Балам менен бөлек кетті | Даулет Тұрлыханов | Динамен дұрыс

  Рет қаралды 282,355

Dina Tolepbergen

Dina Tolepbergen

Күн бұрын

Пікірлер: 1 600
@dina_tolepbergen
@dina_tolepbergen Жыл бұрын
Келесі бағдарламада кімді көргіңіз келеді? Осыған жазыңыз 👇
@ШынгысСалыков-с2ы
@ШынгысСалыков-с2ы Жыл бұрын
Нурсултанды
@sayanzhirenov426
@sayanzhirenov426 Жыл бұрын
Бұрынғы нуротаншыл болған кәзіргі жаңа қазақстаншыл бола қалған депудаттарды
@Казакмыктымыз
@Казакмыктымыз Жыл бұрын
Масимов Карим
@УМИТ-ф9т
@УМИТ-ф9т Жыл бұрын
Динамен дидар деген дұрыс емес пе
@ЖеткерШектибаев-х2ч
@ЖеткерШектибаев-х2ч Жыл бұрын
Сайлаубекти😅
@КарлыгашОмарова-м1д
@КарлыгашОмарова-м1д Жыл бұрын
Алладан берген сабырлық, қандай тәрбиелі отбасынан шыққаны азамат екенін көріп отырмыз. Алла пана болсын.
@stockholm4506
@stockholm4506 Жыл бұрын
Эти мужские слезы дорогого стоят. Я еще больше стала уважать Даулета Турлыханова. Достойный человек. Здоровья, здоровья ему и душевного равновесия!
@РолланКариманов-п8о
@РолланКариманов-п8о Жыл бұрын
Қолда бар алтынның қадірін білмейтін пендеміз. Қазақтың маңдайына біткен батыр ұлды құрметтеп, қолдап, қошеметтеу керекпіз. Әлемге Қазақ деген ұлт барын және ол ұлттың мықты екенін бірнеше рет танытқанын ұмытпауымыз керек. Аман жүр Даулет батыр.
@Aseke-Batyrhanov
@Aseke-Batyrhanov Жыл бұрын
Оны алпештеуимиз аз емес сияктыго. Маслихатта депутат кылдык, курмет корсетти Халык, инист рахат турлыханов Лондонда елши болды, Ол жактан абыройсыз кайтты, балдарынын иси анау. Енди Кудай санауымыз керекпа бул кисини? 700000 тенге санап бенип отырса Халык, онда критикага сынга алу орынды, Жане де солай болу керек. Құлдық сананы қою керек қазақтарға. Қате жасалды ма, ол қатеге сыны, жауапкершілік болу керек, көтеру керек.
@juldiz_kazichan
@juldiz_kazichan Жыл бұрын
Қандай керемет салихалы сұхбат! Дина дұрыс жасадыңыз. Әке Дәулеттің дәрменсіздіктен емес, дәрежесінің жоғарылығынан емес, балаларына деген әкелік махаббаттан көзіне жас алғаны төбе құйқамызды шымырлатты. Жасай беріңіз, жасаған берген Дәулет аға!
@АманкелдыАрапбай-ц6ю
@АманкелдыАрапбай-ц6ю Жыл бұрын
Бір ғасырда бір келетін мықты азамат Дәулет ағамыз. Балаларыңыз немере қызығын көрдіңіздер жеңгемізбен бірге.
@ГалымбекКалияждаров
@ГалымбекКалияждаров Жыл бұрын
Қазақ спортының қара нары, Дәулет ағамызға Алла ұзақ ғұмыр берсін! Марқұм әкем менің ұлыма осы кісінің есімін берген, Дәулет деп!
@nagimarashaeva3237
@nagimarashaeva3237 Жыл бұрын
Керемет!Қанша алып болсада, жүрегі нәзік екен. Алла ұзақ өмір берсін!
@raushanmysalieva603
@raushanmysalieva603 Жыл бұрын
Қазақтың батыры,,Отанын,халқын сүйетін,патриот және жүрегі жұсмақ қамқор әке,бір сөзбен айтқанда жақсы адам.Көп жасаңыз ,ауырмаңыз,сіздей азаматтың балалары жаман болуы мүмкін емес,сізге балаларыңызды мақтан тұтатын күндерді көруге Алла нәсіп етсін.
@mechtamarket3935
@mechtamarket3935 Жыл бұрын
Қандай тәрбиелі азамат,бір әке сіздей болсын,аман болыңыз!😘
@zagira5352
@zagira5352 Жыл бұрын
Аман болыңыз, қазақты әлемге танытқан азаматсыз. Мына өсекші прессалар бәле болды. Аман болыңыз, сіздей азаматтың баласы жаман болмайды.
@Rasuldin_kyzyktary
@Rasuldin_kyzyktary Жыл бұрын
Жылмай көрмеу мумкін емес🤍🤍🤍Даулет ағаны бурыннан ойлайтынмын қанша спорт адамы болсада жузінен бір мейірмділік нур төгіліп турады деп, адамның жузіне журегіндегісі шығып туратыны рас екенғой, қандай жақсы Әке, қандай ултжанды Азамат, Жолыңыз ашық , деніңіз сау, бала-шаға , немере-шөберенің қызығын көруге бір Алла өзі жазссын🤲🫶🫶🫶
@НургульКаирбаева-р2ч
@НургульКаирбаева-р2ч Жыл бұрын
Әкелеріміз аман болсын .Өте маңызды сұхбат болды .Көріп отырып зейнеткер жасында болсамда әкем ойыма түсіп көзіме жас алдым.Балаға семьядағы жылулық өте қажет . Сондықтан әкелер балаға да көңіл бөлу керек екенін ұмытпаса керек.Дүние тыныш болып , бейбіт өмірде ұрпағымыз өсе берсін.
@КаламкасАлтынбекова-э2ъ
@КаламкасАлтынбекова-э2ъ Жыл бұрын
Қандай сабырлы қандай керемет кісі, алып анадан туады демекші, қандай ақкөңіл, қарапайым кісі, Дина ханым сізге үлкен рахмет, ер адамның ішіндегі күйзелісін, шерін как психолог ретінде сыртқа шығартып, жеңілдеттіңіз былайынша айтқанда.... Әкежанға звандап жылағаны ішіндегі, ойындағы үлкен ауыртпалық бір қоңыраумен звандап мен сені жақсы көреммен шыққандай..... Үлкен деректі фильм көргендей болдым....
@МаржанСаржанова-з3ы
@МаржанСаржанова-з3ы Жыл бұрын
Осындай ерлеріміздің көзіне жас келтіре көрмеші Аллам❤
@user-sh7ok3bs8q
@user-sh7ok3bs8q Жыл бұрын
Арда азаматқой. Текті азамат. Мәрзия апай қандай еді. Сондықтан албырттықпен алықынған балаға сын пікір айтпай қойған дұрыс шығар. Жастықтың буы кімде болмайды, ақыл тоқтатып балалары да өз арнасына түседі. Өте керемет әке екені көрінеді. Балаларына барын берді беттерінен қақпаған. Шексіз жақсыкөреді, әке жүрегі кешіре біледі. Менімше осы сұхбаттан кейін бираз нарсе жақсарады. Аман болыңыз Дәулет аға. Қарапайым халық сізді шыныменде жақсыкөреді.
@БибигульОлжабаева-ь4п
@БибигульОлжабаева-ь4п Жыл бұрын
❤❤❤❤ Әкемді сағындым 😢😢😢
@gulbanysauranbaeva6144
@gulbanysauranbaeva6144 Жыл бұрын
Мықты азамат екені сөзімен де көрініп тұр, Дина қыз одан сайын ағамызға қызындай жақсы жол ашып бергендей…Жарайсың Дина қыз❤️❤️❤️
@АманАман-ф9ъ
@АманАман-ф9ъ Жыл бұрын
Даулет агамыз оте парасатты жан гой, ер азаматтык мінезі бар, әліде ел үшін берері көп. Аман болсын Алла екі дүние бақытын берсін, әр баласы әке махаббатын сезініп түсінсе екен
@МухтарКазыбаев
@МухтарКазыбаев Жыл бұрын
Даулет аға аман болыңыз, кімнің баласы шалынбай жатыр, нағыз ер азаматсіз, осы бағдарламаға келуіңіз ол да ерлік, басқа адам келмес еді.
@НадяЖан-т1г
@НадяЖан-т1г Жыл бұрын
Даулет сауатты, тәрбиелі өте керемет жан, АЛЛА сізге денсаулық берсін, отбасыңыз аман болсын, бақытты болыңыз, балдарыңыздың рахатын көріңіз, еңбегіңіз жемісті болсын🤲
@ГаухарОмарова-ю9ш
@ГаухарОмарова-ю9ш Жыл бұрын
Хороший человек.Патриот своего Народа, своей Страны.Скромный, без лицемерия.Будь на его месте любой отец, он бы также защищал своих сыновей.Крепкого Вам здоровья, Даулет мырза!
@magripamatzhan5147
@magripamatzhan5147 Жыл бұрын
😂😂😂😂
@daniyartoleu3435
@daniyartoleu3435 Жыл бұрын
Әкелеріміз аман болсын🤲Қандай әке жаман болсын дейді балаларын😢
@АсельМусина-т7х
@АсельМусина-т7х Жыл бұрын
Каждый из нас старается вырастить достойное поколение!Но в жизни всякое бывает,никто от этого не застрахован!Думаю благодаря только этому интервью,Вы смогли раскрыть все положительные качества героя!Рахмет!!!
@МанчукБаданова-ь5ж
@МанчукБаданова-ь5ж Жыл бұрын
Сұхбат өте әсерлі, жас буынға, әрбір отбасына үлгі болардай. Ұлдарына мен сені жақсы көремін дегенде , таудай азаматтың жүрегінің жұмсақтығын, ағамыздың шашына ақ кіргенін байқап жүрегім бірге жылады. Аман болыңыз!
@СветланаАуельбекова
@СветланаАуельбекова Жыл бұрын
ДАУЛЕТ Ага Казактын батыр АЛЛАХ РАЗЫ БОЛСЫН
@НурбекНурымбетов-ч2ф
@НурбекНурымбетов-ч2ф Жыл бұрын
Дәулет ағамен қосылып жылап көрдік.Керемет сұхбат.Рахмет,Дина ханым.Дәулет аға аман болыңыз,ешқандай әке баласын жаман болсын демейді ғой.
@МайяЖенсикбаева
@МайяЖенсикбаева Жыл бұрын
Жарайсыз ,Дина !Осы озініздің жүргізген бағдарламаларыңызды студия да ,сырттан да көріп тән қалам :қандай керемет жүргізесіз, адамның жүрегінің түбіне жетіп. Даулет Тұрлыхановпен бірге жыладым ,бұрын елге танымал адамдын,спорт қайраткерінің ішінде қанша мейірімділік жатқанын көрсете білу ,бір ғана сұрақ қойып, балаларының сондай бұзық емес екеніне көзімізді жеткізу -бұл үлкен ,әрбір жүрналистің қолынан келмейтін нәрсе. Рахмет Динажан.
@НесибелиМакулбек-к9с
@НесибелиМакулбек-к9с Жыл бұрын
Қырда қой бағып жүр едім әкем есіме түсіп Дәулет ағамызбен бірге еңкілдеп бір жылап алдымау. Әкем көзіме кейде ұзаақ бір қарайтын сол қарағаны балам сені жақсы көрем дегені екенғой.
@AQ.NarTauekel
@AQ.NarTauekel Жыл бұрын
Алла осындай әкелерге ұзақ ғұмыр берсін. Қазақтың батыр ұлы Ұрпағы мен мың жасасын. Елдің бет бейнесі Дәулет ағадай көп болсын. Ауыз Бiрлiк пен Сертiне Берiк,iciне береке адалынан нәсіп етсін. Оян Қазақ. 🇰🇿🇰🇿🇰🇿✊🤲👍Дина ханым сiзге де алғыс осындай жобаларды теле арналардан жиі кездесетін болса Қазақстан алға жүреді.
@Aluakaz
@Aluakaz Жыл бұрын
Дәулет бауырымыз өте мәдениетті, парасатты , білімді, мейірімді , мықты азамат екен ! Нағыз ер азаматқа лайық жақсы қасиеттің барлығы өне бойында бар палуан, намысты, қайсар , патриот жан екен! Аман болыңыз, ұрпағыңыз салихалы, саналы болсын , бақытты болыңыздар! Ер жігіттің мойнында қыл арқан шірімес - деген қазақта жақсы мақал бар, әлі- ақ бәрі жақсы болды. Сіздей рухты азаматтың ұлдары жаман болуға хақы жоқ! Қазақтың бір туар азаматысыз , Алла жар болсын! 🇰🇿❤🙏🏻🙌🏻✊🏻👊🏻
@РахаРахонти
@РахаРахонти Жыл бұрын
Даулеттің жүрегі жұмсақ,шынайы нағыз ержігіт!Өзін ұстауы қандай керемет!журналистер жағадан алып жатқанда байсалды болды! Ақ жүректі,нағыз жігіттің сұлтаны!
@ЕрланЛеспаев-т5щ
@ЕрланЛеспаев-т5щ Жыл бұрын
Батыр ағамыз аман болсын! Аяқтан шалуды қою керек. 👆👆
@МайраУрконева
@МайраУрконева Жыл бұрын
Көзіме жас келіп отыр. Нағыз азамат Даулет Тұрлыхановтай болсын. Даулет бауырымыз аман болсын 🤲🏼
@KazakBOL
@KazakBOL Жыл бұрын
Мне , стыдно за людей, обидевших такого человека, одного из лидеров нашей нации. Столько достижений ! И до сих пор в строю, до сих пор вносит свой вклад на благо нашего государства! Негатив идет от неумного человека , явно из зависти. Чем ? каким местом думаете? Или своих детей нет! Или бумерангов от Всевышнего не боитесь? В каждой семье могут быть проблемы у детей, в каждой! Главное вовремя оказаться рядом со своим ребёнком. Известный. Уважаемый людьми не только нашей страны но и других стран мира! Есть на кого равняться! Дай Аллах нам больше таких людей! Здоровья Вам крепкого , долгих лет жизни! Любви и Счастья семейного в кругу близких вам людей, детей. Удачи , еще больших достижений в ваших делах! Знайте , есть люди которые вас любят, уважают , гордятся! И нас много !
@olzhasdairabaev201
@olzhasdairabaev201 Жыл бұрын
Батыр ағам аман болыңыз! Елім деген жүрегіңізден батырым. Алла қолдасын әр қашан! Сіз сияқты ағалар аман жүруі керек. Халыққа береріңіз көп әлі.
@кабанбайкаракерей
@кабанбайкаракерей Жыл бұрын
Батыр ағаң баласына береалмағанды. Халыққа қайдан береді. Ол спортшы тек қана. Білекті бірді шығады білімді мыңды жығады. Даулет назарбаевтың рексі. Айман күнді орнатса батыр ағаңды отырғыздың жепутат қып
@ГульшатАбдрахманова-и9ф
@ГульшатАбдрахманова-и9ф Жыл бұрын
Мына сұхбатты мейлінше көп адам көрсе екен🥹👍 Әкем дүниеден өтті(((( Анамның барына Аллаға шүкір🤲🤲
@ser_army6570
@ser_army6570 Жыл бұрын
Әке баланы іштей жақсы көреді, сыртқа көп шығармайды. Даулет көзіне жас алғанда көңілім босап кетті ғой. Аман болыңыз қазақтың батыры. Ден- саулығыңызды күтіңіз. Балдарыңыз орысша сөйлейді екен,қазақы тәрбие алған сіз қандай кішіпейіл адамсыз. Балдарыңыз сізді түсіне деп ойлаймын. Әке деген асқар тау ғой. Таудай биік болыңыз!
@ЕрикКарсембаев-ч7я
@ЕрикКарсембаев-ч7я Жыл бұрын
Дина айналайын рахмет❤Дәулет ағаңды барынша аштың,осы сұхбаттан соң бұл кісінің иығынан жүк түскендей бір жеңілдеп қалғаны анық.Анасы Марзия апайдыда сағынып жүрген сияқты😢
@ФаридаФарида-д2г
@ФаридаФарида-д2г Жыл бұрын
Дәулет аман болыңыз ,жүрегіңіз өте жұмсақ азамат екенсіз ,көзіңізге жас алғаныңызды балаңыз көрсе ,ақылға келетін шығар
@ЖандарбекКарабасов-ж4л
@ЖандарбекКарабасов-ж4л Жыл бұрын
Даңқты бауырымыз аман болсын. Жеті рет КСРО чемпионы ,Сеул Олимпиадасының күміс жүлдегері.
@aishasuyunkizi3751
@aishasuyunkizi3751 Жыл бұрын
Нагыз Аке,Нагыз Жигит,Нагыз Казак,Нагыз Ер мен сизди Казак болганынызбен Мактанам,Арда Азаматым Мыктысыз😘👍
@МарияшБостаева
@МарияшБостаева Жыл бұрын
Бар комм оқып шықтым бір адамда Жаман пікір жазған жоқ шын мəнінде халықтың ұлы екенін дəлелдеді жасай бер ал ұлдардың тəртібі уақытымен бəрі түзеледі жастық шақта не өтпейді бастан .Дəулет үлкен əріппен жазылатын азамат аман жүр .
@СкорпионСкорпион-ф1н
@СкорпионСкорпион-ф1н Жыл бұрын
Керемет сұхбат.Мен бұл кісіні,осы сұхбаттан кеин,оиым өзгерді.Жүрегі жұмсақ,жылаи алатын адам жаман адам болмаиды.Текті жерден,тәрбиесі жақсы екенін көрдім.Қазақи тәрбие, мүмкін балдарына қазахи тәрбие бергенде бұлаи әкесін жерге қаратпас еді,ол100%.Шүлдірлеп орысша жауап бергеніне қарағанда...Шешенің тәрбиесі дұрыс болу керек,бұл кісі,үнемі түзде жүрдіғои.Аман болыңыз,бәрі жақсы болады замандас.Адам болғасын жылаида алу керек,жылаи алатын адам ЖАМАН АДАМ ЕМЕС☝️
@Жадыражорабек
@Жадыражорабек Жыл бұрын
Красавчик ағамыз көкеміз аман жүріңіз,әбден жылаттыңыз! Әкелер деген керемет жандарғой өзімде ерте айырылдым әкемнен әкелердің жылағанын көрсем жүрегім қарс айырылады!😞😢😢
@Қанат-д6в
@Қанат-д6в Жыл бұрын
Дина үлкен рақмет! Керемет сұхбат жасадың! Дәулет ағамыз өз сөзінде - жай адамдарға қарағанда, спортшылардың жүрегі үлкен болады деп қалды ғой. Ол рас шығар... Дегенмен спортшы ретінде ғана емес, жалпы адам ретінде Дәукеңнің жүрегі үлкен азамат деп білемін!
@boyandgirl4274
@boyandgirl4274 Жыл бұрын
Даулет ағаны қатты силаймын и жақсы көрем. Дені сау басы аман болсын. Біздің елдің бір туар азаматы!
@РинатОспанов-ч4н
@РинатОспанов-ч4н Жыл бұрын
Оте керемет сухбат болды. Курметти халайык адамды танып билмей сыртынан соз айту дурыс емес. Даулет агамыз оте акылды, бауырмал азамат. Казагым десе ишкен асын жерге коятын адам. Аман болыныз жуз жасаныз батыр ага.
@HOLR780
@HOLR780 Жыл бұрын
Я встречала в своей жизни этого человека когда была студентом еще очень серьезный и добрый человек и когда я увидела сейчас его слезы я понимаю он жалеет о том что не был рядом со своими детьми не увидел как они растут и не додал того воспитания и видимо винит в этом себя. Я желаю ему здоровья крепкого и человеческого счастья ❤
@СалтанатЖунисбекова-ы6е
@СалтанатЖунисбекова-ы6е Жыл бұрын
Батыр ағамыз аман болсын,әр балаға кудай сана берсін,ағамыздың анасы өте керемет кісі еді
@erkhanttimbek9228
@erkhanttimbek9228 Жыл бұрын
Балаң жақсы болса жердың беты жақсы , жаман болса жердың асты жақсы деушы еді әкем марқом ! Алла ұрпағымізға зеиын , сана берсінші. … Сіз өте мықты әкесіз алла ұзақ ғүмір берсін❤
@АйгеримКойшыбаева-к9ь
@АйгеримКойшыбаева-к9ь Жыл бұрын
Өмір сүру ешкімге оңай емес. Ағамыз жақсы адам ғой, балалары да жаман болмайды! Бала өскен соң, бір арнаға түсіп кеткенше ұрыну, соғылулар бәрінде болады. Жастық кімде болмасын!
@СалтанатСарсенбаева-й9й
@СалтанатСарсенбаева-й9й Жыл бұрын
Даулетке онай емес, копшиликтин алдында баланын кылыгы жауап беру абырой емес кой
@СалтанатСарсенбаева-й9й
@СалтанатСарсенбаева-й9й Жыл бұрын
Азаматтыгы, карапайымдылыгы коринип тур.
@НуруллаКосумбетов
@НуруллаКосумбетов Жыл бұрын
Тоқ бала тойып секіреді ғой ал біз ақтап әлекпіз Бай баласы бағлан деген осы
@nurdanilesbekuly3292
@nurdanilesbekuly3292 Жыл бұрын
😂😂😂баласы 16-да ма?))). Халық шынымен де ақымақ ше. Ақымақ болған соң осылар билікте отыр.
@ШуглаТукенова
@ШуглаТукенова Жыл бұрын
Керемет сұхбат. Дәулет ағамыз аман болсын балалары да әкесі сияқты адал азамат болсын.
@ГаухарТоктагулова-я9к
@ГаухарТоктагулова-я9к Жыл бұрын
Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді деген. Двулет Тұрлыханов ең керемет әке екенін көрсетті. Тектіден текті туады. Тектілік тұқым қуады деген. Тұлыхановтар әулетінің атын шығарған алтындай абыройлы азаматқа қолдау көрсеткен жөн деп санаймын. Балалары өте тәрбиелі. Енді жігіт болған соң, төбелескен шяғар, онда тұрған бүлінген ешнарсе жоқ деп ойлаймын. Кейде өзімізде кейбір жағымсыз, жұқсыз адамдарғв әзер шыдаймыз әйел заты болған соң. Даулет Тұрлыханов салмақты, сымбатты, салихалы, сауатты, абыройлы және өте ұлтжанды патриот екені көрініп тұр. Дина ханым өте дұрыс айттыңыз босатыңыз өзіңізді деп. Өйткені ❤️салмақ түсірмеу керек. Бұл кісі де сырттай қатал көрінгенімен, іштей өте мейрімді, жұмсақ бауырмал адам. Енді ағамыз ренжімес. Барлық отбасын осы кісі сүйрелеген шығар кезінде. Өйткені кез келген отбасында осындай біреу шығады мықты болып. Даулет Тұрлыхановқа ұзақ ғұмыр және отбасымен бақытты өмір тілеймін🤲💐
@gulsezimbalabekova9354
@gulsezimbalabekova9354 Жыл бұрын
Журегим елжиреп кетти😢. Сондай сабырлы адам екен. Оз озин устаганы, сабырлыгы унады!🤗 Аман болсын агамыз!🙌
@АйнурТулеушева-ц8е
@АйнурТулеушева-ц8е Жыл бұрын
Кандай ер азамат.Ага уайымга салынба. Журт не десе о десин. Жетисип турган ешким жок. Басыныз аман,дениниз сау болсын.
@БазиляИскакова-т3ц
@БазиляИскакова-т3ц Жыл бұрын
Даулеттин ата-анасы менин устаздарым еди.Болат Турлыханович менин сынып жетекшим болган.Даулетти корип устазымды коргендей болдым,балалык шагымды,ауылымды сагындым,Алтыншокыда осип едим.Керемет сухбат болды,Динага коп рахмет.Даулетпен бирге жылатты
@user-tw1ki8wc6l
@user-tw1ki8wc6l Жыл бұрын
Такое трогательное интервью! Конечно он безусловно любит своих детей! Дина, я сразу позвонила своим детям сказать " мен сени жаксы корем, балапаным" ❤ ❤❤
@НиязбекСабитов-о6ь
@НиязбекСабитов-о6ь Жыл бұрын
Ағамыз өте дұрыс айтады балақтан шалып кедергі жасаушылар елге зиян келтіретін ұрпаққа зиян болатын өз бизнесін кедергі болғаны үшүн аяқтан шалып қаралауда. Қайта ағамызды қолауымызды күшейтейік
@galinabos2004
@galinabos2004 Жыл бұрын
Заслуживает уважения то, что герой согласился на откровенный разговор. Не уходит от неудобных вопросов. Любящий отец, переживает за детей. Они взрослые и сами отвечают за свои поступки
@ГульмираБатырова-е9ъ
@ГульмираБатырова-е9ъ Жыл бұрын
Мяяя бұндай керемет каментарияларды,бірінші рет оқып отырмын, қандай,тамаша. Жақсы аламға жақсы сөздер жазған қандай,керемет
@Кенжебек-ч1б
@Кенжебек-ч1б Жыл бұрын
Қазақтың бір азаматы Дәулеттей болсын. Аяқтан шалуға құмар болмайық...Дәулет мақтанышымыз...
@кабанбайкаракерей
@кабанбайкаракерей Жыл бұрын
Мақтанышыңыз баласына тәрбие беруді ұмытып кетіпті. Енді ұлдар рекс боп қатын ұрғыш боп кетті.
@кабанбайкаракерей
@кабанбайкаракерей Жыл бұрын
Не ексең соны орасың. Талтаңдай басып шалдың рексі болып жүрдің. Ұлдарың бөлек кетпейді олар осылай жүйкеңді жей береді. Назарбаевтан алған үлгілеріңғой.
@nurdanilesbekuly3292
@nurdanilesbekuly3292 Жыл бұрын
Мляяя, қазақтың біра баласы М.Шаханов, Д.Қонаевтай, А.Бөкейхановтай болсын десең бір сәрі.
@БахытЕрмаханова
@БахытЕрмаханова Жыл бұрын
Сондай керемет сұхбат болды. Өте мейірімді, мінезі жұмсақ, жасандылығы, жоқ шынайы адамды көрдім. Дина-кез келген адамның адами қасиетін көрсетіп, аша білетін журналист.
@БазиликДжанибекова-щ2д
@БазиликДжанибекова-щ2д Жыл бұрын
Мына кісінің балдарынан кеиін жек көріп кеткенмін.Дина сұхбат алғаныңыз жақсы болды. Өте ұстамды, түсінігі мол кісі екен. Балдарының істеген тірлігіне өте қатты ұялып отыр.Әкесін балдары төрдегі басын көрге тықты дегендей болып отыр ғой.
@nurgulkamshybekova
@nurgulkamshybekova Жыл бұрын
Алланың нұры жаусын! Қиын болса да Халық,Ту,Отан таңдады. Әр адам үшін өз отбасы қымбат. Екі дүние бақытына кенелсін! Ұрпағы қайырлы болсын!
@НазРахымбек
@НазРахымбек Жыл бұрын
Шынайылық. Неше түрлі әке бар, бүл өмірде не өзіне, не баласына ешқандай құндылық қалтыра алмай жай ғана өмірден өтіп жатқан. Даулет аға құнды уақытын Ел үшін жұмсап, осындай дәрежеге жетуі, балаға үнсіз өсиет, тәрбие. Аман болыңыздар. Ұлдарыныз Елдің ұлы екенің ұмытпасын!
@ГульшатМолдыбаева
@ГульшатМолдыбаева 3 ай бұрын
Дәулет ағамыз менің жерлесім.Ата-ана балаға жаман бол демейді.Келісемін өз қанымыздан болған дұрыс.Сізге ұзааақ ғұмыр тілеймін аға.Отбасыңыз аман болсын.
@nagimamynzhanova2899
@nagimamynzhanova2899 Жыл бұрын
Бұл аганың омірінде озгеріс болады себебі ол кісі балаларына сезімін аша білді әрине Дина ханым жол корсетті. Қиындыгы соншалык сол коз жаспен шыкты, ол бостандық алды, молодец! Хотя мен үшін оте оңай қалыпты жағдай❤️
@ЖенисгулУтеулиева-й5ч
@ЖенисгулУтеулиева-й5ч Жыл бұрын
Дәулет бауырымыздың өзінің алған тәрбиесі өте керемет екені көрініп тұр.Балаларының жүрегіне АЛЛА иман берсін.Барлығы да жақсы болады.
@СандугашАрыстанбаева-б5ш
@СандугашАрыстанбаева-б5ш Жыл бұрын
Керемет сұхбат.Ағамыз аман болсын.
@АлмаАбылханова
@АлмаАбылханова Жыл бұрын
Кандай керемет сухбат 👍Бакыт тылеймын Даулет Ага 🤲
@assylseit734
@assylseit734 Жыл бұрын
Ағамызды көріп әкем марқұм есіме түсіп бір жылап алдым. Ағаның көзіне жас алып жылағаны қатты жаныма батты. Ер азамат болғасын төбелес, ұрыс керіс болып қалады. Кім қателеспейді, бірақ әкелерінің абырайын бірауық ойлап балаларының да жақсы жолда жүруін тілейміз. Қай әке, қай ана баласына жаман болсын деп тәрбие береді дейсің. Сондықтан қазағым деп жүрегі соғатын осындай ағаларымыздың аяғын шалмайықшы. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Ағамыз аман жүрсін🤲🌷
@Айнур-ш1э
@Айнур-ш1э Жыл бұрын
Дина ханым сізге улкен рахмет. Осындай тұлғаларымызға тілеулес болып жатқаныңызға. Ағамыз мықтылығын тағы бір дәлелдеді, оңай емес ел алдына мынандай сұхбат беру, эгоны сындыру. Шынымен мықтылардың қолынан ғана келеді. Балаларыңыз тек қуаныштарымен сүйіншілесін, жамандық көрмеңіз Аға.
@Tair750
@Tair750 Жыл бұрын
Такие настоящие эмоции 🥲 Дина Рахмет сізге, желаю и вам услышать эти три слова ❤
@ГалияИскакова-м4у
@ГалияИскакова-м4у Жыл бұрын
Кандай керемет кісі,балалары кадірін білсегой акенің😢😢
@Тина-т7р
@Тина-т7р Жыл бұрын
От такого отца не должны быть плохие дети. Дети, не позорьте отца.
@МаржанСаржанова-з3ы
@МаржанСаржанова-з3ы Жыл бұрын
Дина рахмет саған, 😢 халқымыздың нар тұлғасы Даулетіміз аман брлсын, ешқашан жүрегіне дақ түспесінші❤
@ГульмираБатырова-е9ъ
@ГульмираБатырова-е9ъ Жыл бұрын
Қандай,керемет аға, сондай интелегентный, прям сондай,шынай ағай, Рақмет деген сөзді шын жүректен айтады❤❤❤❤❤
@ГулзатКалыкова-ф6ь
@ГулзатКалыкова-ф6ь Жыл бұрын
Нағыз ер азамат деп айта аламын арине осындай акесі бар улдары бақыты ең бастысы денсаулық
@НурланТаспанов-ъ1р
@НурланТаспанов-ъ1р Жыл бұрын
Ұятқа қалдырған ешнәрсесі жоқ жәй қазір әрбір азаматтың басынан жігіттік шақ өтеді, Дәулет ағамыз Қазағымыздың белге ұстар Азаматы, еліміздің мақтанышы , Текті адам, Дәулет аға деніңіз сау болсын, еліңізге адал қызмет атқара беріңіз, Сіз жақсы , мықты Азаматсыз❤
@КлараКаламбаева
@КлараКаламбаева Жыл бұрын
Ұятқа қалдырған ештеңесі жоқ дегеніңіз не ?
@ТолкынДойдеева
@ТолкынДойдеева Жыл бұрын
Аллаһым Дәулет ағамызды ұрпағымен сынамасын! Аллахым ағамыздың ұрпағын саналы, салихалы болуды нәсіп етсін! Аллахым ағамыздың өмірін ұрпағымен ұзақ берекелі етсін!
@qazaq6297
@qazaq6297 Жыл бұрын
Қазақтың айбынды ер жігіті, үрім бұтағыңыздың тек жақсылығын көріп, өрлей беріңіз. Жүзіңіздің нұры жарқырап, бір көрген адамды бауырыңызға басып тұрасыз ылғи. Өзім көргем жұмыс барысымен бір кездесіп қалғанда, елім деп еміреніп тұрған ер-азамат. Ғұмырлы болыңыз. Бұл да сынақ, одан абыроймен шықтыңыз ел ағасы, асылдың сынығы дер едім
@БАХЫТОспанбекова
@БАХЫТОспанбекова Жыл бұрын
Бөтен ұлттан келін алған дұрыс емес.Өз қазақ қыздарымыз байсыз жүргенде,ұлдардың басқа ұлт(шошқаларда)несі бар?Қазаққа қазақтың ғана жаны ашиды .Біздің әдемі,биязы қыздарымызға еш ұлттың қыздары тең келмейді.
@antonyhopkins9502
@antonyhopkins9502 Жыл бұрын
не кылады алса ? жаман улт жок , жаман адам бар. казактын ышынде де бар адамгершылыктен журдай
@Dameli5118
@Dameli5118 Жыл бұрын
Өзінің әйелдері орыс деп естігем, рас па екен сонысы?
@КалиАлманбетов
@КалиАлманбетов Жыл бұрын
Казактар. Оздеры Казашка. Соилемеиды оларга Барыбыр. Каи. УлТан Катан. Алганы. Орыстан. Катын. Алса Балалары. Орысша Соилеиды. Аиелдерын. Бала Ларын. КАЗАК. Тылынде. СОИЛЕТАЛ МАИДЫ
@ХатыраНурбергенова
@ХатыраНурбергенова Жыл бұрын
Өз ұлтына не жетсін
@УлданаМолдабаева-в9щ
@УлданаМолдабаева-в9щ Жыл бұрын
Ақылы бар азамат өмірлік жарды өз ұлтынан іздейді! Әрине,өзге ұлтта да небір ізгі қасиеттер табылады.Десе де тарихта қалған Алаш Азаматтарының өмірінен сабақ алуға болады ғой! Өзге ұлтпен тағдыр қосу көбіне өзін-өзі жоюмен аяқталады.Ұрпақтың тілі де діні де,ділі де қысқасы бар болмысы жойылады! Көбіне,әрине! Таза қазақ боп қалғандар да бар! Бірақ сирек!
@trprt1858
@trprt1858 Жыл бұрын
Мықты адвокат, мықты заңгер, мықты экономист, мықты педагог, мықты журналист, мықты эколог, мықты агроном болған адамдар, парламент депутатына сайлануы тиіс. Мықты спортсмен, мықты әнші, бишілер не істейді парламентте отырып ? Парламент - заң шығарушы орган. Экономика немесе ауыл шаруашылығы саласына қажет заңның жобасын зерделеуге спортсмен мен әншінің шамасы келеді ма ?
@yuugftyytr7579
@yuugftyytr7579 Жыл бұрын
Ол жерде Дәулеттей ысылған,әділетті азаматтар керек!
@ЕдилСадырбаев
@ЕдилСадырбаев Жыл бұрын
Батыр ағамыздың жүрегі нәзік жан екен.Дұрыс!Бала деген адамның бауыр еті ғой.Ағамыздың көңілі өте таза екені көрініп тұр.Дәулет Аға өркеніңіз өссін.Ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын!
@AbdulhamidKaz
@AbdulhamidKaz Жыл бұрын
Даулет будет и останется нашим Батыром. Даулет Ага Вы капитальный красавчик. Ассалаумагалейкум всем с Атырау
@Всёинтересное-р6ц
@Всёинтересное-р6ц Жыл бұрын
Как тяжело видеть слезы мужские,а особенно отца.. Сыновья будте достойны своего отца! Жерге қаратпандар 🙏
@УлжанайШамсиева
@УлжанайШамсиева Жыл бұрын
Ағамыз аман болсын. Елдің алдына шығып шынайы сұхбат беру оңай емес. Ұлдарына сәттілік. Дені сау болсын. Алла жар болсын.
@ЕрікТортаев
@ЕрікТортаев Жыл бұрын
Ел ағасы алла өмір берсін дені сау болып елге қызметін сіңдіріп осындай қайратты патриот жаны ашар батыр ағаларымыз көп болсын🤝✊🇰🇿🇰🇿🇰🇿🦾☝️
@nazerkebidassova7121
@nazerkebidassova7121 Жыл бұрын
Әкеміздің Әйналайын! деп айналып сөйлер сөзі құлағымызда мәңгілік қалды😢❤
@asemorynbasar5292
@asemorynbasar5292 Жыл бұрын
Алла деніңізге саулық берсін! Ғұмырлы болыңызшы🤲 балаларыңыз мақтанышыңыз болсын!!
@ЭльмираЕсимбетова-д8к
@ЭльмираЕсимбетова-д8к Жыл бұрын
Әбден жылатты мені де.😢 Қандай ақкөңіл азамат. Бақытты болсын ❤
@АкботаАхметкалиева-я1ь
@АкботаАхметкалиева-я1ь Жыл бұрын
Рас жылайды екенсын.
@useruser7875
@useruser7875 Жыл бұрын
ДӘУЛЕТ аға сабырлы екен..Аман болыңыз! Бүгін таңертең, айнаның алдына соткамды қойып, осы бағдарламаны көрдім. Жұмысқа барайын деп, боянып - таранып. Соңында жыладым. Бояуымның бәрі ақты. 😢Тоқтау мүмкін емес. Жұмысқа кешігіп бардым. Көзім ісіп кеткен. Негізі атақты палуандар мықты болғанымен, жүректері жұмсақ. Аға аман болыңыз! Тілекшімін! Бұрыннан жақсы көремін сізді. Ал енді, Динатай сізден өтініш, сұхбатқа шақырған соң, сөзді бөлмеңізші. Сабырлықпен тыңдаңызшы, болашақта.
@Madina-qp1ki
@Madina-qp1ki Жыл бұрын
Қандай керемет сұхбат болды МЕНДЕ ЖЫЛАП АЛДЫМ ӘКЕ АСҚАР ТАУ ДӘУЛЕТ ТҰРЛЫХАНОВ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕТКЕ ТҰТАР АЗАМАТЫ АМАН БОЛЫҢЫЗ
@Z-O-ZH
@Z-O-ZH Жыл бұрын
Жас күнімізде қыз бала болсақта қызуқанды болдық ,отбасы ,балалы болған соң артымдағы жасаған кейбір әрекеттерім үшін өкінемін және Алладан кешірім сұраймын, мінезді ешкімнен сұрап алмаймыз Алла берді ,әкенің қанымен, ананың сүтімен генмен келеді ғой,өзгерем десек өз қолымызда, мен бір байқағаным гордый адам болған кезім маған боқта абырой бермеді,қазыр керісінше кішіпейілділігім мен көп адамға сиып сіңісіп жүрмін
@МухтарЖуманалин-ю5э
@МухтарЖуманалин-ю5э Жыл бұрын
Йәәйә
@Mira-nq9mr
@Mira-nq9mr Жыл бұрын
Зато наверно замужемтве повезло тебе? Қазір вся правильная болып жүргендердің көбі жас кезінде істемегенін істегендер жетеді. Ал, жас кезінен жуас, тәрбиелі қыздарға оңбаған еркек кездесетіндер 80пайыздар. Это факт.
@Z-O-ZH
@Z-O-ZH Жыл бұрын
@@Mira-nq9mr мен мінезді айттым вы что ,істемегенді істеді деп,одан артық күнә жасамадық құрсын
@Mira-nq9mr
@Mira-nq9mr Жыл бұрын
@@Z-O-ZH Сізді емес, осы орайды пайдаланып, айтайын дегенім ғой., негізі қоғамда көп , бұзық ұлы да, қызы да. Үйде отбасында қатал ұстау керек балаларды
@Z-O-ZH
@Z-O-ZH Жыл бұрын
@@Mira-nq9mr басе ,шошып кеттім ғой әйтпесе
@sabofaizulyn6726
@sabofaizulyn6726 Жыл бұрын
Даулет ага жуз жасаныз,адамдар да биледи гой кимнин ким екенин,омир сынак кой,кимнин аягы суринбей жатыр,болашак жаксы болсын,керемет сухбат болды,козге жас келди,сизди корип,оз акемди коргендей болдым,аттен тири кезде бир биримизин кадиримизди тусине бермеймиз,шынайы журегинизге рахмет ага...
@zhanar7577
@zhanar7577 Жыл бұрын
Керемет сұхбат, әсіресе соңғы нота бәрімізді жылатты десем болады. Әкенің баласына деген махаббаты, оны әрдайым дауыстап айта білуі баланың өмірін жақсы жағына өзгеруіне 100% әсерін тигізеді. Балаларыңызды жақсы көретініңізді айтуға ұялмаңыздар ешқашанда, бала сол сиқырлы сөзден нәр алады. Дина ханым сізге көп рахмет, өте әсерлі сұхбат болды
@КумисайТынышбаева
@КумисайТынышбаева Жыл бұрын
Даулет ағаға қарап, әкем нің сабырлығы есіме түсті.Балаларына қоңырау шалып,жақсы көремін деп айтқанының өзі ерлік болды.Әкеме жақсы көретінімдә айтпағаныма қатты өкініп,жылап алдым.
@aidart251
@aidart251 Жыл бұрын
Жаксы интервью болды ✊
@БаянСарсенбаева-м6ъ
@БаянСарсенбаева-м6ъ Жыл бұрын
Бағдарламадан да , спорттағы қаһарман жандарымыздың бірегейі- Дәулеттен де көп тағылым алдық ! Айналайын Дина , еңбегің жансын ! Сауатты жүргізесің ! Өзіңді көрсетуді емес , бағдарлама кейіпкерін мақсатыңа сай ашуды ойлап жасайтын осындай еңбектеріңе ризамыз! Алла разы болсын !
@yelf888
@yelf888 Жыл бұрын
Дина Төлепберген, керемет проект, жарайсыз, әсерлі сұхбат болды!
@СаулеТалысбаева-ъ3к
@СаулеТалысбаева-ъ3к 10 ай бұрын
Керемет сұхбат болды. Мен жылап отырмын. Жүрегіндегі ,тереңде жатқан " тікенекті" шығарды. Дина Т. қазақтың маңдайына біткен батыр да, батыл да, әрі ақылды да, мейірімді да қызы. Іске сәт. Осы хабар арқылы, мен де бір барьерден шықтым. Алланың нұры жаусын.
@armanacademov9195
@armanacademov9195 Жыл бұрын
Ағамызды көріп отырып менде бір жылап алдым, адамның абайсыздан жасаған қатесін емес, қандай ниетпен қадам жасағанына байланысты қарау керек. Жаңылмайтын тұяқ болмайды.
@РитаЧуматанова
@РитаЧуматанова Жыл бұрын
Кандай карапайым жаксы аке
@МайгульДостиярова
@МайгульДостиярова Жыл бұрын
Қандай жақсы адам❤
@МайгульДостиярова
@МайгульДостиярова Жыл бұрын
Бір кем дүние
@jansayanurmaganbetova1920
@jansayanurmaganbetova1920 Жыл бұрын
👏👏👏аман болыныз,отбасыныз аман болсын
@РайханКуан
@РайханКуан Жыл бұрын
Мен баласы ушін қамыққан ер азаматты көріп жылағым келді.
1% vs 100% #beatbox #tiktok
01:10
BeatboxJCOP
Рет қаралды 67 МЛН
VIP ACCESS
00:47
Natan por Aí
Рет қаралды 30 МЛН
人是不能做到吗?#火影忍者 #家人  #佐助
00:20
火影忍者一家
Рет қаралды 20 МЛН
БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҰЯЛЫП ЖҮР МЕ? | УАҚЫТ КӨРСЕТЕДІ...
1:10:07
УАҚЫТ КӨРСЕТЕДІ...
Рет қаралды 694 М.
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРЛАНДАРЫ». Деректі фильм. Дәулет Тұрлыханов
28:54
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 17 М.
Өмір-фарс| Дариға Бадықова| Динамен дұрыс
42:54
1% vs 100% #beatbox #tiktok
01:10
BeatboxJCOP
Рет қаралды 67 МЛН