Банк алдындағы берешегіңіз 90 күннен асып кетсе, енді несие берілмейді

  Рет қаралды 816

Информбюро 31

Информбюро 31

11 ай бұрын

Бұдан былай банк алдындағы берешегін 90 күннен бері төлей алмаған отырған борышкерлерге несие берілмеуі мүмкін. Яғни, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген құжатқа сәйкес, қарызы бар қазақстандықтарға кредит беруге тыйым салынбақ. Әрі қаржы ұйымдары проблемалық несиені коллекторларға бермес бұрын борышкерге жаңа шарт ұсынуға тиіс. Сондай-ақ, проблемалық берешекті реттеуді жүргізбеген тұтынушылардың кредиттерін коллекторларға сатуға тыйым салуы ықтимал.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, ақыры тұтынушылық микронесиелердің шамадан тыс өсуімен күресуге кіріскен секілді. Өйткені, ведомство әзірлеген құжатқа сай, банктер мен микроқаржы ұйымдарына төлемін 90 күнге кешіктірген тұрғындарға кредит беруге тыйым салынғалы жатыр. Яғни, мерзімі өткен борышын қайта қарыз алу арқылы жаба алмайды. Сондай-ақ, коллекторлық агенттік қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру жоспарланып отыр. Ол үшін қарыз алушы мен мекеме арасындағы іс-қимыл кезінде коллекторлар қолдана алмайтын әрекеттер тізімі бекітілмек. Әрі қызметі де оңтайландырылғалы отыр. Бұл түзетулер тұтынушылардың құқығын қорғауға сеп болмақ. Қазір құжат қоғам талқылауына шығарылған. Ал алматылықтардың пікірінше, несиені тек төлей алатын адамдар ғана алғаны абзал.
Әрі мерзімі өткен берешегі бар тұтынушы 1,5 жыл ішінде қарызын реттеуге күш салуы қажет. Болмаса, проблемалық борышы коллекторларға сатылады. Ал коллекторлық агенттіктер алдымен сатып алған берешегін реттеуге міндеттеледі.
ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІ:
- Екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдары мерзімі өткен берешек туындаған кезден бастап 18 ай ішінде проблемалық несиені реттеуді жүргізбеген жеке тұлғалардың кредиттерін коллекторларға сатуға тыйым салуды енгізу.
НҰРБОЛАТ ЖАҢАБЕКҰЛЫ, тілші:
- Сондай-ақ, қарызды өндірерде заңсыз әрекеттерге барған коллекторлар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Яғни, қызметін асыра пайдаланып, заң бұзған агенттік қызметкерлері жазаланады. Сол арқылы, коллекторлық агенттіктердің қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік тумақ. Әрі берешекті сотқа дейінгі реттеу институтының рөлін күшейту көзделіп отыр.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Пікірлер: 5
@user-zd3vx3pg7w
@user-zd3vx3pg7w 11 ай бұрын
Алла Тағала Құранда: Негізінде Алла сауданы халал, өciмді харам еткен. Сонда кім Раббынан насихат келгенде тыйылса өткені өтіп кетті. Оның ici Аллаға тән. Ал және кім қайталаса, мінe солар тозақтық. Олар онда мәңгі қалады. Бақара сүресі 275 аят.
@user-zd3vx3pg7w
@user-zd3vx3pg7w 11 ай бұрын
ҚҰРАНДА КРЕДИТТЫ ХАРАМ ДЕГЕН. ҚҰРАНДА КРЕДИТ БЕРГЕНДЕР ТОЗАҚТА МӘҢГІ ҚАЛАДЫ ДЕГЕН АЯТ БАР. ҚҰРАН, БАҚАРА СҮРЕСІ 275 АЯТ.
@user-lx2jv8wj2h
@user-lx2jv8wj2h 3 ай бұрын
Құран жазылғанда кредит туралы білген бе
@moldir3940
@moldir3940 11 ай бұрын
Оттаған әңгіме алдын ала төлеп тастасамда бермей тұрғо
Why? 😭 #shorts by Leisi Crazy
00:16
Leisi Crazy
Рет қаралды 44 МЛН
Eccentric clown jack #short #angel #clown
00:33
Super Beauty team
Рет қаралды 12 МЛН
ХОТЯ БЫ КИНОДА 2 - официальный фильм
1:35:34
ХОТЯ БЫ В КИНО
Рет қаралды 2,1 МЛН
Normal vs Smokers !! 😱😱😱
00:12
Tibo InShape
Рет қаралды 113 МЛН
Коллекторға өткен кредитті ТӨЛЕМЕ!
9:44
Zan Zangary - құқықтық компания
Рет қаралды 147 М.
Банкроттық туралы не білеміз?
6:38
Zan Zangary - құқықтық компания
Рет қаралды 14 М.
ЖОҒАЛҒАН КӨЛІКТЕР, НЕСИЕ ДАУЫ / KOREMIZ
47:50
Көреміз / «KÖREMIZ»
Рет қаралды 265 М.
АПТАП / МИЛЛИАРДЕР КІМ?
7:58
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 1,7 МЛН
Кредит кешірілсін бе, ағайын?
37:45
Khabar NEWS
Рет қаралды 160 М.
Бала Жамбыл отау құрмақшы деген ақпарат рас па?
10:36
Таңшолпан бағдарламасы
Рет қаралды 905 М.
NEW CALEDONIA | A New Insurgency?
14:07
Prof James Ker-Lindsay
Рет қаралды 62 М.
Why? 😭 #shorts by Leisi Crazy
00:16
Leisi Crazy
Рет қаралды 44 МЛН