Баламның «мама» деген сөзін естігім келеді. Еркебұлан Дайыров | «Алғашқы»

  Рет қаралды 132,296

Khabar TV

Khabar TV

Күн бұрын

Кейіпкердің өміріне бойлайтын, көрерменнің де көңілін ойлайтын «Алғашқы» жобасының қымбатты қонағы - Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері Еркебұлан Дайыров.
Бүгінгі сұхбатта Еркебұлан Дайыров ішіндегі сырын ақтарыла айтып, өткен күндерін еске алды.
👇👇👇 КАНАЛҒА ТІРКЕЛ / ПОДПИШИСЬ НА КАНАЛ: www.youtube.co... 👇👇👇
АРНАМЫЗДЫҢ ҮЗДІК ЖОБАЛАРЫ / ТОПОВЫЕ ПРОЕКТЫ КАНАЛА:
«Келінжан 4» телехикаясы: • «КЕЛІНЖАН 4» телехикая...
«COVER SHOW» ойын-сауық бағдарламасы: • COVER SHOW
Айтыс. «Асыл домбыра»: • Айтыс. «Асыл домбыра»
БІЗДІҢ ПАРАҚШАЛАРЫМЫЗҒА ЖАЗЫЛ:
Facebook: / habartv.telearnasy
Instagram: ...
***
Біздің сайт - khabar.kz
#ЕркебұланДайыров #алғашқы #АманТасыған #театр #кино #актер #ҚазақстанныңЕңбексіңіргенқайраткер

Пікірлер: 556
@Allure086
@Allure086 Жыл бұрын
Еркебұлан, мамасына Мама дегенде 😢 бір жылап алғам, анасы қандай дана кісі, ата-енесінің сөзін жерге тастамаған, аман болсын! Еркебұланға, сәттілік тілейміз!
@МираИсеновна
@МираИсеновна Жыл бұрын
Мама дегенде, талай аналарды жылаттың Бақытты бол, Еркебұлан!
@ГулнараБекмурзаева-г7г
@ГулнараБекмурзаева-г7г Жыл бұрын
Менде түсінемін, айта алмай, жақында әкем сол әке деген сөзді естей алмайда кет
@kaz0586
@kaz0586 Жыл бұрын
Расыменде, бірге жыладым.😢😢
@РайханЖетписова-ъ6ъ
@РайханЖетписова-ъ6ъ Жыл бұрын
Негізінде осы өзіміздің салтын түсінбеймін, бала туған әке шешесімен болу керек, это психологический стресс, родителям и ребенку. Мен қарсымын! Өзім әже болсам ба, немереге мен әже боп қала берем!
@Сая_Онерхановна
@Сая_Онерхановна Жыл бұрын
Жылап алдым 😢
@nurgalinurgali-zr4tz
@nurgalinurgali-zr4tz Жыл бұрын
​@@РайханЖетписова-ъ6ъмтьм
@aiymserikbai108
@aiymserikbai108 Жыл бұрын
Бір күліп, бір жылаған шығарылым болды. Мен үшін мықты актердің бірі. Сөз саптауы өте керемет!
@TolkynBatyrbaeva
@TolkynBatyrbaeva Жыл бұрын
Атына заты сай азамат. Елі сүйетін, елін сүйетін азамат. Қарасаз деген қасиетті жерден, керемет🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@НагимаЕлеусизова-ж2ф
@НагимаЕлеусизова-ж2ф Жыл бұрын
Еркебуландай казактын жигиттери. кооооп болсын
@kimbat.k
@kimbat.k Жыл бұрын
Көзімнің жасын тия алмадым. Аман Тасыған, рахмет інім. Мықты азаматсың! Еркебұланға сәттілік!
@gaukharergazieva4947
@gaukharergazieva4947 Жыл бұрын
Еркебұланды шақырғаныңыз үшін көп рахмет. Керемет сұхбат болды. Кейіпкермен бірге күлдік бірге жыладық❤
@nowar3141
@nowar3141 Жыл бұрын
Еркебұланның анасы өте сұлу әйел екен .Әлі де жап-жас ,реңін бермеген.Бағдарламаны күліп қарап ,арасында жылап та алдым .Өз басымда бар .Мен де кемпірдің қызы болып ,анам жеңгем сияқты болды .Апам сегіз жасымда қайтса да ,анам кемпірдің қызы деп бетіме қарсы сөйлей бермейді әлі де...
@МеруертБактиярова-г3щ
@МеруертБактиярова-г3щ Жыл бұрын
Қазағымда осындай азамат барына қуаныштамын❤ жүрегім елжіреп, жылап, қуанып жатырмын. Еркебұлан, бағыңыз еселене берсін!!
@ГауһарЕсуянова
@ГауһарЕсуянова Жыл бұрын
Еркебулан жарайсын! Бала кезде бірге өстік, қасиетті Қарасазда. Армандаушы еді, мен "Актёр" боламын деп! Шын арманына жеткен! Мықты актёрсын! Қазақ елі сенi жақсы көреді, мақтанады! Әлемге әйгілі бол бауырым! Апам керемет жан еді. Жаны жаннатта болсын. Керемет сұхбат болды! Әпкемді де танып отырмын. Кулiпте, жылапта алдым. Отбасына, жақын жандарына амандык тiлеймiн!
@АидаАманбекова-с7м
@АидаАманбекова-с7м Жыл бұрын
Еркебұлан өте шынайы азамат екен. Көзімізге еріксіз жас келді.😢 Өмір жасыныз ұзақ болсын😇😇😇😇
@НесибелиШуйиншалина-к1х
@НесибелиШуйиншалина-к1х Жыл бұрын
Қосылып жыладым,жасым 70-те болса да,жүрегім қатты елжіреп кетті❤
@Алтындарым
@Алтындарым Жыл бұрын
Маааа анасының әдемісін-ай. Еркебұлан жерлесім анаңызға мама деп айтып жүріңізші. Анаң сенің сол сөзіңе зәру екен, көзінен көрініп тұр. Менің жерлесім екенсің. Жер жәннәті Жетісудың ауасын жұтып, су ішкенбіз. Көзімнен тоқтамай жас ағып жатыр мамасының сөзінен кейін. Сені балам деп қатты құшақтағысы келеді.😥😥
@АнельЕрлановна-м2к
@АнельЕрлановна-м2к Жыл бұрын
Нағыз қазақ актеры, батыр жігіт. Ұлдарымыз өзіңіздей болсын Еркебулан аға. Тек биік шындардан көріне беріңіз
@НургульКайыргалиева-м1ж
@НургульКайыргалиева-м1ж Жыл бұрын
Қандай керемет бағдарлама. Көзіме жас алдым. Сұхбат сондай шынайы. Еркебұлан керемет актер. Жұбайы Лейла екеуі бақытты болсын!!!
@DaniyarAlezhanov-po5oi
@DaniyarAlezhanov-po5oi Жыл бұрын
Еркебұлан мықты актёр,ең мықты ұнайтыны,Бауыржан Момышұлы атамыздың мықты ойнайды,атамыздың жас кезін көргендей боласын.Тірі легендалар.
@АйбаршаСерикбаева-у5я
@АйбаршаСерикбаева-у5я Жыл бұрын
Аман Тасыған ең білікті журналист👏👏👏💐💐💐 Еркебұлан ең мықты талантты актер. 💐💐💐 Қарлығаш ұя салғанда сериалынан танимын
@satysametyna9245
@satysametyna9245 Жыл бұрын
Тоже сол сериалдан
@amirkznurkasim4908
@amirkznurkasim4908 Жыл бұрын
Мен Еркебулан ойнаган спектакльден, Даурен ойнаган кинодан калмауга тырысамын. Мыкты актерлар
@Aizhan875
@Aizhan875 Жыл бұрын
Демалысымда рухани азық алдым, Еркебұланмен бірге күліп, бірге жылап алдым. О тоба қорыққанымай түспеи қояма деп ем жарайсыз нағыз ер азама. Қазағымның осындаи ер азаматын көргенде көкке бір елі жетпеи тұрады қуанышым. 😊😊😊Ең алғаш рет Мама сөзін айтқызған Аман Тасығанға да рахмет.
@АбдулхамитАяулым
@АбдулхамитАяулым Жыл бұрын
Өз туған анасынан айнымайды екен Еркебұлан,анасы сондай суйкімді❤
@Amina_ashimova
@Amina_ashimova Жыл бұрын
Анаңыздың арманын орындаңыз. Ол жанның ешбір кінәсі жоқ мама деген сөзді сіздің ауызыңыздан ести алмағанына. Ұлы мен ананың махаббатына толығымен бөленсінші анаңыз❤❤❤
@БагилаИдсова
@БагилаИдсова Жыл бұрын
Күлдім, жыладым керемет сұқбат болды, Еркебұлан мықты сүйікті актерларымның бірі, өнерде шығармашылық табыс тілеймін, анасы, отбасы, жақындары аман болсын 🤲😍
@амелиянн
@амелиянн Жыл бұрын
Мен сол ата апаның қолында өскен ,әке шешенің махаббатына тоймай қалған баламын. Бір күліп бір жылап МАМА деген кезде еңіреп, керемет сұхбат болды.
@ЖумагульМурабаевна
@ЖумагульМурабаевна Жыл бұрын
Еркебұлан- Нағыз Шынайы Актер! КЕРЕМЕТ! Аман Тасығанға рахмет! Қуантты да, күлдіртті де, жылатты да... Неткен шеберлік!!!👍💯🌹✨🔥
@БаянОспаналиева-п3е
@БаянОспаналиева-п3е Жыл бұрын
Еркебұланның анасына ,,МАМА" деп айтқанын естігенде, өзімді ұстай алмай еңкілдеп жылап жібердім де, жеңілдеп қалдым. Шынымен де Еркебұлан талантты актёр,мойындау керек. Еңбегінің жемісін көрсін! Бақытты бол,Ереке!
@БаянОспаналиева-п3е
@БаянОспаналиева-п3е Жыл бұрын
Анамнан 14 жасымда айырылып қалғанмын,өзімде,анамын,он шақты немереге ақ әжемін, зейнеткермін дейтұрсамда анамды сағынамын,іздеймін аңсаймын.Еркебұланның мама дегенің естігенде еріксіз жас төгілді.Сағынышым басылғандай болды.Жағың түспей, жамандық көрме.Ана мен бала жыламасын!
@БахытРаева
@БахытРаева Жыл бұрын
Еркебұлан мектеп жасынан сахнада өнер көрсетіп,жарқырап жүрді,болашақта актёр болатынына сол кезде-ақ сенімді болғанбыз Мектептегі ұстаздары да мықты болды Меруерт,Дариға апай т.б Атасы мен әжесі керемет жандар еді,Еркебұланды керемет тәрбиеледі,өте ерке,бақытты бала болып өсті Өте қарапайым,адамгершілігі,адами қасиеті өте жоғары Дегенмен анасын "мама" дегенде көзімнің жасына ие бола алмадым...Өте әсерлі,шынайы жүздесу болды Күлдік,жыладық...Шығармашылық табыс,кәсіби жетістіктер,отбасылық бақыт,бастысы денсаулық тілеймін жарығым!!!
@СУЛУ-ъ9в
@СУЛУ-ъ9в Жыл бұрын
Жылап көрдімғой😢,Ана жүрегі 😢
@НургулШалбаева-м5ч
@НургулШалбаева-м5ч 11 ай бұрын
Недеген сұлу әйел. Анасы❤
@БейбитАлшынов
@БейбитАлшынов Жыл бұрын
Мыктылардын басы косылганда мыкты контент шыгатынына еш куман жок!! Керемет шыгарылым, керемет эмоцияларды озимнен откиздим. Еркек басыммен бир жыладым бир кулдим. Рахмет
@laura_almaty
@laura_almaty Жыл бұрын
Еркебуланнын "Рахмет Мама" деген созинде козиме жас келди ❤ Тур алпети мамасы (татеси) екен
@kimakima9863
@kimakima9863 Жыл бұрын
Еркебулан аға нағыз жігіттің төресі.Алла басына бес елі бақ берсін тағыда 🤗
@minecrautersha158
@minecrautersha158 9 ай бұрын
Қандай ақ көңіл жігіт. Еркебұлан ағаға биік белестерді бағындыра бер деп тілек айтамын. Керемет сұқбат.
@ЭльмираБекдаирова-р6е
@ЭльмираБекдаирова-р6е Жыл бұрын
Сырты қатты болған мен жүрегі нәзік, шіркін ауылда өскен балаға жетпейдігой. Осындай бір кісідей мінезді жігіттер коп болсын!
@АкмаралАкмарал-д5ш
@АкмаралАкмарал-д5ш Жыл бұрын
Қатты жылап алдым😢😢😢Еркебулан мама деп айтканың кандай жақсы болды 👍
@ШынарЕ-м1ц
@ШынарЕ-м1ц Жыл бұрын
Бақытты бол Еркебұлан! Мен де әжемді мама дедім ,әжем де ,анам да қайтты, анам бір жыл болды кеткеніне мама деп айта алмадым мен де,өте жақсы сұхбат болды ең соңында жыладым менде
@ТурлымбетоваАйзада
@ТурлымбетоваАйзада Жыл бұрын
Керемет шынайы. Туган анасына мама дегені кушті 😢. Көзіме жас келді. Арманы екен көзінің тірісінде есту
@КаракатСаурыкова-с9ж
@КаракатСаурыкова-с9ж Жыл бұрын
Мама!- дейтін адамның бары қандай керемет! Мамаң ғұмырлы болсын! Өзіңде аман бол! Әркімнің ұлы сендей болсын!
@kaz0586
@kaz0586 Жыл бұрын
"Ер жігітке жеті өнер де аз" дегендей, жарайсың, бауырым👏👏👏 Мен үшін ең ауыр, ең әсерлі видео болды, мүмкін Ана жайында көп әңгіме болғасыниба.... Еркебұлан тек мамасының емес, халқының да нағыз еркесі болды. Жақыннан таныдық, білдік. Керемет әсер алдық👍 Аман, айналдым, көп рақмет, браво👏👏👏
@tursinbubyotkelbaeva7778
@tursinbubyotkelbaeva7778 Жыл бұрын
Жүректі ақкөңіл адал талантты баламыз ғой Еркебұлан
@АлияТулегенова-н2д
@АлияТулегенова-н2д Жыл бұрын
Еркебұлан талантты актёр, қазақтың мықты азаматы, керемет сұхбат болды. Шығармашылық табыс тілеймін. 😘😘💐💐💐
@БакытГабдулина
@БакытГабдулина Жыл бұрын
Әкесіне уқсайды, Мұрат пен Нуржамалдың арасындағы улкен махаббаттан туылған бала. Әттең осының бәрін ауылдасымыз, Мурат көрмей кетті. Еркебұлан ел мақтанышы бол, букіл әлемге танымал өнер иесі бол, бакытты от басы болыңыздар!
@saya_live
@saya_live Жыл бұрын
Өте керемет шығарылым болды. Кей сәтте расында қасымыздан келмеске кеткен жақындарымыздың қолдауын қайта сезінгіміз келетіні рас. Еркебұлан мырзаға көп рақмет. Кез келген адамның қолынан өз өткенін көру, бөліскісі келмейтін тұспен бөлісу келе бермейді.
@ФатимаАралова-ш6ъ
@ФатимаАралова-ш6ъ Жыл бұрын
Рақмет Аман,сұқбатына!Өте тамаша болды! Бірак,өз семьясын айтпай кеттиндер ғой Еркебулан,саған сәттілік,биіқтен көріне бер
@Сая_Онерхановна
@Сая_Онерхановна Жыл бұрын
Бір жақсы шығарылым болды, бір күліп бір жылап алдым. Еркебулан анаңызга ендігі әрі мама деп жүріңізшы, ол кісінің ешқандай күнәсі жоқ, биіктерден көріне беріңіз, Алла багыңызды еселей берсін
@АкмаралРахиманова
@АкмаралРахиманова Жыл бұрын
Ең қызықты болім болды мен үшін ❤ Еркебұлан мырзаны таныдым осындай жас актерларды шығарсаныздар .
@SandiAlmatkyzy
@SandiAlmatkyzy Жыл бұрын
Соңында жыладым өте күшті бағдарлама екен. Көбірек болсын
@ГулбарамМусина
@ГулбарамМусина Жыл бұрын
Бәрімізді де жылатты, керемет сұқбат болды. Еркебұлан мықты актёр. Жарайсың,әрқашан сәттілік серігің болсын. Аман жүр
@ДинараЖолдыбаева-л9щ
@ДинараЖолдыбаева-л9щ Жыл бұрын
Өзінің туған анасына ұқсайды екен. Негізі өз ойым сол қазақтың салтына қарсымын, балада туған шешеде жақындай алмай қиналып, оның соны салқындық болып кететін сияқты. Мамаңыз ұзақ жасасын🙌🏻
@CarTinka14
@CarTinka14 Жыл бұрын
✊🏼☺️🤗🥹 Хорошая передача. И посмеялись, и всплакнули. Желаю доброго жизненного и творческого пути!
@AruNaz13
@AruNaz13 Жыл бұрын
Өз анасы қандай сұлу, ажарлы кісі. Мықты азаматты дүниеге алып келген
@seppiseppi1346
@seppiseppi1346 Жыл бұрын
Мықты актер Еркебұлан, достары, әріптестері де керемет, анасының мақтанышы МАМА дегені ғажап, бақытты және керемет шығармашылық, жаңа рөлдер күтеміз👍👏🤝
@gulshara61
@gulshara61 Жыл бұрын
Керемет көрініс кейбір жерінде жылап, кейбір жерінде күліп алдым балам рахмет көп жаса еңбектерің бағалана берсін. Актер болу деген өмірді сомдау бірде күліп, бірде жылау, бірде ұшып, бірде құлау, қуану мен қайғыру бәрін қатар алып жүруге де үлкен жүрек керек ең бастысы бақытты бол. Аман баламның осындай бағдарламалары өте тамаша швнайы сол шын өмір әрдайым жарқын болсын болашағы зор табысы тасыған бағдарлама болсын
@Бахыт-у3ъ
@Бахыт-у3ъ Жыл бұрын
Керемет сұхбат болды,жүрекке жеткен,бүкіл жан дүниемді қозғап,тебірентіп өтті,керемет өнер иесі,өнерге ғашық адам,өнерге табынған адам,Есмұқан ағадай ұстаздар көп болса ғой,әттегенай.
@БакыткулКенжебекова-з9м
@БакыткулКенжебекова-з9м Жыл бұрын
Тамаша актер! Өте эмоцияға толы бағдарлама болды.
@БибифатимаКонратбаева
@БибифатимаКонратбаева Жыл бұрын
Еркебұлан Дайыров.Ерекше актер деп айтар едім.Мықты денсаулық, творчестволық Мықты аброй тілеймін 👍..Жанұяда,таусылмас бақыт тілеймін 🎊🎊🎊..
@АлияНуртанова-ы5е
@АлияНуртанова-ы5е Жыл бұрын
Менің ең сүйікті актёр, Еркебұлан мырза аман болыңыз!Біздің елге сіздей тұлға өте қажет!
@Гульмира-ф5щ
@Гульмира-ф5щ Жыл бұрын
Осы бағдарламаға ризамын ! 👍🏼. Аманның жүрген ар бағдарламасы қызықты . Бүгін Еркебұланмен болған кездесу , сұқбат өте тамаша болды ! Бір күліп , бір жылап эмоцияны шығардым . Ата - әжесінің қолында өскен бала осындай болады . Анасы қандай адемі ., мейірімді . Сөйлеген сөзінде тұр . " Алғашқы" бағдарламасы арқылы - Мама - деген сөзді естіп , жүрегі езілген шығар , Қандай қуаныш Ана үшін . (Біз қатарлы болу керек.) _- Біздің де үлкен қызымыз ата - енем қолында өсті . Жаман қызғанатын еді атасы . Бірақ , Мама ,папа деп айтқыздым. Каникулда алып кететінбіз қалаға ,жанымызда болатын.
@KIWKENTAI_BALALAR
@KIWKENTAI_BALALAR Жыл бұрын
Өте күшті интервью прям душевный, қатты ұнайды осы актер ! Мықты ! 👍👍👍👍
@Marsella1821
@Marsella1821 Жыл бұрын
Еркебұлан аға керемет актерсыз👍Анаңызға ренжімеңіз ❤
@НуржамалШапиева
@НуржамалШапиева Жыл бұрын
Еркебұлан мықты актер Қарлығаш ұя салғанда фильміндегі рөлі қатты ұнады содан бері жаксы көрем мына бағдарламаға рахмет күлдік,жыладық талай қызықтың куәсі болдық
@ГабитЕрмеккалиев
@ГабитЕрмеккалиев Жыл бұрын
Мықты Түлға қазақ өнерінің саңлағы нағыз. Өсе бер аға қазақ елі мақтан тұтады сізді!🎉🎉🎉
@Olyaa_Molya
@Olyaa_Molya Жыл бұрын
Керемет шығарылым болды, Еркебұлан өзіңізді туып, жан дүниесі алай дүлей болса да үлкен кісілерге деген сыйының арқасында өзіңізді берген анаңыз батыр ана екен. Мен олай өз қазыр өсіріп отырған ұлымды да қызымды да бермес едім, сіздің анаңыз баяғының адамдары ғой, үлкенге құрмет, кішіге ізет жасай білген, өтініш анаңызды әр уақытта мама деп айтып жүріңізші, біз енемізді де мама деп атаймыз, артық жазсам кешіріңіз...
@zhanatasetova7779
@zhanatasetova7779 Жыл бұрын
Еркебұланның журналға бірге шығып жүрген сүйкімді келіншегі бар еді , екеуі керемет жарасатын, сол келін бар ма екен, неше балалары бар екен
@aidafrost7557
@aidafrost7557 Жыл бұрын
Нағыз Тұлға!!! Еркебұлан мырза, "Менің сүйікті ағатайым " қойылымында жаныңызды салып ойнағаныңызға үлкен рахмет!!!!
@ГульбадамМусаева
@ГульбадамМусаева Жыл бұрын
Жылап алдым ғой бірге😢 ең керемет актёр мен үшін Еркебұлан . Ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын.
@guleke_
@guleke_ 10 ай бұрын
“Құдай бет алған жағыңнан бақ берсін!” Бір деммен, әртүрлі сезімдерді тоғыстыра көріп шыққан әсерлі бағдарлама болды. Еркебұлан аға, шынайылық үшін, ұлттық тілімізге деген құрметіңіз үшін, халық алдындағы еңбегіңіз үшін мың алғыс! Құдай сіздің де бет алған жағыңыздан бағын аямасын! Сәттілік тілеймін! Бағдарлама ұжымы, Аман аға, сауатты сөз саптау мен 56 минутқа сыйдыра білген қыруар еңбектеріңіз үшін үлкен рақмет айтамын! Халықтың көңілінен шығар тың туындыларыңыз таусылмасын!
@Қазақтыңқызы-ш5э
@Қазақтыңқызы-ш5э Жыл бұрын
Туған анасына хабарласып мама деп сөйлескені өте әсерлі болды. Жылап отырып 10-15рет қайталап көрдім 😊
@ГульшатАлдабергенова-ф9х
@ГульшатАлдабергенова-ф9х Жыл бұрын
Керемет сұхбат. Көзімізді ісітіп бір жылап алдық.
@ГулжазираМирзакулова
@ГулжазираМирзакулова Жыл бұрын
Нағыз еркек осындай өр мінезді болу керек қой, жарайсың! Тамаша туындылар күтеміз
@aser9814
@aser9814 Жыл бұрын
Қазақтың салты ғой алғашқы баланы ата-әжеге беру деген, дегенмен анаға сондау ауыр тиеді екен ау… Әжелер бар ғой немересін бауырына басып шынайы жақсы көре алмайды, Еркебұлан сіз ол жағынан бақытты жан екенсіз! Аналар аман болсын! ❤
@МульдирУтепбергенова-б5у
@МульдирУтепбергенова-б5у Жыл бұрын
Бала қанша жерден ата әжесінің бауырында болғанмен өз туған әкесімен анасын әке, ана деп айту керек. Балаға өскенде өте қиын. Мен анама тірі кезінде мама деп айтып үлгермедім😭. Еркебұлан анасына қоңырау шалып мама дегенде еріксіз жыладым. Бұл БАҚЫТ❤
@РасханЕдигенова
@РасханЕдигенова Жыл бұрын
Керемет Еркебуланга және осындай субхат откизген Аман Тасыганга да рахмет, еңбектерін жаңа берсин!
@АйбаршаСерикбаева-у5я
@АйбаршаСерикбаева-у5я Жыл бұрын
Керемет сұхбат болды👏👏👏💐 Жүргізуші жігітке , Еркебұланға шығармашылық табыс тілеймін! Әр нәрсені өз уақытында бағалау керек екен… бәрімізге де сабақ болды. Барымызды бағалайық🙌
@ДанкоДанкобай-н7г
@ДанкоДанкобай-н7г Жыл бұрын
Нағыз ер азамат, нағыз жігіт осындай болса керек. 👍👍👍
@КазахстанАстана-л1т
@КазахстанАстана-л1т Жыл бұрын
Аллах тіл көзден сақтасын. Жұмысың берекелі болсын. Аман бол. Жақсы Актёр 👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻
@ЕкатеринаИбраева-к4щ
@ЕкатеринаИбраева-к4щ Жыл бұрын
Еркебұлан алтыным,өмірінің үзак болсын,нағыз казактын баласы сендей барлығы батыр,және саған ұқсас болсын! Мол бакыт!🤲
@Nurzhankozhabay
@Nurzhankozhabay Жыл бұрын
Аман Тасыған рақмет сізге 🙌🏾 Ерекеңді жақынырақ танып өзіме мотивация алып марқайып отыомын😍💪🏾 Ереке сіз мықтысыз🐺
@АсияЕралина
@АсияЕралина Жыл бұрын
Керемет актер, мыкты азамат екен, сухбат шынайы, эмоцияга толы болды, рахмет ❤
@МарияЖамчитова
@МарияЖамчитова Жыл бұрын
Еркебұлан мықты актер, өнерде шығармашылық табыстар,өмірде тек сәттілік, жақсылық тілеймін.
@kulaizhumagalieva7306
@kulaizhumagalieva7306 Жыл бұрын
Бағдарламадағы сұрақтар Еркебұланға қатты ,тосын әсер берді .Сезімін шынайы ашты ,толқыды ,көрерменде толқыды .Әлі талай туындылар шығаратынына бек сенімдіміз .Аман болсын
@СаулеСагынбай
@СаулеСагынбай Жыл бұрын
Еркебұлан жақсы көретін актерім, Бауыржан Момышұлы киносын сәтті ойнап шықты! Жүрегі кең, жайдарлы азамат екені көрініп тұр! Тек алға, жанұяңмен бақытты ғұмыр кеш!
@camemi1e
@camemi1e Жыл бұрын
Талантты актер❤️ Тентектігі бір төбе екен ғой😅 жақын таныдым) Бағдарлама үшін рақмет❤
@ТарбияДжумашева-р3ъ
@ТарбияДжумашева-р3ъ Жыл бұрын
Мыкты актер Ширкин дархан казагымнын салтын ай. Еркебуландай Димаштай немерелерин осирген алтын курсак ажелер коп болсын
@ГулбануБейсембаева-с4т
@ГулбануБейсембаева-с4т Жыл бұрын
Аман, Сізге көп рахмет! Алла разы болсын Сізге. Өте керемет бағдарлама. Әсіресе Еркебұланды жақынырақ танытқан бағдарлама болды. Бір күліп, бір жыладым.
@МакпалАкпанова
@МакпалАкпанова Жыл бұрын
Қосылып жылап алдым.Барлығы шынайы.Еш жасандылық жоқ.Шынайы болған сайын жүрекке тез сіңеді.Өте керемет.Бақытты бол қазақтың мықты актер азаматы
@ОрынкульМахатова-к3х
@ОрынкульМахатова-к3х 2 күн бұрын
Еркебулан Дайыров Мықты ❤Керемет актёр.қатты сыйлаймыз.Асқақтап өнерің жоғарылай берсін👍👍👍❤❤❤
@РаяСейдіш
@РаяСейдіш Жыл бұрын
Менің риза болып көретін актёрым Алла ұзақ өмір жанұя бақытын берсін Еркебұлан балам әлемдегі барлық жащсылыщты тілеймін Ата Әже Әке Анаң жұбайың барлық бауырларыңның Алладан берілген өз орыны сый құрметі болғаны дұрыс сонда жүрегімізде ауыртпалық болмас көзге жас оңайлықпен келмейді
@ЕскалиАбдирешов
@ЕскалиАбдирешов Жыл бұрын
Еркебұлан шынайы əңгіме айттың жолың болып армандарың орындалсын
@ГульбануИбатова-й5в
@ГульбануИбатова-й5в Жыл бұрын
Еркебұлан мықты актер Бауыржан батырдың ролін өте жақсы сомдады Дені сау болсын отбасымен аман болсын
@aidana_esenhankyzy
@aidana_esenhankyzy Жыл бұрын
Керемет, сабырлы, қарапайым жақсы адам екен. Менде сіз сияқты ата мен апаның,ананың махабатына малынып өскен баламын. Атам мен апамды сағынып кеттім.
@АсияКарибаева-з7ч
@АсияКарибаева-з7ч Жыл бұрын
Өзін мойындатқан мықты актёр.Осындай талантты ұлдарымыздың барына қуанамыз.Халқыңның сүйіктісі болып,еңбек етуден шаршама айналайын
@Karshyga-c4t
@Karshyga-c4t Жыл бұрын
Анасы өте ажарлы жан екен! Мықты актер ғана емес, нағыз азамат екен! Негізі, Қарасаздың қара домалағы ғой, шіркін әрбір сөзінде, қылығында, қимылында ауылдың иісі аңқып тұр ғой! Әркез жолы ашық боп, биіктен көріне берсін деп тілеймін!
@zhanarsydykova4595
@zhanarsydykova4595 Жыл бұрын
Шақыртам демеді АЛДЫРТАМ деді, керемет жауап❤
@Nazerketalgatqyzy__
@Nazerketalgatqyzy__ Жыл бұрын
Мықты актер! Талант! Отбасыңызға амандық тілеймін! 💐Алла ұзақ ғұмыр берсін! 💐
@almagulbisahan8964
@almagulbisahan8964 Жыл бұрын
Еркебұлан Дайыров керемет актер.бүгінгі сұхбат өте әсерлі болды бір күліп бір жыладық.Бақытты бол тек жақсылық тілеймін 😘
@guldenrahmankul5931
@guldenrahmankul5931 Жыл бұрын
Керемет бағдарлама болды, рахмет! Бір күліп, бір жылап алдық.
@AldanKazylan
@AldanKazylan Жыл бұрын
Жарайсын Еркебұлан тәнтімін мықты актёр өз жолын таба білген азамат
@ГульнурЕржанова-о2д
@ГульнурЕржанова-о2д Жыл бұрын
😢😢😢өте әсерлі бір деммен көрдім... Тамаша актёр❤
@Alkuatsaule
@Alkuatsaule Жыл бұрын
Бағдарлама үшін рақмет💜
@АктАдай90
@АктАдай90 Жыл бұрын
Үздік бағдарлама болды. Тәрбиелік, батырлық, айтары бар
@БаянБазарова-з4б
@БаянБазарова-з4б Жыл бұрын
Еркебұлан бақытты екенсіз,, туған анаңыз әкем , көкем жүрегім деп отыр.. қандай бақыттысыз!!! Ана деген өмірдегі ризасыз жан ғой??
@AruNaz13
@AruNaz13 Жыл бұрын
Мықты журналист. Керемет бағдарлама.жасай берсін!
@АйгеримЕржановна
@АйгеримЕржановна Жыл бұрын
Еййй жаным, қандай сұлу анасы 😍😍😍😍🥺🥺🥺🥺🥺
Жаңалықтар.Күндізгі шығарылым 10.02.2025
14:05
Главные новости Казахстана / Басты жаңалықтар
Рет қаралды 50 М.
BAYGUYSTAN | 1 СЕРИЯ | bayGUYS
36:55
bayGUYS
Рет қаралды 1,9 МЛН
So Cute 🥰 who is better?
00:15
dednahype
Рет қаралды 19 МЛН
IL'HAN - Qalqam | Official Music Video
03:17
Ilhan Ihsanov
Рет қаралды 700 М.
Try this prank with your friends 😂 @karina-kola
00:18
Andrey Grechka
Рет қаралды 9 МЛН
Сын Казахстана - гордость Азербайджана
22:57
Мәсімовтың үйі аукционда сатылады | Басты жаңалықтар | 10.02.25
31:21
Басты жаңалықтар / Новости Казахстана
Рет қаралды 2,4 М.
BAYGUYSTAN | 1 СЕРИЯ | bayGUYS
36:55
bayGUYS
Рет қаралды 1,9 МЛН