықты.Балалар бир бирин аямай үрып өлтитуды қою керек.Аскерде де балаларымыз өлип жатыр кәзир.Биздин тарихымызды дүрыстап билу керек Каншама қырылып зардап шеккенди..
@user-lb2qx9ee4s
@user-lb2qx9ee4s 24 күн бұрын
Балаларға тырнағына ине тыққандарұрпақтарына тығылсын
@user-bd5qx5zu2d
@user-bd5qx5zu2d 24 күн бұрын
Жақсы тарихшы, ғалым екен. Бірақ ел үшін ұлт үшін жанын берген түркістандық тұлғалар жайында айтылмай қалды. Алдағы уақытта солардың жанкешті күресін де айту керек.
@user-cp8ph7dn2l
@user-cp8ph7dn2l 24 күн бұрын
Керемет сұхбат қызым білімді және өте түсінікті айтыпты .Болашақты қателік сіз жолмен жүруді ойлайық.Өткеннен сабақ алайық.
@user-qv5pi9zc3q
@user-qv5pi9zc3q 24 күн бұрын
Зерттеуші ғалымға шексіз алғыс! Мектептен бастап, барлық бакалавр деңгейінлегі мамандарға одақ тарихын емес, шынайы жазылған қазақ тарихын оқыту қолға алынса жақсы болар еді. Қазақ қазір кім екенін білмейді, өткеніңді ұмыт, болашағыңды ойлама, бүгінгі күнмен өмір сүр деген қағиданы қазір көп айтады. Өткенін білмеген, болашағын болжамаған, бүгінгі күнін бағаламаған ұлттың болашағы қандай болмақ? Қалаулым бағдарламасына алтын уақытты бөліп, қаржы жұмсағанша осындай шынайы ғалымның осы ғажап еңбектерін арнайы бағдарлама ретінде мемлекеттік ақпараттан беру керек. Барлық оқу орындарында, өңірлік деңгейде кездесулер өткізілсе, қазақ өзін өзі танып, өзінің табиғи тəрбиесі мен танымына орлар ма еді. Ғалымға тағы да шексіз алғы! Бақытты, ұзақ ғұмыр кешіңіз, ұрпаққа жазған хатыңыз өлмесін!
@user-wt9me5mr2o
@user-wt9me5mr2o 21 күн бұрын
Айтуға әлі де қорқамыз. Үрей жоғарғы буында үәлап қалған, ал қазіргі буынға керегі жоқ сияқты.
@user-wt9me5mr2o
@user-wt9me5mr2o 21 күн бұрын
Ал не себепті біз осы күнге дейін қорқкмыз.
@user-wt9me5mr2o
@user-wt9me5mr2o 21 күн бұрын
Қорқамыз. Жауабы айдан ашық емес пе. Біз әлі күнге дейің ильичтің ұрпақтарынаң қорқамыз. Екінші мәселе ол ұрпақтың пофигизмі сияқты, себебі олар ана тілімізді сүймейді, одан сорақысы қазақ болғандарына күйінеді ғой. Міне құпия мен масқара қайда жатыр.
@user-zx2yh9bj4c
@user-zx2yh9bj4c 24 күн бұрын
Ештемені айтуға болмайтын болса, өтірік тарихты жазғанша Қазақстан тарихын пән ретінде, ғылым ретінде алып тастау керек, қазақтың тарихшылары соншалықты топас па, әлде қорқақ па, әлде мәңгүрт пе? Онда қазақ деген ұлтымыздан бас тартып ,басқа ұлтқа шығып жатқан қазақ қыздары дұрыс жасап жатыр, сөйтіп ұлт ретінде өзімізден бас тарту керек, жойыламыз. Тарихшылар осы уақытқа дейін өтірікші екенін білеміз, қазір де қазақтың санасы оянбай, жетісіп отырған жоқ, сондықтан ешкім кітап оқымайды...
@user-xz7gw2lg7j
@user-xz7gw2lg7j 24 күн бұрын
Киын иа иманды болсын сол кезде каза болган казак халыктары жумакта болсын
@user-bk8gx4kg3m
@user-bk8gx4kg3m 22 күн бұрын
Они должны выплачивать компенсацию Қазақскаму народу и остальным которые были с нами всем помогали нашы предки 😢
@user-yt1gt6id8l
@user-yt1gt6id8l 24 күн бұрын
Алла сақтасын қалған қазақтың саны көбейіп қазақ жері көркейіп жасай берсің
@user-oz1gg1gw9n
@user-oz1gg1gw9n 23 күн бұрын
Жандары жанәтта болсын ата бабаларымыздын . Тәуелсіздікті бағалап аялаи білеиік. Армандап кеткен бабаларымыздын ісін жалстыра білеиік. Жастар білімді ұлтжанды болсын.
@user-yp5fy4qs5c
@user-yp5fy4qs5c 24 күн бұрын
АЛЛА сақтасын
@user-mi5xn1ul4b
@user-mi5xn1ul4b 22 күн бұрын
Аналардың сондай азап көрулеріне тапсырма берген, солай қорлық көрулеріне үлес қосқандардың барлығы үрім бұтағымен ҚҰДАЙДЫҢ ҚАҺАРЫНА,ӘРУАҚТАРДЫҢ ҚАРҒЫСЫНА ҰШЫРАСЫН !!!
@user-oi4jd4uf1s
@user-oi4jd4uf1s 24 күн бұрын
Жылайсын гои кунын сургындегы аиелдерге онбагандар ай десен,шы
@user-rg2fm3ri1u
@user-rg2fm3ri1u 24 күн бұрын
Иә дұрыс, менің әкемді өзінің жанында жүріп бәрін біліп кейін сатып жіберген.
@user-fk9hz1nl6o
@user-fk9hz1nl6o 24 күн бұрын
Билимды бала екен
@user-nm6pi3xg3y
@user-nm6pi3xg3y 23 күн бұрын
Ес жинап қазақ болуымыз керек
@qwertywrfdg4696
@qwertywrfdg4696 24 күн бұрын
Казирде сол сякты репрессия болып жатыр бурын НКВД казирде сол аты озгерген бурынгы НКВД 😊
@user-rz2kz8vd5n
@user-rz2kz8vd5n 23 күн бұрын
Еңбектеріңіз жемісті , жолдарыңыз ашық болсын .
@user-ih3vj2yc3z
@user-ih3vj2yc3z 23 күн бұрын
Сол жерде жұмыс істеге қанды қол қылмыскерлердің тізімін көрсету керек.Кейінгі ұрпақ қарғыс айту үшін
@user-ke1ri4vf2w
@user-ke1ri4vf2w 23 күн бұрын
Сол жылдары қиналып қайтыс болғандардың жандары жәннәтта болсын қазіргі билікте нквд дан кемемес болып тұрғой шындықты айтқандар дәл осылай жазалануда
@user-xy1fh1pc5z
@user-xy1fh1pc5z 24 күн бұрын
Қазақты жаудың қырғанынан Қазақты қазақ қырғаны жанға қатты батады екен.
@user-gn1db5eh8u
@user-gn1db5eh8u 24 күн бұрын
Гитлердин концлагер сияқты сандармен атаған.Сумдық.
@user-nl2nl2dg4v
@user-nl2nl2dg4v 24 күн бұрын
Мұхамед сас саламның қылшықтарын, зарлап көрсете бергенше, осындай зиялылары мұздың, қазағымыздың қыйын қыстау кезеңдердегі өмірлерін, тұтынған бұйымдарын, киген киімін, ішкен тамағын сапасын көрсетсе ғой шіркін, өскелең ұрпақтарымызға ой саларлық жағдаяттар екен. Қайран ата бабаларымыз, қайран аналарымыз ай.
@orazkultokhojaeva
@orazkultokhojaeva 24 күн бұрын
Мухаммед пайғамбар с.а.уассаламды неге қосасың бул жерге.есің дурыспа сенің.сен сиякты білімсізге зарлайды соғанда миың жетпема
@user-rj2uj3vo6w
@user-rj2uj3vo6w 23 күн бұрын
Пайғамбарымыз Мұхаммед с а у неңіз бар еді??! Адамзаттың Асыл Тәжі Үмбетім, үмбетім деп, дұға жасап жылап өткен бұл өмірден. Бұл сол Дінсіз, атеистік кеңестер одағының жандайшаптарының қанышерлік саясатынан болған қасірет. Пайғамбарымызға тіл тигізбеңіз, абзал болса ол Асыл Жанның өмір баянын бір оқып шығыңыз, бәлкім ғибрат аларсыз
@Nurdaulet463
@Nurdaulet463 23 күн бұрын
Өте аянышты,рухтан мүлдем айырып тастады,сұм билік
@BerikbolOrazaliev
@BerikbolOrazaliev 19 күн бұрын
Оңбай кеткір орыстардың сасық саясат көбірек зерттеу керек осы тарихиы
@user-bv5hr1wc7z
@user-bv5hr1wc7z 24 күн бұрын
Әкемді итжеккенге байлығын алып әкетеді.Кейін қашады.Фамилиясын ауыстыыруға көмектеседі.
@serikaizhan1079
@serikaizhan1079 23 күн бұрын
Қазақтын түб тарихы ашылсын🇰🇿✊🏻✊🏻✊🏻
@koyshibai4627
@koyshibai4627 24 күн бұрын
Ассалаумағалейкум 😎🇵🇼
@user-jc2xw1vr1f
@user-jc2xw1vr1f 24 күн бұрын
Қарапаиым халық елім деп жүрегі со- ққан қазақ жаста- ры болмаса бұл жерге баилардың баласы түгілі ха- лықты тонап жат- қан биліктегілерде келмеиді көлігі болып тұрсада. Қаланың шетіне орналастыру ке- рек еді қалаға ба- сқа аимақтан кел- гендер келіп таны- сып қазақты хал- қына деген сезім оятатын еді.СССР қаитамыз деп орысшасын таста- маи жүрген қазақ- тар таубасын ке- лер ме еді.Елден шыраққа 37км өл- шеп аи далаға ор- натқан адам қа- зақтың қазаққа істеген қорлығын жауы кім екенін бі- рі білсе бірі білме- сін деген адам тірлігі ғои.Мен 70- темін 1-рет естіп көріп отырмын бі- лемін естігенмін АЛЖИРді музеиін енді көріп отыр- мын.Қалалық ав- тобус жүргізіп қо- иыңдар 100 теңге- мен кезкелген а- дам барып қазақ- ты қалаи азапта- ғанын көрсін Со- вет Үкіметі кезін- де және қазір үкі- метпен салыстыр- сын.Түрмеде азап- талған аналар ту- ралы көп хабар жеткіздің дер.Ал сол түрмеде қыз- мететкен қызмет- шілер туралы неге мағұлмат жоқ ол- ардың аты фами- лиясын жаря етіп тізіп жазып қою керек еді.Ең кере- гі солардық аты жөнін жария ету керек еді қазір билікке сабақ бо- лар еді НКВД қа- зіргі КНБ деп атап көрсету керек сон- да халық салыс- тыру арқылы 90 жылда қандаи өз- геріс болғанын бі- летін еді.
@Galiyag9ue
@Galiyag9ue 23 күн бұрын
Совет өкіметінің мың лағнет
@user-rg2fm3ri1u
@user-rg2fm3ri1u 24 күн бұрын
Менің әкем марқұм да сібірге айдалған. Сол ашаршылықтан қанша адам қайтыс болған соның тізімін зертемекші болған екен. Ол кісі 1908-жылы туылған еді.
@user-kn2lw5fk1t
@user-kn2lw5fk1t 20 күн бұрын
Қалай ішің жылыйды осындайды көргенде, әлі күнге дейін басынып, қорлап келеді, Құдайдың бар болғаны рас болса шовенистерге қасіретін берсін!
@kanatrahmetov509
@kanatrahmetov509 24 күн бұрын
ГУЛаг-тің 70-80 пайызы Қазақстанда орналастырған,әдейі.
@opkenayezbek6329
@opkenayezbek6329 24 күн бұрын
қайран ата аналарым ай
@user-yy2th6mw8y
@user-yy2th6mw8y 21 күн бұрын
Біздің қолымызда не келеді құры шулағанмен не пайда қамалып штрафқа түсесің деген сөзді маған көп айтады. Әлде осы белсенді болғандарыңа ақы аласыңдарма деп сұрайды. Ақы алмаймыз қайта жанымызды, да жүйкемізді да, уақытымызды да, ай сайын қамалған белсенділерімізге беретін ақшамызды да береміз десем таңырқай қарайды жындыма дегендей. Еркек ел үшін туылады ел үшін өледі деген. Аспанда ұшқан құста өледі. Жерде жүрген боқ жеген итте өледі. Әйтеуір бір келетін өлім бар. Ел жер Отан деп өлгеннен артық жақсы өлім жоқ. Осы өлім Алланың алдында да халықтың алдында да мәртебесі жоғары өлім деймін. Сонда да бала-шаға бар өмір сүру керек ғой дейді. Мен айтамын ұрпағы үшін алаңдаған адам елін жерін қорғаған болар еді саясатпен араласып саяси сауатты талапшыл болар еді. Ертең соғыс болса соғысам дейді. Соғыс болмайды соғыссыз соғымға сойып береді жау билік қытаймен орысқа десем халықпен бірге көреміз дейді. Алланың өзі ақиқаттың жағында жалғыз қалсаңда бол деген. Осы өмірде де көтен ішегін шығып жұмыс істеп тапқаның ішкен жегеніңнен артылмай арғы өмірге барғанда Алла ел жер Отан деген белсенділерің қамалып жатқанда не ақшалай, не сотына қатыспадың Отаныңды қорғамадың ұрпағыңды құлдыққа тастадың. Ұрпағың саған алғыс емес қарғыс айтты сенің орның тозақта десе бітті ғой екі дүниеде бақыттсызсың. Халық деген өз ойы бар ақыл есі бар болады. Тобырларда өз ойы жоқ малдан төмегі ішіп жеп өмірден өтіп кетеді. Тобырлар өлсе туыстары бір жылап көме салады. Кейін есіне түскенде бір алса алар әйтпесе ұмытыласын. Ал патриот белсенділерімізді халықта Аллада ұмытпайды артынан жақсы істерін айтып дұға жасап барар жерлері жәннатта деймін. Мақалма мәтелдерма бар мынандай алыптың күші халықта, халықтың күші бірлікте деген. Халықтың саны миллионға жетіп әр бір қаладан шал кет деп талап ететін болса жау билік пұтына сиіп жібереді 💯 пайызға көзімді жұмып тұрып кепілдікпен айталам. Ойлан қазақ оян қазақ. Оянбасаң ертең қытай көтіңнен теуіп оятып алады жүр құлым деп. Осы посты әдейі жаздым ойды сананы оятар деп бөлісіп таратыңыздар. Көшіріп алып таратыңыздар.
@KalybekSerikbai-xt8us
@KalybekSerikbai-xt8us 24 күн бұрын
Алаш интелегенциясы алтын әріппен жазылса, кәзіргі интелегенция қанды әріппен жазылады.
@SamsSam-mh7fv
@SamsSam-mh7fv 24 күн бұрын
Мине накты жауап эамандасымыздан. Анау мынау демей негативти пикир жазбай. Ойанатындай ой пикир айтсак жарасар еди. Так пен табыдтын иеси жок деген осыболар. Жердин иеси казак. Ойланып журейк. Урпакты...???...
@user-lz4yj3hf1t
@user-lz4yj3hf1t 23 күн бұрын
АТА ЖАУДАН АРЫЛМАИ ҚАЗАҚҚА КҮН ЖОҚ. ЖАТҚАН ЖЕРЛЕРІ БЕИІШТІҢ ТӨРІНЕН БОЛСЫН ТЕКТІ ЖАЗЫҚСЫЗ ҚАЗАҒЫМНЫҢ РУХТАРЫ. ҚАЗАҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЖАСАҒАН АЛАШТАРЫМЫЗДЫҢ ЖАЛАМЕН ҚИЯНАТПЕН ӨТКЕН ӨМІРЛЕРІ . СТАЛИННІҢ ҚҰРҒАН ЖҮИЕСІ. 😢
@user-co3wp1ul6q
@user-co3wp1ul6q 23 күн бұрын
Қазақты. Қырыңдардеген. Дәлел бар. Сәлім. Өтендеитін. Ұлыазаматбар. Сол кісі. Москвада. Архивтабар. Өз көзіммен. Көргемдеді. Сол кісіден. Сұраңыз
@OREN_KANAL
@OREN_KANAL 19 күн бұрын
Өте білімді екен әпкеміз ❤
@user-mr7sv3gj2h
@user-mr7sv3gj2h 21 күн бұрын
Осыны истеген сол кездеги билик адамдары манги Дозакта жанса екен Аллам жазасын тарткызып жаткан болар .
@user-lz4yj3hf1t
@user-lz4yj3hf1t 23 күн бұрын
ОСЫ АНАЛАР СОҒЫСҚА КИІМ ТІККЕН БОЛЫП ТҰР ҒОИ. ЖӘНДӘРІ ЖӘНӘТТӘ БОЛҒАИ.😢
@user-il9hp7zw2x
@user-il9hp7zw2x 24 күн бұрын
Мәңгүрт орысқұл қазағым енді орысша сөйлейді қоятыншығар!!!!
@aizhannigmetova9913
@aizhannigmetova9913 22 күн бұрын
КӨЗІ АШЫҚ,ҮКІМЕТКЕ,СТАЛИНГЕ ҚАРСЫЛЫҚ КӨРСЕТКЕН ОРЫСТАРДЫҢ ӨЗІН АТТЫРЫП,ӘЙЕЛДЕРІН БАЛАЛАРЫН ОСЫ ЛАГЕРГЕ ЖІБЕРГЕН! ТЕК ҚАЗАҚТЫ ҚЫРМАҒАН,ТАРИХТЫ ОҚУ КЕРЕК СІЗГЕ! ОРЫСТАРДЫҢ КӨБІСІ СТАЛИНДІ СОЛ ҮШІН ЖЕК КӨРЕДІ
@gulnarsh.6066
@gulnarsh.6066 21 күн бұрын
Хатты бермей жакканы, уйткенi окыйалмай iза болып жаккангой, албастылар! Кудай жазаларын берсiн!!!
@user-ok5kb9dy5c
@user-ok5kb9dy5c 21 күн бұрын
Қазірде бұл зұлымдық жалғасып жатқан жоқ па... білімсіз ұрпақ тәрбиеленіп жатыр...білімсіз дәрігерлір... заңсыз қудалау...әскердегі балалар азабы,өлімі...кедейшілік... жемқорлық.. осының бәрінің артында кім тұр....
@user-sj6hn8ii1s
@user-sj6hn8ii1s 22 күн бұрын
Тарих пәніне кіргізу керек жетпіске келгенде енді білдік ұрпақтарымыз білулері керек орыс тілінде мәңгүрттер оқысын Қазақшасы бірінші орында әрине міндетті түрде тарих пәніне кіргізу керек рахмет журналист баламызға Халықтың біреуі ретінде ризамын
@Azamat23.07
@Azamat23.07 11 күн бұрын
Кайран казагым не кормедин 😢 ендиги болашагымыз ашык жаркын болсыншы, елимиз аман журтымыз тыныш болсын
@user-yp5fy4qs5c
@user-yp5fy4qs5c 24 күн бұрын
Жаның түршігеді
@birkoiekitenke
@birkoiekitenke 23 күн бұрын
Өз көзімен көрген жер, адам болсан жүрегін аурады..кешірім жоқ ондай одаққа.
@user-lb2qx9ee4s
@user-lb2qx9ee4s 24 күн бұрын
Ұрпақтарына. Көрінсін осы зәбір беогендербәрі ұрпақтарына көрінсін
@BerikbolOrazaliev
@BerikbolOrazaliev 19 күн бұрын
Қазақ жас жігітер қыздар үйленіп туу керекпіз көбейіп үлкен ел болуымыз керек сонда басқа елдер көздерін тіге алмайды
@user-hy4yl3xe3d
@user-hy4yl3xe3d 23 күн бұрын
Ақта не ақтама не,қанша ма ұлтты қырып тастады. Қазақ ауыз бірлікті түсінбесе,неше түрлі әлі жамандықтар болады.
@user-iy6sp4wp4h
@user-iy6sp4wp4h 23 күн бұрын
ҚАИРАН ҚАЗАҚТЫҢ АНАЛАРЫ .ЖАНДАРЫМ КӨРМЕГЕНІ ЖОҚ.ЖЫЛАП АЛДЫМ.
@user-nb4lz4rr7z
@user-nb4lz4rr7z 24 күн бұрын
🩵🩵🩵🩵🩵😥😥
@user-lk5me8bq3i
@user-lk5me8bq3i 24 күн бұрын
Сұмдық...🥺🥹
@erturik
@erturik 20 күн бұрын
Ашаршылық кезеңі 1918ж~1923ж, 1928ж~1933ж осы екі қолдан жасалған ашаршылық 7 миллионға жуық халқымызды жалмап кетті...
@Nisan-vt8fi
@Nisan-vt8fi 23 күн бұрын
Сол жүйе әліде жалғасуда, мынау сұмдық, мен жылап отырып көрдім,,,
@User-vo8ge
@User-vo8ge 5 күн бұрын
Мынаны көргенде көзіңе жас келмеуі мүмкін емес, кеңірдегіңді кернеген аянышты тағдыргой😢😢😢😢
@user-nm6pi3xg3y
@user-nm6pi3xg3y 23 күн бұрын
Қазақ тарихына енгізу керек
@user-hb4et9rc1y
@user-hb4et9rc1y 20 күн бұрын
көріп жүрегім сыздап кетті
@alimhanalimhan3803
@alimhanalimhan3803 22 күн бұрын
Мен де саяси қуғынға ұшыраған кісілердің ұрпағымын. Иа әкем дүниеден озардан алдында айтқаны. Балам менің ішкі зарымнан хабарың бар. Ол кезде заман солай солақай болды. Сенің әкең менің әкемді азапты абақтыға айдауға арыз берген немесе жаман адамның тұқымысың деп айтуға болмайды. Жалпы жабулы қазан жабулы болып қала берсін. Ел іші, ағайын арасына ылаң тарайды жұқпалы аурудай тез жұғады мұның арты жаманшылықтан басқа еш нәрсе әкелмейді деп дайындаған. Осы өсиетін мықтап ойыма түйдім. Бірақ елдің ішінде шалқып басып ақыл айтқандарын есітсем тұла бойым жайсызданып кетеді. А, құдай өзің сабыр бер деп ақылға жеңдіріп қоя саласың. Ішің удай ашиды. Осы күндері жәй жаңсақ сөйлеудің өзі ел ішін бүлдіруі әбден мүмкін.
@user-iw7vd2nh4p
@user-iw7vd2nh4p 18 күн бұрын
Сұрақ қоюшы жігітке әдеп, мәдениет, даму жетіспейді негізі. Сын ретінде қабылдап жан-жақты дамысаңыз деймін. Сәттілік!
@Quatbek_Qanybek
@Quatbek_Qanybek 23 күн бұрын
Недеген жауыздар деші,сол кезде кімдер қиянат істеді солардың да тізімін жасап қойса, ұрпақтары намыстансын,енді қайталанбас үшін,
@user-sv2oq3xt2o
@user-sv2oq3xt2o 21 күн бұрын
Дұрыс айтады, қуғын-сүргін құрбандарын түгелдей ақтау керек қой, енді қанша уақыт күту керек.
@user-rz2kz8vd5n
@user-rz2kz8vd5n 23 күн бұрын
Қызыл әскермен ақтар екі жақтап жүріп менің дедушкамның әкесің байлығын тартып алып өздерін өлтіріп кеткен . Соған байланысты бала дедушкамыз бөтен ФАМИЛИЯҒА жазылып кеткен деп естідік .
@user-sq7kd1xo5h
@user-sq7kd1xo5h 23 күн бұрын
❤❤
@user-iy6sp4wp4h
@user-iy6sp4wp4h 23 күн бұрын
АЛЖИРГЕ ЖАСТАРҒА КӨП ТАНЫСТЫРУ КӨРСЕТУ КЕРЕК.
@BopeTatak
@BopeTatak 22 күн бұрын
Бүгін сандармен белгілеу қытай мемлекеті қалыптастыруда дамытты
@user-bi8bf8sn8v
@user-bi8bf8sn8v 21 күн бұрын
Қайран қазағым айй😢 , ұрпақтарымыз ұмытпау керек бұны
@user-cp3sc6in5h
@user-cp3sc6in5h 23 күн бұрын
Өткенді ұмытпай Тарихтан сабақ алып,қанды қасіреттердің қайталануына жол берілмеу керек.
@user-sv2oq3xt2o
@user-sv2oq3xt2o 21 күн бұрын
Тікелей қырындар деген документ табылмасада, жасаған әрекеттерінен көрініп тұр ғой, Халық қырылды қолдан жасалған аштықтан.
@user-yy2th6mw8y
@user-yy2th6mw8y 21 күн бұрын
Грузия мен Қазақстанның халыққының айырмашылықтары жермен көтей ғой. Бізден басқа елдердің көпшілігі талапшыл ояу. Оянбаған ел құл болып оянады немесе жер бетінен жойылып кетеді деп Ататүрік айтып кеткен. Ататүріктің тағы бір сөзі бар мынандай бар байлығын сатумен айналысып ештеңе өндірмейтін ел, біріншіден абыройынан айырылады. Одан кейін елінен жерінен айырылады деген сөз💯 пайыз шындық оған тарих куә ондай елдер көп жоқ болып кеткен. Франклин айтады халыққа екі нәрсе ұсынсаң біреуі бостандық, екіншісі қауіпсіздік, халық соның қауыпсіздігін таңдайды, ақыр аяғында қауіпсіздікте бостандықта болмайды деген. Біздің халқымыздан осы атап жазған барлық жаман нәрселер бар қалың ұйқыда-комаға кеткен саяси сауатты жоқ ыржалаң-тыржалаң КВН жайдарман көргендері. Ештеңе өндірмейміз. Өзім аман қалсам болды деп бұғып отырған халықпыз. Азын-аулақ белсенділерімізге иек артып. Ел шықса мен шығам деген жалған сылтаумен өзін-өзі алдайды басқаларды да алдайды. Ояну керек шығу керек десең былай айтатындарын айтсаңшы 💆‍♂️сен шығасың мен шығам басқа кім шығады дейді ғой 💆‍♂️🤦‍♂️. Ой басқаларда нең бар әр бір адам өзінен бастап шығатын болса миллиондаған халық билікті билеп жүріп кетіреді ғой десем артқа кетеді ғой шошып қамалсам жанұямды сен бағасыңба деп 💆‍♂️🤦‍♂️ей жаңағы айтқан сөзіңмен қазіргі сөзің сәйкес келмей кетті ғой десем қашады ғой осындай елміз қорқақ 🥲😡. Абай атамыз әр надан қорқақ келеді деп недеген дәл айтқан 💯 пайызға. Негізгі өз ойыңды айтып билікке талап қою заң бұзу емес қорқатында іс емес қамалсаң 5-10-15-күн қамаларсың сондық кейде үйде жұмыссыз жатып қалатын кездеріміз болады ғой.Митингілерге шығып ұсталып қамалғаннан несіне қорқады? Құл болып қытаймен орыстың тепкісіне езіліп өкпе бауырымыздың саудалап сұлу қыздарымызды қос-қостап қойнына салып кәпір қытай тұқымдарын таракандай қаптатып жастарымызды тудырып құл етіп осы өмірде сорлап ақыретте ата бабаларымыздың бетіне қарай алмай қарабет болып, артта қалған ұрпағымыз артымыздан қарғыс айтып құлдыққа тастадың деп🥲ана өмірде де бақытсыз сормаңдай сорлы қазақ тозақта шатырлап жанбасақ болды ғой 🥲. Негізгі белсенділерімізге ақыретте қорқыныш жоқ Алла әділ ғой амалымызбен тірілтеді. Алла шыншылдар мен біргемін деген. Әділ басшылар мен шыншылдарды өз көлеңкеме аламын деген уәдесі бар. Намазың бар шындығың жоқ болса жәннат уәде етілмейді, қоғамда болып жатқан заңсыздыққа көз жұмсаң онда үнсіз шайтансың деген Алла елшісі. Үнсіз шайтан қалай жұмаққа кіреді соны ойланып барша намазхандың саясатқа араласуы керек. Саясаттпен араласпаң саясат сенімен араласады деген. Осыны еңбекпен жаздым көшіріп алып таратыңыздар кез-келген жерге тақырыпқа сай келсін келмесін сала беріңіздер халықтың санасы мен намысын оятсаңыздар болды емеспе ең бастысы. Оян қазақ есіңді жи саясаттпен аралас талапшыл бол дүниеге еркекқып таптыма ата анаң еліңмен жеріңді тіліңді арыңды барыңды қорға. Жұмсақ адам елге жем. Жұмсақ ағаш құртқа жем деген жем болмайық. Дінім деп саясатты тіршілікті ұмытпа. Тіршілік деп дініңді ұмытпа сол екі аяқты тең ұста тік тұр✊🇰🇿🇺🇦🇩🇪🇺🇲✊
@kz-fu9bv
@kz-fu9bv 21 күн бұрын
Қазір де сол саясаттан ұзап кеткен жоқпыз. Жалғасып жатыр
@user-yp5zs2ro8o
@user-yp5zs2ro8o 22 күн бұрын
Қазақтын ауыз біршілігі нығым болғанда ,Қазақ онша қырылмас еді.Ауыз тіршілік жоқ,сатқындық ,жағымпаздық ,бір-бірінен кек алу ,Кім кінәлі өзіміз кінәліміз,Сатқындық қазақта әлі жол алып тұр біз одан қашып құтыла алмаймыз.Неге қанымызға сіңген.Қазақ аман болсын!
ОДКБ-ҒА ҚАУІП ТӨНДІ! ТОҚАЕВ ТӘЛІПТЕРДІ ТАҢДАДЫ МА? / Әлем тынысы
42:06
Басты жаңалықтар / Новости Казахстана
Рет қаралды 173 М.
Они убрались очень быстро!
00:40
Аришнев
Рет қаралды 3,5 МЛН
Must-have gadget for every toilet! 🤩 #gadget
00:27
GiGaZoom
Рет қаралды 10 МЛН
Көреміз - жыл жаңалығы 2 / KOREMIZ
45:07
Көреміз / «KÖREMIZ»
Рет қаралды 279 М.
Они убрались очень быстро!
00:40
Аришнев
Рет қаралды 3,5 МЛН